Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП конечная.docx
Скачиваний:
103
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.32 Mб
Скачать

3.1.2 Өндіріске қажет смета шығынын есептеу

Нарықтағы астық және оның өнімдеріне қазіргі құны:

1 тонна астық бағасы – 34000тг

1 тонна қара бидай астық бағасы – 27500 тг

1 тонна жоғарғы сорт бидай ұнының бағасы – 46967 тг

1 тонна I сорт бидай ұнының бағасы – 40923 тг

1 тонна II сорт бидай ұнының бағасы – 36264 тг

1 тонна қара бидай обдирлі ұнының бағасы – 33000 тг

1 тонна қара бидай еленген ұнының бағасы – 37800 тг

1 тонна бидай кебегінің бағасы – 10000 тг

1 тонна қара бидай кебегінің бағасы – 8000 тг

1 тонна I және II категориялы қалдықтардың бағасы – 1952 тг

Өндіріске қажет смета шығыны өндірістегі өнімдердің тізімі мен шығын көлемін көрсетеді.

Шикізат құны мына формуламен анықталады:

Сз = Qпер.з. х Ц, мың тг. (3.1.6.1)

Мұндағы, Ц – бір тонна астық құны, Ц – 34 мың тг.

Сз = 60000 х 34 000 = 2040000 мың тг.

Шикізаттың құнын қайтарылатын (дәнді) қалдықтарсыз есептейміз.

Дәнді қалдықтар шығымы – 2,8% дәнді тазалау технологиялық схемасында қарастырылған, берілген ұн зауыты үшін ақшалай түрде 1680 т/жыл болады, 1 т дәндік (қайтарылатын) қалдықтардың құны 1952 тенгеге тең.

Технологиялық шығындар құны (отын, су, электроэнергия)

  • Су және канализация

Нормаға сәйкес бір тонна астық өңдеуге кеткен су шығыны – 0,07 м3. Жылдық су шығынының көлемі (Рв) тең :

Рв = Qпер.з. х 0,07 = 60000 х 0,07 = 4200 м3/жыл (3.1.8.1)

1 м³ суға 4,96 теңгеден келеді, суға кететін шығын мынаған тең:

Зв = 4200 х 0,00496 = 20,8 мың тг./жыл

  • Электроэнергия

Нормаға сәйкес бір тонна астық өңдеуге кеткен және қосымша қажеттіліктерді есептегенде электроэнергия шығыны 110 кВт, онда жылдық электроэнергия шығынының көлемі (Рэ) мынаған тең. Электроэнергия шығыны 1 кВт – қа 7, 36 теңгеден келеді. Онда:

Рэ = 60000 х 7, 36 = 441,6 мың тг.

  • Отын

Нормаға сәйкес отынға жылдық электроэнергия құнынан 30 % - ы алынады.

Рт = 441600 х 0,3 = 132,48 мың тг.

Жалпы технологиялық шығындарды есептеу нәтижесінде:

Ро = 20,8 + 441,6 + 132,48 = 594,88 мың тг.

3.1.3 Еңбекақы есебі

Өндірістік қызметкерлер есебі қызметкерлер санын анықтаумен басталады. Ұн зауытының қызметкерлер санын анықтау үшін алдымен еңбек шығындарының нормасын анықтау қажетг Ол өндірістік цехтың тәуліктік өнімділігіне байланысты болады. Егер ұн зауытының тәуліктік өнімділігі 100 -150 т/ тәул. болса, есеп үшін норматив 1 адамға шаққанда 0,21 тең, ал тәуліктік өнімділігі 150 т/ тәул. жоғары болса, онда есеп үшін норматив 1 адамға шаққанда 0,3 тең. Онда ұн зауытының өндірістік қызметкерлер саны мынаған тең:

Қызм.саны= 200 х 0,3 = 60 адам. (3.1.9.1)

Жобаланушы ұн зауытының үш ауысым бар делік, онда бір ауысымдағы қызметкерлер саны мынаған тең:

Ч = 60/3 = 20 адам/см.

Ары қарай штаттық жұмыскерлер санын анықтаймыз:

Чш = 60 + 20 =80 адам

Қайта есептеу коэффициентін есептегіш тізімдік құрам, сондай-ақ штаттық бірліктерді тізімдікке ауыстыру 1,05-ке тең болады. (жұмыс уақытының есептік балансы негізінде алынған).

Чс = 80 х 1,05 = 84 адам

Кәсіпорынның штаттық дәрежесі бойынша әкімшілік – басқару қызметкерлерінің санын анықтаймыз:

Директор - 1 адам

Бас бухгалтер - 1 адам

Бас технолог - 1 адам

Өндірістік техникалық зертхананың меңгерушісі - 1 адам

Бас энергетик - 1 адам

Барлығы: - 6 адам

Осыдан толық қызметкерлер саны мынаған тең:

Чп = 84 + 6 = 90 адам

3.1.3.1 - кесте. Қызметкерлердің жалақысын есептеу

Қызметкерлер дәрежесі

Қызметкер

лер саны

Қызметкер

лер разряды

Тарифті коэффи

циент

Ең төменгі еңбек

ақы

Қызметкер

лер еңбекақысы.тг.

Директор

1

19

3,87

17439

67488

Бас инженер

1

17

3,17

17439

55281

Бас бухгалтер

1

18

3,42

17439

59641

Бас технолог

1

17

3,17

17439

55281

ПТЛ меңгерушісі

1

15

2,74

17439

47782

Бас энергетик

1

15

2,74

17439

47782

Барлығы

6

-

-

-

333255

Қызметкерлердің жылдық еңбекақысы тең болады:

ЕАг = 12 х 331653 = 3999060 тг = 3999,06 мың тг

Жұмысшылар еңбекақысы:

ЕА = 90 х 1,82 х 17439 = 2856,5 мың тг

Мұндағы, 90 –жұмысшылар саны, адам;

1,82 – 6 разрядты жұмысшылардың тарифті коэффициенті;

17439 – ең төменгі еңбекақы, тг;

Жұмысшылардың жылдық еңбекақысы:

ЕАг = 12 х 2856,5 = 34278 мың тг

Ұн зауытының барлық жұмыскерлерінің жалпы еңбекақысы:

ЕАг = 3999,06 + 34278 = 38277,6 мың тг

Жұмысшылардың қосымша еңбекақысы: 30%

ЕАқосымша = 38277,6 х 0,3 = 11483,1 мың тг

Еңбекақының жалпы суммасы:

ЕАжалпы = 38277,6 + 11483,1 = 49454,4 мың тг.

Еңбекақыдан алынатын сумма:

Алынатын сумма = 49454,4 х 0,3 = 14926,3 мың тг.