Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
VI.docx
Скачиваний:
45
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
114.57 Кб
Скачать

Хіi. Кәсіптік білім беруде оқытушыларды жоғары оқу орындарында дайындау

 

 

     Мамандыққа бағдар беру- жас ұрпаққа мамандықты сананы таңдап алуға дайындауға бағытталған мұғалімдердің, психологтардың, физиологтардың, дәрігерлердің, ақылшы ұстаздардың, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс әрекеті.Мамандыққа бағдар беру оқушылардың мамандық, олардың мазмұны, ерекшеліктері, оның жеке адамға қоятын талаптары жөніндегі білімдері мен қорытындылауды, шаруашылқ салаларының даму міндеттеріне және бейімдеушілігіне сай жанданып ашылған мамандыққа мүдделігін тәрбиелеуді қажет етеді.

     Мамандыққа бағдар беру оқытушыларды мамандық  таңдап алуда мектеп, жанұя, жұртшылықтың басшылығын алдын ала қажет ететін ені жақты барыс.

     Білікті жұмысшы мамандығының қалыптасуы және оның кезеңдеріне тоқталатын болсақ, әлеуметтік жағдайлар мен кәсіби қызметтің сипаттамасына қарай маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің Э  Зеер пікірі бойынша 5 сатысы бар:

      Оптация- адамның психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай кәсіби таңдауын қалыптастыру.

      Кәсіптік білім беру- жеке тұлғаның білім, білік типті үлгідегі әлеуметтік және кәсіби мәні бар қасиеттеріне қарай бағыттау арқылы жетілдіру.

      Кәсіби білім беру- өз бетінше кәсіби бағдар айқындауда игеруі тиіс әлеуметтік жаңа бағыт, яғни кәсіби қызмет бағдарларын үйренуге өз бетінше тәжірибені жинақтау.

       Кәсіби шеберлік- жеке тұлғаның кәсіби қызметін жоғары біліктілігімен атқара білу.

        Кәсібилену- кәсіби ұстанымды қалыптастыру, маңызды кәсіби қызметтерді жете біліп, өз ісінің маманы атану.

        Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы - оның оқу барысында білімге қойылатын талаптарды анықтайды.

       Акмеология - кәсіби шеберлік шыңына жетудің жолдарының заңдарын зерттейтін ғылым. Бұл адам тану саласында  дамып келе жатқан жас ғылым саласы демек, амеология ғылымы ересек адамдардың кәсіби оқытудағы басқару мәселелерін, оның жас ерекшелігіне әсерін, қызығушылығын оны  өз бетінше жетілдіру, шығармашылық қабілетін, кәсіби қызметтің шарықтау шегіне  дейін жеткізетін саланы зерттейтін ғылым болады.   

         ТМД елдерінде  мұра болып қалған, бұрынғы Кеңестер Одағында қалыптасқан кәсіптік- техникалық білім беру жүйесі, өзінің  қиын күрделі даму жолдарынан өтті, ол түрлі саладағы кәсіптік мектептерді, оқыту жүйесінде қамтыды

         Мұғалімнің кәсіптік  дайындаудағы, оның педагогикалық жоғарғы  оқу орнын бітірумен аяқталмайды, ол мұғалімнің кәсіптік бүкіл кезеңін қамтиды.  Сонымен бірге мұғалімнің кәсіптік біліміни үздіксіз көтеріп отыруы, оның шығармашылық қабілетін дамытуды және   дербес педагогикалық тәжірибесін үнемі  дамытудың шарты болып табылады.

         Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру  жоспарына  сәйкес олар  бес жылда  бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру  инсттитуттарында немесе педпгогикалық жоғары оқу орындарында  арнаулы  факультатифтеріне арнайы дайындықтан өтуі  тиіс. Біліктілік көтеру  немесе педагогикалық ЖОО базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қортылып, мекткпке  емтихан өткізуді  қажет ететіндігі атқарылады. Бұндай  жағдайда  мектепке арнайы  ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі  мұғалім үшін  баға  жеткіліксіз  төмен бола алады.

            Әдістемелеік жұмыстар дербес және жеке ерекшклікткрін  ескерілген жпғдайда  мұғалімдердің ғылыми- әдістемелік дайындығын жетілдіруге  деген сұранысына  жауап бере  алады. Мүғалімнің өзінің  педагогикалық білімін көтеру оның өз бетінше  педагогикалық құндылықтар, технологиялық, шығармашылық тәжірибелерді игеріу қарастырылады. Оның мазмұны психалогиялық- педагогикалық арнайы білімдердің, педагогикалық жұмысты  ғылыми ұйымдастырудың негіздерін, жалпы  педагогикалық міндетті  қамтиды.Әрбір мұғалім  өздігінен білімін көтеруі  ой еңбегінің техникасын білу, ақыл- ой әрекетінің  дербес ерекшеліктерін ескеру  негізінде  құрылады. Мұғалімнің өздігінен білімін көтеруі  оның бос уақытын дұрыс ұйымдастыру,  дербес жоспар  түзіп,  оны іске асыра  алуына тікелей  байланысты. Өздігінен білім  көтеру ауқымды  мәселелерді  қамтиды. Осывндай  мәселделер қатарында педагогикалық қатынас, оқуды  дербестендіру,дамыта  оқыту , лицей, гимназия, колледж сияқты жаңа типті  оқу орындарында  оқыту ерекшеліктерін атауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]