Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
олжас.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
277.5 Кб
Скачать

2.1 Аймақтағы туризмнің жалпы жағдайы

Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік фирма мен 6 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны - 3, басқа туристік қызметті - 2 іске асырады. Орналастыру объектілерінің саны - 99, оның ішінде орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.

Туристік қызметпен айналысатын туристік фирмалармен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 3,2 есеге – 99,4 млн. теңгеге көп.

Қарағанды облысының инфрақұрылым туризмінің объектілері болып табылатындар:

- Қарқаралының Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі;

- демалыс үйлері: «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;

  • 10 демалыс зонасы (Ақтоғай ауданында Тораңғылық ауылдық округінде Балқаш өзенінің бойында – 530 орынға арналған 9 демалыс зонасы, Шұбартүбек кентінде - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС БГМК «Голубые купола» және «Зеленый мыс» 1 демалыс зонасы);

  • 5 мерзімді сауықтыру лагері («Кооператор»- Қарағанды экономикалық университеті, «ҚарМУ- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Политекник – Қарағанды техникалық университеті, «Медик» - Қарағанды медициналық академиясы, «Горняк» - тау кен колледжі);

  • 1 Бұқар жырау ауданындағы «Березка» сауықтыру кешені;

  • «Қазақмыс» корпорациясы 1 профилакторийі;

  • 3 санаторий («Миттал Стил Теміртау» АҚ «Жартас», Бұқар жырау ауданының «Жосалы», Теміртау қаласының «Самал»);

  • 4 санаторий-профилакторий («Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС БГМК, Қарағанды облысының «Арман» темір жолы, Теміртау қаласындағы «Арасан»);

  • 1 туристік база «Сарыарқа» «Балқаштүрлі-түсті металл» ПО, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Ақтоғай ауданындағы Бектау ата қонысы;

  • 29 мейманхана (заңды тұлғалар), оның ішінде 14-ті мейрамханасымен және 27 мейманхана (жеке кәсіпкерлер), оның ішінде 1 мейрамханасымен.

  • 1357 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.

  • Мұражайлар, сәулеттік-тарихи ескерткіштер.

  • Облыста Қарқаралы ауданында – Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі экологиялық туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді.

  • Шет ауданында «Бүркітші» мектебі мен арнаулы шаруашылық орналасқан, онда туристерге абаттандырылған қонақ үй, аттар, аң аулауға қажетті құралдар беріледі.

  • Теміртау қаласының жанындағы Гагаринское селосы мен Қарқаралы Ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілдерінде тау шаңғы кешені қызмет етеді.

«Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді. Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысында Қарағанды облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы) Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.) қатысты.

Қазіргі кезде туризм индустриясы халықаралық экономиканың жетекші саласының бірі болып табылады. Соңғы 20жылда әлемде шетел туристерінің келу санының мөлшері жылдан жылға – 5,1%-ға, валюталық түсімдер – 14%-ға өсті. Халықаралық туристік ұйым мәліметтеріне сәйкес 1995 жыл әлемде туристік келуден 5674 миллион тіркелген, ал халықаралық туризмнен түскен түсім 372 миллиард долларды құрады. Жоғары дамыған елдерде, АҚШ-та, саяхат және туризм, автомобиль, ауыл шаруашылығы немесе химиялық өнімдерді экспорттау мен салыстырғанда шетел валютасының көп бөлігін құраған. Жалпылама 1950 жылдан 1995 жыл кезеңінде туризмнен түскен валюта көлемі 144 есе өсті. Туризм сферасына әлемдік жалпы ішкі өнімнің – 6%-ын, әлемдік инвестицияның – 7%-ын, әлемдік тұтыну шығындарының -11%-ын, салық түсімдерінің - 5%-ын құраған.

Қазақстандағы туристік қызмет нарығы әр-түрлі. Туризм және спорт министірлігінің 2006 жылғы мәліметтері бойынша бүгінде республикада 921 туристік фирмалар бар, оның 553-і Алматы қаласында шоғырланған, ал Қарағандыда 52 туристік фирма қызмет көрсетеді.(кесте 2.1)

Кесте 2.1 2011 жылғы туристік фирмалардың негізгі қызмет көрсету көрсеткіштері

Қалалар аты

Туристік фирма саны

Қызмет көрсетілген туристер саны

Сатылған жолдамалар құны, мың теңге

Орындалған жұмыс пен қызметтің көлемі, мың теңге

Бюджетке аударылған қаражат, мың теңге

Қарағанды

52

15032

668661,0

315880,1

3745,0

Астана қ.

44

83444

820865,1

1092473,7

4619,0

Алматы қ.

553

250938

4748514,4

2001051,3

497041,0

Айта кету қажет, Қазақстан турөнімі әлемдік қауымдастықты онша қызықтырмайды. Кейбір қазақстандық туристік кәсіпорындар туризм индустриясын кеңейтуде, дамытуда маркетинг концепциясының маңыздылығын енді ғана түсінуде. Туристік фирмалар арасында қатаң бәсекелік күрес жүріп жатыр. Сондықтан ертеңгі туризм үшін маркетинг стратегиясы бәсекелік қабілеттілікті жоғарылатудың басты құралы болатынын қазірден бастап білген жөн.

Туристік нарықты талдағанда, нарық тұрақты өзгерістерге бейімделгендіктен оны әдетте үзіліссіз зерттеп отыруды көрсетеді. Осыған байланысты туристік қызметті ұйымдастыруда маркетингтің маңызы өте зор. Алғашқы рет туризмде маркетингтің негізгі концепциясын, принципін және терминологиясын қолдану әрекетін 1971 жылы Криппендорф жасаған. Бұл туристік қызметке клиенттер талаптарын және бәсекелігін жоғарылатумен байланысты болады, ол өз кезегінде көптеген турұйымдардың көпшілігінің маркетингке бой ұруына алып келеді. Яғни сыртқы орта өзгерісіне және бәсекелестік күресте жетістікке жетуге бейімделуіне мүмкіндік беретін стратегиялық маркетинг жоспарын құрады.

Әлемдік туристік ұйым туристік маркетингтің 3 басты қызметін көрсеткен:

1) Клиенттермен қарым-қатынасты бекіту, туристік салалар орындары және онда көрсетілген сервис қызметтерінің, назар аударалық орындарының және т.б. артықшылықтарының клиенттер қалауына сәйкес келуі;

2) Турөнімдерді өткізу үшін жаңа мүмкіншіліктермен қамсыздандыру үшін жаңа ұсыныстар, жаңалықтар өңдеу;

3) Бақылау – нарығында туристік қызмет немесе өнімді жылжыту бойынша қызмет нәтижесін (көптеген ынталандыру іс-әрекетінің көмегімен) талдау, және осы нәтижелердің туризм сферасындағы мүмкіншіліктерін толық және тиімді қолдануына әсерін тексеру, жарнамалық компаниялардың шығынын және алатын табыстарын талдау;

Маркетинг тактикасын қалыптастыруда бұл қызметтердің вакуумде емес, керісінше, нақты туризм, бәсекелік өзгерістер, ел экономикасы, өкімет қызметінің өзара байланысы арқылы қалыптасатынына сенімді болу керек. Әлемнің барлық елдерінде туристік маркетинг жүйесін қалыптастыру мәселесінде ресми өкімет ведомства қызметінің маңызы зор.

Мысалы, АҚШ-та туризм саласындағы мемлекеттік саясатқа жауап беретін саяхат және туризм мәселелерін басқару құрамында туристік маркетинг Бюросы қызмет етеді. Оның жұмысының басты мақсаты – туризмді дамыту, халықаралық және американдық туристік қызығушылықтар есебімен маркетинг

саласындағы бағдарламалар мен жобаларды шоғырландыру. АҚШ-та туристік сапарларды жүзеге асыру үшін тұтынушылар сұранысын ынталандырады, яғни туризм саласындағы саяхат және туризм мәселелерін Басқару бағдарламаларын жүзеге асыру және өңдеу (құру) арқылы.

Эксперттердің болжамы бойынша халықаралық туризмнің қарқынды дамуы жалғасуда. Мамандардың пікірінше болашақта бұл сала әлемдегі жетекші экспорттық сала болып табылады. Дәл осы қарқынмен дамып отыратын болса, онда 2010 жылы 937 млн адамды құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]