Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 151

Мемлекеттік-монополистік капитализм (XX ғ. екінші жар-

тысы) – өндіріс пен рынок буржуазия істері жөніндегі айрықша комитет ретінде көрінетін мемлекетпен реттеледі. Буржуазиалық мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласады, субсидиялар бөліп, демеуқаржыларды (дотацияларды) анықтайды, кредиттер ашады, протекционистік саясат жүргізеді. Мемлекеттік-монополистіккапитализм– капитализмніңеңсоңғы əрі ең жоғары сатысы.

Мемлекеттік-монополистік экономика монополистік капитализмнің қазіргі ең жоғарғы даму сатысы болып табылады.

Мемлекеттік-монополистікэкономиканыңайрықшатабиғаты мынада:

1.Ол монополистік капиталдың мемлекетпен бірігуін білдіреді.

2.Мемлекеттің ұдайы өндіру үдерісіне қаржы олигархтардың мүдделеріне сай тікелей араласуы:

2а – мемлекеттің өз меншігінде кəсіпорындар, жолдар, электростанциялардың болуы;

2ə – мемлекет монополиялардан, ауыл шарашылық фермерлерінен ауыл шаруашылығында өндірілген өнімдерді жəне өнеркəсіп тауарларын сатып алады;

2б – ақша-несие операцияларына белсенді араласады; 2в – мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың

елеулі бөлігі қайта бөлінеді. Мемлекеттік-монололистік экономика шаруашылық əрекет-

тің ең маңызды екі саласын қамтиды:

а) өнеркəсіптік дамыған елдердің ішкі экономикасы саласын;

ə) əлемдік экономика саласын.

Түрлі елдер ішінде мемлекеттік-монополистік экономиканың мынадай нысандары орын алады:

а) мемлекет ұлттық табыстың үлкен бөлігін (30-35%) иемденуі жəне қайта бөлуі;

ə) мемлекеттік меншік жəне мемлекеттің кəсіпкерлік əрекеті.

152 Экономикалық теория

Мемлекеттік-монополистік меншік үш жолмен түзіледі:

а) жаңа кəсіпорындардың мемлекеттік бюджет қаржысына салынуы;

ə) мемлекет қаржы-монополистік топтар мен компаниялардың акцияларын сатып алуы;

б) жекелеген кəсіпорындарды немесе тұтас салаларды мемлекет меншігіне айналдыруды жүзеге асыру.

3.Экономиканы милитаризациялау. Ол монополияны мем-

лекетпен бірігуін күшейтеді, өйткені бірқатар салалар өнімдерін негізінен мемлекетке арнап шығара бастайды (атом саласы – 100%, авиация саласы – 90%-ға мемлекеттік əскери тапсырыстарды орындаумен айналысады).

4.Мемлекеттік реттеу жəне бағдарламалау:

4а – мемлекеттік капитал салымдары жəне мемлекеттік сатып алулар;

4ə – ақша-несие саясаты;

46 – бағалар мен еңбекақыны реттеу;

4в – экономикалық бағдарламалау.

5.Əлемдік шаруашылықта мемлекеттік-монополистік экономиканың көрінуі:

5а – мемлекет өз монополияларының сыртқы-сауда саясатына көмектеседі;

5ə – мемлекеткепілберуарқылыэкспорттықнесиебойынша тауарларды сыртқа шығаруды ынталандырады;

5б– мемлекетөзесебіненкапиталдысыртқашығарудыіске асырады жəне сол арқылы монополияның тауарлық экспортынтездетеді;

5в – мемлекеттің нашар дамыған елдерге көмек беруі; 5г – халықаралық мемлекеттік-монополистік одақтарды

(ЕО) құру.

6.Ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру.

Капитализмнің əр жаңа сатысы қоғамның өндіргіш күште-

рінің сапалы өсуін жəне сонымен бірге капитализмнің ішкі антагонистік қайшылықтарының күшеюін білдіреді: экономиканыбірлесебасқаруды(өндірістіңбарлыққатысушыларымен) жəне

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 153

табыстарды əділ қайта бөлуді талап ете отырып, өндіріс көбірек қоғамдық бола түсті, ал капиталистік құрылыс бұған қарсы шықты. Адамзат ғаламдық əлеуметтік алапатқа тартыла бастады, бұның көрінісі ретінде болған екі дүниежүзілік империалистік соғыс жəне 1929-1933 жылдардағы Ұлы дағдарыс дəлелдеді.

Төнгенапаттаншығудыңбаламамүмкіндігітабылғансияқты болды:

А. Шығыс (Ресей, Қытай, Шығыс Еуропа) социализмді құруға талпыныс жасады.

Ə. Батыс (АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония) «Халықтық капитализм» құруға ұмтылды (ғылыми-техникалық революция жетістіктері базасында капиталистіктен кейінгі қоғам).

Бұл қадамдардың немен аяқталғаны – экономикалық пікірталастыңісі. Бұлпроблемалар11, 12-тақырыптардақарастырылады.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. «Өндірістің қоғамдық тəсілі» мен «өндірістің технологиялық тəсілі» түсініктерінің арақатынасы.

Осы сұрақтың мəнін ашу үшін 10.1-сызбаны пайдаланыңдар:

 

Технологиялық қатынастар

 

 

 

Технологиялық

 

 

 

 

 

Қоғамдық

 

 

 

 

 

өндіріс

 

 

Өндіргіш күштер

 

өндіріс

тəсілі

 

 

 

 

 

тəсілі

 

 

 

Экономикалық

 

 

 

 

қатынастар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.1.-сызба. Өндірістің технологиялық жəне қоғамдық тəсілдерінің өзара байланысы

II. Капитализм: капиталдың бастапқы қорлануы, негізгі қасиеттері, даму кезеңдері.

Осы сұрақты зерттеуде келесі міндеттерді пайдаланыңдар.

154Экономикалық теория

1.Жұмыс күшін ұдайы өндіру үшін келесідей тұтыну заттары қажет:

а) азық-түлік өнімі – күніне 7 долларға; ə) тіршілік заттары – жылына 75 долларға;

б) киім, аяқ киім, əжетхана заттары жəне т.б. – жылына 270 долларға;

в) мəденисұранымдардықанағаттандыру– айына15 долларға. Жұмыс күшінің біркүндік құнын анықтаңдар.

2.Жұмыс күні 8 сағаттан тұрады. Үстеме құн нормасы – 100%. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуі нəтижесінде тұтыну заттарының құны екі есеге төмендеді. Жұмысшы табын пайдалану дəрежесі қалай өзгерді?

3.Авансталған капитал – 600 мың доллар. С : У = 4 : 1, m” = 100%. Осы капитал жай ұдайы өндіріс жағдайында неше жылдан кейін капиталданған үстеме құнға айналады?

4.100 мың доллар капитал 10 жылдан кейін екі есеге өсті. Осы кезең ішінде орташа жылдық үстеме құн 15 мың доллар болды. Ол тұтынушы жəне жинақтаушы бөліктерге қандай пропорцияда бөлінді?

5.Капиталист тауар өндірісіне капиталды авансқа берді: өндіріс құралдарын сатып алуға – 200 доллар, жұмыс күшіне ақы төлеуге – 50 доллар, үстеме құн нормасы – 100%.

Анықтау керек:

1.Осы тауар қоғамға қаншаға түсті?

2.Ол капиталистке қаншаға түсті?

6.Капиталды шоғырландыру жəне орталықтандыру үдерістері негізінде өндірісті ұйымдастыру нысаңдарында өзгерістер жүреді (келесі беттегі кестені қараңдар). Қандай да бір монополияларға тəн белгілерді көрсетіңдер.

7.Төменде аталған белгілерден: а) əдеттегі үстеме пайданы; ə) монополистік үстеме пайданы сипаттайтындарды таңдап алыңдар. Үстеме пайданы алады: 1) тауардың жеке құны оның қоғамдық құнынан төмен болатын кəсіпорын; 2) тек монополиялар; 3) жаңатехниканыенгізуарқылы; 4) монополистікбағаларды орнату арқылы: I уақытша; ІІ тұрақты.

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 155

Монополиялар

 

Монополиялар нысандарының

нысандары

 

белгілері

Картель

1.

Ортақ қаржылық тəуелділік негізінде түрлі салалар

 

 

кəсіпорындарын біріктіру.

Синдикат

2.

Қатысушылар өндірістік дербестікті сақтап қалып, са-

 

 

уда дербестігін жоғалтатын бірлестік.

Трест

3.

Бағалар, рыноктарды бөлу, өндірістік жəне өткізуші

 

 

квоталар туралы келісім.

Концерн

4.

Сауда жəне өндірістік дербестікті жоғалтқан

 

 

кəсіпорындардың толық бірігуі.

Консорциум

5.

Елеулі орталықтандырылған басқаруы бар алып өнер-

Конгломерат

 

кəсіптік кешен.

6.

Монополияларды біріктіру.

 

 

 

III. КСРО-дағыжеделдетілгениндустрияландырутəжірибесі.

Қазақстандағы индустриялық даму деңгейі.

1.Осы сұрақты қарастыруды төмендегілерден көрінетін КСРО-дағы индустрияландыру ерекшелігіне көңіл аударыңдар:

а) ол Ұлыбританиядағы сияқты жеңіл өнеркəсіп емес, ауыр өнеркəсіптен басталды;

ə) ол жедедетілген қарқынмен іске асырылды.

2.Соныменқатарекітүсініктіңарақатынасынқарастырукерек: индустрияландырудың кең жəне тар мағынасын.

3.Қазақстанның индустриялық стратегиясы өнеркəсіптіктехнологиялық саясатты кезең бойынша дамытуды көздейді: 1-тұрақтандырушы (2001-2004), 2-индустриялық (2005-2008)

жəне 3-инновациялық (2008-2010). Көзделген шаралардың табысты іске асуы жалпы алғанда 2010 жылы ЖІӨ деңгейінің 2 есеге өсуіне көмектесуі керек. Осы стратегияны түсіндіріңдер.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Келтірілген анықтамалардың қайсысы «Үстеме құн» категориясының мəнін толығырақ береді?

а) жұмысшының өз жұмыс күші құнынан үстеме құрған жəне капиталист иеленіп кеткен жаңа құн бөлігі;

ə) тауар құнының капиталист шығындарынан артылып қалуы; б) жұмысшы еңбегі мен жасалған жаңа құн бөлігі; в) тауар құнының бөлігі.

156 Экономикалық теория

2.Пайданың орташа нормасы қалай құрылады?

а) кəсіпкерлер арасындағы келісім негізінде; ə) тауарларды құны бойынша сату негізінде;

б) кəсіпкерлер арасында пайданы саналы бөлу арқылы; в) салааралық бəсеке жəне капиталды бір саладан екіншісіне құю

нəтижесінде.

3.Капиталистік меншік эволюциясы неден көрінеді?

а) дербес жеке меншіктен топтық жəне мемлекеттікке өту; ə) шаруашылықтың натуралдық нысанынан тауарлыққа өту; б) жетілген бəсекеден жетілмегенге өту; в) егіншіліктен қолөнерге өту.

4.Капиталдың бастапқы қорлану үдерісінің мағынасы неде?

а) тікелей емес өндірушілерді өндіріс құралдарынан; бөлу жəне жұмыс күшін тауарға айналдыру;

ə) акционерлік компаниялардың пайда болуы; б) қолөнершілердің жеке меншігін жою; в) экономикалық өкіметті орталықтандыру.

5.Пайдаланумен (эксплуатация) байланысты:

а) меншік иесінің өндіріс құралдарына үстеме өнімді қосуымен; ə) қызметкерлереңбегініңақытөленбегенбөлігіниеленіпкетуімен; б) өндіріс құралдары иесінің өндірушінің бөтен ақы төленбеген

еңбегін иеленуімен; в) қажетті жəне үстеме өнімді иеленуімен.

11-ТАҚЫРЫП

ПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ЭКОНОМИКА

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

11.1. Қазіргі FTP: мəні, негізгі қасиеттері,

 

 

даму кезеңдері..............................................

158

11.2. ҒТР басты бағыттары. Ақпараттық

 

 

революция......................................................

160

11.3. FTP əсерінен болатын əлеуметтік

 

 

өзгерістер (трансформациялар):

 

 

экономиканы даралау, əлеуметтен-

 

 

діру, ізгілендіру (гуманизация) ......................

162

11.4. XX ғасыр аяғындағы капитализмнің

 

 

жаңаша түрленуі (трансформация-

 

 

лануы) .............................................................

163

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

165

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

167

158Экономикалық теория

11.1.ҚАЗІРГІ FTP: МƏНІ, НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

«Постиндустриалды қоғам» деп қазіргі экономикалык жəне əлеуметтік əдебиетте «классикалық капитализм» орнына келе жатқан қоғамды атайды.

Постиндустриалды қоғам FTP жетістіктерін игеру негізінде туындап, адамзаттық экономикалық дамуының бүгінгі жоғарғы сатысын көрсетеді.

Постиндустриалды қоғамға келесідей белгілер тəн:

адам тікелей өндірістен шығарылған, өндіріс қатарында тұрады, тек адамға ғана берілген нəрсені – сананы пайдалана отырып, оны бақылайды жəне реттейді;

ғылыми-техникалық сипатқа сай өндірісті қоғамдық ұйымдастыру өзгереді: жаппай интеллектуалдық еңбек қызметкер тұлғасының басымдылығын талап етеді;

интеллектуалдық еңбек қызметкердің өндіріс құралдарынан үстем болуын қалпына келтіреді, ал бұл қоғам өміріндегі меншіктің өндіріс құралдарына қатынасының экономикалық əлеуеттілігін төмендетуге əкеледі;

нəтижесінде қоғамның жаңа экономикалық бір текті құрылымы пайда болады (қазір тікелей материалдық өндіріс саласына халықтың жұмысқа қабілетті бөлігінің 10-15%-ы ғана қатысады, ал 80-85%-ы интеллектуалдық еңбек жəне сервистік қызмет көрсетумен айналысады), бұл өндірістің акционерлік нысандарының басым болуы негізінде əлеуметтік бір тектілікті қалыптастырады;

экономикалық жəне əлеуметтік бір тектілік қоғамдық өмірдің саяси тұрақтылығын тудырады;

халықтың негізгі бөлігінің тамақ, киім, көлікке деген материалдық қажеттілігін қанағаттандыру мүмкіндігі ту-

ады.

Адам қоғамының даму тарихындағы техниканың жекелеген облыстарындаемесжалпыматериалды-техникалықнегізмасшта-

11-тақырып. Постиндустриалды экономика 159

бында (ауқымында) болған төрт ірі технологиялық революцияны бөліп көрсетуге болады. Біріншісі, XVIII ғасырдың 70-80-жылда- рында, тоқыма жəне бұрғылау станоктарының пайда болуымен байланысты. Екіншісі, XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында, бу двигателінің пайда болу жəне тарауымен байланысты. Оның нəтижесінде үш құрамдас бөліктен тұратын еңбек құралы

– машина пайда болды: механикалық двигатель (бу двигателі) – жеткізуші механизм – жұмыс құралы. Үшіншісі, XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басында, электр двигателі мен іштен жану двигателінің пайда болуымен байланысты. Төртіншісі, XX ғасырдың 50-жылдарының ортасынан басталады. Осының нəтижесінде үш буынды машинадан еңбек құралдарының жаңа төрт буынды құрылымына өту іске асырылды (үш буынды жəне компьютерлік құралдар). XX ғасырдың ортасында ғылым мен техникадағы терең сапалы өзгерістер бір-біріне өте жақындап, ерекше түрдегі ғылыми-техникалық революция (FTP) пайда болды. Ол ғылымды өндірістің жетекші факторына айналдыру негізінде шаруашылықты дамытудың барлық объективті жəне субъективті жағдайларын түбегейлі сапалы өзгертуді көрсетеді. FTP келесідей қасиеттері негізгі болып табылады:

ғылымзаттарменүдерістердіңбелгісізкластарынашабастады, бұл өндірістің бір беткей жаңа салаларын құруға мүмкіндік береді. Əңгіме қазіргі радиоэлектрондық жəне есептеу техникасы, кванттық электроника, тірі ағзаның мұрагерлік қасиеттерін беру кодтарын ашу жəне т.б. туралы болып отыр;

ғылым, техника мен өндірістегі төңкерістер бір-біріне қосылып, ғылымижаңалықтардыпрактикалыкіскеасыру мерзімдері күрт қысқартылды;

машина жүйесінен бастап, ұйымдастыру мен басқару нысандары, өндірістегі адам жағдайы жəне өндірістің бүкіл технологиялық тəсілі сапалы өзгереді;

автоматтандыру жəне алдын ала берілген қасиеттері бар жасанды материалдарды дайындау негізінде өндірістің барлық үдерістерін басқарудың жоғарырақ сатысына қол жеткізіледі;

160Экономикалық теория

еңбекқұрал-жабдықтарыныңтиімдірекжəнебұйымдарды өңдеудің технологиялық тəсілдері жасалды, адамзаттың экономикалық жəне əлеуметтік прогресін тездетуге мүмкіндік беретін энергияның əлеуетті шексіз көздері ашылады.

11.2. ҒТР БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ. АҚПАРАТТЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ

Қазіргі ҒТР басты бірінші кезеңі (елуінші жылдар) екі жаңалықпен байланысты:

а) өндірісте атом энергиясын (қуатын) пайдаланумен (атом электростанцияларын);

ə) өндірісте электронды-есептеу техникасын пайдаланумен. Қазіргі ҒТР екінші кезеңі (сексенінші жылдар) өндіріс саласымен қатар тұрмыста да компьютерлерді пайдаланумен байла-

нысты болады.

ҒТР қазіргі кезеңіне бірнеше басым бағыттар тəн. Олардың дамуы XXI ғасыр басындағы постиндустриалды экономикасы бар елдер өндірісінің бүкіл жағдайын анықтайды.

Электрондау материалдық өндірісте қазіргі электрониканың жетістіктерін кең пайдалану дегенді білдіреді. Жетпісінші жылдар электронды есептеу техникасындағы революция, микроэлектроникалық дамуы жəне электронды есептеу машиналардың жаңа түрін шығару, компьютердің пайда болуымен бейнеленеді.

Есептеу техникасының жаңа құралдары өндірісті кешенді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл кезде жұмыстың бүкіл циклі адамның тікелей қатысуынсыз іске асырылады. Əңгіме роботтандырылған, роторлық жəне роторлы-конвейрлік желілердің, икемді өндірістік жүйелердің тез дамуы туралы болып тұр.

Соңғы жылдары көптеген елдерде атомдық электрстанцияларда (АЭС) электр қуатын өндіру тез дамыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]