Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УР даристер.doc
Скачиваний:
44
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
412.16 Кб
Скачать

3.1. Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау.

Кәсіпкерлік қызмет үлкен немесе аз деңгейдегі айқынсыздықпен байланысты ол кәсіпкерлік тәуекелділіктің әсер етуіне жақын тұрады, Тәуекелділікті басқару процесінде тәуекелділікті бағалау механизмі ерекше орын алады. Ол арқылы кәсіпкерлік қызметтің нәтижесіне әсер ететін тәуекелділік есептеледі. Тәуекелділікті бағалау бұл тәуекелділіктің шамаларын сапалық және сандық тәсілдермен анықтау. Кәсіпкерлік шешімді қабылдау процесінде кез келген қызмет саласында кәсіпкер алдында оның талабына ғана жауап беретін тапсырма тұрады. Бұл үшін кәсіпкер барлық мүмкін болатын варианттарды шешеді.

Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау және оның есебінің анықтылығын кәсіпкердің тәжірибесіне және жағдайларға байланысты болады. Егер шешім анықгылық жағдайында қабыаданса онда кәсіпкер шешімнің әрбір вариантының нәтижесін де біледі, бірақ кәсіпкерге айқынсыздық жағдайында шешім қабылдауға тура келеді.

Кәсіпкерлік тәуекедділікті сапалық және сандық бағалау тәсілдерімен анықтайды. Сапалық бағалау тәсілі қарапайым тәсіл оның бағыты ғылыми тапсырмасы мүмкін болатын тәуекелділік түрлерін анықгау тәуекелділік деңгейіне әсер ететін факторлады аныкқау.

Тәуекелділік мәселесіне арналған зерттеулерде тәуекедділікті сандық бағалауға әртүрлі көзқаастар берілген. Егер де кәсіпкерлік тәуекелділік сәтсіздік ықтималдылығы болса, онда бұл жағдайда тәуекелділікті бағалау алынған қорытындының талап ет1етін мәнінен болатын ықтималлдылығы болып табылады:

R=P(Dtr-D);

R- тәуекелділікті бағалау

Р-ыктималдылық

Dtr-қорытындының талап етілетін мәні

D-алынған нәтиже

Бұл тәсіл арқылы нақты бір нәтижені алғаннан кейін ғана тәуекелділікті деңгейін бағалайды, ал кәсіпкерге тәуекелділікті бағалау шешім қабылдау сатысында қажет.

А.А. Растригин бойынша «бұл кездейсоқ- кездейсоқ әлемде тәуекелділікті бағалауға зиянның ықтималдылығын, яғни сол зиянның болатынын анықтайды»:

R=U*P(U)

R-тәуекелділік дәрежес

U-күтілетш шш

P(U) - зиянның ықгимілдылығы

Тағы да бір тәсіл техникалық жаңартуларды бағалау тәсілі

Бұл тәсілдің құндылығы барлық тиімділіктің айқынсыз болуында күтілетін нэтиженің ықтималдылығына ұмтылу болып табылады.

Э=П*С*Т*Рт*Рк/ Ез

Э- жаңашылдықты жүзеге асыру тиімділігі;

П- жаңа бұйымды сатудан түскен жылдық көлемі;

С- бұйымның сату бағасы;

Т- жаңашылдықтьң өмірлік циклі;

Рт-техникалық хабар ықтималдылығы;

Ез- шығындардың сомасы.

3.2. Қауіпті индекс тәсілі.

Осы тәсіл көбінесе өндірістік кәсіпорында болатын потенциалды қауіпті бағалау кезінде қолданылады.Мұндағы басты мақсат қарастырылып отырған жүйенің қауіптілік жағдайларын сандық (индекстік) бағалау б.т. Әр түрлі әдістер бар. Алайда, өрт және жарылыс қауіпсіздігін

бағалауда көбінесе Дау индекстік әдісі қолданылады. Жекелей техникалық сипаттамалардың Дау индексін есептеу барысында техникалық жүйенің потенциалдық қаупін сандық жағынан сипаттайтын нақтылы көрсеткішті сәйкестікке қояды. Қарастырылып отырған жүйенің қызмет ету ерекшеліктеріне тоқталмастан аталмыш көрсетудің сомасы шығарылады. Дау индексі 2 интегралды көрсеткіш ретінде қалыптасады.

1) қауіптің бөліктік көрсеткіші (Ғ);

2)материалдық фактор көрсеткіші ретінде (М);

Дау =ҒМ (1 формула)

Материалдық фактор таңдалып алынған құрал жабдықтардың бірліктері құрамында болуы мүмкін немесе бар нақтылы химиялық заттар немесе материалдардан бөлінетін энергияның интенсифтілігінің санының шамасы. Оны анықтау үшін жүйеде қолданылатын барлық потенциалды қаупі бар химиялық заттардың және материалдардың тізімі құрылады.Осы заттардың әр қайсысына сәйкес оның қауіптілігін сипаттайтын б\б сан қойылады. Химиялық қауіпті заттар үшін сандар шкаласын арнайы халықаралық және ұлттық агентствалар тағайындап, нормативті құжаттарда көрсетіледі. Жүйенің жалпы материалды факторы қарастырылып отырған процесте қолданылатын барлық потенциалды қауіпті заттардың материалдық факторлардың сомасы ретінде анықталады:

М = X Vі * Ni

Мұнда і - қарастырылып отырған заттың нөмері;

VI - жүйедегі заттың қатысты көлемі (масса немесе көлем);

N - арнайы , шкала бойынша қауіптілІк индексі.

Материалдық фактор мәні әдетте 1-40 арасында болады. Қауіптің бөліктік көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі.

F=f1*f2

fі - жалпы қауіптер көрсеткіші;

f2 - спецификалық немесе өзіндік ерекшелігі бар қауіп көрсеткіші.

Жалпы қауіп көрсеткіші қолайсыз жағдайлар туындаған кезде шығындардың мөлшерін ұлғайтатын факторларды сипаттайды. Оларға жататындар:

Материлды пайдалану жэне олардың орнын ауыстыру мен т.б.

Ғі - көрсеткіш әрбір позиция үшін сандық мәндерінің сомасы ретінде есептеледі. Спецификалық қауіп көрсеткіші өрт немесе жарылыс ықтималдығын жоғарлататын факторларды сипаттайды. Оған сондай -ақ t шаң тозаң, қысым, тез тұтанатын материалдар көлемі мөлшері, жылыту құралдары жатады.Осы аталған позициялар <-► әрбір нақтылы сандық мәндермен сипатталады да, осы мәндер сомасы fі және f2 көрсекішінің мәндері бөліктік факторы есептеуге мүмкіндік береді. Дау индексінің мәні жоғарыдағыдай бөліктік және материалдық факторлар көбейтіндісі арқылы анықталады. Өрт және жарылыс салдарын жалпылама сапалық бағалау кестеде көрсетілгенде Дау индексінің шкаласы бойынша сипатталуы мүмкін.

Дау индексінің шкаласы.

Дау индексінің мәні

Қауіптілік деңгейі

1 –ден60 дейін

61-96

97-127

128-158

159-дан жоғары

Кіші

Орташа

Аралык

Қауіпті

Өте қауіпті

Алайда, кәсіпорында қолданылатьн Дау индексі жекелей алғанда өрт немесе жарылыстан болған шығындарды толығымен сипаттап бер алмайды. Дау индексінің мәні өрт немесе жарылыстың таралу ауданымен тікелей байланыста болады. Мұндай аудандарды немесе әсер ету радиусын анықтау арнайы кестелер немесе графиктер арқылы жүзеге асырылады. Әдетте мұндай кестелер мен графиктерді Европа немесе АҚШ агенствалары арнайы жинақтарда ұсынады. Қауіптің бөліктік факторы және материалдык фактордың мәндері, сонымен қатар шығын факторын бағалауға мүмкіндік береді. Шығын факторы У оның мәні 0 - ден бір аралығында

жатады. У мәннің , (шығын факторлар мэнің) кестелері немесе графиктерді сондай - ақ арнайы жинақтарда көрсетіледі. У мәннің анықтау арқылы өрт немесе жарылыс зонасындағы мүліктердің максималды шығынның (МУ) анықтауға болады.Бүл шығын мүлік қүнның (С) өрт немесе жарылыс зонасында бұл

Му = С * У (2 формула)

Сондықтан әртүрлі қауіпсіздік шаралар ретінде алуан түрлі жарылыс және өртке қарсы қондырғылар төтенше жағдайлар кезіндегі автоматты тоқтату кұралдары және т.б.

Дау индексі әдісінің негізгі көрсеткіштері

Шаманың аталуы

Белгіленуі және өлшем бірлігі

Формула

І.Өрт және жарылыс индексі (Дау индексі)

Дау

Дау = Ғ*М

2.Ықпал ету радиусы

R,г

-

З.Ықпал ету облысы орналасқан мүлік құны

6мың тенге

-

4-Шығын факторы

У

-

5.Максималды шығын

МУ мың тнг

СУ

б.Сенімділік коэфициенті

с*ғ

-

7.Нақтылы күтілетін шығын

R, У мың тнг

3 формула СҒ*МУ

Бұл қауіпсіздік шаралары сондай - ақ сенімділік коэфициенті (С Ғ) арқылы сипаттапуы мүмкін. МУ - тің бастапқы мәнін СҒ коэфициентінің мәніне көбейту арқылы шығынның нақтылы мәнін анықтауға болады.(КУ).

КУ = СҒ * МУ (3 формула)

Дау индексІн білген жағдайда тәуекел менеджерлер өндірістің қауіпсіздік жағдайына әрдайым бақылау жасай алады. Қауіп анықтаған жағдайда сәйкесінше оны төмендету шараларын қолдану қажет.

Есеп 1.

Мысалы "Алтын" ЖШС-ке өнімдерді жеткізу келісім-шартын бекіткенде сатып алушы тауарға ақыны мерзімінде төлейтіні туралы тәуекелдікті бағалауы керек. Келісім 10 ай мерзімге бекітілген.

Сатып алушьшың ақыны төлеу мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Төлеу мерзімі,

Фирма А

30

25

15

30

27

42

28

13

18

42

күн

Фирма В

25

31

42

38

25

27

43

46

35

34

Талданатын айлардағы төлеу мерзімін анықтау қажет. Бұл жерде орта өлшемді шамаларды пайдалану үсынылады.

Орта өлшемді төлеу мерзімі келесі формуламен есептеледі.

R= Ri*Pi

R - орта өлшемді төлеу мерзімі;

Ri - айлар бойынша төлеу мерзімі (күн);

Рi - ықтималдық.

P=Ki/n

Кі - белгінің қайталанатын мәнінің саны;

n - жалпы оқиға саны.

Ақыны төлеу ықтималдылығы келесі кестеде есептелінген.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Рі

Фирма А

0.2

0.1

0.1

-

0.1

0.2

0.1

0.1

0.1

_

Фирма В

0.2

0.1

0.1

0.1

-

0.1

0.1

0.1

0.1

0.1

Rа= 30x0.2+25x0.1+15x0.1+27x0.1+42x0.2+28x0.1+13x0.1+18x0.1=27 Rв=25x0.2+31x0.1+42x0.1+38x0.1+27x0.1+43x0.1+46x0.1+35x0.1+34x0.1=34.6

Берілген келісімнің тәуекелдігі стандарттық ауытқу көмегімен анықталады. Бұл жерде ауытқу зиянды немесе пайдалы болуы мүмкін. Стандарттык ауытқу шамасы жоғары болған сайын, берілген келісімнін кәсіпкерлік тәуекелдігі де жоғары болады.

Стандарттық формуланы мына формуламен есептеңіз:

G=D

D= (Ri-R)*Pi

Da= (30-27)х0.2+(25-27)х0.1+(15-27)іх0.1+(27-27)х0.1+(42-27)х0.2+ (28-27)хО.1+(13-27)хО.1+(18-27)х0.1 = 52.24

G=7.23

"Алтын" ЖШС -ң В фирмасымен жасаған келісім-шарттың тәуекелдігі аз, себебі бұл фирманың төлеу мерзімі мен нәтижесі А фирмасына карағанда төмен. Егерде келісім-шарттың 2 вариантьн әртүрлі көрсетілген нәтижелермен және әртүрлі тәуекелдікпен салыстыру қажет болса, вариация коэффициентін есептейміз.

Вариация коэффициенті күтілетін нәтиженің бір бірлігіне келетін тәуекелділік мөлшері анықталады.

Y=G/R

Ya=9.45/27=0.35; Yв=7.23/34.6=0.21

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Әділбеков М.Т. Кәсіпкерлік негіздері, Семей. 2002

2.Лапуста М.Т, Шаршукова Л.Г. Риски в предпринимательской деятельности.- М: ИНФРА-М, 1998.

3.Цай Т.Н, Грабовый П.Г, Марашда Бассам Сайел. Конкуренция и управление рисками на предприятиях в условиях рынка.- М, 1994

4.Чернов В.А, Анализ коммерческого риска.-М, 1998

5. Малохимина А.В Риск – менеджмент, М. 2004

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Тәуекелділікті бағалау процессінде шешілетін негізгі тапсырмалар.

  2. Қолайсыз жағдайлар ықтималдылығын бағалау тәсілдері:

  • Жағдайлар ағашын құру тәсілі;

  • Қайтару ағашын құру тәсілі;

  • Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау тәсілдері:

  • бағалаудың статистикалық тәсілі;

  • сараптамалық бағалау тәсілдері;

  • аралас тәсіл;

  • ұқсастарын қолдану.

  • Қауіпті индекс тәсілі

  • Қолайсыз жағдайдағы зиянның әртүрлі түрлері.

    5.Тәуекелділікті интегралды бағалау.

    Тақырып 4. Тәуекелділікті азайту тәсілдері мен жолдары

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]