Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

12-тақырып. Постсоциалистік елдердегі ... 171

Өтпелі экономикасы бар көптеген елдердің тəжірибесі жоспарлы шаруашылықтың рыноктыққа айналуымен қатар жүретін трансформациялық құлдыраудың (өтпелі кезеңнің) анық көрінетін беталысы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Осы тенденция индустриялық типтегі экономикасы басым болатын елдерде көрініс береді (Шығыс Еуропа, ТМД елдері). Трансформациялық құлдыраудың негізгі себептері, меншік нысандары мен шаруашылық тəсілдерінің радикалды өзгеруі, сонымен қатар экономиканың рыноктық емес бағдары болып табылады. ТМД елдерінде меншік қатынастарының жоспарлы жүйесі мен шаруашылықты жүргізудің əдістеріне тəн терең дағдарыспен байланысты трансформациялық құлдырау КСРО-ға тəн индустриялық даму моделінің ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарысына дəл келді (халық шаруашылығы құрылымының шикізат салалары мен əскери-өнеркəсіптік кешенге қарай кенеттен ауытқуы, негізгі қорлардың жаппай тозуы). Құлдыраудың күшеюіне қысқа мерзімді сипаттағы факторлар да көмектесті; 1) макроэкономикалық тұрақтандыру саясаты (мемлекеттің шығындар мен өндірістік сала кəсіпорындарын орталықтан несиелеуін шектеу əсерінен сұраныстың кенеттен қысқаруы); 2) КСРО кооперациялық байланыстардың тарауы; 3) өндірістің сұранысқа бейімделуінің қиыншылықтары. Осының барлығы өндірістің құлдыруының көлемін ұлғайтты, дағдарысқа ерекше тереңдік пен қиыншылық берді, экономиканың дағдарыстық жағдайын уақыт бойынша созып жіберді.

12.2. КСРО-ДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕНГЕН СОЦИАЛИЗМ: НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ

МЕН ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ

КСРО-да құрылған нақты социализм социализмнің теориялық моделінен елеулі ерекшеленеді. Бұл жерде социализмнің маңызды қасиеттерінен ауытқу орын алды.

172 Экономикалық теория

Біріншіден, социализм кезіндегі өндірістің тікелей қоғамдық (бір қалыпты) сипаты еңбек пен өнімнің əр түрінің қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын алдын ала анықтады. Шынында бірқалыптылық нақты кері байланыстарды, қызметкер еңбегіндегі бастама мен уəждеме мүмкіндігін жоққа шығаратын бір жақты директивалық басшылыққа ұласты.

Екіншіден, өндіріс құралдарына деген жалпыхалықтық меншік халықтың өндіріс құралдарының қожайнына айналғанын білдіреді. Бірақ, іс жүзінде өндірістің негізгі құралдарының мемлекет қолына өтуі болып, ал халық тотаритарлық режим директиваларына бағынуға мəжбүр болған жалдамалы қызметкерлерге айналды.

Үшіншіден, жоспарлы экономиканың жоғары мақсаты халықтың əл-ауқатын үздіксіз өсіру еді. Бірақ, іс жүзінде тауар тапшылығы, өндіріс үшін, халық тұтынуы өсуін шектеу сияқты нəрселер орын алды.

Төртіншіден, социализм принципі материалдық жəне рухани игіліктерді əр кімнің еңбегі бойынша бөлу болып табылады. Іс жүзінде халықтың көпшілігі үшін басқару топтарға арналған орасанбасымдылықтарқатаржүретінсалыстырмалыбөлуорыналды.

Бесіншіден, социализм халықты əлеуметтік қорғаудың жоғарғы дəрежесін көздеді. Іс жүзінде осы міндеттер қарапайым деңгейде шешілді.

Жоспарлы экономиканың ұзақ уақыт əрекет етуі жоспарлы экономиканың бірқатар жағымды қасиеттері мен олар іске асырылатын тиімді жағдайларға ие болумен түсіндіріледі. Бұл ресурстардың елеулі шоғырлануы, бұйрықтың тез орындалуы сияқты қасиеттер. Осы басымдылықтардың көрінуі үшін шаруашылықжүргізудіңтиімдішарттары: өндірісқұрылымының қарапайымдылығы, экономика өсуінің экстенсивті типінің басым болуы.

Əкімшілік экономика дағдарысы – бұл оның жүйе ретіндегі дағдарысы. Оның мəні жоспарлы экономиканың, қоғамдық өндірістің тиімді əрекет етуін қамтамасыз ете алмауында болып отыр. Осы дағдарыстың көріну нысандары:

12-тақырып. Постсоциалистік елдердегі ... 173

жоспарлы экономиканың ғылыми техникалық прогресті қабылдамауы;

өндіріс факторларының тиімділігінің төмендей беруі;

экономиканы интенсивті даму жолына аударудың іске аспауы;

КСРО-ныңТАРАУЫ(ТАРҚАПКЕТУІ) 12.3. ЖƏНЕОДАҚТАСРЕСПУБЛИКАЛАРДЫҢ

ЕГЕМЕНДІКАЛУЫ

80-жылдардың аяғындағы басты əлемдік оқиға алдымен экономикалық жүйенің, оның саяси құрылымы – Кеңес Одағының тарауыболды. 1991 жылы 14 желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесі салтанатты түрде ҚР мемлекеттік тəуелсіздігін жария етті. 1991 жылы 16 желтоқсанда республиканың жоғарғы өкілеті «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Алматыда жиналған бұрынғы кеңес республикаларының басшылары жаңа бірлестік – Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының негізін қалаушы құжат – Декларацияға қол қойды. 1991 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Парламенті ТМД құрылуы туралы келісімді бекітті. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Республикасы БҰҰ қатарына қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Елбасы – Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жалауы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Əнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойды. 1993 жылы – 13 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заң, 1993 жылы 28 қаңтарда Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы

– теңге енгізілді. 1995 жылы 20 қаңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында «Кедендік Одақ» туралы келісімге қол қойылды. 1995 жылы

174 Экономикалық теория

28 желтоқсанда Конституциялық заң күші бар Президенттің «ҚР Президенті туралы» Жарлығы жарық көрді. 2000 жылы қазан айында Астанада өткен саммитте Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей жəне Тəжікстанның Президенттері Еуразиялық экономикалық ынтымақтастықты (ЕурАзЭЫ) құру туралы Өтініші мен Шартқа қол қойылды.

ТМД ЕЛДЕРІНДЕ (СОНЫҢ 12.4. ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА)

РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТМД-ның басқа елдері сияқты Қазақстанда шаруашылықтың əкімшілік-əміршілдік жүйесінен рыноктық жүйеге өтуді іске асырды. Еуропаның постсоциалистік елдерінің тəжірбиесі өтпелі кезеңнің үш кезеңін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Бірінші кезең – дағдарыстың даму кезеңі, өндірістің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция жəне инвестициялық белсенділіктің төмендеуінің қатар келуімен сипатталады.

Екінші кезең – макроэкономикалық тұрақтандыру (ең алдымен инфляцияның төмендеуі) кезеңі. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарысқа өтеді, бірақ, сонымен қатар экономиканың жекелеген салаларында өсу нүктелері пайда болады.

Үшінші кезең – экономикалық өсудің жандану кезеңі төмен инфляция, іскерлік белсенділіктің артуы, рынокқа негізделген материалдық өндіріс көрсеткіштерінің жалпы өсуін қамтамасыз ететін салалардың тез дамуымен сипатталады.

Рыноктыққатынастардықалыптастырубелгілібірзаңдылықтардың іске асырылуымен байланысты:

1. Мемлекет иелігінен алу жəне жекешелендіру үдерісі негізінде меншік қатынастарының өзгеруі.

Мемлекет иелігінен алу меншіктің барлық нысандарын қамтиды. Мемлекеттік меншік шеңберінің өзінде ең алдымен ол

12-тақырып. Постсоциалистік елдердегі ... 175

оның нақты монополиясын жоюмен, меншіктің басқа нысандарында «рұқсат беруімен» көрінеді. Сақталып қалған мемлекеттік кəсіпорындар коммерциялау жағдайына көшу керек. Сонымен катар бұл облыстағы мемлекет иелігінен алу жолдарының бірі

– жекешелендіру, яғни меншіктің мемлекеттік нысанын жекеге беру (ауыстыру).

2.Үш кезеңмен байланысты ішкі экономикалық қатынастарды ырықтандыру (либерализациялау):

а) жеке жəне заңды тұлғалар үшін сауда еркіндігін енгізу;

ə) өндірушілер қызметін рынок талабына бағындыру; б) бағаның қалыптасу процесін орталықтандырылған

реттеуден босату.

3.Сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру, ол: а) шетелдікинвестициялардыңелгетартылуынкеңейту; ə) мемлекеттенгенсыртқыэкономикалықбайланыстарды

жою; б) экспортты ырықтандыру;

в) ұлттық валюта өтімділігін іске асыру.

4.Рыноктық инфрақұрылымды қалыптастыру (тауар жəне қор биржалары, еңбек биржасы, банк жүйесі, сауда үйлері, аудиторлықкомпанияларменрыноктықэкономикасубъектілеріне қызмет көрсететін басқа мекемелер түрінде ).

Тəуелсіздік жылдарындағы ҚР-дағы жүйелік экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады:

Бірінші кезең 1992 жылдан 1993 жылдың қарашасына дейінгі өз валютасы жоқ жағдайдағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды. Осы кезеңдегі республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданатын шешімдерге тəуелді болып, Қазақстан Үкіметіне іс жүзінде макроэкономикалық саясатқа əсер ету тетігі болмады. Инфляция қарқыныөтежоғарыболды. Алдыңғыжылдыңжелтоқсанындағы тұтыну бағаларының индексі 1992 жылы 3060%, 1993 жылы

2265% болды.

176 Экономикалық теория

Елдегі рыноктық өзгерістердің екінші кезеңі 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу жəне макроэкономикалық саясатты қалыптастырумен байланысты басталды. Ол салық салу облысындағы, бюджеттік жəне банктік салалардағы, сыртқы экономикалық қызметтегі қатынастарды, оның ішінде шетелді капиталды тарту, кеден ісі, рыноктар мен рыноктық инфрақұрылымды дамытуды реттейтін нормативтік құқықтық базаларды құрумен сипатталады. Инфляцияға қарсы қатал саясатты жүргізу нəтижесінде қаржылық тұрақтылық бойынша алғашқы елеулі нəтижелерге қол жеткізіп, теңгенің валюталық бағамын салыстырмалы түрде нығайтуға, бюджет тапшылығын азайтуға, өнеркəсіптің экспортқа бағытталған бірқатар салаларында өндірісті біршама жандандыруға мүмкіндік туды.

Реформалардың екінші кезеңінің басты нəтижесі принциптілікті жаңа экономикалық жағдай болды. Оның нəтижесінде əкімшілік-əміршілдік экономиканы рынокқа айналдыру үдерісі негізгі жүйелік өзгерістер негізінде тұрақты сипатқа ие болды. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

экономиканы ырықтандыру əлеуметтік-экономикалық үдерістердің рыноктық реттеушісін пайдалану, сыртқы экономикалыққызметтіырықтандыру, елдішетелдіккапиталүшінашу, валюталық режимді салыстырмалы тұрақтандыру, биржалық сауда дамуымен қатар шаруашылық өмірді мемлекеттік реттеу нысандары елеулі қысқарды;

жеке сектордың басым бөлігін көп укладты экономика негізінде қалыптастыру;

рыноктық экономика жəне инфрақұрылым институттарын дамыту. Қысқа мерзім ішінде республика экономикасында банктер, инвестициялық жəне сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар жəне шаруашылықты жүргізуші субъектілерге қызмет көрсетуге, олардың өндірген тауарларын өткізуге көмектесу, жұмыс істеу сенімділігін арттырумен коммерциялық тəуекелділікті азайтуға бағытталған басқа объектілер желісін қамтитын рыноктық инфрақұрылым негізі қалыптасты;

12-тақырып. Постсоциалистік елдердегі ... 177

салыстырмалы тепе-тең тұтынушылық рыноктарды құру;

қаржылықтұрақтылық. Мемлекеттіңқаржылықтұрақтандыруына қол жеткізу жөніндегі жасалған шаралары табысты аяқталды. Бұл инфляция қарқынымен қаржылық рыноктың пайыздық мөлшерлемесін төмендетуде көрініс тапты.

Экономиканы реформалаудың екінші кезеңі іске асырылған түбегейлі институционалдық өзгерістер түрінде ұлттық экономиканыңəлеуметтік-экономикалықүдерістеріндамытудағы жағымды тенденцияларды тұтандырумен қалыптастырудың негізін қалады.

Экономикалық өзгерістердің үшінші кезеңі (1997-2000)

– негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады (ЖІӨ, өнеркəсіптік өндіріс көлемдері, инвестициялардың өсуі).

Экономикалық өзгерістер мен дамудың осы кезеңінің басты қорытындылары ретінде мыналарды атауға болады:

1. Негізінен бұрынғы шаруашылық жүйе тарауы мен əлеу- меттік-экономикалық жүйенің өзгеруінің жағымсыз салдары жойылды. 90-жылдардың басында негізінен елдегі күрделі проблемалардың көпшілігі шешілді, елдегі қол жеткізілген қаржы-экономикалықжағдайдытұрақтандырунегізіндеболашақ- тағы өсу үшін жасалған алғышарттар рыноктық типтегі экономиканы қалыптастыру жүргізілді.

2.Негізінен қазіргі рыноктық шаруашылықты жүргізу стандарттарына сай нормативті-құқықтық база құрылды: бағалы қағаздар нарығы, қаржы жүйесі, еңбек рыногы, салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынастар жəне экономиканың басқа салаларында дамыған заң бар.

3.Мемлекетиелігіненалужəнежекешелендіруүдерістерінің негізгі бөлігі аяқталды, аралас типтегі экономика құрылып, жеке бизнестік күшті қабат жасалды. Мəселен, 2001 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда меншіктің жеке нысанында 111,4 мың заңдытұлғаəрекететті, олардыңжалпысаны138,5 мыңеді. Жеке секторда елдің ЖІӨ 75%-ға жуығы өндіріледі. Экономиканың көптеген салаларында бəсекелік орта қалыптастырылған.

12-3/108-11

178Экономикалық теория

4.Мемлекеттік қаржы саласының барлық негізгі бағыттары бойынша тұрақтандыруға қол жеткізілді: мемлекеттің қаржы облысында, ұлттық валюта бағамында, банк жүйесінде, Ұлттық банктің алтын-валюталық резервінің тұрақтылығына, инфляция динамикасына, ақша нарығы мен мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пайыздық мөлшерлемелерінде.

5.Экономикадағы инвестициялық-өндірістік үдерістерді белсендіру басталды. Реформа жылдарында, 1991 жылдан бастап алғашқыретсаудабалансындаоңсальдо* қалыптасты. 2000 жылдың қорытындысы бойынша 2354,3 млн. АҚШ доллары көлеміндегі ұйымдастырылғансауданыескеруменоңсальдоалынды.

6.Реформаныңүшіншікезеңініңмаңыздыерекшелігіретінде олардың бағыттарын жүйелік құрылымдық өзгерістерге бекіту болды. Рыноктық институттар мен шаруашылықты жүргізу механизмдерін қалыптастыру облысындағы бірқатар радикалды қадамдарды іске асыру нəтижесінде Қазақстан экономиканы реформалау қарқыны бойынша ТМД елдерінің көпшілігінің алдына шықты. Мəселен, Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші болып зейнетақылық реформа, банктік салымдарға кепілдік беру жүйесі, ХВҚ борышын Ұлттық банк желісі бойынша уақытынан бұрын қайтару, Ұлттыққордықалыптастырусияқтышаралардыжүргізді.

7.Дамудың үшінші кезеңінде ел экономикасын реформалау 90-жылдардың басында орын алған жағымсыз тенденцияларды елеулі түрде игеруге мүмкіндік берді.

12.5.ҚР-НЫҢ АРАЛАСЭКОНОМИКАҒАӨТУ ҮДЕРІСІНДЕПОСТИНДУСТРИАЛДЫ ЕЛДЕРДІҢТƏЖІРИБЕСІНҚОЛДАНУЫ

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша республикада аралас экономикалық жүйе қалыптастырылып, əлеуметтік бағыттағы рыноктық экономика құрылып жатыр. Сондықтан біз үшін Швеция мен Германия сияқты əлеуметтік-

*Сальдо – айырма қалдық; кіріс пен шығыс арасындағы айырма.

12-тақырып. Постсоциалистік елдердегі ... 179

рыноктың шаруашылығы бар мемлекеттердің тəжірибесі қызық. Бұл елдерде əлеуметтік қорғауға жұмсалатын ЖІӨ барлық шығындарының үлес салмағы өте жоғары (Швецияда – ЖІӨ

33,7%, Германияда – 29,9%).

Бəсекеге қабілетті рейтингі бойынша 1998 жылы дүние жүзінде бірінші орында – Сингапур, екінші орында – АҚШ, үшінші орында Гонконг тұрды. Олардың экономикалық өсуіндегі ақпараттық индустрияның маңызы өсуде. Қазір Қазақстан Республикасы бəсеке қабілетінің төменгі деңгейінде, технологиялық пирамиданың аяқ жағында тұр. Экономикалық даму негізінен табиғи ресурстар есебінен қамтамасыз етіледі, сондықтан жаңа технологияларды енгізіп, қоғамның материалды-техникалық базасын сапалық өзгерту қажет. Ары қарай даму екі сценарий бойынша мүмкін болады:

Бірінші – пессимистік – Қазақстанды əлемдік рыноктың сырттан бақыланатын жəне біріктірілмеген шикізаттық шеткері аймағына (перифериясына) айналдыру.

Екінші – оптимистік – қазіргі кұнның ең жоғарғы технологиясы, өндіріс пен инвестицияны өсіру негізінде өзінің ғылыми-техникалық əлуетін тез қалпына келтіру жəне дамыту.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I.КСРО-дағы мемлекеттендірілген социализм теориясы мен практикасы.

II.Қазақстанда экономика негіздерін қалыптастыру: жағдайы, заңдылығы, ерекшелігі.

III.Аралас экономикаға өту үдерісінде Қазақстанның постиндустриалды елдердің тəжірибесін пайдалануы.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Төменде келтірілген қасиеттерден өтпелі экономикаға тəн қасиеттерді бөліп көрсетіңдер:

а) түрлі жүйелер элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшы- лықтар күресі жəне даму тұрақсыздығы;

180 Экономикалық теория

ə) мануфактурадан ірі машина өндірісіне өту; б) үш буынды машинадан төрт буынды роботтандырылған

техникалық кешенге өту; в) ғылыми-техникалық прогрестің эволюциялық дамуынан қазіргі

ҒТР-ға өту.

2.Өтпелі кезеңдегі экономикалық саясат жүргізілуі керек:

а) халықаралық қаржылық ұйымдар ұсыныс пен ұсынымына сай; ə) минималды əлеуметтік-экономикалық шығындары бар реформаланған экономиканың ұлттық ерекшеліктерін ескеретін стра-

тегияғасай; б) қысқа мерзімде жəне аралық нəтижелерге қарамастан;

в) ұлттық жетекші еркіне сай.

3.Экономикалық реформалар қажеттігі анықталады:

а) елдің саяси басшылығының ауысуымен; ə) ҒТПжеделдетілуіжəнехалықаралықеңбекбөлінісініңдамуымен;

б) оның жұмысындағы өз бетімен жойылмайтын ауытқулар мен тоқтаулардың жүйеде жинақталуымен;

в) қоғам əл-ауқатының артуымен.

4.Қазақстандағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның ең алдымен көздейтіні:

а) мемлекеттік ақпаратты қысқарту; ə) инфляцияны басу; б) импортты өсіру; в) бағаның төмендеуі.

5.Елдің өтпелі экономикасында экономикалық қатынастарды ырықтандыруға (либерализациялау) не тəн емес?

а) бағаны қалыптастыру үдерісін орталықтандарылған реттеуден босату;

ə) жеке жəне заңды тұлғалар үшін еркін сауданы енгізу; б) өндірушілер қызметін рынок талаптарына бағындыру; в) халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]