Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
paskal.pdf
Скачиваний:
89
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
544.21 Кб
Скачать

2. ТУРБО ПАСКАЛЬ ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ БАСТАМАЛАРЫ

2.1. Паскаль тілінің негізгі элементтері

Паскаль тілінің алфавиті және атаулар сөздігі Тіл деп – информацияны символдық жүйеде ұсынуды айтады.

Кез келген программалау тілдің өінің символдық жүйесі, алфавиті болады.

Алфавит ол – тәртібі анықталған, шектеулі белгілерден, әріптерден, арнайы символдардан тұратын жиын.

Стандартты Паскаль тілінің алфавитіне мына символдар жатады:

1)латын алфавитінің 26 бас және кіші әрптері;

2)араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

3)арнайы символдар: + – * / ; , : . < > = ‘’ ( ) [ ] { } $ _ # ^ @

Сонымен қатар Паскаль тілінде арнайы символдардың комбинацияларынан құрылған мына символдар да қолданылады:

: =

меншіктеу

<=

кіші немесе тең

<>

тең емес

>=

үлкен немесе тең

..

мәндердің диапазоны

(..)

альтернативасы []

(* *)

альтернативасы {}

 

 

Паскальдағы сөздер

Паскаль тілінде қолданылатын сөздер жиынын үш топқа бөлуге болады: резервтелген сөздер, стандартты атаулар (идентификаторлар), пайдаланушының атулары.

Резервтелген деп – бір арнайы мәні бар, жазу үлгісі бекітілген сөздерді айтады.

Мысалы: Program – программаның басы, Procedure– процедураның басы, Function – функцияның басы, Begin – бастау, End-бітіру, Var – айнымалылар, Const – тұрақты т.б.

Төменде Паскаль тілінің дербес компьютерге арналған

резервтелген сөздерінің тізімі берілген.

 

absolute

абсолютті

label

белгі

and

логикалық ЖӘНЕ

library

кітәпхана

array

массив

mod

қалдық

asm

ассемблер

nil

жоқ (отсутсвие)

begin

блоктың басы

not

логикалық ЕМЕС

case

таңдау

or

логикалық НЕМЕСЕ

const

тұрақты

of

одан

constructo

конструктор

object

объект

r

 

 

 

10

div

бүтүн бөлу

packed

қатталған

go to

шартсыз өту

procedure

процедура

do

орындау

program

программа

downto

оғанға дейін азайту

record

жазу

destructor

бұзушы

repeat

қайталау

else

әйтпесе

set

жиын

end

блоктың соңы

shl

битті солға

 

 

 

жылжыту

exports

экспорт

shr

битті оңға жылжыту

external

сыртқы

string

жол

file

файл

then

онда

for

үшін

to

өсіре

forward

озушы

type

тип

function

функция

unit

модуль

if

егер

until

дейін

in

Ішінде

uses

пайдалану

inline

негізгі

var

айнымалы

interrupt

үзілу

while

әзірше

interface

интерфейс

with

онымен (с )

inherited

ұрпақтық

xor

НЕМЕСЕ амалын

 

 

 

жоққа шығару

Идентификатор

Программаны, айнымалыларды, тұрақтыларды, әр түрлі процедураларды және функцияларды т.б. объектілерді белгілеу үшін идентификаторлар (атаулар) қолданылады.

Латынша identification сөзі – объектіге кейбір символдар жиынын сәйкестіру, біркелкілендіру мағнасын береді.

Тілдің деректер типтерін, тұрақтыларын, процедураларын және функцияларын белгілеуге стандартты атаулар қолданылады.

Мысалы: integer, Sin, Cos, Ln, Sqr, Sqrt, Read, Readln, Write, Writeln.

Стандартты атаулар өзгертілмейді.

Идентификаторларды жазудың жалпы ережелері:

1)идентификаторда латын алфавитінің бас және кіші әріптері, цифрлар, астын сызу белгісі қолданылады;

2)идентификатор міндетті түрде әріппен басталады;

3)екі идентификатордың арасында кем дегенде бір пробел болуы тиіс.

4)резервтелген сөздерді, арнайы символдарды, функция есімдерін, стандартты атауларды идентификатор ретінде қолдануға болмайды.

11

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]