Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАшаганова Оценка 4 курс.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
133.07 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуі жылжымайтын мүлікті бағалауға деген қажеттілікті арттыруда. Әлемдік дағдарыстан кейінгі соңғы екі-үш жылда ел экономикасының тұрақты өсіп келе жатқанын байқауға болады, бұл өз кезегінде әртүрлі нарықтардың белсенуіне алып келді, оның ішінде жылжымымайтын мүлік нарығы да бар.

Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын анықтау қиын да күрделі процесс болып табылады. Себебі, іс жүзінде тура бірдей екі ұқсас объект табу мүмкін емес. Тіпті бірдей типтік жоба бойынша салынған екі ғимарат болса да олардың бөлек жер телімдерінде орналасуынан олардың құны айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.

Зақымдалған жылжымайтын мүлік ұғымына анықтама беріліп, залал келген жылжымайтын мүлікті бағалау қағидалары, мақсаты, қолданылатын әдістемелік тәсілдер, осы саланы реттейтін заңнамалар сипатталған. Жылжымайтын мүлік – жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі жер мен басқадай табиғи жайылымдар, жерге заттық құқықтар, сондай-ақ жерде орналасқан, соған тікелей байланысты кез келген мүліктер (ғимараттар, мекен-жайлар, зауыттар, т.б.). Зақымдалған жылжымайтын мүлікті бағалау – объектінің нарықтық немесе өзге құнын анықтауға бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы.

Жер телімі ретінде оның нарықтық құны есептеліп, содан соң жер телімінде орналасқан тұрғын үйдің нарықтық құны анықталды. Шығындық тәсілдің қолданылуын тәжірибеде жүзінде көрсету үшін тұрғын үй-жайдың қайта қалпына келтіру құны анықталды. Бұл объектіні бағалаған кезде үш тәсілдің ішінде шығындық тәсіл қолданылды.

Зақымдалған ылжымайтын мүлікті бағалау кезінде туындайтын әртүрлі жағдайлар қарастырылған. Өйткені бағалау кезінде неғұрлым жиі кездесетін қателерді талдау өзекті және маңызды мәселе. Қазақстандағы зақымдалған жылжымайтын мүлікті бағалаудың әдістемесін жетілдіру жолдары көрсетілді.

Жұмыстың негізінде келесідей қорытынды шығаруға болады: елімізде зақымдалған жылжымайтын мүлікті бағалау кезінде қолданылатын бағалау әдістерін бір жүйеге келтіру қажет, ұлттық бағалау стандарттарының жүйесін жасау керек, халықаралық ұйымдармен байланысты күшейтіп, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Т.Г.Касьяненко, Г.А.Маховикова, В.Е.Есипов, С.К.Мирзажанов. «Оценка недвижимости», Москва, ООО «Издательство КноРус», 2010 г.

  2. ҚР Азаматтық Кодексі, 1994 ж. 27 желтоқсан (2001 ж. толықтырулар мен түзетулер енгізілген).

  3. Николаев А.В., Жиенбаев Б.А. «Қазақстандағы жылжымайтын мүліктерді бағалау», Алматы 2007 ж.

  4. «Оценка недвижимости», Под редакцией А.Г.Грязновой, М.А.Федотовой. Москва, издательство «Финансы и статистика», 2007 г.

  5. Б.К.Сагинова “Баға және Баға белгілеу”, «Дәуір» баспасы, 2011 ж.

  6. Асқарова Ж.А. «Бизнесті бағалау», Алматы,«Заң әдебиеті» баспасы,2007ж.

  7. Байгасиев М. «Жылжымайтын мүлік экономикасы», Алматы 2003 ж.

  8. «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заң, 2000 жыл 30 қараша (2003 жылы 14 ақпанда №388 Қазақстан Республикасының Заңымен өзгертулер енгізілген).

  9. «Жер туралы» Заң, ҚР Президентінің 1995 ж. 22 желтоқсандағы № 2717 Жарлығы.

  10. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Президентінің 1995 ж. 25 желтоқсандағы №2727 заң күші бар Жарлығы.

  11. «Мемлекет меншігіндегі жер телімдерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы» 1996 ж. 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметінің №1511 қаулысы.

  12. «Мемлекеттік жеке меншікке сататын немесе пайдалануға беретін жерлері үшін төлем мөлшерін бекіту туралы» 1996 ж. 8 мамырдағы ҚР Үкіметінің №576 қаулысы.

  13. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің тәртібін бекіту туралы» 1996 ж. 6 маусымындағы ҚР Үкіметінің қаулысы.

  14. «Мемлекеттік жеке меншікке сататын немесе пайдалануға беретін жер телімдерінің бағалық құнын белгілеу Тәртібі туралы» 1996 ж. 1 қазандағы ҚР Үкіметінің №1203 қаулысы.

  15. «Ипотекалық несиелерді қамтамасыз ету үшін жер телімдері және жер пайдалану құқығы кепілінің тәртібін бекіту туралы» 1996 ж. 6 маусымдағы ҚР Үкіметінің №711 қаулысы.

  16. «Негізгі қорларды қайта есептеу тәртібі» 1997 ж. 24 шілдедегі ҚР Үкіметінің №1174 қаулысы.

  17. 1996 жылғы 6 мамырдағы ҚР Үкіметінің №562 өкімімен бекітілген «Жекешелендіру объектілерінің құнын бағалау» жөніндегі ереже.

  18. ҚР Үкіметінің «Бағалау қызметін лицензиялау туралы» №1389 қаулысы, 2001 ж. 2 қараша.

  19. http://www.caspionet.kz

  20. http://www.dmk.kz

  21. http://www.stat.kz

  22. http://www.valuer.kz