Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VI.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
114.57 Кб
Скачать

Хi. Еңбек тәрбиесі арқылы оқушылардың психологиялық ахуалы

 

 

     Еңбек тәрбиесі дегеніміз – қоғам мүшесі болып    табылатын оқушының жалпы тәрбиесі барысының саласы.

     Мұның мақсаты – еңбекке орынды қатынасты дамыту, қоғам байлығын үнемі,   қамқорлықты  қатынасты  тәрбиелеу,  еңбек  тәртібін бекіту.  Еңбек тәрбиесі   тәрбиенің басқа саналарымен    біртұтас жүзеге асырылады.Еңбек барысында  қоғамдық  борышты  сапаны  ұғыну, тапсырылған  іске  жоғары жауапкершілікпен  қарау, ұжымшылдық  және тәртіптілік сияқты құқықтық қасиеттер дамиды.

    Еңбек  тәрбиесі  қоғамдық  барлық  әлеуметтік  тәрбие  институттарының мақсатқа  бағытты   іс-әрекетке  біріктіру  негізінде  жүргізілу  керек . Еңбек психологиялық   дайындық   т ә р б и е   жүйесінде  қалыптасады,  ол  келесі міндеттер негізінде шешіледі:

1) Еңбек мақсаты мен міндетін түсіну

2) Еңбек мотивтерін тәрбиелеу

3) Еңбек дағдылары мен біліктерін қалыптастыру.

Елде   эканомика  және  экология  жағдайларының  өзгеруі, маңызды заңдар қабылдануы оқушылардың еңбек тәрбиесінің бағытына   өзгерістер енгізеді.

    Еңбек тәрбиесі – процесінде алған білім, ептілік және дағдылардың негізі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы жемісі емес, ол тұлғаның басты қажеттігі – еңбек ету қабілетін  дамыту құралы.

Еңбекке  үйрету  мен  оған  байланысты  оқуды   ұйымдастыру  формаларын мұғалім  таңдайды.  Еңбек  сүйікті  іске  айналу  үшін балаға еңбектің жемісі  мен одан болатын қуанышын сезіндіре білу керек. Сол үшін оқу ісін жоғары сатылап, бірақ қол жететін деңгейде құру керек; істеген  еңбегінің жетістігін түсінген жасөспірім өз-өзіне сенімі артып, еңбегін мақтаныш   ете бастайды. Е ң б е к   тәрбиесінің  белсенді   бағыты с ы н ы п   жетекшісінің өз   жұмыс  тәрбиесіне  байланысты  м е к т е п  тәжірибесіне  көптеген  ж а ң а     жұмыс формалары  енуде. Олар: еңбек   вахтасы, еңбек мерекесі,жасалынған заттар көрмесі,  тазалық  сақтау,  гуманитарлық  көмек ,   мектепті     көгалдандыру, қолөнершілер сатысы,  көңілді  ұсталар   қаласы,  еңбек  десанты, м е к т е п  жөндеу бригадасы және т.б.

      Жас   ерекшеліктік   кезеңдерге  бөлу  психологиядағы  күрделі   және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді.

      Орта   мектеп  жасында  ( 10-11ден 14-15 дейін )  жеткіншек  өз іс-әрекеті контексінде  құрдастарымен  қарым-қатынасқа  түсу  жетекші  рөл ойнайды. Осы    жастағы   б а л а л а р ғ а    тән   іс-әрекет   оның    оқу,   қ о ғ а м д ы қ- ұйымдастырушылық , с п о р т т ы қ  ,  к ө р к е м д і к ,    е ң б е к   с и я қ т ы   түрлерін   қамтиды .   Пайдалы  і с - ә р е к е т т і ң    осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті    жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы   ұмтылу   пайда   болады.

Балалардың   армандауға  беріліп    кету   т е н д е н ц и я с ы , арманды аяққа  таптатудан қорқу, спортқа деген аса қызығушылық, коллекциялар жинаумен әуестену, кино өнерімен әуестену т.б. ерекше тән.

     Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында осы кезеңдегі   жетекші   іс-әрекеттің    негізгі   элементтері ,  қажетті   оқу   дағдылары  мен іскерліктері қалыптасады.  Осы  кезеңде  ойлау  формалары  дамиды ,    олар   әрі  қарацға ғылыми  білімдер  жүйесін  меңгереді , ғылыми теоретикалық  о й л а у д ы ң дамуын қамтамасыз етеді.

      Д.Б.Эльконин дамудың өзінде және оның кезеңдерінде шарттаушы негізгі үш  формаларды  айтады:  "бала өміріндегі  белгілі  бір  жасы     немесе оның дамуының   сәйкес    кезеңі, -  бұл  өте  бір   тұйықталған кезең, оның мәні, ең алдымен, осы кезеңнің бала дамуының жалпы көрсеткішіндегі орнымен және функционалды мағынасымен анықталады."

        1) Дамудың   белгілі   бір  әлеуметтік ситуациясымен немесе осы кезеңде баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің нақты формасы.

       2)  Іс-әрекеттің  негізгі   немесе  жетекші  типімен  бала дамуының белгілі бір кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің бірнеше алуан түрі бар.

       3) Негізгі   психикалық  жаңа  құрылымдармен әр кезеңде олар жекелеген психикалық процесстерден тұлға қасиеттеріне дейін болады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]