- •5В050800«Есеп және аудит», в051000«Мемлекеттік және жергілікті басқару»
- •Пәннің оқу әдістемелік кешенінің
- •Семей 2014
- •1. Глоссарий
- •2. Дәріс тақырыптары бойынша қысқаша түсініктеме. Пәннің мазмұны
- •1.1. Тәуекелділік түсінігі және даму тарихы.
- •1.2.Тәуекелділік түсінігін сипаттайтын негізгі терминдер.
- •1.3 Тәуекелділіктің классификациялары
- •1.4 Тәуекелділікті басқарудың сатылары.
- •2.1. Тәуекелділікке қатысты негізгі әдістер
- •2.3.Құрылымдық диаграммалар
- •4.4 Сурет. Өндірістік фирманың қүрылымы.
- •4.5. Сурет. Еншілес компанияның курылымы.
- •2.4. Ағымдар картасы
- •2.5. Тікелей инспекция.
- •3.1. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау.
- •3.2. Қауіпті индекс тәсілі.
- •4.1.Диверсификация-тәуекелділікті төмендетудің тәсілі ретінде.
- •6.Факторингтік келсім шарт.
- •4.3.Кәсіпкерлік тәуекелдікті сақтандыру.
- •4.4.Ішкі кәсіпкерлік тәуекелдікті төмендету жолдары
- •4.5. Бизнес-жоспарлау.
- •5.1 Тәуекелділікті басқару әдісінің тиімділігін бағалаудың жалпы тәсілдері.
- •5.2. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалаудың экономикалық критерийлері.
- •5.3. Сақтандыру және өзін өзі сақтандырудың экономикалық тиімділігін талдау.
- •5.4. Тиімділікті талдау нәтиежесі.
- •6.1. Инвестициялық тәуекелділікті бағалау тәсілдері.
- •2 .Шешімді шығару және қабылдау технологиясы
- •3.Практикалық сабақтың құрылымы
- •4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
- •5. «Тәуекелділікті басқару» пәні бойынша ағымдағы тест сұрақтары
- •6. Емтиханға арналған тест сұрақтары
5.1 Тәуекелділікті басқару әдісінің тиімділігін бағалаудың жалпы тәсілдері.
Тәуекелділіктер әртүрлі жолдармен төмендетіледі. Тиімділікті бағалауда тәуекелділікті басқаруда қолданылатын әдістер салыстыру негізінде кртитерийге байланысты болады. Критерийлерді өңдеуде екі кең таралған тәсілдер бар:
Берілген шектен аспайтын критерий параметрлерін таңдау;
Экономикалық үнемділік.
Бірінші тәсіл қауіпсіздік нормасымен және кәсіпорын жұмысының тұрақтылығымен тығыз байланысты.
Кәсіпорын өзінің экономикалық үнемділігін жеке қауіпсіздігін көтеру деңгейі есебінен ала алады. Бұл жағдайда тәуеклділікті басқару бойынша шараларды ұйымдастырудың әртүрлі факторлары инвестициялық жоба сияқты бағаланады: ең басында шығынды анықтайды, сонан соң абсолютті пайданы немесе бір шығынға кететін пайда нормасын.
5.2. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалаудың экономикалық критерийлері.
Кез келген әдісті қолдантәуекелділікті басқаруда кәсіпорын ішіндегі ағымдағы немесе күтілетін қаржы потоктарын қайта бөлуге әкеледі.
Қаржы потоктарын қайта бөлу кәсіпорынның таза актив құнының немесе жобасының өзгеруіне әкеледі. Олай болса, тәуекелділікті басқару тәсліне экономикалық тиімділік криреиийін қолдануда қаржы кезеңінің басында және аяғында есептелген, кәсіпорын құнының өзгеруіне әсер ететін бағалуын қолдануға болады. Инвестициялық жобаға коитерий ретінде тәуекелділікті басқару тәсілдерінің жобаның таза ағымдағы құнының өзгеруіне әсер етуін алуға болады.
Қаржылық тәуекелдік облысынан екі мысал келтіруге болады.
Мысал 1. Инвестициялық жоба.
Инвестициялық жоба тәуекелділігі жобаның таза ағымдағы құнының есебіне қажет жеке капиталы үшін дисконттық мөлшерлеме құрамында есептелінеді.
Сақтандыру тәуекелділікті төмендетеді, сонымен бірге дисконттың мөлшерлемесін төмендетеді. Басқа жағынан, сақтандыру жобаны жүзеге асыру мерзімі ішінде сақтандыру сыйақысына төленетін қосымша шығындарды әкеледі. Бұл нәтижесінде жоба пайдасының төмендеуіне әкеледі.
Мысал 2. Құнды қағазды инвестициялау.
Инвестор биржалық активті инвестициялау кезінде өткен жылдың көрсеткіштері негізінде, курстың өзгеруі бойынша қандай ықтималдылықпен табыс деңгейін алатынын бағалай алады. Осыдан кейін, өзінің болашақтағы экономикалық үнемділігін математикалық күту түрінде анықтай алады.
Осыдан кейін инвестор тәуекелділікті төмендетуде хеджирование тәсілін немесе кәдімгі әдіспен болашақтағы пайдасын сақтандыруды қолданады. Бірінші жағдайда инвестор үлкен ықтимадылықпен пайданың азаюының алдын алады, сонымен қатар хедж операциясына шығындар әкеледі.
5.3. Сақтандыру және өзін өзі сақтандырудың экономикалық тиімділігін талдау.
Сақтандыру және өзін өзі сақтандыру батыс әдебиетінде Хаустон әдісі деген атпен аталады. Оның мәні «кәсіпорын құны» тәуекелділікті басқарудың әртүрлі әдістерінің әсер етуі.
Кәсіпорын құнын оның еркін активтері құны арқылы анықтауға болады. Кәсіпорынның еркін активтері- оның барлық активтері және міндеттемелерінің барлық шамасының арасындағы айырмашылық. Тәуекелділікті сақтандыру және өзін өзі сақтандыру бойынша шешім кәсіпорын құнын өзгертеді. Өйкені осы шараларға кететін шығын ақша қаржысының немесе актив құын азайтады.
Кәсіпорынды сақтандыруда қаржы кезеңнің басында сақтандыру сыйақысын төлейді және болашақтағы болатын шығынның алдын алуға кепілдеме береді. Қаржы кезеңінің аяғында кәсіпорын құнын сақтандыруды жүзеге асыруда келесі формуланы қолданамыз:
S1= S- P+ r(S- P),
Мұндағы S1- сақтандыру кезіндегі қаржы кезеңнің аяғындағы кәсіпорын құны;
S- қаржы кезеңінің басындағы кәсіпорын құнв;
P- сақтандыру сыйақысының мөлшері;
r- жұмыс істейтін активтердің орташа табысы.
Шығын шамасы кәсіпорын құнына әсер етпейді.
Өзін өзі сақтандыруда кәсіпорын толығымен жеке тәуекелділігін сақтайды және арнайы резерв қорын құрады- тәуекелділік қоры.
Тәуекелділігі толығымен сақтандырылған еркін актив шамасына әсер етуін келесі формуламен бағалауға болады:
Sr= S- L+ r(S- L- F) +iF,
Мұндағы, Sr- тәуекелділікті толығымен сақтандыру кезіндегі қаржы кезеңінің аяғындағы кәсіпорын құны;
L- қарастырылатын тәуекелділіктен күтілетін жоғалтулар;
F- тәуекелділіктің резерв қорының шамасы;
i- тәуекелділік қоры ативінің орташа табысы.
Кәсіпорын өзін өзі сақтандыру кезінде екі шығын түріне ұшырайды- тікелей және жанама. Тікелей шығындар жылдық күтілетін жоғалтулар түрінде көрсетіледі.