Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BiznesZhosparMotelderAshu.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
15.02.2016
Размер:
895.42 Кб
Скачать

Кіріспе

Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды бөлігі.

Қонақ үй бизнесі туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы тұрғындарға уақытша тұратын үй ұсыну болып табылады.

Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.

Қонақ үй қызметтері нарығы қонақ үй кәсіпорындары мен қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі субъектілердің болуымен сипатталады.

Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Республиканың бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық, барынша ашықтық және оның ынтымақтастыққа дайындығы – осының бәрі туристік сияқты қонақ үй саласының да жедел дамуына ықпал етеді.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының Щучье-Бурабай курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға келетін туристер болып табылады.

Компанияның басымдықтары:

- қонақ үй бизнесі жұмысындағы тәжірибесі мол білікті құрам;

- қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;

- қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы бар тұтынушыларға да бағдарланған.

Қонақ үй қызметімен қатар тамақтану қызметтері де (кафе) көрсетіледі.

Қонақ үй орын-жайының жалпы алаңы 657 шаршы метрді құрайды..

Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет болады..

2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы клиенттерге уақытша тұратын орын ұсыну болып табылады.

Қонақ үйдің негізгі белгілері мыналар::

- номерлік қорлардың болуы;

- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде қызмет көрсету);

- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

• орналастыру;

• тамақтану;

• бос уақыт;

• тұрмыстық қызметтер көрсету.

Олар негізгі, қосымша және ілеспе қызметтерді қамтиды.

Қандай қонақ үйдің болмасын қажетті шарты екі негізгі қызметінің болуы: орналастыру және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т.б.

Қонақтарға қызметтер көрсету әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері).

Қосамша және басқа қызметтерге бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті, және басқалары кіреді.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.

Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара қонақ үй корпорациясы болсын барлық отельдердің негізгі міндеті қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді, сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.

Мотель – отельдің бір түрі, шағын қонақ үй. Мотель жол бойы қонақ үйін білдіреді.

Әдетте мотельдер бір немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы, сондықтан тұру құны да соған сәйкес болады.

Ғимарат тек номерлерден ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы – номерлердің есіктері парковка жағына шығады. Номерлердің жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.

Мотельде ақы төлеу жеке әкімшілік корпусында орналасатын тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.

Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын, мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің кемшілігі қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ қызмет көрсету түрінің аздығы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]