Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

2.5.2 Майдалау бөлімінің ғимараттың құрылыс парметрлерін анықтау

Ұн зауытының майдалау бөлімінің қондырғыларын аралық өнім қысқа жолмен тасымалданатындай етіп орнатылады. Бұл кездегі басты шарт біртекті қондырғылар бір қабатта орналасуы керек. Қондырғылардың дұрыс үйлестірілуіне, оның жұмыс істеуіне жағдай жасауына, оны жөңдеуге және оған техникалық қызметті көрсетуіне көп көңіл бөледі. Қондырғыларды орналастыру нұсқасын таңдай отырып, қабаттар санын ескеру керек. Ұн зауытының көлденең бойына қимасында пролеттар санын білікті станоктар санына, рассевтер және басқа да технологиялық маңызы бар қондырғылардың санына байланысты анықтайды.

Саны он екі білікті станоктан аспайтын ұн зауытын жобалаған кезде екі пролетті ғимаратты таңдайды, бұл кезде колонна торы 6 x 6 м болады. Өнімділігі жоғары ұн зауыттарында колонна торы 6 x 9 м болатындай етіп, үш пролетті ғимарат таңдайды. Өнімтасымалдағыш құбырлар мен нориялар ғимараттың ортаңғы қабатында немесе көлденең қабырғалардың жанында қатарлы етіп орнатылады. Бұл қондырғылардың қатар саны білікті станоктардың қатар санына және рассевтердің қатар санына байланысты болады. бұл механизмдер білікті станоктар мен рассевтерге жақын орналасу керек.[12]

Суретте көріп отырғанымыздай 6 x 9 м болатын колонна торы қабылданған. Ғимараттың өлшемдерін білікті станоктар арсындағы қашықтықты, білікті станок пен ғимарат қабырғаларының арасындағы қашықтықтарды өлшей отырып анықтайды. Ғимарат өлшемдерін бұдан басқа рассевтік қабат арқылы анықтауға болады. Ол кезде де колонна торын рассевтердің орналасуы бойынша, рассевтер остерінің арақашықтықтары мен рассевтердің қабырғалармен қашықтығы бойынша анықталынады.

Екі білікті станоктарды топтастыру ғимараттың ұзына бойын үлкейуіне алып келеді, себебі, өту жолдары саны көп болғандықтан. Бес білікті топтастыру кезінде топтың ұзындығы 15 метрден аспауы керек.[12]

Ұн және жарма зауыттарының өндірістік құрылысын бірнеше белгі бойынша жіктеуге болады: тағайындалуы бойынша олар: ішінде негізгі технологиялық процесстер жүретін өндірістік ғимараттарға жатады.

Жарылыс, өрт және өрт қауіпсіздігі бойынша ұн және жарма өнеркәсіптері В және Б категорияларына жатады.

Ғимараттың негізгі құрылыстық конструкциялары өртке төзімділік белгісі бойынша екінші дәрежеден кем болмауы керек. Ұн және жарма зауыттарының өндірістік ғимараттары капиталдық деңгейі бойынша I классқа жатады. Бұл ғимараттар жылыту жүйесі бойынша жылытылатын ғимараттарға жатады.

Сурет 1. Білікті станоктардың қабатта орналасу сызбасы.

Сонда жоғарыдағы айтқандарды қорытындылай отырып, ғимараттың ұзындығы мен енін есептейміз.

Lд = l1 + l2 + l3 + l4 + l5 + l6 = 2000 + 2000 + 1000 + 1000 + 2000 + 2000 = 1000 мм.

Lш = l1 + l2 + l3 + l4 + l5 + l6 = 3850 + 3000 + 1500 + 1500 + 3000 + 3850 = 1670 мм.

Есептеулерді қорытындылай келетін болсақ, ғимараттың ұзындығы 1000 мм, ал ені 167 0 мм. Бұл өлшемдер 6 x 9 м болатын колонна торына сәйкес келеді. Сондықтан 6 x 9 м өлшемді колонна торын қабылдадық.

Ауа алмасу шарттары бойынша бұл ғимараттар және ауа баптағыштары бар ғимараттар. Құрылыстық нормаларға сәйкес және көлемдік жосппарлау принциптері бойынша ұн және жарма зауыттарын II топқа жатқызады. Оларды көп қабатты етіп жобалап, колонна торы ірі болып, қабат биіктіктері біріктірілген болып, стандартты құрама темір – бетонды элементтерден құралады. Өйткені, бұл өндірісте процесстер вертикал жағдайда жүріп, оның өзгеруі және жабдықтардың орын ауыстыруына мүмкін болады. Негізгі құрылыстық параметрлер: пролеттар, колонна торы, қабат биіктіктері, конструкция элементтерінің осьтерге байланысуы.

Жоспардағы негізгі өлшемі ұзындығы және көлденең бойынша бөлетін осьтерінің аралығы, көп қабатты ғимараттарының пролеттарының өлшемі 3 м – ге бөлінетіндей, қабат биіктігі 0, 6 м – ге бөлінетіндей, бірақ 3 м – ден кем емес, колонна қадамы – 6 м - ге бөлінетіндей болу керек.

Ұн зауытының өнімділігіне, ондағы процесстің технологиялық сұлбасына және ұн тарту типіне байланысты олардың ғимараттарын 2 - 3 пролетті немесе 5 - 6 қабатты етіп құрады.

Ғимараттағы жоспардың пішіні тіктөртбұрыш болып, биіктігі бойынша бір деңгейде жоспарланады. Ғимараттың қабатының биіктігін келесідей етіп қабылдайды: 3,6; 4,8; 6 м. Бұл өндірістердегі ғимараттарының бірінші қабатының биіктігі 7,2 м, ал жоғарғы қабаты 6 м болады. Өндірістік бөлмелердің биіктігін еденнен еденге стандарттар талабына сай 3,2 м - ден кем емес етіп алады. Бір көпқабатты өндірістік ғимараттарда қабат биіктіктерінің өлшемі 2 м - ден аспауы керек. Өндірістік ғимараттардағы қызмет ету алаңның биіктіктері 2 м - ден кем болмауы керек.

Конструкциялық қадамы – ұзындығы және көлденең бойынша бөлетін осьтерінің аралықтарын айтады. Көп пролетті каркасты ғимаратың колонналарының ұзындығы және көлденең бойынша қадамның жиынтығы колонна торын береді. Ғимараттың жоспардағы қадам ғимараттың ұзына бойына немесе көлденең бойына болуы керек.

Егер көп қабатты ғимаратқа түсетін нормативті пайдаланатын жүктемесі 500, 1000, 1500 кг/м2 болса, онда ғимараттың колонна торын 6х 6 немесе 6х9 етіп қабылдайды.[12]