Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олжас.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
277.5 Кб
Скачать
    1. Туризмде маркетингтік зерттеулердің алатын ролі

Әрбір ұйымдар үшін, жаңа қызмет көрсету пакеттерін сату және қайта өңдеу ол, өмірдегі ең маңызды сұрақ болып табылады: тұтынушылар нақты қандай қызмет көрсетулерге мұқтаж және ол қызмет көрсетулер үшін олар қандай баға төлеуге дайын. Туризм облысындағы нарық коньюктурасын меңгеру бұл кез-келген туристік кәсіпорындардың көкейіндегі тапсырма. Белгісіздік және тәуекел деңгейін төмендету үшін турфирмалар уақытылы және нақты ақпараттармен қамсыздандырылып отырылуы қажет. Осындай негізгі ақпараттардың бір қайнар көзі ол-маркетингтік зерттемелерді өткізу. Білімді, мамандандырылған маркетингтік зерттемелер ол қызметтің дұрыс бағыт алып дамуына көп септігін тигізеді, бұл және қойылған мақсаттарға жету ең аз мөлшердегі тәуекелге бара отырып мүмкін болады. Бұл жерде ең көп ақпаратпен қамсыздандырылған фирмалар ғана жанын сақтап қала алады. Ол қандай ақпараттар дейтін болса, деректі және потенциалды нарық тұтынушылары, олардың мүмкіндіктері, сатып алу қабілеттілігі, олардың тілектері мен талғамдары жайындағы ақпараттар. Маркетингтік зерттеулер туризмге көмектеседі:

  1. Үлкен сұраныстарын пайдалана отырып қызмет көрсетуді табу;

  2. Потенциалды тұтынушылармен қарым-қатынастарды жақсарту;

  3. Олардың талғам-талаптарына сай тұтынушылардың сеніміне кіру;

  4. Туристік қызмет көрсетулер шешімдерін қабылдай отырып, тұтынушының қалайша басқаратынын түсіну;

  5. Сатып алу кезінде шешім шығаруды пайдалана отырып, ақпараттардың қайнар көзін табу;

  6. Туристік тауарлармен тұтынып, шешім қабылдап және өндіруге қалай және кімнің әсер етуін табу;

  7. Туристік қызмет көрсетуді тұтынушылармен кері жүйеде байланысты құру;

  8. Таңдалған сегменттің талабын болжау;

  9. Нарықтың сегментін ерекшелеу (бөліп шығару)

Сегментацияның негізгі басты мақсаты туристік тауарларды орналастыру, өйткені ол барлық тұтынушылардың талаптарына жауап бере алмайды. Нарықтың сегментациясы анықталған белгілерге сай болуы керек. Туризмде сегментацияның негізгі белгілері мыналар:

  1. Географиялық;

  2. Демографиялық;

  3. Әлеуметтік-демографиялық;

  4. Психогеографиялық;

  5. Мінез-құлықты;

Туристік нарық сегменттерінің негізгілерінің бірі ол жастар болып табылады. Тура осы категориядағы тұтынушыларды зерттеу мен талдаудың негізі болып табылады. Біздің зерттеуімізде экономикалық дағдарыс пен саяси катаклизм ерекше өзгерістер енгізді. Осы бір шырғалаңның себептерінен жастар проблемасы соңғы қойылды, олар туралы мүлдем айтылмай қалды. Дегенмен бұл сұрақ бірінші орында болуы керек, өйткені жастардың физикалық және т.б. мінез-құлықтары, денсаулықтарына көп көңіл бөліп, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне көптеген талап қою, дұрыс жолға түсуіне бағыттар көрсетулері қажет. Бұл байланыста жастарды тәрбиелеудің ең маңызды формаларының бірі, ол бос уақыттарын туризм мен экскурсияларға арнау. Егерде саяхатқа шықса жас болсын, қартаң адам болсын, әлеуметтік жағдайына қарамастан физикалық және психикалық жағынан денсаулығына пайдалы, жұмысқа деген ынтызарлығын жоғарылатады, санасын дамытады, жеке тұлғаның танымдық ой-өрісін кеңейтеді. Дұрыс бағытта жұмыстар атқаратын туристік ұйымдар көмтеген жастардың проблемаларын ажыратуға септігін тигізеді. Жастар туризмі – демалыс кезін ең дұрыс бағыттағы салаларының дамуы. Бұндай демалыс орындарын дамыту мысалы, жастардың әлеуметтік сапаларымен, қымбат емес талаптар деңгейімен және туристік қызмет көрсетулер сапаларымен қамсыздандыру, жаңа идеяларға, романтизмге бой ұру. Жоғары туристік белсенділік және жастардың талаптануы оның барлығы сана мен қарым-қатынасқа байланысты. Жастарға өмірдің қуанышын сезіну пайдалы. Бос уақытты (мысалы: каникулдарда) дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор. Берілген туристік нарық сегменті адамның жасына сай белгілерін бөлінеді, туристтердің артықшылығы мен адамдардың мінез-құлықтарының өмірде үлкен мәні бар. Осылайшы А.Дурович және А.Копаевтың ойларынша, туристтердің алға жылжуы және тенденцияның өзгеруі нақты қадағаланып отырады. Туризмге құштар және белсенділік танытушылардың жас аралықтары 18-30 жас аралығындағылар. Көбіне тұрмыс құрмаған адамдар белсенділік танытып отырады. Бірақта, экономикалық және басқа себептерге байланысты, көптеген білім алушы жастар өз аймақтарынан алысқа ұзамайды. Өздерінің дамуына әлемдік тарихи және мәдени құндылықтарды пайдаланбайды, әр әлем бұрышындағы тарихи құндылықтарға мән бере бермейді. Біріншіден бұл студент қауымына байланысты, өйткені олар өздерінің маман ретінде әрдайым даму үстінде және өз ой-өрісін дамыту үстінде болуы қажет. Бұл жерде әңгіме барысы жоғары оқу орындарына байланысты, өйткені олар болашақ туризм кадрларын даярлау үстінде. Ресейде жылдан-жылға лицензиялар саны өсуде, ол қандай лицензиялар дейтін болсақ туризм саласында қызмет керсету, оқыту жағынан қамсыздандыру. Және бұдан басқа ондаған техникум, колледж, лицей және т.б. оқыту саласындағы, осы сала бойынша оқыту мамандарын дпярлау үстінде. Бұл студенттердің барлығы тәжірибе алмасуды, толыққанды білім алуды, іс-тәжірибелік жаңалықтарды меңгеруге, әр түрлі туристік қызмет көрсетулерді меңгеруді қажет етеді. Әрине Ресейдің әр аймағы әр түрлі шарттарға сай барлығының шешімдерін тауып отырады. Бірақ бұлардың барлығын бір арнаға тоғыстырып отыратын ортақ бір нәрсе бар.

Шетел және отандық теориялары мен іс-тәжірибесінде жүзеге асыруда бірдей ой-дәлелмен мазмұн мен қорытындылар сай келмейді. Принциптік методологияға сүйенер болсақ нарықтық концепцияны бағыттау маркетингі негізінде, маркетинг қызметімен, сәйкес келетін жүйелерді суреттеуге әр түрлі көзқараспен қарауға болады. Егер бір туризмдегі маркетингті қарайтын болсақ, онда ол белгілі бір жүйедегі бөлімдерді құрайды. Бұларды бөліп қарастыра бастаған кезде туристік кәсіпорындарға маркетинг концепцияларын жүзеге асырады.

Маркетингтік зерттеулер. Туристік кәсіпорындардағы нарықтық мүмкіндіктердің анықтамаларының негіздері.

  1. Маркетингтік зерттеулердің мазмұны мен тапсырмалары және маңыздылығы.

  2. Маркетингтік зерттеулердің әдістемелік негіздері

  3. Маркетингтік зерттеулердің ережелері мен тәртіптері

  4. Маркетингтік зерттеулердің ұйымдарының формалары

  5. Маркетингтік зерттеулердің бағыттары

Маркетинг концепцияларын тарату мақсаттары – туристік қажетті (кәсіпорындарды басқару немесе меңгеру) заттарды тұтынушыларға белгілі бір уақыт пен белгілі бір анықталған жерде, нарықтың талабы бойынша қамтамасыз ету. Бұл жерде мамандардың талдауы мен өткен тәжірибелеріне, өз болжамыңмен сезгіштігіңе сүйенбей, басқарма шешімдерінің оған дейінгі және кейінгі нақты парапар ақпараттарын алып отыру қажет. Бұл жерде мәселе қабылданған шешімге көптеген факторлар әсер етеді.

Негізінде бұл жерде мәселе санында емес, олардың көпшілігінің қиын шешілуінде. Мысалы: бақталастардың мінез-құлқы дәстүрлі нобайлардан (схемалар) шығып кетіп отырады. Маркетингті басқару жүйесі, кейде уақытты функциялауда, ахуал қиындайды. Көп жағдайда бастапқы ұстанымға қайтып келу мүмкін емес немесе белгілі бір мағыналы шығындарға, клиенттер, іскер серіктестерге, банктерге, т.б.алдында жауапкершілікке байланысты.

Туристік кәсіпорынның белгісіздік пен қауіпсіздік деңгейін азайту үшін сенімді ауқымды және уақытты ақпараттармен қамсыздандырады.

Маркетингтік зерттеулер өткізулер соңынан қамсыздандырылады. Маркетингтік зерттеулердің сауатты және кәсіби өтуі ол алдағы уақытта туристік кәсіпорындардың нарықтық мүмкіндіктерін обьекті түрінде бағалауға және қызметкерлік бағыттарын таңдай білуге, қойылған мақсаттарына ең аз (минимальный) деңгейдегі қиындықсыз және үлкен бір белгілілікпен жетістіктерге жетуге болады. Маркетингтік зерттеулер белгісіздікті азайту мақсатында құрастыру (сбор), жөндеу және анализдеу маркетингтік шешімдердің құрамында болады.

Маркетингтік зерттеулердің тапсырмалары әр түрлі болуы мүмкін

1) Тұтынушылардың потенциалды тапқырлығы;

2) Болашақта бар және болатын сұраныстардың талаптарын игеру;

3) Арнаулы нарықтарға ағымды бақылаулар

4) Нарықтың ұзақ уақытты даму беталысын бағдарлау;

2 ТУРИЗМ НАРЫҒЫН МАРКЕТИНГТІК ТАЛДАУ

(Қарағанды облысы мәліметтері мысалында)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]