Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 241

шығындар төмендейді (яғни пайда өседі), сондықтан фирма өз шығаруын Е нүктесіне дейін өсіреді. Пайданы максимумға жеткізудің бұл екінші кезек шарты деп аталады. Максималды пайдатерісемесшамаболуыкерекекендігібелгілі. Керіжағдайда (бағаорташаауыспалышығындардантөменжағдайда) фирмаосы тауарды тіпті де шығармайды (16.4а-сызба).

 

 

а)

 

P

 

 

MC

АТС

 

 

 

 

AVC

 

 

P=AR=MR

 

 

Q

 

16.4-сызба а) тауар өндірілмейді

 

(баға орташа өзгермелі шығындардан төмен)

 

 

ə)

P

MC

АТС

 

 

 

AVC

P1

E

P=AR=MR

 

 

 

Q1

Q

16.4-сызба ə) тауар өндіріледі (баға орта өзгермелі шығындардан жоғары, дегенмен орташа жалпы шығындардан төмен)

16-3/108-11

242 Экономикалық теория

Бірақ, егер баға орташа өзгермелі шығындардан АVC жоғары болса, фирма тауарды шығара береді (16.4ə-сызба). Бұны фирма өзініңтұрақтышығындарынтөмендетеалмайтындығыжəнетүсім өзгермелі шығындарды жауып, сонымен тұрақты шығындарға қажет қаражаттарды жартылай қамтамасыз ете алатын кезде де жүргізе беретіндігімен түсіндіруге болады.

Əрине, ұзағырақ кезеңде бұл мүмкін емес, сондықтан кейбір фирмалар саланы тастауға мəжбүр болады жəне бұл қалаған фирмалар үшін сұраныс бағасын жоғарылатуға əкеледі. Бұл үдеріс қаншалықты ұзақ жүреді? Баға салада қалған фирмалардың орташа шығындарын жапқанға, яғни Р = АТС болғанға дейін жалғасуы мүмкін. Ал фирманың саладан шығу үдерісі жалғаса берсе, не болады? Бағаның ары қарай өсуі салада қалған фирмалар үшін бағаның шығындардан артуына, яғни осы фирмалардың қандай да бір экономикалық пайда алуына əкеледі. Бірақ бұл пайда салаға басқа фирмалардың енуіне сигнал болып, ұсыныстың өсуі жəне тауар бағасының төмендеуіне əкеліп, содан кейін фирмалардың пайдасы біртіндеп төмендей береді. Жаңафирмалардыңенуүдерісібағаорташашығындарды ғана жауып, яғни Р = АТС болғанда ғана тоқтайды. Жетілген бəсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жəне одан шығуы ұзақ кезеңдегі бағаның орташа шығындар шамасына теңдігін анықтайды (нөлдік таза экономикалық пайда туралы гипотеза), яғни:

Р = МR = МС = АТС

Фирмастратегиясынанықтаукезіндебелгілібірқағидаларды ұстану қажет. Шекті шығару ережесі фирма шекті шығындар шекті түсімге тең болатын (МС = МR) өндіріс деңгейін ұстап отыру керек дейді. Жабу ережесі, егер экономикалық пайда өндірістің кез келген көлемінде нөлден аз болса, фирма жабылады деп ескертеді. Бұл – фирманың рыноктың қай типінде əрекет ететініне тəуелсіз жалпы ережелер.

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 243

Өндірісті жалғастыру немесе жабу туралы қысқа мерзімді кезеңдешешімқабылдауүшінфирматүсімдіжалпышығындармен емес, тек өзгермелі шығындармен салыстырады (себебі тұрақты шығындар жасалынып қойды, оларды төмендетуге болмайды). Сондықтан фирма өндіріс ысырапты болса да түсім өзгермелі шығындардан артық болған уақыт ішінде өндірісті жалғастыра береді.

Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістің орташа шығындар шама-

сы аса маңызды болады. Өндіріс көлемін пайда максимум болатындай етіп таңдайды жəне бұл өндірудің əр белгіленген көлемі кезінде жалпы жəне орташа шығындарды минимумға жеткізуді талап етеді. Саладағы ұзақ мерзімді тепе-теңдік өнім бағасы осы саладағы осыған ұқсас фирманың орташа шығындарының минимум деңгейіне тең болатындай етіп орнатылады. Салаға фирмалардың ағылуы осы саладан экономикалық пайда ала алатындарынсезгенкездеорыналады. Алсаладаншығуəрекететуші фирма ұзақ мерзімді кезеңде өз өндірісінің орташа шығындарын жаба алмайтын кез де болады. Салаға ену жəне одан шығу шекті фирма нөлге тең экономикалық пайда алғанға дейін жүре береді. Ұзақ мерзімді кезеңде əр фирма минималды орташа шығындар кезіндегі нөлдік (экономикалық) пайдамен сипатталатын тұрақты теңдік жағдайында болады.

Бəсеке рыногында ұзақ мерзімді тепе-теңдік негізінде жататын үш кезді атауға болады:

1.Рыноктағы сұраныс ұсынысқа сай келеді жəне құрылатын теңдік баға сатушылармен қатар сатып алушылардың да көңілін толтырады.

2.Саланың барлық фирмалары өз пайдаларын максимумға жеткізеді, яғни теңдікте болады.

3.Барлық фирмалар нөлдік пайда алады.

Келесідеймысалдарғажауапберуүшінжоғарыдакелтірілген сипаттамаларды пайдаланыңдар.

1. Кестеде фирма қызметі туралы мəліметтердің бір бөлігі берілген, ал көрсеткіштердің қалған бөлігін өздерің есептеңдер:

244

Экономикалық теория

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баға

Тұрақ-

Өзгер-

Жиын-

Орташа

Орташа

Шекті

Жиын-

Өнім

(Р)

ты

мелі

тық

жалпы

өзгермелі

шығын-

тық

саны

теңге

шығын-

шығын-

шығын-

шығын-

шығын-

дар

түсім

(Q)

 

дар (FC)

дар

дар

дар

дар (AVC)

(MC)

(TR)

дана

 

теңге

(VC)

(TC)

(ATC)

теңге

теңге

теңге

 

 

 

теңге

теңге

теңге

 

 

 

 

3,0

6000

8000

 

3,5

2,0

 

 

 

Жетпейтін сандарды қосып, кестені толтырыңдар жəне фирманың қандай шешім қабылдауы керектігі жөніндегі сұраққа

жауап беріңдер:

 

 

 

 

а)

өнімді шығаруды өсіру;

 

 

 

ə)

өнім шығаруды азайту;

 

 

 

б)

жабылу;

 

 

 

 

в)

ештеңе өзгертпеу.

 

 

 

2.

Сізде фирма қызметі туралы мəліметтер бар:

 

 

 

 

 

 

 

Өнім саны

Жиынтық

Тұрақты

Орташа өзгермелі

 

Шекті

(Q) дана

түсім (TR)

шығындар

шығындар

 

шығындар

 

 

теңге

(FC) теңге

(AVC) теңге

 

(MC) теңге

1000

 

5000

1500

5,5

 

5,0

Фирма шығаратын өнім саны, ол өскенде фирманың шекті шығындары өсетіндей болып отырады. Қажетті көрсеткіштерді есептеп, фирманыңнеістейтініжөніндегісұраққажауапберіңдер:

а) өнім шығаруды өсіру; ə) өнім шығаруды азайту; б) жабылу; в) ештеңе өзгертпеу.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Өндірістің ауыспалы факторлары - ....

а) өнімді шығару өзгеруі кезінде өте жылдам өзгеруі мүмкін факторлар;

ə) өнімді шығару өзгеруі кезінде өте жылдам өзгере алмайтын факторлар;

16-тақырып. Кəсіпорын (фирма) шығындары мен табыстары 245

б) фирма ауқымымен (масштабымен) анықталатын факторлар; в) бағасы бақыланбайтын факторлар.

2.Тұрақты шығындар деп....қатысты салыстырмалы бекітілген факторлар табылады.

а) өндірілетін өнім деңгейіне; ə) уақытқа; б) технологияға;

в) ең төмен жалақыға.

3.Фирманың шекті шығындары:

а) анықтау бойынша шығындар; ə) жалпы шығындар өлшенетін бірліктермен өлшенеді;

б) олардың минимум нүктелерінде орташа шығындарға тең болады;

в) əрқашан оң.

4.Келесі тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс?

а) бухгалтерлік шығындар қосу экономикалық шығындар нормалды пайдаға тең болады;

ə) экономикалық пайдадан анық емес шығындарды алғанда анық шығындарға тең болады;

б) бухгалтерлік пайдадан анық емес шығындарды алғанда экономикалық пайдаға тең болады;

в) экономикалық пайдадан анық емес шығындарды алғанда бухгалтерлік пайдаға тең болады.

5.Өндіріс факторының шекті өнімі ақшалай көріністе:

а) өнімнің соңғы бірлігінің сатылатын бағасы көрсетеді; ə) өндіріс факторының қосымша бірлігін пайдалану кезіндегі

түсімнің жалпы размерінің өзгеруіне тең; б) өндіріс факторының қосымша бірлігін пайдалану кезінде өндіріс

көлемі өзгеруіне тең; в) жетілген бəсеке жағдайында анықтау мүмкін емес.

6.Жетілген бəсеке жағдайында жұмыс істейтін фирманың сұраныс сызығы нені көрсетеді?

а) теріс еңкейген тіке сызықты; ə) ординат осіне параллель тіке сызықты;

б) баға сызығына сəйкес келетін тіке сызықты; в) МС сызығына сəйкес келетін қисықты.

246 Экономикалық теория

7.Бəсеке фирма қандай шартты орындаған кезде максималды пайда алады?

а) орташа жалпы шығындар шекті табысқа тең болса; ə) жалпы табыс максималды мəнді қабылдаса; б) шекті шығындар шекті табысқа тең болса; в) орташа шекті шығындар максималды.

8.Жетілген бəсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма қай жағдайда жұмысты тоқтатуға дайын?

а) баға минималды орташа жалпы шығындарға тең болғанда; ə) баға тұрақты түрде құлдырап тұрғанда; б) Р=МС;

в) баға минималды орташа ауыспалы шығындарға тең болғанда.

17-ТАҚЫРЫП

ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ РЫНОКТАРЫ ЖƏНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

17.1.Функционалды бөлу теориясының негіздері жəне факторлық

табыстарды қалыптастыру...........................

248

17.2. Жалақы еңбек бағасы ретінде......................

251

17.3. Пайыз капитал иесінің факторлық

 

табысы ретінде..............................................

253

17.4. Жер рентасы – жер иесінің

 

факторлық табысы........................................

254

17.5. Пайда кəсіпкердің факторлық

 

табысы ретінде..............................................

256

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

259

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

262

248 Экономикалық теория

ФУНКЦИОНАЛДЫ БӨЛУ 17.1. ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

ЖƏНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Фирманың ресурстарды сатып алу кезіндегі шығындары жалпы түрде олардың иелерінің табыстары ретінде (жалақы, пайыз, рента, пайда) жүреді. Ресурстар иелерінің табыстары ресурстардың шекті өнімділігі мен оларға бағалар деңгейімен анықталады. Өндірістіңəрфакторынаоныңшектітабыстылығына сай ақы төленеді.

Қанша шығару туралы шешім қабылдай отырып, кез келген фирма шекті шамалар аталымдарын да талқылауы керек. Ол еңбектің қосымша бірлігін пайдаланудан туындаған шығындардың, осы пайдалану нəтижесінде алынатын табыс көлемінен қаншалықты артатынын анықтауы қажет. Мысалы, еңбектің қосымша бірлігін пайдалану шығыны – жалақы.

Еңбектің қосымша бірлігін пайдаланудан түсетін табыс сатылатын өнім көлемі өсімі нəтижесінде фирманың жиынтық табысының өсуі болып табылады.

Фактордың шекті табыстылығы.

Тағы бір қызметкерді жалдау керек пе деген мəселені, осы қызметкерді жалдауға жұмсалатын шығындарды, ол өндіретін өнім құндылығымен салыстырып барып шешу керек болады.

Тағыбірқызметкердіжалдаутуралымəселенішешуүшінфирма шекті табыстылық шамасы туралы ақпаратқа ие болуы керек.

Қандайдабірфактордыңшектітабыстылығыосыфактордың қосымша бірлігін пайдалану нəтижесіндегі фирманың жиынтық табысының өсуіне тең болады. Еңбектің шекті табыстылығы (MRPL) еңбектің шекті өнімінің шамасына (MPL) көбейтілген фирманың шекті табысына (MR) тең болады.

Фирманың шекті табысы шығарылған бір бірлікті қосымша өндіру нəтижесінде табыстың өсуін көрсетеді.

Еңбектің шекті өнімі еңбектің қосымша бірлігін пайдалану нəтижесінде шығарудың өсуін көрсетеді.

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 249

Мысалы, шекті табыс шығарылым бірлігінің 5 теңгесіне, еңбектің шекті өнімі 2 (екі) бірлікке тең болса, онда еңбектің шекті табыстылығыеңбекшығыныныңəрбірлігіне10 теңге(5 х2) болады.

Еңбектің шекті табыстылығының шамасы бір қосымша қызметкерді тартудың не əкелетінін көрсетеді. Бірақ, сонымен бірге қызметкерді жалдау осы қызметкер жалақысы шамасында шығынды да өсіреді.

Сондықтанфирмапайдасыныңкөлемінеəсерететінқосымша қызметкерді тартудың таза эффектісі жалақы қоры өсуін алып тастағандағы шекті табыстылыққа тең болады. Фирма үшін пайдалы жалдау ережесі: еңбектің шекті табыстылығы жалақы деңгейінен жоғары болып тұрған кезде жұмысбастылық ауқымын (масштабын) кеңейту; шекті табыстылық жалақы деңгейінен төмен түскен бойдан жұмысбастылар санын қысқарту.

Сонымен, келесідей шарт орындалса, жұмысбастылар саны оңтайлы:

Жалақы = еңбектің шекті табыстылығы:

W = MRPL

(1)

Тіптібəсекелесфирмажалақыеңбектіңшектітабыстылығына тең болатын деңгейде қызметкерлер санын орната отырып, пайданы жоғарылатады.

Жетілген бəсеке кезінде еңбек факторына сұранысты қалыптастыру принципі еңбектің шекті табыстылығы шығарылым бағасына көбейтілген еңбектің шекті өнімінің шамасына тең болуында болып отыр.

1-теңдеудің екі бөлігін шығарылым бағасына бөле отырып:

 

 

жалақы

 

=

 

 

еңбектің шекті

, аламыз

шығарылым бағасы

 

шығарылым бағасы

 

 

 

жалақы

 

 

 

 

= еңбектің шекті өнімі

 

шығарылым бағасы

 

 

 

W

 

=

 

MRPL

 

= MPL (1a – теңдеу)

 

 

P

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

MPL x MR = W
MPK x MR = Pk MPT x MR = Pt,

250 Экономикалық теория

Бұл теңдеу жетілген бəсеке кезінде фирма жұмыс бастылар санын бір деңгейде ұстай отырып, еңбектің шекті өнімі нақты жалақыға тең болатын, яғни шығарылым бағасына бөлінген, номиналды жалақыға тең деңгейде пайданы максимумға жеткізеді. Жұмысбастылықтың оңтайлы ауқымы нақты жалақы қысқаруынабайланыстыөсіп, нақтыжалақыөссетөментүсіпотырады.

Пайданы барынша көбейту үшін пайдаланылатын əр ресурс көлемі осы фактордың шекті табыстылығының шамасы оның қосымша бірлігін пайдалану шығындарына тең болатындай етіп түзетіліп отыруы керек.

Егер өндірістің негізгі үш факторы – еңбек, капитал жəне жерді қарастырсақ, фактордың əрқайсысының қолданылуын, осы факторды тарту шығындарына шекті табыстылық тең болатын нүктеге дейін көтергенде, фирма пайданы максимумға жеткізеді.

Жалақы мөлшерлемесін W, капиталдың ренталық бағалау шамасын Рк жəне жерді ренталық бағалау Рт (terra – латынша «жер» деген сөз) деп белгілейік.

Егер фирма пайданы барынша көбейткісі келсе, келесідей үш шарт орындалуы қажет:

(2)

(3)

(4)

мұндағы:

MPL, МРК жəне МРТ – еңбек, капитал мен жердің шекті өнімдерінің шамасы.

Егер жетілген бəсеке рыногы қарастырылса, онда MR əр теңдеудің сол жағында тұрған шығарылым мен туынды бағасына тең, үш фактордың əрқайсысының өнімнің шекті құндылығы шамасына тең болады.

Теңдеудің екі (2) бөлігін алдымен MR, содан соң W-ға бөліп аламыз:

M P L

 

1

(5)

W

MR

 

(3) жəне (4) теңдеулермен де осылай жасап, үш теңдеудің де дəл сондай түрге келтірілетініне көз жеткіземіз:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]