Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psyhol.docx
Скачиваний:
210
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
185.01 Кб
Скачать

34 Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.

Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.

Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi. Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.Батылдық - жекее адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.

Ұстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi. өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Дербес адам мәселелердi бөтеннiң жетегiнде кетпей, өз бiлiмiмен, сенiм-қабiлетiмен шешуге тырысады.Дербес адам басқаның көмегiнсiз-ақ проблемалық жайттың бетiн ашады, оны ескере отырып, алдына мақсат қояды. Ол өзiне басқа адамдардың айтуын, нұсқауын күтiп отырмайды. Мұның үстiне ол өз көзқарасын, мiндет, мақсат және оны жүзеге асыру жөнiндегi өз түсiнiгiн жалтақсыз дәлелдеп қорғай алады.

Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi.

Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Алғашқы кездерде баланың тiлектерi тұрақты болмайды, тез бiр-бiрiне алмасып отырады. Тек төрт жасқа қараған шағында баланың тiлегi азды-көптi тұрақты сипат ала бастайды. Баланың еркiн тәрбиелеудi неғұрлым жас кезiнен бастау қажет. “Баланы жастан” деп халық бекер айпаған. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]