Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

5.2 Ұн тарту өндірісінің қоршаған ортасы және адам өмірі мен ағзасына тигізетін әсері

Ұн зауыттары тамақ өнеркәсібінде маңызды рөл атқарғанымен, қоршаған ортаға кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Төмендегі кесетеде ұн зауытында болатын зиянды заттар түрлері, олардың жақын орналасқан ғимараттар мен тұрғындарға, сонымен қатар сол жерде жұмыс істейтін жұмыскерлерге келтіретін әсері, оларды жоюға бағытталған іс – шаралар және сол іс – шараларды қолданғанда қандай нәтижелерге жететіндігіміз туралы мәлімет жинақталған.

5.1 – кесте. Ұн зауыттарында болатын зиянды заттар түрлері

Зиянды заттардың түрлері

Зиянды заттардың қоршаған ортаға және адам ағзасына кері әсері

Зиянды заттарды жоюға бағытталған іс - шаралар

Қолданған іс – шараларды ескере отырып, алынған нәтижелер

1

Шаң

Ауада шаң дисперстік орта болып тұрады. Ал мұндай жағдайдағы шаң адам денсаулығына, яғни дем алу жолдарына, сонымен қатар атмосфералаық ауаны ластайды

Ауаның шығуын азайту – технологиялық машиналардан шығатын ауа мөлшерін төмендету;

Шығарылатын шаңды ауаны азайту - бұл машиналардан шығатын шаңды ауаны арнайы құралдарда тазалау

Циклондар мен фильтерлерді қолдану нәтижесінде ауа құрамындағы шаң концентрациясы нормаланып, жұмыскерлердің жұмыс істеу қабілеттілігі өсті

5.1 – кестенің жалғасы

2

Шу

Шу кәсіпорында жұмыс істейтін жұмыскерлердің жүйке жүйесіне әсерін тигізеді; жақын орналасқан тұрғын үй кешендерінің тұрғындарының наразылығын тудырады.

Шумен күресу үшін тұңшықтырғыш фильтрлерді енгізу ұсынылады

Бұл қондырғыларды қолдана бастағаннан кейін жұмыс өнімділігі жоғары бола бастады. Тұрғындардың жағдайлары жақсарды

3

Діріл

Кәсіпорынның жұмыс өнімділігін төмендетіп, адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Дірілді болдырмау машина не қондырғы орналастырылатын іргетасын дұрыс есептеп, берік қылып салады. Тұңшықтырғыш фильтрлерді орналастырады.

Іргетасты берік орнатқан соң қондырғылардың дірілді шығару мөлшері төмендеді, жұмыскерлердің ауыршаңдығы тежелді

4

Нашар жарықтандырылуы

Кәсіпорынның өнім шығымын төмендетіп, жұмыскерлердің көру мүшерлеріне кері әсерін тигізеді

Неғұрлым табиғи жарықтың түсуін жоғарлату, қосымша электр көздерін орнату

Жұмыскерлердің көру мүшелері дұрысталып, кәсіпорынның өнім сапасы мен шығымы жоғарылады

5.1 - кестенің жалғасы

5

Электромагнитті толқындар

Жұмыскерлердің иммунитетін түсіріп, жүйке жүйелерін тоздырып, көру мүшелерін әлсіздетіреді

Қондырғылардың сымдарын қысқарту, электрқозғалтқыштар мен электрқондырғыларды жабындылармен жабу

Жұмыскерлердің жүйке жүйелері реттеліп, жұмыс өнімділігі жоғарылады

6

Аспирациялық жүйелерінің әсерінен атомсфералық ауаның жетіспеушілігі

Жұмыскерлердің тыныс мүшелерінің ауруына жиі шалдығуы, жүректің жұмысын нашарлатуы

Қондырғылардың аспирациялық жүйелерінің режимдерін дұрыс орнату, бөлмедегі ауаны атмосфералық ауамен жиі алмастырып тұру

Адамдардың тыныс алуының біртіндеп реттелді.