Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 131

Экономикада сол кезде тұрақты қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасты. Антика дəуірі – еңбектің қала мен ауыл арасында бөлінуіне негізделген өркениеттің пайда болуы.

 

 

Алғашқы қауымдық құрылыс қойнауында, кейінгі

Ерте таптық

 

алғашқы

қауым

(көршілес) сатысында

металдар

қоғамдар

 

дəуірінде таптық қоғамның ежелгі құрылым бейнесі

 

генезисі*

 

қалыптасты. Кей халықтар жабайылық дəуірінен құл

 

 

иелену дəуіріне, одан феодалдық дəуірге өтті, басқа

 

 

 

халықтар

құл иеленушілік дəуірін айналып, алғашқы

 

 

қауымдық формациядан бірден феодализм дəуіріне

 

 

өтті.

 

 

 

 

 

1. Металдарды пайдалануға көшу еңбек үдерісін да-

 

 

 

раландырды. Алғашқы қауымдық формацияда-ақ

 

 

жүрген қоғамдық

еңбек бөлінісінің екі

ірі үдерісі

 

 

(малшылықтың егіншіліктен бөлінуі) тастан жасалған

 

 

еңбек құралдарынан металл саймандарға көшу

 

 

 

 

еңбектің өндіргіш күштерін жəне оның өнімділігін

 

 

күрт көтеріп жіберді. Қосымша өнім де елеулі артты.

 

 

Еңбек құралдарына, малға, жерге жəне еңбек өніміне

Құл

 

жеке меншік пайда болып өсті.

 

 

 

 

 

 

иеленушілік

 

2. Көршілес қауымдастық ішіндегі мүліктік теңсіздік

қоғамның

 

ежелгі

 

пайда болып, өсе бастады. Əскери тұтқындар – құлдар

 

құрылым

 

жəне борышқор-құлдар пайда болды.

 

бейнесі

 

 

 

 

 

пайда

 

3. Ру-тайпалық төбетоп пен қатардағы қауым мүшелері

болуының

 

арасында келіспеушіліктер дамыды. Əскери демокра-

негізгі

 

тия қалыптасты.

 

 

факторлары

 

 

 

 

 

4. Билік жəне басқару ұйымы ретіндегі əскери демокра- тия аумақтық-мемлекеттік ұйымға алмасты.

5. Құл иеленушілік қоғамдық-экономикалық формацияның ежелгі құрылым бейнесі пайда болуымен бірге құл иеленушілік өркениет элементтері де туындап,

дами бастады

9.2-сызба. Құл иеленушілік қоғамның қалыптасуы

*Генезис (шыгу тегі, құбылыстың пайда болу, қалыптасу үдерісі).

132Экономикалық теория

9.4.ФЕОДАЛДЫҚ ӨНДІРІС ƏДІСІ

Феодализм – тікелей өндірушілер, яғни шаруаларға экономикалық емес қысым жасалатын қоғамдық құрылыс. Феодализм тұсында шаруалардан барлық құралдар шеттетілмеген, бірақ басты өндіріс құралы – жер шаруаларға тиесілі емес еді. Феодалдық меншіктің шынайы экономикалық мазмұны мынадай: жерді пайдаланғаны үшін шаруа əрқашан феодалдық міндеттіліктер арқалауға: феодал үшін жұмыс істеуге немесе өз еңбегінің өнімін

География-

 

 

 

Шумер, Ассирия, Вавилон, Ежелгі Египет, Ежелгі

лық кеңістік

 

 

 

Үндістан, Ежелгі Қытай.

 

 

 

 

 

 

Натуралды шаруашылық. Қарапайым тауар шаруа-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шылығы жəне қарапайым капиталистік тауар шаруа-

 

 

 

 

шылығының экономикалық уклад ретіндегі əлсіз

Эконо-

 

 

 

дамуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

миканың

 

 

 

Шаруашылықтың негізгі салалары: Өзен алқаптары,

негіздері

 

 

 

ұзақ мерзімді өзендер тасуы, жауын-шашын жетіс-

жəне

 

 

 

пеушілігі жағдайындағы суғармалы егіншілік, қоғам-

сипаты

 

 

 

дағы қолөнер.

 

 

 

 

 

 

 

Жерге мемлекеттік меншік, суландыру жүйелерін мем-

 

 

 

 

лекеттік басқару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Заңдық

тұрғыдан

еркін,

экономикалық

тұрғыдан

 

 

 

 

Басты

 

 

 

 

 

 

тəуелдішаруаларменқолөнершілер, аумақтықкөршілес

өндіргіш

 

 

 

 

 

 

қауым.

Жерге мемлекеттік

меншік жəне

ұжымдық

күші

 

 

 

 

 

 

(қауымдық) жер пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік (негізінен) нысандағы патриархаттық

 

 

 

 

Құлдық

 

 

 

құлдық. Құлдарының саны мен үлес салмағы елеусіз.

сипаты

 

 

 

Құлдар еңбегі суландыру жүйелерінде, сондай-ақ сарай

 

 

 

 

жəне ғибадатхана

қызметіне пайдаланылады.

9.3-сызба. Азиялық əлеуметтік-экономикалық өндіріс əдісі

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 133

оған беріп отыруға тиіс болатын. Өндіріс жүзеге асып отыруы үшін, феодал меншігіндегі жер қожаның жəне шаруаның үлесті жері болып бөлінуі орын алды. Тікелей өндірушілердің қосымша еңбегімен жасалатын қосымша өнімді жер рентасы түріндеиемденіпотырды. Неғұрлымқарапайымтүрі– жұмыспен өтеу рентасы болып табылады. Шаруа қажетті өнімді қожайын иелігіндегі жерлерде өндіреді. Бұл – барщина. Өнімдей рента – дамудың недəуір кейінгі сатысында ақшалай рентаға айналған табиғи оброк. Феодализм еңбек өнімділігінің өсуін, қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын қамтамасыз етті. Батыс Еуропа елдерінде феодализм V ғасырдан XVII-XVIII ғғ. буржуазиялық революцияларға дейін, Ресейде IX ғасырдан 1861 жылғы реформағадейін, ОртаАзияхалықтарында– VII-VIII ғасырлардан 1917 ж. Қазан төңкерісіне дейін өмір сүрді.

9.5. КӨШПЕНДІ (НОМАДТЫҚ) ӨНДІРІС ƏДІСІ

Көшпенділік (номадизм) – шаруашылық қызметтің ерекше нысаны жəне айрықша өмір салты. Ол қоғамдық еңбек бөлінісі барысында, мал шаруашылығының дербес шаруашылық түрі ретінде бөлініп шығуы кезінде пайда болды. Мал шаруашылығының егістік егіншіліктен басты технологиялық айырмашылығы – көшпелі мал шаруашылығында еңбек малға жұмсалып, ал егістік егіншілікте еңбек жерге жұмсалатындығында. Малшының еңбегі малды өзіне қажетті өнім өндіруде еңбек құралдары ретінде пайдалану мақсатымен өсіру мен бағуға бағытталған. Көшпелілер пайдаланған негізгі мал түрлері – қой, ешкі, түйе жəне жылқы болды. Малдың бұл түрлері шөлді, шөлейт жəне далалы аймақтардағы аса қатал жағдайларда неғұрлым жарамдысы болып шықты. Көшпелілердің барлық отарлары мен табындары жыл бойы алдындағы жемге байланған күйі жəне табиғи жайылымдарды ауыстыру мақсатымен жасалатын көшпелі қозғалыста

134 Экономикалық теория

болатын. Малдың өзінің қызмет ету мерзімі бар. Қой мен ешкінің өмір сүру ұзақтығы – 6-7 жылға, жылқылардікі – 18-19, ал түйелердікі – 20-25 жылға тең.

Жануарлардың табиғи тіршілік ету ұзақтығы экономикалық ұдайы өндіріс үдерісінің негізі болған. Мал шаруашылығы егіншілікпен, қолөнермен, аңшылық жəне саудамен ұштастырылған еді.

Көшпелі қазақ хандығы ХV ғасырдың ортасында пайда болды. Оған малға жеке меншіктің жəне жайылымдар мен су көздеріне меншіктің айрықша қауымдық нысанының болуы тəн. Көшпелі қазақ хандығы патриархаттық, табиғи шаруашылық болатын. Қоғамдық өндіріс бір жағынан – жайылымдық меншікте малы бар отбасы қоғамның негізгі шаруашылық бірлігі болып көрінетініне негізделген еді. Көшпелі қазақ қоғамы өз дамуында аса консервативті (ескішіл) болды, ол үш-төрт жүзжылдық бойында, яғни ХV ғасырдан ХVІІІ ғасырдың соңына дейін елеулі өзгеріссіз өмір сүрді. Ірі мал иеленушілердің отарлар мен табындарға жеке меншігі көшпелілердің негізгі көпшілігін қанаудың негізгі құралы болды. Көшпелі мал шаруашылығы кезіндегі феодалдық-патриархаттық тонау – жартылай феодал – малиеленушілердіңпатриархаттыққұлдар, тəуелдімалайларжəне жартылай тəуелді қоңсылар қолымен жасалатын қосымша өнімді меншіктеп иемденуін білдіреді. Малайдың немесе қоңсының мал иеленушіденуақытшапайдалануғаалғанмалыоларүшінтіршілік етукөзі, олардыңқажеттіеңбегіөтемініңерекшенысаныболатын.

XVIIІ ғасырда көшпелі қазақ шаруашылығы дағдарысқа жəне толық құлдырауға душар болды. Қазақ жүздерінің XVIII ғасырдың 30-жылдарында Ресейге өз еркімен қосылуы, кейіннен қазақтарды мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінің қайта құрылуы, ендігі жерде мемлекет меншігі деп танылған жерде көшпелілерге мерзімсіз пайдалануға беру көшпелі өмір салтынан отырықшылықтың түрлі нысандарына көшуге алып келді.

Революцияға дейінгі Қазақстанда экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығының үш типі болған: көшпелі, жартылай көшпелі жəне отырықшы. Көшпелі шаруашылық көшудің жыл бойы жүретіні, көшпелілердің ұдайы қоныстану мекені – шөл,

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 135

шөлейт жəне далалы жерлер болғанымен ерекшеленеді. Ал жартылай көшпелі шаруашылық типінде көшпелілер бір жерде жылдың алты айынан аз уақыт тұрмай, көшпелілердің бір бөлігі қыстаулар иеленіп, шөпшабуменайналысады. Отырықшымалшаруашылығы тұрғын-жайлар, шөп шабудың дамуы жəне егіншілікпен айналысумен сипатталады. Ресейдің ықпалымен XIX ғасырдың басынан бастап көшпелі қазақтар отырықшы немесе жартылай көшпелі малшыларға айналды. Қазақ халқының бір бөлігінде көшпелі өмір салты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін сақталды.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Алғашқы қауымдық өндіріс əдісі.

Бұл сұрақты талдау барысында сызбаларды пайдаланыңдар. 1. Өндіріс үдерісінің сипаттамасы.

Қауымның ұжымдық шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алғашқы мал

 

 

 

 

 

Жемістер жəне

алғашқы

шаруашылығы

 

 

 

 

аңшылық

 

тамырлар

 

 

 

егіншілік

 

 

 

 

 

жинау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолөнер өндірісі

 

 

 

 

 

9.1-сызба. Алғашқы қауымдық құрылыстағы өндіріс үдерісі

2. Алғашқы қауымық өндіріс тəсіліне тəн өндірістік қатынастардың негізгі сипаттары 9.2-сызбада келтірілген.

Өндірістік

Алғашқыұжымдардыңөндірісқұралдарынаортақ

меншігі.

қатынастардың

Таптардың болмауы.

негізгі сипаттары

Адамның адамды қанауының болмауы.

 

Өндіріс өнімдерінің теңгермелі бөлінісі.

І кезең – иемденуші ша-

ІІ кезең – ұдайы өндіруші шаруашылық (мал

руашылық (негізінен дай-

шаруашылығы мен егіншілік жүргізу кезеңі),

ын табиғат өнімдерін ие-

табиғат өнімдерін адам əрекеті көмегімен көбейту

лену кезеңі)

əдістерін меңгеру кезеңі.

9.2-сызба. Алғашқы қауымдық өндіріс əдісінің өндірістік қатынастары

136 Экономикалық теория

II. Құл иеленушілік өндіріс əдісі жəне оның түрлері.

Бұлсұрақтысипаттаубарысындасызбалардыпайдаланыңдар. 1. Шаруашылық жүргізу нысандарының сипаттамасы.

ІРІ ҚҰЛ ИЕЛЕНУШІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚ

(негізінен табиғи)

САЛА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕГІНШІЛІК

 

МАЛ

 

 

 

ҚОЛӨНЕР

құл иеленушілік

 

 

Құл иеленушілік қолөнер

 

ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

латифундиялар

 

 

 

 

 

 

шеберханасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУЫЛДАҒЫ ЖƏНЕ ҚАЛАДАҒЫ ҰСАҚ

 

 

 

 

 

 

 

ТАУАР ШАРУАШЫЛЫҒЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕГІНШІЛІК

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛӨНЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.3-сызба. Құл иеленушілік құрылыстағы шаруашылық жүргізу нысандары

2. Құл иеленушілік өндіріс тəсіліне тəн өндірістік қатынастардың негізгі сипаттары 9.4-сызбада келтірілген:

Өндірістік

қатынастардың негізгі сипаттары

Құл иеленушілердің өндіріс құралдарына жəне тікелей өндірушілер – құлдарға толық меншігі. Құлдар еңбегі – қоғамдық еңбектің негізгі түрі, еңбекке тікелей зорлықпен мəжбүрлеу қоғамның антогонистік таптарға – құл иеленушілер мен құлдарға бөлінуі.

9.4-сызба. Құл иеленушілік өндіріс əдісінің өндірістік қатынастары

III.Орта ғасыр (феодалдық өндіріс əдісі).

1. Феодалдық өндіріс əдісіне тəн өндірістік қатынастардың негізгі сипаттары 9.5-сызбада келтірілген:

Өндірістік

Феодалдыңжергетолықменшігіжəнешаруаларға

қатынастардың

жартылай меншігі, үлесті жер пайдалану жүйесі.

негізгі сипаттары

Шаруалардыңфеодалдарғатəуелділігі; феодалдық

 

қанаудың көзі – шаруалардың жерге байлануы;

 

қоғамның антогонистік таптарға бөлінуі.

 

Үлестірудің антагонистік сипаты – феодалдың тек

 

қосымша өнімді ғана емес, қажетті өнімнің бір

 

бөлігін де жиі пайдалануы.

9-тақырып. Индустрияландыруға дейінгі экономика... 137

 

 

 

 

 

Соңы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таптар

 

Феодалдар

 

Басыбайлы жəне

 

Ұсақ тауар

Саудагер -

 

 

тəуелді шаруалар

 

өндірушілер

өсімқорлар

 

 

 

 

табы (шаруалар,

табы (көпестер,

 

Негізгі таптар

 

 

 

қолөнершілер)

өсімқорлар)

 

 

 

 

9.5-сызба. Феодалдық өндіріс əдісінің өндірістік қатынастары

2.Шаруашылық жүргізу нысандарының сипаттамасы:

ФЕОДАЛДЫҚ ВОТЧИНА ШАРУАШЫЛЫҒЫ (негізінен табиғи)

ӨНДІРІС САЛАСЫ

 

ҚОЖАЙЫН ЖЕРІ

 

БАСЫБАЙЛЫ

 

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ

(помещиктер жерлері,

 

 

 

ШАРУАЛАРДЫҢ

 

ЖЕРЛЕР (өрістер, тақырлар,

ормандар, суғармалы

 

ЖЕР ҮЛЕСТЕРІ

 

 

 

су тоғандары, т.б.)

 

алқаптар, т.б.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АУЫЛ ЖƏНЕ ҚАЛАДАҒЫ ҰСАҚ ТАУАР

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨНДІРУШІ ШАРУАШЫЛЫҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕГІНШІЛІК

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛӨНЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САУДА

 

АЙНАЛЫМ

 

 

 

 

НЕСИЕ

 

 

Ішкі жəне сыртқы

 

САЛАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.6-сызба. Феодализмдегі шаруашылық жүргізу нысандары

3.Феодалдық жер рентасының түрлері 9.7-сызбада көрсетілген:

ФЕОДАЛДЫҚ ЖЕР РЕНТАСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖҰМЫСПЕН ӨТЕУ

 

ӨНІМДЕЙ РЕНТА

 

АҚШАЛАЙ РЕНТА

РЕНТАСЫ

 

(табиғи оброк)

 

(ақшалай оброк)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9.7-сызба. Феодалдық жер рентасының нысандары

IV. Көшпелі өндіріс тəсілі (номадизм).

Бұл сұрақты қарастыру барысында «Көшпенділік: дəстүр жəне қазіргі күн» деген тақырыпта реферат талдаңдар.

138 Экономикалық теория

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Алғашқы қауымдық құрылыстағы еңбекке не тəн емес?

а) бірлескен еңбек əрекеті; ə) тікелей-қоғамдық еңбек; б) жоғары өнімді еңбек;

в) кооперацияның ең қарапайым нысандары.

2.Құлға берілген қандай сипаттама дұрыс емес?

а) құл – жұмысшының ең шеттетілген нысаны; ə) құл – сөйлеу қабілеті берілген құрал, сөйлейтін сайман; б) еңбекші-шаруа; в) тікелей өндіруші.

3.Құл иеленушілік өндіріс əдісіне қандай меншік нысаны тəн?

а) құл иеленушінің өндіріс құралдары мен құлдарға толық меншігі; ə) капиталистің жерге меншігі; б) халықтың үй мүлкіне меншігі;

в) адамның өз жұмыс күшіне меншігі.

4.Азиялық өндіріс əдісіне қосымша өнімнің қандай нысандары тəн?

а) табиғи салық жəне еңбекпен өтелетін салық; ə) жұмыспен өтеу рентасы – барщина; б) өнімдей рента жəне ақшалай рента; в) ақшалай рента.

5.Феодализмге жер рентасының қандай түрлері тəн?

а) барщина, табиғи жəне ақшалай оброк; ə) еңбекпен өтелетін салық; б) табиғи оброк; в) ақшалай оброк.

6.Көшпелі қазақ қоғамында жеке меншіктің қандай нысаны орын алды?

а) отарлар мен табындарға жеке меншік; ə) жерге жеке меншік; б) құдықтарға жеке меншік;

в) адамның жұмыс күшіне меншігі.

7.Индустрияландыруға дейінгі экономикалық жүйелерге не тəн емес?

а) халықтың басым көпшілігі егіншілікпен жəне мал шаруашылығымен айналысады;

ə) еңбек бөлінісінің əлсіз дамуы; б) экономиканың басты саласы – ауыл шаруашылығы;

в) машиналандырылған өнеркəсіп өндірісі.

10-ТАҚЫРЫП

ДАМУДЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ САТЫСЫ: НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

10.1.Өнеркəсіптік революция жəне

 

индустриялық дамудың басы........................

140

10.2. Капиталистік өндірістің мəні.........................

142

10.3. Капитализмнің даму кезеңдері.....................

149

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

153

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

155

140 Экономикалық теория

ӨНЕРКƏСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ 10.1. ЖƏНЕ ИНДУСТРИЯЛЫҚ

ДАМУДЫҢ БАСЫ

Капиталистік құрылыстың пайда болуы мен қалыптасуы

– бұл XVI ғасырдан бастау алатын тұтас тарихи дəуір. Кез келген өндіріс əдісі пайда болуы үшін белгілі алғышарттар қажет.

Капиталисттік өндіріс əдісі қалыптасуының материалдық негізі – қоғамның материалдық-техникалық базасының ірі машина өндірісі негізінде өзгеруін білдіретін (танытатын) ХVІІІ

ғасырдың 70-80 жылдарындағы өнеркəсіптік төңкеріс болды. К. Маркс мануфактурадан ірі машиналық индустрияға көшудің белгісі болған өнеркəсіптік революцияны феодализмнен капитализмге өту ретінде қарастырған.

Капитализмпайдаболуыныңəлеуметтік-экономикалықнегі-

зі – жұмыс күшінің тауарға айналуы еді, ал оған екі тарихи үдеріс ықпал етті:

а) еңбек адамдарының құлдық жəне басыбайлылық (крепостнойлық) тəуелдіктен босануы;

ə) олардың өндіріс құралдарына меншіктен «босануы». Өндірушіні өндіріс құралдарынан күшпен айыру, оларды

азғантай адамдардың қолында шоғырландырып, капиталға айналдыру үдерісі капиталдың алғашқы қорлануы деп аталады. Қорланудың бастапқы экономикалық негізі – саралану, біреулердің кедейленіп, басқалардың баюы болды. Ақша, тауар өндірісінің жоғары өнімі ретінде капитал пайда болуының бастапқы нүктесі қызметін атқарады. Ақшаның капиталға айналуының басты шарты – ақша иесінің нарықта өз құнынан əлдеқайда жоғары жаңа баға қалыптастыра алатын тауар табу мүмкіндігі еді. Мұндай тауар – адамның жұмыс күші болып табылады.

Өндіргіш күштер дамуы тұрғысынан қарағанда, капитализм өз дамуында үш кезеңнен өтті:

1)қарапайым кооперация;

2)мануфактура;

3)ірі машина өндірісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]