Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
геоэкология шпор.docx
Скачиваний:
61
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
79.48 Кб
Скачать

35. «Рим клубының» іс-әрекеті

Рим клубы — 1986 жылы құрылған халықаралық қоғамдық ұйым. Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.

Рим клубының идеалы – адамзаттың ең жақсы қасиеттерін қайта жаңғырту, адамның табиғатпен үйлесімі, адамзат санасын ояту, оның ғылыми-техникалық прогреске көзсіз сенуінен босату, адамның жаңа құндылықтарын анықтау, оның тұрмысын ізгілендіру.

Рим клубының зерттеулері екі бағытта жүрді. Дж. Форрестер мен Д. Медоузаның көзқарасы жағынан — әлеуметтік пессимизм позициясы – адамзат өркениетінің өсуін шұғыл шектеу, адамзат қажеттіліктерінің құрылымын қайта қарау, экономикалық және экологиялық тұрақтылық бойынша шаралар қолдану. М. Мессарович, Э. Пестель және Э. Тоффлер Жерге қаупі болып тұрған ғылыми-техникалық прогрестен емес, «адам-социум» қатынастар жүйесіндегі түпкілікті төңкерістен шығатын жолды іздеу керек деген қорытындыға келді. Адамның білімі мен қабілетіне, бостандығы мен тәуелсіздігіне, шығармашылық өзін-өзі дамыту идеясына негізделетін жаңа экономикалық әлемді құру пайда болған өркениет пен болашақ мәдениетінің принципі болады.

Жапон әлеуметтанушысы Е. Масуданың ақпараттық қоғам тұжырымдамасы адамзат өркениетінің жаңа типін қалыптастырудың нақты жолдарын ұсынды. Оның болашақ қоғамы – бұл бірыңғай ақпараттық желідегі қоғамдық бірлестік, оның арқасында адамзат үшін бірыңғай мақсаттар дайындау, ал адамға өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін әзірлеуге мүмкіндік пайда болады. «Ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы болашақ мәдениеттің «материалдық денесін» қалыптастыру жолдарын анықтайды.

36. Бұұ-ның қоршаған орта және тұрақты дамуға байланысты Рио-де-Жанейро мен Йоханнесбургте (1992, 2002 жж.) ұйымдастырған конференциялары

1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Солардың ішінде негізгі мәселелеріне тоқтала кетсек:

  Кедейлікпен күрес. Еңбек ақыны қамтамасыз етуі, кедейлердің өзін-өзі қамтасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту.

Тұтынудың құрылымын өзгерту: Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

  Халық және тұрақтылық: 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны 5,5 миллиард астам болды. Ғалымдардың болжауынша 2020 жылы 8 млрд.-қа жетеді.

 Адам денсаулығын сақтау мен жақсарту: Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады.

Атмосфераны қорғау: Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі- энергияны өндіру мен тұтыну;

Рио конференциясынан 10 жылдан кейін 2002-ші жылы Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласында басқа халықаралық конференция өтті. Сол кездегі Оңтүстік Африка елінің Президенті Табо Мбеки Йоханнесбург конференциясының ашылу рәсімінде: "Рио Де-Жанейрода өткен бірінші "Жер конференциясынан" 10 жыл өтті. Бірақ әлем осы кезге дейін дағдарыстарға тірелуде. Әлем кедейшілік, теңсіздік және қоршаған ортаның бұзылуы сынды қиындықтармен бетпе-бет келуде. Мұның барлығы Рио конференциясында қабылданған келісімшарттарға қайшы келеді", - деді. Йоханнесбург басқосуында әлсіз елдер кедейшілікті азайтатын әрекеттерді іске асыруды және жан-жақты дамуды талап етті. Йоханнесбург басқосуында да орындалатындығына еш кепілдік берілмеген бірнеше келісімшарт пен жан-жақты протокол және саяси құжат қабылданды. Осы жиналыста "Егер жер бетінің барлық тұрғыны Батыс үлгісімен тұтынса, олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жер мен бірге жер сынды тағы үш аспан денесі қажет. Яғни келесі ұрпақ қоршаған ортаның көбірек дағдарыстарымен кезігеді. Бірақ бұл отырыс қоршаған ортаның жағдайын жақсартатын іс жүзінде іске асырылатын шешімдер қабылдай алмады, сөйтіп осы мәселе бұл жолы да әлемдік құдіреттердің құрбаны болды. Йоханнесбург басқосуының нәтижесі капиталистік жүйелердің шектеулі шаралармен санаспайтыны туралы мәселені қуаттады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]