Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

41. Кешенді геоэкологиялық картографиялау

Экологиялық жағдай мен оның динамикасын талдау геоэкологиялық картографиялаудың мақсаты болып табылады, яғни адам денсаулығы мен экожүйе жағдайына (қалып-күйіне) әсер етуші табиғи орта факторларының кеңістіктік және уақыттық өзгермелілігін көрсету (ашу). Мұндай мақсатқа жету үшін көбіне салыстырылуы қиын, өте көп түрлі экологиялық ақпараттардың географиялық картографиялық ұғымын қалыптастыру және территориялық түсінікті жинау, талдау, бағалауды жүзеге асыру талап етіледі.

Геоэкологиялық картографиялау – адамзат тіршілік ету ортасы мен басқа да биологиялық түрлердің күйі, яғни экоологиялық жағдайы туралы ақпараттарды жинау, талдау және картографиялық түсінік қалыптастыру тәсілдері туралы ғылым.

Геоэкологиялық картографиялау дәстүрлі түрде мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бағдарламалар мен табиғатты қорғауға бағытталған проекттерді қамтамасыз етуге бағытталған.

Экологиялық ақпарат мазмұны жағынан да, сондай-ақ шығу жағынан да әр алуан. Ол ресми және бейресми ақпарат көздерінен келіп түседі және әртүрлі әдістермен зерттеу нәтижесінде алынады. Бұған жататындар: арақашықтықтан зерделеу материалдары, ластаушы заттардың сапалық және сандық сипаттамасы мен олардың қоршаған ортаға түсу көлемі, жағдайы туралы статистикалық мәліметтер, ластанудың шындығында өлшенген деңгейі мен құрамының кеңістіктік және уақыттық динамикасы, халықтың денсаулығы, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі және тағы басқалардың жағдайы туралы мәліметтер. Осыншама шығу тегі әртүрлі мағұлматтарды біріктіретін нәрсе – олардың белгілі бір территорияға тиісті болуында.

Геоэкологиялық-географиялық картографиялау тақырыптық картографиялау аймағы шегінде қолданылатын жаңа карта түрлерін құрастырудан тұрады. Ландшафттарды қазіргі күйінде, сондай-ақ адам әрекетін көрсету экологиялық-географиялық картаның мазмұны болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]