Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

1.3 Тәуекелділіктің классификациялары

Тәуекелділіктің дәрежесі компания қызметімен байланысты және байланысы жоқ көптеген факторларға тәуелді болады. Тәуекелділікке әсер ететін факторлар жеке тәуекелділікке әсерін тигізіп қана қоймай, топтасқан бірнеше тәуекелділікке әсерін тигізеді. Тәуекелділік туғызатын факторлар саны көп. Соның ішінде оларды 2 топқа бөлуге болады:

І.Ішкі факторлар бұл компания қызметі процесінде пайда болатын факторлар. Оған өндірістің айналым және басқару сферасындағы копанияның іс әрекеті болып табылатын процестерді, қозғалыстарды, заттарды жатқызуға болады.

2.Сыртқы факторлар бұл компания сыртында пайда болатын факторлар. Оған әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси факторларды жатқызуға болады.

Тәуекелділік туғызатын факторларды компанияның осы факторлардың қызметіне тигізетін әсері бойынша объективті және субъективті болып бөледі.

Тәуекелділік туғызатын факторлар микро және макрофакторлар бо-лып бөлінеді. Микрофакторларға компания қызметінің қателіктері, бағдарламалық қамтамасыз ету қателіктері, технологиялық процестердің қателіктері, басқару деңгейі жатады. Макрофоакторларға валюта бағамының өзгеруі, құлдырау деңгейі, салық салу мөлшерлеменің өзгеруі, климаттың өзгеруі жатады. Барлық тәуекелділікті келесі белгілері бойынша бөледі:

І.Қауіп қатер жағынан қолайсыз жағдай тудыратын техногендік, та-биғи, аралас тәуекелділік.

Техногендік тәуекелділік адамның шаруашылық қызметінен туындайтын тәуекелділік: қоршаған ортаның ластануы, аварияның болуы және т.б.

Табиғи тәуекелділік адам қызметіне байланысты болмайды. Оған негізінен табиғи апаттар: жер сілкінісі, су басу, дауыл, вулкан атқылауы т.с.с. жатады.

Аралас тәуекелділік табиғи және адам қызметінен болатын оқиға-лар жатады. Мысалы құрылыс жұмыстарын жүргізуден болатын тәуекелдіктер.

2.1с әрекеттің сипаттары бойынша:

Кәсіпкерлік тәуекелділік өнеркәсіптің айналымымен және табысымен байанысты болады. Кәсіпорынның құрал-жабдықтың тұрьп қалуына, күтпеген шығындарға байланысты,өзінің табысын жіберіп алуына байланысты пайда таба алмай алған кезде болатын тәуекелділік.

Қаржылық тәуекелділік келісім жүргізу процесінде, сауда серіктестіктерінің өзара қарым-қатынасынан және қаржыны басқару облысында пайда болатын тәуекелділікті жатқызуға болады: ұзақ мерзімді міндеттемелердің орындалмауы, несиені қайтармау, күтпеген соттасу шығындары, келісім-шарт бойынша келісімнің орындалмауынан болатын тәуекелділік.

Коммерциялық тәуекелділік сауда операцияларын жүргізу процесінде толық ала алмасу немесе шығынның пайда болуымен байланысты.

1.4 Тәуекелділікті басқарудың сатылары.

Тәуекелділікті басқарудың негізгі сатылары мыналардан тұрады;

1) тәуекелділіті талдау;

2) әсер ету тәсілдерін таңдау;

3) шешім қабылдау;

4)тәуекелдікке тікелей әсер ету;

5)баскару процесінің қортындысын түзеу және бақылау.

Тәуекелділікті талдау бастапқы сатысы—ол құрылым туралы , объект құрамы және ондағы тәуекелділік туралы қажетті ақпарат алуға мақсатталған. Жиналған ақпарат жеткілікті болуы керек. Талдау тәуекелділікті анықтаудан және оны бағалаудан тұрады.

Бағалау - анықталған тәуекелділіктің санын көрсету , оның сипттамасы болу ықтималдылығы және болатын зиян мөлшерін анықтайды. Осыдан кейін тәуекелділікке әсер ететін тәсілдерді таңдау сатысы басталады. Ол болашақта мүмкін болатын зиянды азайтуға мақсатталған. Тәуекелділіктің әрбір түрі оны азайту үшін кем дегенде екі- үш әдісті пайдаланады. Сондықтанда бүл жерде тәуекелділікке әсер ететін тиімді тәсілдердің ең тиімдісін таңдау кезіде киыншылықтар туындауы мүмкін. Тиімді тәсіл таңдаған соң кәсіпрынның барлық кешенді тәуекелділігіне басқарудың старатегиясы құрылады. Бүл саты - шешім қабылдау деп аталады. Бұл жерде қажетті қаржы және еңбек қорлары анықталады. Менеджерлер арасында тапсырмалары бөлініп беріледі және қойылады, нарықты талдау жүзеге асырылады. Тэуекелділікке тікелей әсер процесі үш негізгі әдістен түрады;

1) төмендету;

2) сақтау;

3) тәуекелділікке беру.

1) Тәуекелділікті төмендету - мүмкін болатын зиян мөлшерін азайту немесе болатын қолайсыз оқиғаның ықтималдылығын азайту. Көбінесе оған алдын-ала ұйымдастырушылық-техниклық шараларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Оған ғимарат пен үйлерге қауіпсіздікті күшейтудің әр-түрлі тәсілдері, бақылау жүйесін құру, өртке қарсы құрылғылар құру орнату, оқыс жағдай кезінде қолданылатын тәсілдерді жұмысшыларға үйрету және тағы басқа.

2)Тәуекелділікті сақтау — бұл зиянға бағытталған кез келген іс-әрекеттен бас тарту дегенді білдірмейді. Кәсіпорын арнайы қор құра алады ( өзін-өзі сақтандыру қоры немесе тәуекелділік қоры). Бұл қор қолайсыз жағдай туындаған кезде шығынның орынын жабады . Мұндай тәсіл өзін-өзі сақтандыру деп аталады.Сонымен қатар несие алу немесе қарыз алу тәсілдері қолданылады.

3) Тәуекелділікті беру бойынша шаралар - бұл нақты тәуекелділік деңгейін сақтандыру кезіде жауапкерілікті үшінші тұлғаға жүктеуді білдіреді. Оған сақтандыру жатады. Ол нақты бар ақыға , сақтандыру компанияларға тәуекелділікті беруді білдіреді. Тәуекелділікті беру құжаттар мәтінінде (келісім шарт, сауда келісімдер) өзінің жеке басының жауапкершілігін азайтатын арнайы мәтін енгізумен жүзеге асырылуы мүмкін . Тәуекелділікті басқарудың қорытынды сатысы бақылау және түзеу болып табылады.

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Хохлов Н.В. Управление риском./ Учебное пособие.- М: ЮНИТИ-ДАНА, 1999-

2.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

3.Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

1. «Тәуекелділік» түсінігі және тәуекел – менеджер мамандығының даму тарихы.

2. Тәуекелділікті классификациялау:

  • қауіпті жағы бойынша;

  • қызмет сипаты бойынша

  • обьект табиғаты бойынша

3. Тәуекелділікті басқару сатылары:

  • тәуекелділікті талдау;

  • әсер ету тәсілін таңдау:

  • шешім қабылдау;

  • тәуекелділікке тікелей әсер ету;

  • басқару процессінде нәтижесін ретке келтіру және бақылау.

Тақырып 2. Тәуекелділікті анықтау тәсілдері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]