- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақ тілі кафедрасы
- •Студенттерге арналған бағдарлама ( силлабус
- •Астана - 12 жыл
- •2. Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу уақытын бөлу
- •6. Пәннің мазмұны
- •7. Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •І семестр
- •8. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •9. Негізгі әдебиеттер:
- •10. Курстың саясаты
- •11. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •12. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мына сөздердің синонимдерін көрсетіңіздер.
- •4. Мәтінді оқыңыздар.
- •5. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- •11. Өлеңді жаттап алыңыздар. Үш бақытым
- •12. Қарамен жазылған сөздердің синонимдерін табыңыздар.
- •13. Асты сызылған сөздердің антонимдерін табыңыздар.
- •14. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.
- •14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1. Мына мақал-мәтелдерді жаттаңыздар.
- •7. Мына сөздердің омонимдерін табыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •10.Сөйлемдер мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.
- •12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.
- •2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар.
- •3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.
- •6. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •7. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12. Мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыздар.
- •10. Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыздар.
- •11.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •12. Мына мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
- •1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.
- •2. « Қазақстанның дамуына менің қосар үлесім» 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •2. Мәтінді оқыңыздар.
- •3. Мәтін бойынша 7 сұрақ қойыңыздар.
- •8. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп жауап беріңіздер.
- •10. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •11. Мәтінді оқыңыздар.
- •12. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •13. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •14. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1. «Аяулы Отаным - Қазақстан» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.
- •2. Сәйкестікті көрсетіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.
- •10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.
- •11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.
- •12. Мәтінді мазмұндаңыздар.
- •1. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •2. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.
- •3. Досыңыздың жақсы қасиеттерін, сырт келбеті, мінез-құлқы туралы жазып келіңіздер.
- •3. Мәтінді оқыңыздар.
- •4. Мәтін бойынша 5 сұрақ қойыңыздар.
- •10.Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар, сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыздар.
- •12. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •13. Мәтінді оқып, өз ойларыңызбен толықтырыңыздар.
- •14. Досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сұрап, сұхбат құрастырыңыздар.
- •5.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6.Мәтіннен белгісіздік есімдіктерді теріп жазыңыздар.
- •7.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Төмендегі есімдіктермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •9.Сөйлемдерді аударыңыздар.
- •10. Мақал – мәтелдің жалғасын табыңыздар.
- •11. Балқаш көлін қорғау және оны құқықтық реттеу туралы сұхбат құрыңыздар.
- •2. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
- •2.Сөздікті жаттаңыздар.
- •3.Мәтінді оқыңыздар.
- •4.Мәтіннен үстеулерді теріп жазып, мағыналарын ажыратыңыздар.
- •5.Сұхбаттасыңыздар.
- •7.Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •1.Мәтінді оқыңыздар.
- •2.«Мен және қоршаған орта» тақырыбына 1-2 беттік эссе жазыңыздар.
- •5.Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
- •6.Мәтіннен етістерді теріп жазып, мағыналық түріне қарай ажыратыңыздар.
- •7.Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып оқыңыздар.
- •8.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •9.Негізгі мәтіннен етістіктерді көшіріп жазып, үш шақта түрлендіріңіздер және етіс категорияларын ажыратыңыздар.
- •10.Төмендегі етістіктерге ырықсыз етіс жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •11.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •1.Төмендегі берілген түсіндірме атауларды қазақ тіліне аударыңыздар.
- •2.Төмендегі етістіктерге ортақ етістің жұрнақтарын жалғап, сөйлемдер құраңыздар.
- •7.Мәтін бойынша 5-7 сұрақ қойыңыздар.
- •8.Мәтіннен есімшелерді, көсемшелерді теріп жазыңыздар.
- •9.Мәтін бойынша түсінік айтыңыздар.
- •10.Сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2.Төмендегі көсемшелермен сөйлемдер құраңыздар.
- •3.Сәкен Сейфуллиннің өлеңін жаттаңыздар. Күздігүні далада
- •2.Негізгі мәтін бойынша 4 сұрақ жазыңыздар.
- •3.Мына етістіктерді рай түрлеріне байланысты түрлендіріңіздер.
- •1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •2.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •3.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •4.Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыздар.
- •5.Мәтіннен септеулік шылауларды теріп жазыңыздар.
- •6.Шашылған сөздерден сөйлемдер құраңыздар.
- •7.Сөйлемдерді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •8.Бос жерлерге қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді оқыңыздар.
- •9.Септеулік шылаулар тіркескен сөз тіркестермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •10. «Ғылым» сөзімен тіркесетін 5 сөз тіркесін жазып, олармен сөйлем құрастырыңыздар.
- •11.Демеулік шылауларды қатыстырып 6 сөйлем құраңыздар.
- •12.Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •1.Көп нүктенің орнына қажетті шылауларды қойып, оқыңыздар.
- •2.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.
- •3.Мәтіннен демеулік шылауларды теріп жазыңыздар.
- •4.Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.
- •Тест тапсырмалары
- •Мазмұны
14. Досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сұрап, сұхбат құрастырыңыздар.
Төмендегі есепті оқыңыздар.
15+15--30 39-15= 24 22*2=44
15+20=35 45-5= 40 10*3=30
72+14=86 56-28=28 3*11= 33
17+18= 35 28-8= 20 5*4=20
100/5= 20
80/10 =8
120/5=20
36/6=6
2. Мына сандардан жинақтау сан есімдерін жасаңыздар.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
3. «Менің бос уақытым» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыздар.
1.Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.
Ұлан-ғайыр сахара, сол жақ жағалау, көгілдір таулар, тау қойнаулары, қалың жыныс орман, шырша иісі, салқын бастаулар, гауһардай, ғұмыр, қастерлі мекен, өңірдің байлығы, көздің қарашығындай, үкіметтің шешімі.
2.Сөздіктерді жаттаңыздар .
Ұлан-ғайыр - безмерный, безграничный
Қойнау – недра
Ажар-көрік – красота
Өңір - край
Қорғау – защищать
Күнен-күнге - с каждым днем
Шешім – решение
Жариялану – объявлять
Қастерлі – священный
Ғұмыр – жизнь
Көздің қарашығындай сақтау - беречь как зеницу ока
3.Сөздікте берілген сөздермен сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңыз.
4.Мәтінді оқыңыздар.
Баянауыл
Баянауыл – Сарыарқа аталатын ұлан – ғайыр сахараның бір ғана бөлігі. Ол – Ертістің сол жақ жағалауына орналасқан Павлодар облысының ең ірі ауданы.
Баянауыл көгілдір таулары, күрең белдері, мөлдір көлдерімен көрікті. Тау қойнаулары қалың жыныс орман тоғайлар: қарағай, терек, қайың, мойыл.... Шырша иісі бұрқырап тұрады.Көз жасындай мөлдіреген салқын бастаулар.... Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерін айтсаңшы! Алтынмен аптап, күміспен күптеген гауһардай ғой әрқайсысы.
Бұл өңірдің ажар-көркіне ғашық болып, жырламаған ақын бар ма екен, сірә ?!
Иә, Баянауыл – туған халқына қызмет етуге бүкіл ғұмырын сарп еткен ардақты, абзал азаматтарымыздың елі.
Баянауыл – жаратылыстың қастерлі бір мекені. Мұнда жабайы аңдар мен құстардың әр түрін кездестіреміз. Бұл өңірдің байлығы ұшан теңіз. Ол байлықты көздің қарашығындай қорғап, күннен – күнге көбейте түсуші – адамдар. Республика үкіметінің шешімі бойынша Баянауыл ауданының аймағы қорық болып жарияланды.
5.Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Баянауыл және оның табиғаты қандай?
2.Жабайы аңдар мен құстардың атауларын естеріңізге түсіріңіздер
3.Баянауылдан басқа қандай қорығы бар жерлерді білесіздер?
6.Мәтіннен белгісіздік есімдіктерді теріп жазыңыздар.
7.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
Марқакөл қорығы
Ертіс өңіріндегі көрікті әрі табиғаты бай өлке – Марқакөл көлінің аймағы. Марқакөл теңіз деңгейінен 1434 метр биіктікте орналасқан. Оның тереңдігі – 27 метр, басты байлығы – халық «майқан» деп атайтын қызыл балық. Айналасындағы орманда аңдар мен құстардың 60-қа жуық түрі тіршілік етеді. Қазір Марқакөл көлі мен оның төңірегіндегі орманды алқап қорыққа айналдырылған, сөйтіп осы өлкенің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған.
Аңшылар мен ғылыми қызметкерлер аңдарды есепке алады, олардың тіршілік-тынысын бақылайды. Қыста аңдар қосымша азықтандырылады, өйткені Марқакөлдің қысы қатты әрі ұзақ. Адамдардың қамқорлығына жануарлар әбден үйреніп алған.
Қар қалың жауған жылдары олар таудан түсіп, елді мекендерге жақын жерге жайылады.
Табиғатты қорғау жақсы нәтижелер бере бастады, өйткені Марқакөлде бүкіл Ертіс өңірінің қарағайлы орманы мен қуаң даласын мекендейтін марал, қызыл қасқыр, бұлан, бұғы, қабан, тіпті қоңыр аюды да кездестіруге болады.(«Қазақ күнпарағы», 1989)