Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олжас.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
277.5 Кб
Скачать

2.2 Туристік нарықты маркетингтік талдау

Жалпы Қарағанды облысында 2011 жылғы мәлімет бойынша 157 кәсіпорын жұмыс жасайды (сурет 2.1), оның ішінде 52 туристік фирма, 6 туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, 58 орналастыру объектілері, 41 келермендерді орналастыру мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер (кесте 2.2)

Сурет 2.1 2006 жылғы қызмет көрсеткен туристік кәсіпорындар саны

Төмендегі кестеде Қарағанды облысы бойынша орналастыру объектілері, туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер, кіру және шығу туризмі жайлы сандық көрсеткішпен көрсетілген.

Осы туристік нарықта жетекші турфирмалардың бірі Қарлығаш турфирмасы. Қарлығаш турфирмасы 1992 жылдан бастап туристік бизнесте жұмыс атқарады және жылдан жылға даму үстінде.

Кесте 2.2 Қарағанды облысы бойынша туристік қызметтің негізгі көрсеткіштері

2009ж

2010ж

2011ж

Кәсіпорын саны, бірлік

68

122

157

Оның ішінде

Туристік фирма

29

46

52

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

5

5

6

Орналастыру объектілері

31

45

58

Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

3

26

41

Қызмет көрсетілген келермендер, адам

106053

161477

194033

Оның ішінде

Туристік фирма

11500

15393

15032

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

2500

2424

2879

Орналастыру объектілері

76474

110105

107080

Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

15579

33555

69042

Туризм типі б-ша қызмет көрсетілген келермендер саны, адам

106053

161477

194033

Оның ішінде

Келу

12098

14387

18995

Шығу

10440

14164

13324

Ішкі

83515

132929

161714

Көрсетілген қызмет көлемі,мың, теңге

714732,3

1161009,1

1694009,5

Оның ішінде

Туристік фирмалармен

94787,7

47226,9

315880,1

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

5157,2

52209,9

5432,1

Орналастыру объектілері

547831,0

967875,8

1190460,3

Келер-ді орналас-мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер

66956,4

93696,5

182237,0

Осы күнде туристік бизнесте турфирма мынадай туристік қызметтер көрсетеді: Қазақстан бойынша және шет елдерде демалып қайтуға және ем қабылдауға, экзотикалық демалыс, жағажай демалысы, тау щаңғылы курортта белсенді демалыс, балаларға арналған және де басқа да түрлері бар. Сонымен қатар турфирма әр түрлі елге топтық турларды да және жеке тұлғалардың да тапсырысын қабылдай алады (Кесте 2.3, 2.4).

Турфирмадан әлемнің қандай да елі болмасын сіз отельді брондауға, виза алуға авиабилет сатып алуға, дәрігерлік сақтандыру және де т.б. қызметтер көрсетіледі.

Саяхаттауға Италия мен Францияға, жақсы демалу үшін Түркияның курорттарына жібере алады. Егерде экзотиканы жақсы көретін болса Тайланд пен Малайзияға, ал жақсы ем алғысы келетіндерді Чехия мен Қытай елдеріне жібере алады.

Сонымен қатар Қарлығаш турфирмасы үлкен туроператорлық компаниялармен қызметтес.

Кесте 2.3 Қазақстан аймағы бойынша жолдамалар құны

Турфирмалар атауы

Жолдамалардың құны, күніне мың теңге

Алматы

Астана

Бурабай

Қарқаралы

Қарлығаш

3500

4000

3900

3000

Жанар-Трэвел

4000 ж/е жоғары

4000 ж/е жоғары

4700

3500

Кесте 2.4 Шет елдер бойынша жолдамалар құны

Турфирмалар атауы

Жолдамалардың құны, $

Тайланд

Франция

Египет

Түркия

Қарлығаш

1400

2000

1200-1700

990

Жанар-Трэвел

1500

2000

2000

1000

Гүлнар-Тур

800

1700

1700

1000-1200

Қарағанды облысында шығу туризмі жылдан-жылға даму үстінде, оның ішінде бос уақыт және демалыспен Түркия, Франция және БАӘ-не, ал коммерциялық мақсатпен Қытай және БАӘ-не сапар шегуде. Германияға таныстарымен туысқандарына, яғни бұл елдерге жылына Қарағанды облысы бойынша мыңның үстінде адам саяхаттайды. Сонымен қатар Литва, Тайланд, Египет, Ресей елдеріне де жылына жүзден астам адам саяхаттайды.

Туризм дамуының басым бағыттарынан келіп-кету бағыттарын және ішкі бағыттарды бөліп көрсетуге болады (Сурет 2.2). Облысымызда болып қайтқан туристер негізінен Ресей Федерациясынан, Германиядан, Қытайдан, Франциядан туыстарына барып қайту мақсатымен, іскерлік мақсаттармен, сондай-ақ демалу және танымдық мақсатпен келді.

Сурет 2.2 Туризм типтері бойынша туристік фирмалар қызмет көрсеткен келермендер саны

Орталық қазақстандықтар сапарының негізгі бағыттары Ресей, Германия, Қытай, БАЭ, Түркия болды. Аталған елдерден басқа туристер тағы да әлемнің 20-дан астам елінде болып қайтты.

Туристік фирмалар «Қарлығаш», «Жанар-Трэвел», және т.б. тур фирмалар көптеген турларды әзірледі. Өлкенің жақсы табиғат ландшафты, балықты өзендер мен көлдердің көптігі, жабайы аң мен құс аулау фирмаларға суда жүзу, балық аулау, аң аулау турларын және ғылыми турлар, пантамен емделуді және санаторилік-курорттық демалу ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәдени-танымдық турлар ескіліктің, халық тарихының, мәдениетінің әуесқойлары үшін қызықты. Оларға Қарқаралы ауданындағы қонақтар үйлері қызмет көрсетеді, мұнда жергілікті жердің салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен танысып, омарталарды және марал өсіру фермаларын аралауға болады. Қарағанды өңірі де қызықсыз емес. Мұнда бай мәдени-тарихи мұраны танымдық, ғылыми және этникалық туризм объектісі ретінде қарауға болады. Тұрғындарға мына сауықтыру орталықтары қызмет көрсетеді: «Берёзка», «Барлық Арасан» санаторилері, «Щахтёр», «Жартас», «Сосновый бор», «Сары-Арқа», «Жосалы», «Барс» демалу базалары және т.б.

Бұған қоса, бай табиғат және мәдениет әлеуетіне негізделген облыстың қазіргі заманғы туристік индустриясы халықаралық талаптарға сай емес және туристік саланың және туризммен аралас салалардың тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағаттанғысыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы.

Туристік қызметтің негізгі мәселелерінің бірі – ол туристерді орналастыру объектілерімен қамтамасыз ету. Қонақ үй индустриясы – бұл туристерді қабылдап, орналастыратын және қажетті қызмет түрлерін көрсететін туризмнің ажырамас саласы. Қазіргі типтес алғашқы қонақ үйлердің даму тарихы ертеден басталады. Мысалы: Батыста отель бизнесінің дамығанына 200 жылдан астам уақыт өтті. 1829 ж. Бостонда әлемдегі алғашқы қонақ үй «Гремон-Хаус» салынған болатын. Өркениетті елдердің көпшілігінде қонақ бизнесі табыстың негізгі көзіне айналған. Қазіргі кезде әлемдік қонақ үйлер туристердің кез-келген талғамын қанағаттандыра алатын дәрежеде.

Ал, өндірілген жарнамалық өнімдерді тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 846-854 баптарына сәйкес келісім шарт жасасу арқылы орындалып, жарнама өнімнің экономикалық мазмұнының дәйектілігі және туралығына көз жеткізу болып табылады.

Қарағанды облысы бойынша туризмді дамыту орындарының айтсақ, әлем бойынша үлкен көлдердің бірі Балқаш көлі, осы аймақта қаншама тарихи ескерткіштер және археологиялық, этнографиялық объектілер сақталған. Қарқаралыны Сарыарқаның інжу-маржаны немесе Қазақстанның Швейцариясы деп бекерден айтпаған. Қарқаралы әсем табиғатымен туристерді, спортсмендерді және қазақстанның табиғатын жақсы көретіндерді тартады. Тұрғылықты жердің әсем жерлері халық жыраулары берген атаулармен аталады: Шайтан-көл, Айна көл, Қызыл жартас сияқты. Осының әрбіреуінің көз

тартарлық орындарында туристік маршруттар бар, соның біреуі «Шахтер» демалыс үйінен Шайтан көлге дейін.

Сонымен, қорыта айтқанда 2.2 тарау бойынша Қарағанды облысының жалпы туризм жағдайы, яғни туристік фирмалар және орналастыру, тамақтандыру орындарының сандық мәліметтері және көрсететін қызметтерінен қорытынды шығару.

2.3 Аймақтағы туристік нарықты маркетингтік зерттеу

Қазақстан Республикасы 2005 жылы Қарағанды облысында 122 кәсіпорын тіркелген. 2006 жылы туристік қызметтерге арналған лицензиялар 35 кәсіпорынға берілген, сонда жалпы кәсіпорын саны 157-ге жетті.

Бірнеше турфирмалар қызметтерінің бағыттарын алып қарасақ:

  • Консультациялық қызметтер;

  • Транспорттың барлық түрлеріне билеттермен қамсыздандыру;

  • Шоп-турлармен туризмдерге бару ұйымдары;

  • Ішкі туризм орталықтары мен азаматтар демалыстарының бағыттарын ұйымдастыру.

Республикадағы туристік кәсіпорындар арқылы 2006 жылы 194033 туристер мен экскурсанттар өздерінің демалыстарын ұйымдастырды. Оның ішінде туристік фирма – 15032, туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер – 2879, орналастыру объектілері бойынша – 107080 және келермендерді орналастыру мен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер – 69042 адамды құрайды.

Қарағанды аймағы бойынша туристік қызметтің 2009-2011 жылдар аралығында жүйелік кезеңі келесі көрсеткіштермен сипатталады: қызмет көрсетілген туристердің орташа жылдық көрсеткіші 24,75%-ға өскен, соңғы жылдары бұл көрсеткіштің жоғарылай түсуі байқалады. Сонымен қатар туристік қызметтен түсетін табыс мөлшері өсуде. Жыл сайын сатылған жолдамалардың орташа жылдық мөлшері 33%-ды құрайды.

Туристер шығатын сапарларының ыңғайына қарай турист-резиденттер (ішкі туризм): тынығу, жер көру мақсатында келгендер - 22%; туыстар мен таныстарға келушілер - 47%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер - 4%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 25%; тағы басқа мақсатпен келушілер - 2%; Турист-резидент еместер (сыртқы сапар туризмі): тынығу, жер көру мақсатында келгендер – 57,6%; туыстар мен таныстарға келушілер – 1,8%; іскерлік және кәсіби мақсатпен келушілер - 18%; коммерциялық мақсатпен (шоп турлар) - 18%; тағы басқа мақсатпен келушілер – 4,6% болып негізгі екі топқа бөлінеді. Қарағанды облысы өңіріндегі туристік сапарлар дамуының жалпы сипаты мына көрсеткіштерді аңғартады: 1) Турист-резиденттер бойынша тынығу, жер көру мақсатымен келген туристердің саны жылына орта есеппен 2 есе өсуде, таныстар мен туыстарға келу жылына 3 есе, коммерциялық мақсатта келушілер 2 есе өсуде сауығу мақсатында келушілер 30% өскен; 2) Турист-резидент еместер туралы тек іскерлік мақсатпен келушілердің санының жылдық орташа көрсеткішінің 23,5%-ға өскендігімен сипатталады.

Қарағанды облысында туристік фирмаларда сатылған жолдамалар құны 2006 жылы 668661 мың теңгені құрады. Сондықтанда осындай көрсеткіштерімен біздің облысымыз Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орында тұр.

Қарағанды облысындағы туристік шаруашылық келесі орындарда орналасқан:

  • жеке меншік кәсіпорындар;

  • қонақүйлер, шетелдіктермен біріккен кәсіпорындардағы жеке меншіктер;

  • Орналасу орындары, Мемелекетпен біріккен жеке меншік кәсіпорындар.

Көптеген кірістер жеке меншік кәсіпорындарға кіріп отырады

- біріккен кәсіпорындар

- мемлекетпен біріккен жеке меншік кәсіпорындар – 23,7%.

Туризмнің дамуы туристік инфрақұрылымның, оның ішінде қонақ үйлердің, көліктің, ойын-сауық орталықтарының, мейрамхана, кафе секілді демалыс орындарының қызмет көрсету сапасының жоғары болуын талап етеді. Облыс бойынша мейрамханалар мен қонақ үйлерде қызмет көрсетілген туристердің саны жыл сайын өсуде. Оның орташа жылдық көрсеткіші 14%-ды құрайды. Облыс бойынша қонақ үйлердегі қонақ қабылдайтын нөмірлер саны да көбеюде. Сондай-ақ олардың қонақты бір мезетте қабылдай алу мүмкіндігінің өскендігі де байқалады, оның жылдық орташа көрсеткіші – 17%, ал тәуіліктік қонақ қабылдау деңгейі де жыл сайын артуда, оның көрсеткіші – 19%.

Қарағанды облысында 2011 жылы 58 қонақ үй тіркелген, соның ішінде Қарағанды қаласында 16 қонақ үй жұмыс істейді. Қалған қонақ үйлер Қарағанды облысының қалалары мен аудандарына тиесілі.

Туризм адамдардың ел ішінде және оның сыртында бір жерден екінші жерге баруына, сапар шегуіне жағдай жасайды. Туризмдегі негізгі мәселенің бірі – көлік қатынасының дамуы. Жолға шығу кезінде турист көлігінің қауіпсіздігі, жылдамдығы, жайлылығы ескеріледі. Қарағанды облысында келген туристердің 82,7%-ы әуе көлігін; 2,1%-ы темір жолды және 15,2%-ы автокөліктерді пайдаланатыны мәлім болып отыр. әуе көлігінің жолаушы тасымалдау қабілетін анықтайтынсапалық параметрге жолаушы-километр өлшемі қолданылады, осы көрсеткіш бойынша жылдық орташа өсу 13%-ды құрайды.

Облыс қалаларында туристер мен қала қонақтарына арналған қазіргі заманға сай демалыс орындары ашылуда: аквапарктер, мәдени ойын-сауық орталықтары, боулинг орталықтары, казинолар, компьютер клубтары, спорт кешендері және т.б.

Балқаш жағалауы мен басқа көлдер, суқоймалары тек белгілі бір уақытта ғана демалуға белгіленген, мысалы жаз айларында. Аңға шығу – балық аулау туризмнің осы түрін ұнатушыларға өз қызметтерін ұсынады. Соңғы жылдарда демалу орындары қызмет саласы агро дем алу орындарыда дамып келеді. Саяжайда демалу, қалаға жақын жерлерде, көбінесе суқоймаларына жақын жерлерде.

Демалуға тілек білдірушілер облыстағы демалу орындарында демалушылар санын ұлғайтады. Туристік қызмет көрсетулерді кеңейту үшін қысқа мерзімге демалуға келушілерге арналған демалыс орындарын көбейту қажет (қымбат емес мотельдер, кемпингтер, турбазалар, кішкен көлемдегі қонақүйлер, демалыс күндерінің базалары, аңға шығу үйлері т.б.)

Облыстағы өндірістік кәсіпорындардың туристік базалары қалпына келтірілуде: «Қарқаралылық», «Сары-Арқа», «Барс» бұлар Қарқаралыда орналасқан, «Сары-Арқаның» филиалы Балқаш қаласына жақын Бектауатаға жақын орналасқан. Облысымызда мемлекеттік мұражайлар жұмыс істейді: Қарағанды облысы мен Теміртаудың тарихи-өлкетанушылық, Жезқазғанның тарихи-археологиялық (филиалы Жезді мен Қарсақбайда), облыстық мұражай филиалы – А.Құнанбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайы Абай қаласы мен Осакаров ауданында тарихи-өлкетанушылық мұражай. Шахталарда, заводтарда, оқу орындарында 50 ден аса мұражайлар жұмыс істейді. Олардың ішінде ең ірілерінің бірі И.А.Костенко мен К.О.Горбачев атындағы Қарағанды шахталарында орналасқан, «Қазақмыс» корпорациясының мұражай-көрмелік кешені Жезқазған қаласында орналасқан. Археология және этнография мұражайы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орналасқан. Туристерге өз экспонаттарымен Қарқаралы табиғат мұражайы ұнайды.

Туристік шаруашылық материалдары негізінде , туристер қозғалысы картасы құрылды «Қарағанды облысы туризмінің аймақтық ұйымы». Бұл жерде туристік шаруашылықтар обьектілерінен басқа инфрақұрылымдар және туристік бағыттар бейнеленген.

Ұлытау тарихи өңірінде жылқы туризмі ұйымын ашу ұсынылып отыр, онда жылқы шаруашылығының дамуының бастамасы болмақ. Қарағанды облысында демалу мен туризм үшін мүмкіндіктер өте үлкен. Бірақ әртүрлі табиғи және антропогендік демалыс орындары толығымен пайдаланылмайды. Бүгінгі күнде турфирма қызметі жол жүру арқылы саяхаттау туризіміне бағытталған және елді мекендердің сұраныстарына ие. Туризм саласындағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайы тұрақты жол жүруге бағыттарын дайындап және шетел туристерінің демалыс орындарын ұйымдастыра алмайды.

  1. ТУРИСТІК НАРЫҚТАҒЫ МАРКЕТИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]