Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
249
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

2.3 Кәсіпорындағы желдету және пневмотасымалдау қондырғылары

2.3.1.Желдету және пневмотасымалдау желілерін орналастыру

Дән тазалау бөлімінде технологиялық және транспорттық жабдықтардан шаңсыздандыру үшін арнайы желдету қондырғылар қолданылады. Желдету қондырғылар шаңсыздандырудан басқа кейбір дән тазалау машиналарының технологиялық процесінің дұрыс ағымын қамтамасыз етеді (Ауалы-електі сепараторлар, тас тазалау машиналары, концентраторлар).

Зауыттың дән тазалау бөлімінде сору типіндегі екі желдету қондырғы қиыстырылған, оның құрамына екі РЦИ-31,2-48 сүзгісі оның әр қайсысының сүзу беті 31,2 м2 және шаң ұстау тиімділігін қамтамасыз ететін РЦИ 23,4-36 сүзгісі. Сүзгіден кейінгі ауадағы шаң 0,25...0,50 мг/м3.

Желдетілетін қондырғыны қиыстыру кезінде магистральді ауа құбырын көлбеу орналастыру принципі қабылданған оған екі бүйірінен жабдықтың құбыры қосылады дән тазалау бөлімінде екінші қабаттан жетінші қабатқа дейін орналасады. Жабдық жақсы герметизацияланғандықтан ауанын шаңдануы санитарлық нормадан төмен болады. Кейбір аспирациялық қондырғыларда қиын конфигурациялы және үлкен ұзындықта болады, сол себептен кейбір бұрылыстарда, учаскелерде шаңның бітеліп қалуын болдыртпайтын жалюзді торшалар, қақпақтар орналасқан. Дән тазалау бөліміндегі пневмотранспорттық жабдықтың ерекшелігі бір құбырлы сору жабдығын қолдану болып табылады ол дән тазалау бөліміндегі астықты және қалдықтарды тасымалдайды, онда жеті жеке пневмотранспорттық қондырғылар орналасқан. Технологиялық жабдықтар (негізгі бөктіру бункеріне дейін) екі бірдей сызыққа қиыстырылған себебі бірдей уақытта екі түрлі сападағы астық партиясын ұнтақтауға дайындауға мүмкіндік береді. Бұл учаскенін жүйесінде астық массасы екі рет № 1,2,3,4 пневмотранспорттық қондырғылармен кезектесіп тасымалданады.

Бөктіру бункерлерінен кейін астық сызықтары қосылады да астық бір ғана пневмотранспортпен №5 тасымалданады, содан кейін №7 қондырғынын көмегімен ұн тарту бөліміне бағытталады. №6 қондырғы өнімділігі тәулігіне 12 тонна қайталама ылғалдау және бөктіру үшін. Әр қондырғы өзінің өнімділігімен есептелген және бір ғана құбырдан тұрады ол жеке бір ауа үрлегіш машинасына қызмет жасайды. Құбыр екі түрлі диаметірлі екі учаскеден тұрады, ол құбырдың басынан аяғына дейінгі бір қалыпты ауа жылдамдығын ұстап тұрады. Астықтың жарақаттануын және қысымның жоғалуын азайтады. Әр пневмоқұбырға қызмет жасайтын ауа үрлегіш машинаның бар болуы жұмыстың сенімділігін арттырады.

Желдету жүйені технологиялық және транспорттың құралдардың өндірістік нысанның ішіне орналасуына қарай техникалық процесс схемасын есептеп, технологиялық процессті жүргізу мен ұйымдастыру ережесін, техника қауіпсіздігін және кәсіпорындағы өндірістік санитарияны есептей отырып қиыстырамыз (7). Ауаны тазалау үшін РЦИ түріндегі фильтр циклондар орнатамыз. Циклонды тазаланған ауа атмосфераға шығарылады.

Жоспарланған ұн зауытында соратын пневмотасымалдағыш құрылғыларды пайдаланамыз. Пневмотасымалдағыш құрылғылар құрамына өнімді жинап беріп өнімшығарушыдан түсіретін жерге дейін апаратын материалды бөлу және пайдаланылған ауаны шаңннан тазартатын құрылғылар кіреді. Пневмотасымамдағыштың құрамына ауа өткізетін және материал тасығыш кіреді. Ауа өткізгіш ретінде 1МПа қысымға есептелген жеңілдетілген темір трубалар пайдаланылады. Материалтасымалдағыш құрамалардың гермевикалық талабына жауап береді, ең төменгі материал ауа қоспасы қозғалысының үйкелісі ғана бар, арзан, сенімді және ұзаққа шыдайды (19).

Тасымалдаушы ауадан материал толықтай бөлінуі үшін сүзгіш-циклон қойылады. Сүзгіштен кейін желдеткіш орнатылады.