Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_.docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
93.72 Кб
Скачать

28.Билік пен ықпал етудің нысандары, олардың сипаттамалары

Алдыңғы тауарларда жеке адамға және ұйымның тиімділігіне белгілі бір топтың немесе ресми емес ұйымдардың күшті ықпал ететіні қарастырылды. Басшы топтың және жеке тұлғаның күш-жігерін ортақ міндеттерге жұмсай білуі қажет. Бұл кезде тіпті қатынастар басшылықтың қойған шегінен де асып кетуі мүмкін. Бұл міндеттің жүзеге асырудың механизмінің бастысы – басшылық, билік, т.б. болып табылады.

Көптеген адамдар билікке теріс көзқараспен қарайды, бірақ ұйымдардың дамулары үшін ол өте қажет нәрсе.

Ұйымдағы басшылық. Басшылық, басқарудың маңызды компоненті болғанына қарамастан лидерлер ( жетекші қызметкер ) үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешімді лидерлік ресми ұйымға да кедергі келтіруі мүмкін. Мысалы, бейресми ықпалды лидер ұжымның нашар жұмыс істеуіне және өнімнің сапасының төмендеуіне әсер етуі мүмкін.

Файли, Хаус және Керр басқару мен басшы қызметкер ( лидерлік ) арасындағы айырмашылықты көрсетіп: Басқару – бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал лидерлік болса, керісінше, бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі, деп атап көрсеткен.

Басқарушы ұйымның басшылығына алдын-ала қарастырылған ресми әрекет - өкілеттіліктерді беру арқылы келеді. Лидер болса, ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, өз абыройымен жетеді.

Ұйымның басшысы - лидер, сонымен бірге, ол өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты – ұйымға берілген жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ету қабілеті.

Әсер, (ықпал) және билік.

Ықпал – жеке бір адамның, келесі бір адамның мінезіне, басқалармен қарым-қатынасына, сезіміне, т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретікте: өтінші, құлаққа сыбырлау немесе ең соңғы саты-қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал ету мүмкін. Басшы өзінің лиерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.

Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері (эмоциялар) қалыптасқан. Лорд Эктон ол туралы былай деген: «Биліктің аздыру тенденциясы бар, ал шексіз билік шексіз аздырады». Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және арессиямен байланыстырады. Ал біздің анықтамамыз бойынша: «билік – басқалардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі». Басқаруда билік болмаса, ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.

Билік балансы. Тәуелділік концепциясы билік туралы кең тараған тағы бір пікірді теріске шығарды. Көптеген адамдар билік бір адамға екінші бір адамның сезімдері, ойларына қарамастан, ықпал етуге мүмкіндік береді деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Ұйымдағы билік тек ішінара иерархиямен ғана анықталады. Белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес, басқа адамға тәуелділік дәрежесімен анықталады.

Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның билігі де үлкен болады. Мұны мына формуламен көрсетуге болады: билік берілген А адамның Б адамға ықпалының деңгейі Б адамның А адамға тәуелділік деңгейіне тең болады. Міне, осы билік балансы деп аталады.

Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі бағыныштылар жалақы, жұмыс ғимараттары, қызметте өсу, өкілеттіліктерді кеңейту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы да басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болып қалады.бірақ кейбір жағдайларда бағыныштылар басшыларға билік жүргізуі мүмкін. Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттар, басқа адамдармен биресми қарым-қатынастар сияқты мәселелерде басшы бағыныштының көмегімен ықпалына жүгінеді.

Биліктің әртүлрі формалары болады. Билік пен лидерлік (басшылық) саласындағы зерттеушілер Френч және Рейвен билік негіздерінің қолайлы жіктеулерін жасап шығарады. Соған сәйкес биліктің бес негізгі формасы бар:

  1. Мәжбүр етуге негізделген билік: орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады, аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастау мүмкін деп ойлайды.

  2. Марапаттауға негізделген билік орындаушы ықпал етушіден өз еңбегінің жемісі үшін – жақсы сыйлық аламын деп сенеді, одан жақсылық күтеді.

  3. Сараптау билігі: Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін білімі бар деп сенеді.

  4. Эталондық билік ( үлгі билігі ): орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.

  5. Заңды билік: оындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде ғана қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де,дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]