Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-2012 Жалгастырушы 3.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

1.Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Халықаралық қатынас -XX ғacырдың соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану үрдісіінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр.

Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің материалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық ұстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШ басым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр.

2.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.

3.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Адамзат қоғамы, ерте дәуір, кезең, алғышарт, алғашқы нышаны, жүйе, құбылыс, ежелгі, дәстүр, адамзат танымы, дүниетанымы, әмбебап, сала, ортақ, энергияның жаңа заңдары, энергияның сақталу заңы.

  1. Сөздікті жаттап алыңыздар.

Адамзат – человечество

Дәуір – эпоха

­Өндіріс – производство

Кезең – период

Жүйе – система

Құбылыс –явление

Жетістік – достижения

Дербес – персональный

Таным – познание

Әмбебап – универсальный

  1. Мәтінді оқыңыздар.

Ғылым мен техниканың даму тарихынан

Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және өндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады. Ежелгі Шығыста (Бабыл, Мысыр, Үндістан, Қытай) болашақ ғылымға негіз болған ілімнің алғашқы нышандары қалыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны алуға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтін, тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ танымның бұл формасы өзінің діни-антопоморфты сипатына байланысты нағыз ғылымнан алшақ жатқан еді.

Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия т.б. ғылымдар салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды. Омейя әулеті халифатында Ғылым үйі болды, онда ғалымдар ежелгі грек ғылымының барлық жетістіктерін араб тіліне аударды, ғылымның ерекше формасы «фәлсафа» қалыптасты.

Қайта өрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани өмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды (Леонардо да Винчи, Н.Коперник). Сондай-ақ, ғылым табиғат құбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті. Механикадағы жетістіктер 17 ғасырдың аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалық бейнесі туралы түсінік қалыптастыруда шешуші рөл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Ол 17-18 ғасырлардағы біртұтас әлемдік механизм туралы жалпы ілімнің бөлімі ретінде танылды. 19 ғасырда болмыстың жекелеген салаларына қатысты жинақталып, жүйеленген және теориялық тұрғыдан талданып түсіндірілген материалдар, қоғам мен табиғат құбылыстарын механикалық түсіндіру шеңберінде қарастыруға сыймады, сондықтан ғылымның басқа салалары бойынша алынған нәтижелер негізінде оларды жан-жақты және терең қорыту міндеті алға қойылды. Энергияның сақталуы мен айналуы заңының ашылуы (Р.Майер, Дж.Джоуль, Г.Гельмгольц) физика мен химияның барлық тарауын ортақ негізге қоюға мүмкіндік берді. Жасуша теориясын тұжырымдау (Т.Шван, М.Шлейден) барлық тірі организмдердің біртекті құрылымын көрсетті. Элементтердің периодтық жүйесі заттың барлық белгілі түрлерінің ішкі бірлігінің барлығын көрсетті.

20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы қатарға биология шықты, онда ДНҚ-ның молекулалық құрылымы белгіленіп, генетик кодтары айқындалады.

Қазіргі заманғы ғылымды өндірістік күш ретінде энергия, тіпті оны үнемдеу де көп қызықтырмайды, керісінше, ақпарат өңдеу, соның негізінде өндіріс пішімділігіне қол жеткізу алдыңғы орынға шықты. Адам тікелей өндіріс процесінің шеңберінен шығарылып қана қоймайды, ол мүлде жаңа сападағы техникалық әлем қалыптастыра отырып, ақпараттық модельдермен жұмыс істей бастайды. Басқару мен жоспарлауды автоматтандыру қазіргі ғылыми-техникалық дамудың басты ерекшелігі болып табылады.