Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

23. Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу

- пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.Сөз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты

т.б. білдіруі керек. Сөйлеудің бұл қызметі сигнификативтік деп аталды. Сигнификативтік функция адамның сөйлеуін жануарлар коммуникациясынан айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір жануарлар тобына ортақ болуы себепті осы дыбыстар ӛзгелері үшін сигнал

болып табылады. Ал адам заттың немесе құбылыстың атын атап сөйлейді. Сөйлеудің екінші қызметі- жалпылау. Сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сөзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сөзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сӛйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сөйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың ӛмір сүруінің формасы болып табылады.

Сөйлеудің үшінші қызметі - коммуникация функциясы - білімді,

қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сөйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция - басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, ӛзгелерге естірте, дауыстай сөйлеу әрекеті.

Сөйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бӛлуге болады.

24 Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.

Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.

ейін тітіркендіргіштердің келесі қасиеттерімен ынталандырылады:

  • 1) интенсивтілігі;

  • 2) жаңалығы;

  • 3) аффективтілігі.

П.Я. Гальперинніңтұжырымы бойынша: 3ейін— бағдарлық-зерттеулік іс-әрекеттің негізгі шарты. Өзінің қызметі жағынан, зейін өзі бағытталғанфеноменніңмазмұнын қадағалау болып табылады. Зейінде қадағалау белгілі бір белгі, өлшем, үлгі арқылы жүзеге асады. АлЛ.C. Выготскийбойынша, ырықты зейін ұғымдардың, түсініктердің дамуына байланысты, яғни берілген жайтта қалай әрекет ету қажеттілігін түсінуге, жалпы, жағдайды түсіне білуге байланысты. Адамның психикалық ұйымдасуының құрылымына сүйене отырып, зейінді:

  • 1) процесс (немесе психикалық процестің жағы: сенсорлық және т.б.) ретінде;

  • 2) күй (зейіннің шоғырланған күйі) ретінде;

  • 3) тұлғалық қасиет (зейінділік) ретінде анықтауға болады.

Зейінің функциялары:

  • 1) қазіргі сәтте қажетті психологиялық және физиологиялық процестерді белсендіріп, қажетті еместерін тежейді;

  • 2) ортадан келетін ақпараттың мақсатты, ұйымдасқан түрде сұрыпталуын қамтамасыз етеді;

  • 3) белсенділіктіңбір объектіде ұзақ уақыт шоғырлануын қамтамасыз етеді.[2]

  • Есте сақтауды уақытына сәйкес сенсорлы (сезім мүшелері арқылы), қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау деп бөледі. Ерекшеліктеріне байланысты есте сақтау мен еске түсіру қозғалысты, эмоциялы, бейнелі, мағыналы есте сақтау болып бөлінеді. Есте сақтаудың түрлері бірімен-бірі өте тығыз байланысты. Есте сақтау ережелері. Есте сақтаудың тиімді жолдарын дамыту үшін бірнеше ережелерге мән беру керек.

  • Біріншіден - есте сақтайтын деректерді сараптап, оған ерекше қызығушылық таныту. Екіншіден - өз зейінін есте сақтайтын деректерге жұмылдыра білу. Үшіншіден - есте сақтайтын деректерге саналы түрде барлық күш-жігерді бағыттай білу.

  • Есте сақтаудың негізгі жолы - мәнін ұғып, оқтын-оқтын қайталап отыру. Жай жаттап алып кайталау ұзақ уақыт есте сақтауға кедергі болады.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]