- •1 Психология пәні, мақсаты, міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •2. Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз
- •3. Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •4 Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз.
- •6. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •7. Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз
- •8. Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •9 Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз
- •10.Түйсіктердің қандай негізге сүйеніп жіктелетінің атаңыз.
- •11. Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
- •12. Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •13. Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз
- •14Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •Арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;
- •15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз.
- •16 Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
- •17. Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
- •18. Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз
- •19 Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •20.Ойлаудың қасиеттері мен ерекшеліктерінің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •21 Сөйлеу және оның түрлерінің өзарақатынасына мысал келтіріңіз
- •22. Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңыз
- •23. Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз
- •24 Зейін қызметтері мен түрлерінің арақатынасын анықтаңыз
- •25.Зейіннің психологиялық теорияларын интерпритациялаңыз.
- •26 Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлін айқындаңыз
- •27. Қиял және оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •28. Қиял және шығармашылық өзарабайланысын айқындаңыз
- •29 Эмоция түсінігіне толық сипаттама жасап, анықтаңыз
- •30.Эмоцияның негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.
- •31 Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз
- •32. Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
- •33. Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
- •34 Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз
- •35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз.
- •36 Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
- •37. Ойлауды дамытуға арналған әдістерді сипаттама беріңіз
- •38. Павловтың темперамент туралы теориясын түсіндіріңіз
- •39 Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз
- •41 Мінездің қалыптасуына әсер ететін заңдылықтарын дәлелдеңіз
- •42. 47. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз
- •44 Мінез туралы Кречмер мен Шелдонның теориясын сыни бағалаңыз
- •46 К.Леонград бойынша мінез типтерінің сипаттамасын жасаңыз
- •49 Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
- •50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз.
- •55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз.
- •56 Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз
- •59 Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз
41 Мінездің қалыптасуына әсер ететін заңдылықтарын дәлелдеңіз
Мiнез- әрбiр адамның жеке басына тән өзiндiк психологиялық қасиеттер мен ерекшелiктер жиынтығы. Мiнездiң қасиеттерi мен ерекшелiктерi әркiмде әр қилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын бiлдiредi. Мiнез-бұл адамның әлеуметтiк мiнез-құлқының ерекшелiгi, ол әлеуметтiк топтағы адамдардың жүктелген iсiн орындауында, адам аралық қарым-қатынасында көрiнiп отырады.Мiнез өмiр бойы қалыптасуы мүмкiн. Мiнез қалыптасуы адам ойымен, сезiмдерiмен және ынталарына да байланысты болады. Сонымен адамның өмiр сүру ерекшелiгiмен қатар, оның мiнезi де қалыптасады. Осыған орай, өмiр бейнесi, қоғамдық талаптар және нақты өмiрлiк жағдайлар мiнез қалыптасуында мәндi рөлге ие. Мiнездiң қалыптасуы даму деңгейлерiне және ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi топтарда өтедi(отбасы, достық орта, класс, спорт командалары, еңбек ұжымы т.б.). Әр топтың құндылықты ерекшелiктерiне байланысты мiнез қырлары да дамиды. Мiнез қыры дегенiмiз адамның белгiлi бiр жағдайдағы мiнез-құлқын анықтайтын психикалық қасиет ретiнде түсiндiрiледi. Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.
Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады.Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары. Баланың мiнезiнiң қалыптасуына үлкендердiң бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасау стилi, сонымен қатар үлкендердiң баланың өзiмен қатынас жасау ерекшелiгi де өте маңызды. Ең бiрiншiден бұл ата-анаға, әсiресе анасының баласымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасының баласымен қарым-қатынасы баланың өскен кездегi өз баласымен қатынас жасау ерекшелiгiне үлкен әсер етедi. Баланың мектепке дейiн кезеңiнде мiнездiң келесi қырлары қалыптасады: ақ көңiлдiлiк, көпшiлдiк, қайырымдылық және оған қарама-қарсы өзiмшiлдiк, мейiрiмсiздiк, байыпсыздық. Ал, бастауыш сынып кезiнде адамдармен қарым-қатынас кезiнде көрiнетiн қырлар қалыптасады. Егер баланың мiнезiндегi белгiлi бiр қырлар отбасында қалыптасып, ол мектеп кезiнде қолдауға ие болса бұл мiнез қыры одан ары қарай дамып, тұрақталады. Егер қолдау таппаса мiнез қырларында өзгерiстер болады. Жасөспiрiмдiк шақта мiнездiң ерiктi қырлары, ал жастық шақта адамгершiлiктiк т.б. дамиды және қалыптасады.
Мiнез адам өмiрiнiң барлық жолдарында қалыптасады және өзгередi. Адам мiнезiнiң қалыптасуында ең үлкен орынды еңбек алады. Сондықтан да, мiнез басқа да тұлғаның қырлары сияқты iс-әрекет кезiнде қалыптасады деп айта аламыз.
Адамның мiнезiнiң өзгерiп отыруына әлеуметтiк жағдайдың үнемi ықпал етiп,оның жаңа сапаларын қалыптастырып отырғандығы ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және обьективтi фактор екендiгi еш дау тудырмайды.