Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_.docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
93.72 Кб
Скачать

22. Менеджменттің базалық парадигмалары

23.Басқару функциялары: түсінігі, жіктелуі және сипаттамалары

Функция -- жөнелтуді, әрекетті білдіретін латын сөзі. Шет тілдер сөздігінде "функция" міндет және жұмыс деп түсіндірілетін болса, ал орысша сөздікте оны орган жүргізетін қызмет ауқымы деп береді. Осылайша функция үғымы көп мәнді анықтамалар қа,тарына енгізідін отыр.

Басқару әрекетінде орын алатын функциялар өзіндік өзге шелік, ерекше мазмұн және жузеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Баскдруда жакелеген функцияларды бөліп керсету — өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі туғызатын объек тивті процесс. Баскдру функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдарды саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны мамандырудың нәтижесі

Баскдру функцияларының жүйелі жиынтығы басқару про цееін құрайды. Бұл — мақсатқа жету барысында қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылданған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді.

Басқару функцияларын бөліп көрсетуде бірқатар көзқарастар мен тәсілдер орын алған, Ғылыми басқару саласының көрнекті өкілі Ф.Тейлор басқару функциялары қатарына: мақсатты анықтау, кұралдарды таңдау және әзірлеу, нәтижені бакылау әрекеттерін енгізген болса, әкімшілік баскдру мектебінің өкілі АФайоль басқаруды "болжамдау және жоспарлау, ұйымда стыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау" деп тұжырымдаған болатын. Сонымен қатар, А.Файоль кәсіпорында орын алатын опе рациялар жиынтығы турасынан төмендегідей функцияларды анықтаған;

— техникалық функция (өндіріс);

— сауда-саттық функциясы(сатьға алу және өткізу);

— есеп жүргізу функциясы (есептеу);

— қаржылық функция (қаржыландыру);

— кауіпсіздікті қамтамасыз ету фунқциясы (қызметкерлер мен материалдың игіліктердіқ сақталынуы);

— әкімшілік функция (басшылық, үйлестіру және бақылау). Басшылардың тікелей баскарушылық әрекетін белгілейтін операционалдық басқару теориясы бойынша функциялар; жос парлау, уйымдастыру, кадрлармен окумыс жасау, басшылық және лидерлік, бақылау болып жіктелінеді.

Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында кәсіпкерлік басқару маңызды орын алады. Осы белгі бойынша іскерлік басқарудың функциялары болып дамыту, маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады

Осыдан көріп отырғанымыздай, басқару функцияларын жіктеу бірқатар белгілерге байланысты болып отыр. Басқару фун кцияларын ғылыми түрде топтау басқару процесін белгілі бір тиімді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және басқару еңбегінің озық тәжірибесін таратуды жеңілдетеді.

Жоғарыда атальш өтілгендей, басқару циклді процесс ретінде қарастырылып, "басқару функциясы" үғымындағы өзіндік дербес сипатта болатын қызметтердің жүйелі жиынтығын және үздіксіз сериясын құрайды. Осы орайда баеқару процееінің схемасын қарастырып өтейік,

24. Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері, оның сипаттамалары

Ұйымдастуры шешімдерін қабылдайтын және оларды басқа адамдар арқылы жүзеге асыратын адамдарды ғана менеджер дей аламыз.

Шешім қабылдау – ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасуы мен сол мақсатқа жетуіндегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.

Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе. Осы мәселелерге көмек ретінде басқарушылардың шешім қабылдау түрлерін, қолданылатын тәсілдерін, осы үрдістің тиімділігін арттырудағы негізгі факторларға көңіл аудару қажеттілігін қарастырамыз.

Шешім қабылдау үрдісінің табиғаты. Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі процеура, ол басқару үрдісінің бұдан кейінгі бүкіл барысын анықтаймыз.

Адамдардың есейе келе тәжірибе жүзінде шешім қабылдау үрдісін ұғына алмауы мүмкін емес. Қатынас қабілеті сияқты, шешім қабылдау қабілеті де бірте-бірте тәжірибе жүзінде дамитын ептілік. Біздің әр біреуіміз күніне жүздеген, ал өмір бойына мыңдаған шешімдерді қабылдайымыз.

Шешім – дегеніміз бұл баламаны таңдау.

Балама – мүмкін болған екі ұйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.

Жеке өмірде шешім қабылдауға қарағанда, басқарудағы шешім қабылдау - өте қатаң жүйеленген үрдіс. Жеке адамның жеке-дара таңдауы алдымен өз өміріне және онымен қарым-қатынаста жүрген адамдарға байланысты болады. Менеджер іс-қимыл бағытын тек өзі үшін ғана емес, сонымен бірге, ұйымдар мен басқа жұмысшылар үшін де таңдайды. Ірі ұйымдардың жоғарғы деңгейдегі басшылары миллиондаған шешімдер қабылдайды.

Көңіл аударарлық мәселе – басқару шешімдері жетекші қабылдаған шешімдер арқылы жұмыс жасайтын адамдардың жеке өмірінеде ықпал етуі мүмкін.

Ұйымдық шешім:

Коммуникациялық үрдіс сияқты, шешім қабылдау да басқарудың барлық аспектілерінен орын алады.

Профессор Фрэен Хариссон былай деген: «Шешімдер қабылдау – бұл кез келген бағыттағы басқарудың интегралдық бөлігі».

Шешім қабылдау бейнесінде Минцберг басшының төрт кейіпте болатынын атап көрсеткен: кәсіпкер, жұмыстағы жауапкершіліктің бұзылуын жөндеуші, ресурстарды бөлу маманы және келісімдерді жүргізуші маман.

Әрбір басшы маман осы бейнелер арқылы өз жұмысын толықтырып отырады.

Әрбір басқару қызметі өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама және тіршілікке қажетті маңызды шешімдермен байланысты.

Функциялық сипаты жөнінен экономикалық, технологиялық, қаржылық әкімшілік шешімдер болады.

Экономикалық шешімдер жоспарлардың, нормалар мен нормативтердің, еңбекке ақы төлеудің бүкіл жүйесін жасаумен, бағамен, өнімді өткізу және табыстарды бөлумен байланысты.

Технологиялық шешімдер өндіріс үрдісінің ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Бұл шешімдер әрбір салада тиімді технологияны таңдап алуды, жұмыстарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді белгілеп береді.

Қаржылық шешімдер жоспарлық және есеп беру қаржы баланстарын белгілеп, бекітуге, түрлі қорларды бөлуге, несиелер алып, оларды өтеуге бағытталады. Ол шешімдерге ақшалай есеп айырысудың бүкіл жүйесі жөніндегі шешімдер де жатады.

Әкімшілік шешімдер әдетте басқару аппаратының өз жұмысына қатысты болады және қызмет бабындағы адамдардың, бөлімшелердің құқықтары мен міндеттерін реттеп отыруға, олардың жұмыс істеуі мен өзара қарым-қатынасының тәртібін белгілеуге бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]