- •1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.
- •2. Дк жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.
- •Сонымен, қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принцип/і:
- •3. Компьютердің операциялық жүйелері (ож). Ож-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.
- •4. Дк-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.
- •5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.
- •6. Кестелік процессорлар (ms Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.
- •7. Ms Access сияқты мқбж-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.
- •8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.
- •9. Программалық жабдықтамалардың (пж) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы пж.
- •10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •6.1 Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы
3. Компьютердің операциялық жүйелері (ож). Ож-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.
Операциялық жүйелер немесе системалар (ОЖ) – компьютердi басқаратын және құрылғыларды қолданбалы программалармен байланыстыратын программалар. Дербес компьютерлерде кең тараған операциялық жүйелерге MS (PC) DOS, WINDOWS 95/98, WINDOWS 2000/ХР, OS/2, UNIX, т.б. жатады. WINDOWS 98/МЕ қазіргі Microsoft корпорациясының стандарты.
Операциялық жүйе немесе система (ОС) – ең бірінші және ең басты компьютер программасы, ОЖ арқылы адам мен компьютер арасындағы байланыс орнатылады.
ОЖ – компьютер аппаратурасы мен басқа программалар арасындағы тасымалдаушы буфер. Ол программалардың командаларын қабылдап, машина тіліне аударады.
ОЖ – адамның компьютерде жұмыс істеуін жеңілдететін программа.
Кез келген ОЖ кем дегенде 3 бөліктен тұрады:
1.Ядро – командалық интерпретатор, ол ОС командаларын машина кодтарына айналдырады.
2. Драйверлер – құрылғыларды басқаратын программалар
3. Интерфейс – тұтынушыны компьютермен сұхбаттас-тыратын ыңғайлы орта. Тұтынушыға онша қызықты емес ядро осының ішінде орналасады. Графикалық интерфейс – шағын суреттермен көмкерілген көзге жылы орта. Алғашқы ОЖ-лер үшін тышқанмен шерту орнына сөз тізбегі енгізілетін. Мыс., Word программасын іске қосу үшін: winword.exe¿терілетін еді.
ОЖ түрлері:
Атқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді:
1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS
2. Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows
Тұтынушы санына қарай екіге бөлінеді:
1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS
2. Көптұтынушылы (многопользовательский) - Windows
Разрядтылығына қарай:
1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1)
2. 32-разрядты (Windows 98/ME)
Файл (file –бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.
Файлдық жүйе (ағ. File system) – компьютердегі ақпарат тасушылардағы мәліметтерді ұйымдастыру, сақтау және атау әдістерін анықтайтын жүйе. ФЖ файлдар түрінде топтастырылған құрамының форматын анықтайды. Нақты ФЖ файл атының өлшемін, файлдың максималды мүмкін болатын өлшемін, файл атрибуттары жинағын анықтайды. Кейбір ФЖ сервисті мүмкіндіктерді көрсетеді, мысалы енуді шектеу немесе файлды шифрлеу.
ОЖ тұрғысынан, диск кластерлер жиынынан тұрады. ФЖ драйверлері кластерлерді файлдар мен каталогтарға ұйымдастырады. Осы драйверлер қазіргі уақытта қай кластер пайдалануда, қайсысы бос, белгіленгендігін анықтайды.
Қызметі:
1. Файлға ат беру
2. Қосымшалар үшін файлдармен жүмыс істеудің программалық интерфейсі
3. ФЖ-ң логикалық моделін көрсету
4. Қоректену ақауларына, аппаратты және программалық жабдықтардың қателіктеріне ФЖ-ң орнықтылығын ұйымдастыру
5. Жүйенің басқа объектілерімен дұрыс әрекеттесуі үшін қажетті файл параметрлерін қамту.
Түрлері: FAT32, HPFS, ext2, QIC, CD и DVD: ISO9660, HFS, UDF, AEFS, NFS, CIFS, SSHFS, GmailFS т.б.
Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратын файлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу:
• Файл аты мен типі;
• Файлдың жазылған немесе соңғы өзгертілген мерзімі (дата мен уақыт);
• Файлдың байтпен берілген көлемі;
• Файлдың қорғаныс деңгейлері, маңыздылығы:
a. Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге болады;
b. Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл;
c. Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл;
d. Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын сақталатын файлдар, ОС файлдары.