Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-2012 Жалгастырушы 3.doc
Скачиваний:
60
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.55 Mб
Скачать

3. Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыздар.

4. Мәтіннен 10 жалпы, 10 жалқы зат есімдерді екі бағанға теріп жазыңыздар.

5. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

  1. 1996, Қазақстан, халықаралық, нығайтты, байланысты, бастап, жылдан, ұйымдармен, беделді.

  2. Абай Құнанбайұлының, өтті, қолдау, тойлары, мерекелеу, 150, ЮНЕСКО-ның, жылдығын, арқасында, көрсету.

  3. Ашылды, өкілдігі, Орталық, Алматыда, Азиядағы, ғана, осы, бір, ұйымның.

  4. Тұсаукесері, Астананың, өтті, жаңа, ресми, болып.

6. Мәтін бойынша екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыздар.

халықаралық

валюта

мемлекеттік

мәжіліс

республикалық

қабылдады

ұлттық

құндылықтары

салтанатты

әскері

шешім

шығарды

жоғары

талқылау

ішкі істер

референдум

жарлық

рәміздер

Бүкілхалықтық

ұйымдар

7. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Мемлекеттік Ту

Қазақтан Республикасының Мемле-кеттік Туы - көк түсті. Көк түс халқымыздың бірлігін көрсетеді. Көш-пенділер космосы – көк аспан. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетеді.

Күн көшпенділердің өмір символы. Геральдика заңында күн – байлық пен берекенің белгісі. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің белгісі. Қазақ елі дала бүркіті сияқты тәуелсіз, әлемдік өркендік биігіне ұмтылады (Т.Аяпова).

8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Күн – көшпенділердің өмір символы

  1. Тудағы дала бүркіті еркіндіктің символы

  1. Көк аспан мен қара жер барлық тіршілікті көрсетпейді

9. «Көк» сөзімен тіркесетін сөздерді жазыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.

10. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Сіз қай түсті ұнатасыз?

  2. Көк түстің беретін мағынасы қандай?

  3. Түсі көк қай елдердің туларын білесіз?

  4. Масақтың суреті бар қай елдердің елтаңбасын білесіз?

  5. Қазақтар жылқы малын неге құрметтейді?

11. Мәтінді оқыңыздар.

Мемлекеттік Елтаңба

Қазақ елтаңбасында шаңырақ бар. Шаңырақ ұғымы – үлкен үй дегенді білдіреді.Осы үлкен үй (қазақ елі) барлық еншілес халыққа ортақ бақыт тілейді. «Ортақ шаңырақ – биік, ортақ босаға берік болсын» - дегені.

Елтаңбада қос пырақ бар. Ат – адамның қанаты. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз және төменгі жағында елдің аты жазылған. Тәуелсіз мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашқан, ол бірге тірлік, іс жасағымыз келетіндігін көрсетеді (Т.Аяпова).

12. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Шаңырақ қандай ұғымды білдіреді?

2.Шаңырағы бар елтаңба тарихта болған ба?

3.«Ат – адамның қанаты» дегенді қалай түсінесіз?

4.Өзіңіз білетін басқа елдің елтаңбасы туралы айтып беріңіз.