Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 141

Эволюция үдерісінде қарапайым құралдардан машиналарға, одан кейін машиналар жүйесіне көшу жүзеге асырылады, яғни өндірісті индустрияландыру жүреді.

Индустрияландыру ірі машина өндірісінің жасалуын, машиналар жүйесі негізінде қоғамның материалдық-техникалық базасы өзгеруін білдіреді. Мануфактураның орнын ірі машиналы индустрия басты. Ірі машиналы индустрияның пайда болуына Ұлыбританиядағы алдымен тоқыма өндірісіндегі, кейін басқа салалардағы өнеркəсіп төңкерісі ықпал етті. Ірі машиналы өнеркəсіп машиналардың экономиканың барлық салаларына енгізілуіне мүмкіндік берді. Капиталистік индустриялану жеңіл өнеркəсіпті машиналық базаға көшіруден басталды.

КСРО-дағы индустриялану машиналық техниканы енгізу ауыр өнеркəсіптен басталғандығымен ерекшеленеді.

Осыған байланысты екі түсінікті: сөздің кең жəне тар мағынасындағы индустрияландыруды ажырату керек. Сөздің тар мағынасындағы индустрияландыру өнеркəсіп өндірісінің мате- риалдық-техникалық базасының кемелденуін білдіреді. Сонымен қатар, революцияға дейінгі Ресей өнеркəсіптік өндіріс көлемі бойынша əлемде бесінші орынды иеленгенін, бірақ, өндіріс құралдарын өндіру («А» тобының салалары) 1913 жылы барлық өнеркəсіптік өнімнің 35,1%-ын құрағандықтан, ел шетелдік жабдықтарды əкелуге мəжбүр болғанын назардан тыс қалдырмау керек. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін бүкіл халық шаруашылығын жаңа техникалық негізде, электрлендіру негізінде қайта құрудың кешендік бағдарламасынан тұратын ГОЭЛРО жоспары жасалған болатын. Кең мағынадағы индустрияландыру кешенді механикаландыру, машиналар жүйесін ендіру, экономиканың барлық салаларындағы қол еңбегінің үлес салмағын азайтуды білдіреді.

КСРО-дағы индустрияландырудың тағы бір ерекшелігі – оның жеделдетілген қарқыны еді. Индустрияландыру қарқынын жеделдету мақсатымен ауыр индустрияны алғашқы кезекте əрі жеделдете дамытуға жəне тек оның жасалуына қарай экономиканың басқа да салаларындағы өндірісті біртіндеп кеңейтуге бағыт алынған болатын.

142 Экономикалық теория

Қазақстанда индустрияландыру кең көлемде Ұлы Отан соғысы жылдарында Москвадан, Ленинградтан жəне басқа өнеркəсіп орталықтарынан машина жасау кəсіпорындарын көшіру нəтижесінде жүзеге асырылды.

10.2. КАПИТАЛИСТІК ӨНДІРІСТІҢ МƏНІ

Капитализм – «экономикалық» деп сипаттауға лайық тарихтағы жалғыз қоғам, өйткені ол «экономикалық мəжбүрлеу» принципі негізінде құрылған.

Капитализмнің даму барысында бұл принцип экономикалықжасампаздықтан экономикалық-қиратушы күшке айналды.

«Классикалық» капитализм деп экономикалық мəжбүрлеу принципінің абсолюттік үстемдік құру дəуірі түсіндіріледі.

Экономикалық мəжбүрлеу – шығу тегі мен мазмұны бойынша таза «қоғамдық» күш: экономиканың қоғамдық құрылысына бір мезгілде оның «тежегіші» əрі «жылжытушысы» бола отырып айналады.

Тек капитализмнің қатал «экономизмі» ғана дəстүрлі қоғамды (қатар өмір сүретін қауымдар бірлестігі) нағыз қоғамға – экономикалық субъектілердің өзара байланысты қызметінің күрделі жүйесіне айналдыру қабілетіне ие еді. Бұндай айналудың экономикалық механизмі капитализмнің бір-бірінен ажыратылған жеке өндірістерді – біртұтас қоғамдық өндіріске, жеке тұлғалардың өндіргіш қабілеттерін – қоғамдық өндіргіш күштерге, жеке еңбек нəтижесін – қоғамдық жиынтық өнім элементіне, жеке жұмысшыларды – қоғамдық жиынтық жұмысшыға, жеке байлықтарды қоғамдық жиынтық байлыққа айналдыруында болды.

Капитализммен түрлендірілген интеграция бұдан бұрын бірбірінен бөлектенген өндіріс актілерін, бұрынғы əлеуметтік байланыс нысандарын (етжақын-туыстық, тектік, идеократиялық) жойып, оларды жалғыз – рыноктық нысанмен алмастырады.

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 143

Осы нарықтық байланыс – капитализм, адамды бұғаудан бо-

сататын жəне адам алғаш рет барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде көрінетін бастауыш тарихи нысан болып табылады.

Нырақтық өндіріс пайда болуы жəне əлеуметтік байланыстардың нарықтық нысанының үстемдік құруы капитализмнің тарихи (оның əлемдік өркениеттің дамуына қосқан өзгермейтін үлесін құрайтын) миссиясы – қоғамның тіршілік əрекетін экономикалық қоғамдастыру жəне оның əлеуметтік қоғамдастыруына алғышарттарды жасау.

Капитализмнің экономикалық моделін оқып-үйрену неліктен маңызды? Капитализм – бүгінгі таңдағы өркениеттің негізі; көптеген елдер үшін капитализм əлі де алыс болашақ болып келеді; қазіргі экономика өндірісті ұйымдастырудың капиталистік нысандарының мүмкіншіліктерін кеңінен қолдануда. «Классикалық» капитализмнің экономикалық моделін білу тұлғаның экономикалық мəдениеттілігінің басты шарты болып табылады. Ал біз үшін қоғамға кешігіп жеткен «капиталдандырылу» кезеңінде өмір сүріп отырғандарға, бұл білім қолданбалы мағынаға да ие болып отыр.

Кең мағынадағы капитализм – баршаға ортақ бизнес (коммерция) қоғамы, ал тар (саяси экономикалық) мағынада – жалда-

малы еңбекті қанау қоғамы.

Бұл екі сипаттама капитализм аясында ажырамас бірлік құрайды, əйтсе де оларды бір-біріне ұқсатуға болмайды, өйткені бұл жағдайда капитализмнің ұлылығы мен кемшіліктері туралы басқаша түсінік қалыптасуы мүмкін. Алғашқы жабайы қоғам өмірі – мамонт аулау, құлдық – Спартак көтерілісі, орта ғасырды

– инквизиция оттары деп қана қарастыруға болмайтыны сияқты, капитализмді де тек жалдамалы еңбекті қанау деп түсінбеу керек.

Капитализм – шын мəнінде жалдамалы еңбекті қанау қоғамы, капитализмнің пайда болуы шынында да зорлық-зомбылықпен байланысты, буржуазияның үстемдігі шынымен-ақ өндірістегі жұмысшылардың тері мен олардың саясаттағы қаны арқасында ғана ұсталып тұрды. Алайда мемлекеттік экономиканың алпау-

144 Экономикалық теория

ыт секторы, шағын, кооперативтік жəне корпоративтік бизнестің дамыған аясы бар қазіргі қоғам жалдамалы еңбекті қанауды шеткері аймақтық укладқа айналдырып жіберді.

Классикалық капитализмнің ғылыми теориясының негізін қалаушы – К. Маркс. Іргелілігі жөнінен өте толық əрі əдемілігі жөнінен таңғаларлық капитализмнің экономикалық тұжырымдамасы (концепциясы) үшін адамзат оған қарыздар.

«Менің шығармамның түпкі мақсаты – қазіргі қоғамның экономикалыққозғалысзаңдылығынашуболыптабылады», – депжазғанедіК.Маркс«Капиталдың» алғысөзінде. Бүгінгітаңдақаншама күмəн тудырып отырғанымен, К.Маркс осы мақсатына жетті.

Капитализмге маркстік көзқарастың принциптік ерекшелігі

– оның өндірістік қатынастарға ерекше жүйе ретінде қарауы. Осының өзі Маркс сараптамасына «таза əлеуметтік» (саясиэкономикалық) сипат берді. Буржуазиялық өндірістік қатынастардың пайда болуы, дамуы жəне құлдырауы, Маркс жасаған капитализмнің экономикалық теориясының мазмұны осындай. Мінесондықтандаосытеорияментаныстықсаяси-экономикалық зерттеудің жоғары əдістемесіне қатыстырады.

Капиталистік қоғамда ерекше, теңдессіз тауар – адамның жұмыс күшін пайдалану үстемдік құрып тұрған. Міне, Маркстің капитализмді талдауы түгелдей осы ерекше тауарға арнауы да осыған байланысты.

Капиталистік өндіріс құрылысы механизмін түсіндіруге көптеген ғалымдар талпыныс білдірген болатын, бірақ капитализмнің экономикалық құпиясын Маркс қана аша алды. Капитализмнің жалдамалы жұмысшыны талауға, есептен жеуге негізделгені Маркске дейін-ақ белгілі болған. Бірақ Маркстің ұлылығы – ол бір қарағанда шешімі жоқ болып көрінетін жұмбақты шешкенінде: ол қалайша капиталист жұмысшыға өзінше адал ақы төлей отырып, бəрібір ұтып кететінін түсіндіріп берді.

Қарапайым тауар өндіруші өз тауарын (Т1) басқа тауарды (Т2) сатып алу үшін сатады:

сатып алу

Т1 А Т2

сату

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 145

Ал капиталист керісінше істейді: ол басқаның тауарын артық ақша табу мақсатымен сатып алады:

сатып алу

А Т А1

сату

мұндағы: А1 = А + m (артық ақша).

Түсімнің бастапқы шығындардан артықтығы – бағалардың кездейсоқ (немесе спекулятивті) ауытқуына байланысты нарықтағы күнделікті құбылыс. Алайда, жеке сатушы үшін нақты жағдайлармен түсіндірілуі мүмкін нəрсе бұндай артылып қалудың жаппай жəне ұдайы қалыптасып отыруын түсіндіру үшін жарамайды. Барлық сатушылар ақша артығын баға ауытқуының есебінен ала отырып, олар сатып алушы ретінде тура сонша жоғалтар еді.

Маркс өз талдауын «капиталист», яғни жалдамалы жұмысшылар еңбегін пайдаланатын, өндіріс факторларының меншік иелері алатын артық табысқа аударды. Тек капиталист алатын ақша артығын К. Маркс «қосымша құн» («m») ретінде көрсетеді.

Əрине, қатаң ғылыми мағынада өз-өзінен ақша – əлі де капитал емес. Капитал – бұл артық табыс (дəлірек – қосымша құн) алу үшінпайдаланылатынақша. Сондықтанда, «капитализм» – ақша капитал ретінде қолданылатын тауар өндірісінің сатысы.

Қосымша құнның пайда болуы ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келген, өйткені бір-бірін жоққа шығаратын екі тезисті табыстыру қажет еді.

Бір жағынан, қосымша құн тауар айналымында пайда бола алмайды, өйткені «сатып алу-сату» барысында тек эквиваленттер, яғни тең құндар алмасуы ғана жүреді:

Т1

 

А

 

Т2

 

 

100 долл. = 100 долл. = 100 долл. (100 = 100).

Екінші жақтан, қосымша құн дəл тауар айналымында пайда болуы керек, себебі тек «сатып алу-сату» арқылы ғана капиталист өзіне ақшасын, оның үстіне артығымен қайтарып алады:

А

 

Т

 

А1

 

 

100 долл. = 100 долл. = 120долл. (100 = 120),

10-3/108-11

146 Экономикалық теория

мұндағы:

А (100 долл.) = А1 (120 долл.), бірақ бұл сияқты «теңдік» түсініксіз болып көрінеді.

Бұл жұмбақтың шешілуі тек мынадай болжам жасау кезінде ғана мүмкін: тек сол жағдайда капиталист қосымша құнды ала алады егерде капиталист меншігінде болып, өз құнын жоғарылататын тауар сатып алса ғана. Осындай жағдайда ғана қымбаттаған тауарды сату недəуір өскен ақша сомасын əкеледі. Сонда: тауардың капиталист қолында болған кезін нүктемен белгілеп, нақтыланған сызба аламыз:

А - Т1 ... Т2 - А1 100 долл. = 100 долл...120 = 120 долл.

Бірақ, пайдалануына қарай қымбаттайтын тауар бар ма? Иə,

ол– адамныңжұмыскүші: жұмыскүшінпайдаланудеген– еңбек, ал еңбек – құн тудырады.

Жұмысшыны жалдай отырып, капиталист оның жұмыс күшін, яғни, еңбекке əлеуетті (потенциал) қабілеттілігін сатып алады. Алайда, сырт көзге жұмысшыны жалдау болып көрінгенімен, оның артында ғажайып феноменді – тірі, шынымен жүзеге асырылатын еңбекті сатып алу жасырынып тұр.

Басқа кез келген тауар сияқты, «жұмыс күші» тауарының бағасы да оның өндірілуіне қоғамдық қажетті уақыт өлшемімен, яғни жұмысшы мен оның отбасының тіршілік құрал-жабдықта- рының құнымен анықталады.

Сөйтіп, капиталист жұмысшыға оның еңбек күшінің құнын адал төлей отырып, ұтыста болуға мүмкіндігі бар.

Неліктен? Өйткені, жұмыс күшін сатып алғаннан кейін, оның уақытша иеленушісі əрі өндіріс құралдарын меншіктенуші ретінде жұмысшыдан оның өзіне жұмыс күшін өндіру үшін қажетті еңбектің недəуір үлкен көлемін талап етуге хақылы.

Осылайша, жұмыскер өзіне жеткілікті «қажетті өнім» өндіруге қажетті жұмыс уақытына оған көрсетпестен капиталист «қосымша жұмыс уақытын» қосады, оның барысында жұмыскер капиталист өтемейтін «қосымша өнім» өндіреді. Жұмысшының

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 147

қажетті жəне қосымша еңбегінен тұратын тауарды сату кезінде капиталист өзіне соншалық қажетті қосымша құнды алады.

Сонымен, капитал деген – қосымша құнды алу үшін пайдаланылатын жай ақша ғана емес, оның алынуын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғамдық экономикалық құрылғы. Міне, сондықтан да капитал – бұл тарихи пайда болатын, сол себептен жəне тарихи болып тұратын қоғамдық құрылғы.

Капиталист қосылған құн алмай өмір сүре алмайды,

оның өндірілуі – капитализмнің негізгі экономикалық заңы, ал экономикалық қатынастар аясында қосымша өнімнің қосымша кұнға айналуы классикалық капитализм жүйесінде негізгі өндірістік қатынасқа айналды.

Капитал үш жағдайда пайда болады:

дамыған тауар өндірісінің болуы;

потенциалды капиталистер, яғни көп ақша жинағандар жəне оларды пайдалануға ынтасы бар адамдар;

өз жұмыс күшін сату орны мен саласын таңдауда дербес; өндіріс құралдарынан «азат», яғни өмір сүруге қаражаты жоқ жұмысшының пайда болуы. Бұндай жағдайда ол

жұмыс күшін сатуға мəжбүр.

Екінші жəне үшінші жағдайлар «капиталдың бастапқы қорлануы» шаруалардың жерден айырылуы жəне саудагершіліктің дамуы деп аталатын тұтас бір тарихи дəуірдің жемісі болып табылады.

Капиталистүшінкапиталретіндегіақшаекібөлімнентұрады: а) өндірісқұралдарынсатыпалуғажұмсалатынжəнесандық өзгеріссіз жасалған тауардың құнына кіретін «тұрақты капи-

тал» (латынның «С» əрпімен белгіленеді); ə) жұмыс күшін сатып алуға жұмсалатын жəне жалдамалы

еңбектіқанаунəтижесіндеөсетін«өзгермелікапитал» (латынның «V» əрпімен белгіленеді). Қосымша құнды жұмысшылардың өтелмейтін еңбегі жасайтындықтан, капиталист неғұрлым көп ақшаны өзгермелі капитал ретінде пайдалануға мүдделі.

Капитал құрылысында оның өзгермелі элементін теориялық тұрғыдан бөліп көрсету жалдамалы жұмысшыны қанау деңгейін

148 Экономикалық теория

«т» деп белгіленетін «қосымша құн нормасын» анықтауға мүмкіндік береді: бұл үшін алынған қосымша құнды бүкіл капиталмен емес, тек оның өзгермелі бөлігімен ғана салыстыру керек.

Капиталдың материалдық негізін өнеркəсіптік капитал құрайды, сол себептен қосымша құнның басты нысаны – кəсіпкерлік табыс болып табылады. Ал қалған барлық капитал нысандары сауда, аграрлық, ссудалық жəне қосымша құн түрлері (рента*, пайыз) – өнеркəсіптік капитал мен кəсіпкерлік табыстың оқшауланған бөліктері болып табылады.

Табыстың əрбір түрі дербес болып көрінеді, ал шын мəнінде олардың бəрі – бір ғана қосымша құн – жалдамалы еңбекті қанау нəтижесінің сан алуан түрлері.

Кəсіпкер өз капиталының тиімділігін жай ғана пайдамен (қосымша құн нарығында қолданылатын шама) емес, пайданың бүкіл салынған капиталға (тұрақты + өзгермелі) қатысымен есептелетін «табыс нормасымен» (р1) өлшейді.

Кəсіпкер арасындағы бəсекелестік «тең капиталға тең пайда» принципімен «пайданың орташа нормасы» пайда болуына əкеп соғады. Осының нəтижесінде тауар енді құны бойынша емес, «өндіріс бағасы» = (өндіріс шығындарына + орташа пайда) бойынша сатылады.

Орташа пайда – капиталистердің таптық ынтымақтастығының экономикалық негізі, өйткені əр капиталистің табысы ендігі жерде біріккен жалпы қанаушылыққа тəуелді.

Капитализмнің заңы – «капиталдың қорлануы» – қосымша құн бөлігінің капиталға айналуы, яғни алынған қосымша құнды жаңа қосымша құн алу үшін пайдалану болып табылады.

Капиталдың қорлануы өзгермелі капиталдың салыстырмалы түрде азаюына («капиталдың органикалық құрылысының өсуіне») əкеп соғады, оның революциялық əлеуметтік салдары мынадай:

1)жұмысшыларды өндірістен машиналар ығыстырып шығарды;

* Рента – (капиталдан, жерден немесе мүліктен тұрақты түрде алынатын табыс) тұрақты табыс.

10-тақырып. Дамудың индустриялық сатысы: негізгі... 149

2)осыдан келіп ұдайы өсіп отыратын жұмыссыздық пайда болады;

3)жұмыссыздық салдарынан өндіріс дағдарыстары пайда болады, өйткенікөбейіпкеткентауарларазайғанеңбекақы көлеміне сатып алынуы мүмкін емес.

10.3. КАПИТАЛИЗМНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

Капитализм (саудалық) XII ғасырда-ақ пайда болды. XVIII ғасырдан бастап əрекет еткен классикалық капитализм өз дамуында үш кезеңнен өтті:

Монополияға дейінгі капитализм (XVIII-XIX ғ. аяғы): еркін бəсеке, өндіріс пен нарықтың бей-берекет қозғалысы (екінші сұрақтың барлық сипаттамаларына осыны пайдалануға болады);

Монополиялық капитализм (ХХ ғ. басы) – бəсеке нəтижесін-

де тауарлардың өндірісі мен сатылуын қадағалайтын капиталистердің (монополияның) ірі бірлестіктері пайда болды.

Өнеркəсіптік монополиялар дамуының үш сатысы бөліп көрсетіледі:

1.XIX ғ. 60-70-жылдары. I кезеңде монополиялар енді пайда болып, бірен-саран құбылыс болып табылатын (1865 ж. Германия

4 картель, 1870 ж. АҚШ-та – 1 трест-мұнай тресі).

2.II кезең 1873 ж. əлемдік экономикалық дағдарыстан кейін басталып, XIX ғ. соңына дейін жалғасты. Бұл дағдарыс көптеген ұсақ кəсіпорындардың банкротқа ұшырауына себепші болды жəне өндірістің шоғырлануына ықпал етті. 1887 ж. Германияда 70 картельболды. Алайда, осыкезеңдедемонополияларайрықша құбылыс болып табылмайды əрі экономикада шешуші рөл атқармайды.

3.IІІ кезең XIX ғ. соңында басталды. 1900-1903жж. Дағдарыстанкейінэкономикадашешушімағынағаиеболғанкөптеген монополиялық бірлестіктер пайда болды, 1911 ж. Германияда 600 картель болды.

150 Экономикалық теория

Монополиялар – бұл жеке меншікте (жеке, топтық немесе акционерлік) болатын салаларға, нарықтарға жəне макроэкономикатұтасмонополистікжоғарыбағақойып, монополистікпайда табу мақсатымен билік жүргізетін ірі шаруашылық бірлестіктер.

Монополистік бірлестіктердің тарихи нысандары:

1.Қарапайым бірлестіктер (конвенциялар, пулдар, рингтер, корнерлер – түрлі елдерде сан алуан атаулары бар) – бұл баға туралы уақытша келісімдер. Олардың мүшелері өз мойындарына тауарларын бірыңғай бағамен сатуға міндеттеме алатын.

2.Картель – өнеркəсіптің бір саласындағы бірқатар кəсіпорындар бірлестігі. Ол олардың өндірістік жəне коммерциялық дербестігін жоймайды, бірақ олардың арасында бірқатар сұрақтар (бірыңғай монополиялық жоғары бағалар тағайындау; өткізу нарығын межелеп бөлу; өндіріс көлемін шектеу) бойынша келісімдер қарастырады.

3.Синдикат – бұл өнеркəсіптің бір саласының бірқатар кəсіпорындарын олардың коммерциялық дербестігін жоққа шығара отырып біріктіру (өнім синдикатқа тапсырылады, ал ол өз кезегінде өткізуді ұйымдары арқылы сатады).

4.Трест– бұндаөнеркəсіптіңбірнемесебірнешесаласының бірқатаркəсіпорындарменшігіжəнебасқарудағыбірігуі. Олардың коммерциялық та, өндірістік те дербестігі толық жойылады.

5.Комбинат – макроэкономиканың түрлі, бірақ бір-бірімен байланысты салалар кəсіпорындарының бірігуі.

6.Концерн – бұл макроэкономиканың бірқатар түрлі салаларын олардың ақцияларын сатып алу арқылы қаржылық бақылау орнату жолымен біріктіру.

Капитализмнің монополиялық сатысы (ол «империализм» деп те аталады) мынадай белгілермен сипатталады:

монополиялар түзілуіне əкеп соғатын өндірістің шоғырлануы;

қаржылық капиталдың үстемдігі;

капиталдың сыртқа шығарылуы;

дүние жүзін экономикалық жағынан бөлісу;

дүние жүзін аумақ жағынан бөлісу жəне оны қайта бөлудегі күрес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]