Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Казак тілі.doc
Скачиваний:
211
Добавлен:
26.02.2016
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Лепті сөйлем

Айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, аяу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлем ерекше әуенмен, дауы ырғағымен айтылып, сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады.

М: Құнанбай қатты зекіп қалып:

- Жә, тоқтат! – деді.

- Мынау өзі аттанар емес! Бас салып, қарап тұр ғой! – деп қалды.

(М.Әуезов)

Құрмалас сөйлем

Екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара мынадай жолдармен байланысады:

1. Интонация арқылы іргелес байланысады.

М: Байжанның оны көруі бірінші рет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша, сарғылт өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.

(С.М.)

2. Жалғаулықты шылаулар (кейде септеулік шылаулар) арқылы байланысады.

М: Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді.

(М. Әуезов)

3. Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады.

М: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.

(Б. Майлин)

Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді: салалас құрмалас, сабақтас құрмалас және аралас құрмалас.

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер өз ара тең дәрежеде байланысып, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада жұмсалса, ол салалас сөйлем болады.

М: Бұйрық нақ осылай болса керек, резервтегі күштің бәрі осы араға төгілді.

(Бақ.)

Құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі екіншісіне бағына байланысып, бағынған сыңарының (көбіне алғашқысының) баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Ондай құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

М: Қаланың көлемі үлкен болғанмен, көп этажды үйлер сирек болатын.

(З. Қабдолов)

Кемінде үш жай сөйлемнен құралып, олар бір-бірімен салалысып (бағынбай, тең дәрежеде)та, сабақтасып (бірі екіншісіне бағынып) та байланысатын құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

М: Қазір ол игіліктің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі көмекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты.

(Ғ. Мүсірепов)

Шылау Жалғаулық шылаулар

Өзара тең тұрған сөздерді ( бірыңғай мүшелерді), сөйлемдері (салалас сөйлемдер) байланыстырып, солардың арасындағы грамматикалық қатынасты білдіріп тұрған шылаулар жалғаулықтар деп аталады.

Түрлері

Жалғаулықтар

І. САЛАЛАСТЫРҒЫШ

1.Ыңғайластық

мен (бен,пен, менен), да (де, та, те), және, әрі, әм

2.Талғаулықты

әлде, біресе, я, бірде, болмаса, не, немесе, құй, мейлі

ІІ. САБАҚТАСТЫРҒЫШ

1.Қарсылықты

яки, бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, әйткенде, дегенмен, онда да, сонда да, сөйтсе де

2.Себепті

себебі, өйткені, неге десең, не үшін десең

3.Салдарлық

Сондықтан, сол себепті, сол үшін десең

4.Шарттық

егер, егер де, алда-жалда

5.Айқындағыш

яғни, демек

6.Ұстастырғыш

ал ендеше, ендеше, олай болса, онда