- •1.Механикалық қозғалыс. Механикалық жүйе. Механиканың негізгі моделі: материалдық нүкте, қатты дене, тұтас орта.
- •2.Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •3.Механиканың негізгі ұғымдары: жылдамдық, орташа жəне лездік жылдамдық.
- •4. Үдеу. Үдеудің нормал жəне тангенциал құраушылары. Толық үдеу.
- •5. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •6. Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •7. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •11.Ньютонның заңдары.
- •13. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Штейнер формуласы.
- •14.Кейбір денелердің инерция моменттері: цилиндр және диск.
- •15.Механикалық жұмыс.Қуат
- •16.Кинетикалық энергия.Потенциалдық энергия
- •17.Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық
- •18.Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі
- •20.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •21.Серіппелі маятник.Физикалық маятник.
- •22. Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •23. Мкт-негізгі теңдеуі. Температура. Молекулалардың жылулық қозғалысы
- •24.Термодинамикалық жүйе. Термодинамикалық параметрлер. Термодинамикалық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер.
- •26. Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі.
- •27. Iшкi энергия. Жылу мөлшері және термодинамикалық жұмыс.
- •28.Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •29. Изопроцесстер және олардың графиктері
- •30.Идеал газдың жылусыйымдылығы. Карно циклы. Карно теоремасы.
- •32.Тасымал құбылыстары. Жылу өткізгіштік.
- •33.Нақты (реал) газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.
- •34. Клайперон-Клаузиус теңдеуі. Күй диаграммасы. Үштік нүкте.
- •36. Электр тоғы. Тоқ күші. Тоқ тығыздығы. Электр өрісінің кернеулігі
- •37. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр сыйымдылық. Конденсаторларды тізбектей жəне параллель қосу қатынасы.
- •38. Тұрақты электр тоғы. Тізбек бөлігіне, толық тізбекке арналған Ом заңы. Электр қозғаушы күш.
- •39. Джоуль-Ленц заңы. Тоқтың жұмысы мен қуаты
- •40. Металдардағы электр тогы.
- •41. Электролиттердегі электр тогы. Фарадейдің электролиз заңы.
- •42. Газдардағы жəне плазмадағы электр тоғы. Плазма туралы түсінік.
- •43. Өткізгіштердің кедергісі. Өткізгіштерді тізбектей жəне параллель қосу.
- •44. Тізбектің тармақталуы. Кирхгоф ережелері.
- •45. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Лоренц күші. Ампер заңы.
- •46. Электромагниттік индукция. Өздік индукция құбылысы. Индуктивтілік. Өзара индукция. Ленц ережесі.
- •47. Заттардағы магнит өрісі. Магнетиктер түрі. Кюри температурасы.
- •48. Дыбыстық толқындар. Радиобайланыс принципі. Радиолокация.
- •49. Сәулелік оптика. Жарықтың шағылу және сыну заңдары. Толық ішкі шағылу.
- •50. Линза және оның оптикалық параметрлері. Линзаның оптикалық күші.
- •51. Жарық интерференциясы. Жарықтың дифракциясы. Ньютон сақиналары.
- •Есептеу жұмыстарын жүргізіп, толқынның жұқа қабыршақтағы жол айырымын анықтайтын формуланы табайық:
- •52. Жарық поляризациясы. Табиғи жəне поляризацияланған жарық. Малюс заңы.
- •54. Абсолют қара дененің сəуле шығару заңдары. Стефан-Больцман заңы.
- •55. Сыртқы фотоэффект. Фотондар. Комптон эффектісі.
- •56. Атомдық спектрлердегі заңдылықтар. Атом құрылысы. Бор постулаттары.
- •57. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы жəне сипаттамалары. Резерфорд тəжірибесі.
- •Ядролық күштер
- •Нуклондардың ядродағы байланыс энергиясы
- •59. Α ,β ,γ − сəулеленулер.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
- •60. Табиғи жəне жасанды радиоактивтік. Радиоактивтік ыдырау заңы.
- •Радиоактивті ыдырау
- •Альфа-ыдырау
- •Бета-ыдырау
- •Гамма-ыдырау
38. Тұрақты электр тоғы. Тізбек бөлігіне, толық тізбекке арналған Ом заңы. Электр қозғаушы күш.
Электр тогы (Э.т) – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы. Бұл зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде —электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.
Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.
Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді.
Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) (англ. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.
Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы аз өзгереді.
Қарама-қарсы таңбалы зарядтар тасыйтын екi ток өткiзетiн денелердi алайық. Егер осы денелердi өткiзгiш арқылы қоссақ, сол зарядтардың электр өрiсiнiң әсерiнен өткiзгiште электр тогы пайда болады (5.5 сурет). Бiрақ бұл ток өте қысқа уақыт болады. Екi дене арасындағы электр өрiсi әлсiзденедi де, ақыр аяғында денелердiң потенциалдары теңесуiнiң нәтижесiнде жоқ болады.
5.5-сурет |
5.6-сурет |
. (5.13)
Толық тiзбек үшiн Ом заңы. ЭҚК-i ε, кедергiсi r (iшкi кедергi) ток көзiнен кедергiсi R болатын сыртқы тiзбек бөлiгiнен тұратын тұйық тiзбектек үшiн Ом заңы
(5.14)
формуласымен өрнектеледi (5.6 сурет). Тұйық тiзбектегi ток күшi ток көзiнiң ЭҚК-нiң, тiзбектiң сыртқы және iшкi кедергiлер қосындысына қатынасына тең.
Немiс физигi Георг Ом ток күшi тiзбектiң бөлiгiндегi кернеуге тура пропорционал екенiн тапты:
I~U .
Ол өткiзгiштi басқа өткiзгiшпен ауыстырғанда тiзбектегi кернеу дәл сондай, ал ток күшi өзгеше болатынын байқады. Демек, әр түрлi өткiзгiштер тiзбектегi ток күшiн әр түрлi шектейдi. Тәжiрибелер нәтижелерiн математикаша былай жазуға болады:
немесе , (5.3)
мұндағы -пропорционал коэффициентi, ол өткiзгiштердiң қасиетiне тәуелдi. Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын шамакедергi деп аталады. Еркiн электрондардың кристалл торының иондарымен соқтығысуы өткiзгiш кедергiсiне себеп болады.
(5.3) өрнегi бойынша, ток күшi тiзбек бөлшегiндегi кернеуге тура пропорционал және сол бөлшектiң кедергiсiне керi пропорционал болады (5.1 сурет):
5.1-сурет |
Ом заңы бойынша өткiзгiш кедергiсi өткiзгiштiң ұштарындағы кернеудiң ток күшiне қатынасына тең:
. (5.4)
Халықаралық бiрлiктер жүйесiнде СИ кедергi оммен (1 Ом) өлшенедi:
.
Электр Қозғаушы Күш – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы Э. қ. к. деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик. емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты Э. қ. к-тің де өлшеу бірлігі – вольт (в). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. Э. қ. к-ін тудырады.