Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

2.1. Тәуекелділікке қатысты негізгі әдістер

Тәуекел – менеджмент процессінде тәуекелділікті анықтау сатылары. Кәсіпорындағы тәуекелділікті анықтау және бақылауды ұйымдастыру. Тәуекелділікті анықтаудың негізгі тәсілдері: сұрау беттері, құрылымдық диаграммалар, поток карталары, тікелей инспекциялау, қаржылық және басқарушылық есептерін талдау.

Тәуекелділікті бағалап, арнайы шешім қабылдау үшін сол объекті қатысты бастапқы ақпараттар жиналған жөн, яғни тәуекелділікті туғызатын жайт.

Белгілі бір салаға байланысты тәуекелділік ақпараттарын жинау мақсаттында көптеген әдіс, тәсілдер бар.

Кез-келген жағдайда қай әдістің дәл келетінін анықтау қиын,бірақ оңай шешім жасай аламыз, егер тәуекел-менеджер өз жұмысын белгілі бір өнеркәсіп немесе қаржы коммерциясында жоғары білікті маман болса.

Ақпарат жинау мен тәуекелділікті анықтау көптеген келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға көп көмек көрсетеді.Тәуекелділікті анықтап білу үшін арнайы жоспар жасалуы тиіс.Қандай жоспар болмасын, ол өзінің бюджет қоры мен экономикалық артықшылығы, жауапкершілігі болуы қажет.

Кейбір әдістердің базалық негізі статистикалық қаржылық, басқарушылық жэне кәсіпорынның есепшоттық қағаздары немесе талдауына жүгінсе, екіншілері келеңсіз жағдайдың орналасу орнына, яғни инспекциялық негізде.Тәуекелділікті табу сандық талдаумен де құрылады, сонымен қатар сапалық реттеу де орын алады.Бұлардың барлығы кәсіпорындағы, ұйымдағы тәуекелділікті сипаттап, табуға арналған.

Өнеркәсіп объектеріне қатысты бастапқы ақпаратты мына негізгі әдістер көмегімен білеміз:

• Стандартталған анықтама беттері;

• Басқарушылық және қаржылық есептерінің бастапқы құжаттарын талдау жасап қарау;

• Кварталдық, жылдық қаржылық есептерге талдау;

• Өнеркәсіптің ұйымдастырушылық құрылымының талдау диаграммасы және құрылуы;

• Өнеркәсіптің өндіру техникалық процестерінің талдауы;

• Осы берілген салада мамандарға кеңес беру;

• Мамаңдандырылған консалтингтік фирмалардың эксперттік құжаты.

Бүл әдістердің әрқайсысы көп мөлшерде белгілі бір салада ақпарат бере

алады.

Анықтама беттерінің екі түрі бар:

1.Универсалды (стандартталған );

2.Мамандандырылған

Универсалды анықтама беттері - жалпылама түсінік береді және көптеген өнеркәсіп типтеріне келеді.

Мамандандырылған анықтама беттері - белгілі бір арнайы құрылымдық есептемеге және айырмашылығы бар жайттарға. Бұл беттер халықаралық практикада кеңінен қолданылады.

Анықтама беттерінің арнайы бір сұрақ реттері болады, оның көмегі арқылы арнайы объектінің құрылымы мен сандық мөлшерін біле аламыз.Бүл беттерінің кемшілігі, белгілі бір мөлшерден артық мінездемелік сұрақтарды қамтиды.

2.3.Құрылымдық диаграммалар

Құрылымдык диаграммалар әдісі кәсіпорын құрылымы мен одан шығатын кауіптердің ерекшеліктерін талдауға арналған. Бұндай жолмен алынған мәліметтер ең біріншіден менеджмент сапасы, өтімнің ұйымдастырылуы мен жарнама және т.б.мен байланысты ішкі кәсіпкерлік, сонымен қатар коммерциялық кауіптерді бағалауға пайдалы болып табылады.

Әрқайсысы белгілі мөлшерде өнім ассортиментін өндірумен айналысатын бас компания (БК) мен үш еншілес компаниялардан (К1, К2, КЗ) тұратын гипотезалык фирманы қарастырайық.

Бас мүдір

1

Өндіріс

Келісімдер бөлімі

Зсрттеу және жобалау

Еншілес компания К1

Маркетинг және сату

Еншілес компания К2

Қаржы

Еншілес компания КЗ

Бухгалтерия

Сатып алу

Секретариат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]