Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
249
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

2.5. Ғимараттың құрылыстық элементтерінің сипаттамасы

Конструкторлық шешім негізінде ұн тартатын зауыттың өндірістік ғимаратын темірбетонды қаңқалы балкамен жабылатын, рамкамен байланыстырылатын конструкциямен жобалаймыз [12].

Фундамент. Бұл ғимараттық салмағын негізіне беретін жер асты құрылымдық бөлшегі. Өндірістік ғимарат қаңқасының астына жинамалы темірбетонды баған түрлерін орнатамыз. Фундаменттің қойылу тереңдігі жердің таңдану деңгейінен төменде 0,25м. Фундамент екідеңгейлі плита мен бағаннан тұрады. Фундаментті арасы 0,6м биіктігі 4,8м деп жобалайды. Фундамент кесінділері темірбетонды колонкалардың астына 0,15м деңгейде орналастырылады. Фундаментті 0,38 биіктікте кетіктермен жасаймыз. Қиықтардың өлшемдері 0,3 м-ге дәлдестірілген. Фундамент бағандары сыртқы және ішкі қабырғаларды ұстап тұруға арналған. Жалпы қабырғалары мен терезелі қабырғалар фундамент бағандарының ортасына орналастырылып салмақ бағандарға түсетіндегі ойластырылған. Ішкі қабырғалары баған ортасынан бір есік қойылатындай етіп қарастырылады. Фундамент бағандары бағанаралық қаңқалар арасына орналастырылып бетон бағандарға тірейміз. Бетон бағандардың ені фундамент бағандарының ең үлкен енінен кем болмауы тиіс. Ішкі негізгі қабырғалардың белдемшесі көлденең сызбаларға сәйкес тік тіреуіш арасына орналастырылады. Темірбетон негізіндегі белдемшесінің кесімі трепециялық пішінде.

Негізгі белдемшесі су қабылдамайтын құрлыс материалдарымен екі рет майлануы қажет. Негізгі белдемшенің орнықтылығы үшін төменгі және бүйірі жағын күлмен шегендеу қажет, автокөлік кіретін қапбаның негізгі белдемшелер орнату қажет емес.

Терезе қаңқасы, негізгі терезе қаңқасы элементтері: тіреуіштер, белдемшелер, төбе жабындылары. Тіреуіштерді байланыстыратын тордың аралықтары 9х6м. Шеткі тіреуіштердің орталық оське қатынасы 0-ге тең. Ортаңғы тіреуіш ось бойынша құрлыс материалдарының осьпен байланысы 0,5м сыртқы бүйір қабырғалары нольдік байланыста. Тіреуіштердің бір-бірімен түйісулері еден деңгейінен 0,6 м жоғары орналасқан, шығыңқы арматураларды және біріктіретін деталдарға дәнекерлеп бетонмен құйямыз.

Шеткі тіреуіштердің бір жағында, ортаңғысының екі жағында консольдары бар. Консольдардың өлшемдерін тіреу қысымына және конструкцияның тіреу өлшемдеріне, төселетін консольдің өлшеміне сәйкес аламыз. Консольдің өлшемі 0,3м.

Қабырғалар ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы температуралық әсерлерден, желден, атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан, шудан қорғауға жеткілікті қасиеттерге ие. Қабырғалар беріктілік, ұзақтық, отқа беріктік, үнемділік талаптарына толық сәйкес келеді. Қабырғалар конструкциясы пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етуі.

Ұнтақтайтын заводтың құрылысына негізгі қабырғасы мен төбесі өз салмағын өзі көтеретін дәрежедегі қабырғалар қолданылған. Ілмелі қабырғалар ленталы шыныланатын терезе орындары бар құрастырмалы жеңілбетон тақталардан жасалған. Қабырға қалыңдығы 0,2м қабырға панелдерінің ұзындығы тіреуіштердің орталығына сәйкес.

Төбе жабындылары мен шатыр. Өндірістік ғимаратта шатырсыз төбе жабындыларын пайдаланамыз, өйткені олар пайдалануға қолайлы және арзан. Жабынды су өткізбеушілік, беріктігін, ұзақтық және үнемділік талаптарына толық сәйкес келеді.

Жоспарланған ғимараттың төбесінің және сыртқы қабырғаларының отқа жанбайтын биіктігі 0,6 м кем болмау керек. Ал өндірістік ғимараттарда битум араласқан төбе жабдығының ылдиы 5% болу керек.

Терезе орындары. Өндірістік ғимаратты жарықтандыру үшін сыртқы қабырғаға бір деңгейде және ғимараттың ұзындығына сәйкес ленталы шыныланатын терезелер орнатылады. Бұл терезелер ғимаратқа жақсы табиғи жарық береді. Терезе өлшемі қабырға панеліне сәйкес салынады. Терезелердің қаңқасы темір, ол шынының қалыңдығы 3 мм.

Ғимараттың есіктері біржаппалы, сыртқа ашылады. Сыртқы эвкуация есіктері өлшем бірлігі 2,09х2,39м. Ішкі есіктер өлшемі 0,788х 0,988 м. Есіктердің жақтаулары темір, қаңқасы ағаш. Өндірістік жерлердегі есіктер мен баспалдақ торларын отқа шыдамды үш қабатты кемнен тақтайлардан жасаймыз. Еден көпқабатты құрылымнан тұрады. Еден негізінен жабушы плиталар құрайды. Плиталарды пол майыспайтындай тығыздап жымдастырып орнатамыз. Жер асты суынан қорғау үшін төсеніш қабаттың астына гидроизоляцияны жаямыз. (16).

Төсеніш қабат ғимарат негізіне салмақты бірдей бөлу үшін қызмет жасайтындықтан төсенішті тек жерге жаямыз. Полдың қабырғаға, бағандарға қалқаларға және фундаментке түйісетін жерлерінің үстіңгі жағына арнайы плинтустар жаямыз.

Қалқалар. Өндірістік ғимараттың іші кең, бөлінбеген, техникалық қайта жабдықтауға өндірістік қайта құруға бейімделген. Өндірістік ғимараттың қалқалары тек қана мықты, төзімді ғана емес, сондай-ақ жиналмалы құрамалы болады. Олар өртке шыдайтын, дауысжаңғырықтырмайтын. Сыртқы жақсы түрі бар. Температура – дымқылдығы, өндірістік зиянды құрамы әртүрлі цехтар мен бөлімше шекараларына ғимараттың барлық биіктігіне дейін қалқалар орнатамыз (80- 90мм). 3 м биіктікке дейінгі қалқалармен қоймалар, қамбалар сыртын қоршаймыз. Бұндай қалқалар қаңқалы қалқандармен жасалып жапырақты мөлдір емес материалдармен толтырылады.

Баспалдақтар және Баспалдақты торлар. Өндырыстык баспалдақтар пайдаланылуына қарай қызметтік өрттык сыртқы, авария жағыдайындағы болып бөлінеді, Негізгі баспалдақтар қалыпты жарықтанатын, жанбайтын баспалдақты торларда орналастырылады. Олар ғимараттың құрылымының талаптарына үндеседі, өртке шыдамды, мықты және үнемді.

Сатылық торлар ғимараттың ішкі жағындағы дайындайтын және үншығатын бөлімшелердің арасына қойылады (16).

Баспалдақ алаңнан, қоршаудан және марштан тұрады. Ені 1,35м марш, 0,15х0,3м баспалдақ және биіктігі 1,2м темірбетон баспалдақтар қолданылады. Баспалдақ торы үшін арнайы орын қалдырылды. Онда баспалдақ, кісі таситын және жүк таситын лифтер орналастырылды.