Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_.docx
Скачиваний:
155
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
93.72 Кб
Скачать

29.Өндірісті басқару жүйесіндегі басқару объектісі мен субъектісінің өзара қарым-қатынасы

Басқаруға жүйелі көзқарастың мәнін ашып көрсетпестен бұрын жүйе, жүйелердің түрлері, жүйелердің қасиеттері, басқарылу шарттары сияқты ұғымдары көп. Жалпы жағдайда мейлінше, әртүрлі объектілердің өзара байланысы жүйе деп саналады, яғни жүйе дегеніміздің өзі де бір-бірімен байланысты бөліктерден тұрады.

  • Өндірістік иерархиялық жүйесі жалпы халық шаркашылығынан (тізбектегі ең жоғары буын) бастап, жұмыс орнымен аяқталатын (бастауыш буын) өзара дәйекті түрде байланысты бірқатар ұяларға бөлінеді. Өндірістің иерархиялық жүйе ретінде болуының басқаруды дамыту үшін және және ең алдымен басқаруды онда жүріп жататын құбылыстар және процестермен ыңғайластыру үшін ерекше зор маңызы бар.

Бұл орайда жүйеде қарапайым буындар неғұрлым аз және олар өздерінің табиғаты жағынан неғұрлым тұрақты болса, ол ыңғайластыруға соғұрлым оңай болады.

Өндірістің иерархиялық құрылым түрінде болуыоның жұмыс істеуін біртіндеп шешілетін жеке міндеттердің жиынтығы ретінде оңтайландыру міндетін шешуге мүмкіндік береді.

Өндірісті функционалдық мазмұны белгісі бойынша басқару объектісі ретінде, техникалық, технологиялық, ұйымдық, әлеуметтік және экономикалық кіші жүйелер ретінде қарастыруға болады.

Экономикада басқарушы кіші жүйе (басқару субъектісі) дегеніміз – басқару органдарының жиынтығы. Басқару жүйесі басқарылатын жүйемен сан жағынан байланысты. Басқарылатын жүйе неұрлым көбейген сайын басқару жүйесі де соғұрлым көп болады. Басқару жүйесінің басқарылатын жүйемен байланысы ақпараттар көмегімен жүзеге асырылады.

Басқарылатын жүйеден түсетін ақпарат-хабарларды басқару жүйесі өңдейді де, оған басқару ықпалын жасауға әмір беруді (шешім шығаруды) әзірлеуге мүмкіндік береді, содан соң ол басқарылатын жүйе үшін міндетті болып табылады.

Басқару жүйесінің құрылысы екі қағидаға: иерархиялық және кері байланыс қағидаоарына негізделеді.

Басқарудың иерархиялық принципінің мәні басқару жүйесінің көп сатылы болып құрылатындығында, онда бастауыш өндіріс жүйелерін басқару келесі деңгейдегі органдар бақылап отыратын төменгі деңгейдегі органдар арқылы жүзеге асырылады. Басқарудың екінші деңгейінің қызметін үшінші деңгейдегі органдар бақылап отырады. Учаскеден бастап, халық шаруашылығына дейінгі әртүрлі сатыдағы басқару жүйелері басқару органдарының біртұтас иерархиялық жүйесін құрайды.

30.Басшылық стилі және оның жіктелуі

Басшылық  стилі 

     Басшылық  стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары. Ұжымға басшылық ету процесінде, әлеуметтік-экономикалықтан басқа, әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады. Бұл ең алдымен ұйымның әр түрлістатустары, иерархиялық құрылымдары және жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас, олардың әлеуметтік-психологиялық мазмұны, бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделік болып саналады. Басқарудың дұрыс стилін таңай білу әлеуметтік-психологиялық проблеманынң өзектісі. Басқармадағы жұмыскерлердің шынайы мәдениетіне неғұрлым толық, әрі түбегейлі баға басшы жұмысының стилі бойынша жүзеге асады.

     Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек  өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі. Честерфольд «стиль-ой дүниесі» десе, Бьюфурон «стиль-адамның өзі» деп тұжырымдайды.

     Басшылық  стилі тұрақтылығымен, амалды жиі-жиі  қайталамауымен ерекшелінеді. Бірақ  мұндай тұрақтылық салыстырмалы түрде, өйткені көптеген мамандардың бағалауынша  стильге әдетте ырғақтылық тән, олардың  тұжырымдауынша «ең дұрыс басшылық-бұл  ырғақтылық, және де басшылық ете білу-бұл басшылық стилін өзгерте білу».

     Басшы жұмысшының стилі-оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.

     Басқару тәсілі-басқару ісін жүзеге асырудың жиынтық әдістері, амалдары, жұмыскерлер  мен еңбек ұжымына ықпал ету, басқару қызметін орындау процесінде олардың іс-әрекеттерін үйлестіруді  қамтамасыз ету.

     Басшының  дербес және жалпы стилі болады. Әрбір басшының дербес стилі бар, мұның өзі оның іс-әрекетінде көрініп, басқару аппаратының және бүкіл  ұжымның жұмысына елеулі ықпал етеді. Дербес стиль нақты құбылыс-оны  түгелдей, егжей-тегжейлі қайталауға болмайды. Басшының дербес стилі алуан түрлі  объективтік факторлардың ықпалымен  қалыптасады:

  1. Іс-әрекет сипаты;

  2. Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

  3. Психологиялық қасиет;

  4. Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

    Басқару стилінің типі түбелікті қалыптаспаған, сондықтан да, отандық және шет  елдік әдебиеттерде оның өзі түрліше  жіктеледі.

    Мәселен, Х. Кох (Германия) басшы стилін былайша  бөледі:

  1. Бір жақты автократтық стиль;

2Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі;

3Өндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып басқару стилі;

4Парламенттік сипаттағы басқару стилі;

5Бағыныштылар негізінен дербес, жоғарғы басшылардың тікелей қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]