Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4.информатика.doc
Скачиваний:
97
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
364.03 Кб
Скачать

4. Дк-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.

ХАРТЛИ ЖӘНЕ ШЕННОН ФОРМУЛАЛАРЫ (Ақпарат мөлшерін анықтау жолы) 

Америка инженері Р.Хартли 1928 ж. таңдап алынған хабар ішіндегі  I – информация мөлшерін N санының екілік логарифмі ретінде анықтау керек деп тапты.

Хартли формуласы:   I = log2N

Америка ғалымы Клод Шеннон 1948 ж. таңдап алу ықтималдықтары әр түрлі хабарлар жиыны ішіндегі информация мөлшерін анықтау формуласын ұсынды.

Шеннон формуласы:

I = — ( p1log2 p1 + p2 log2 p2 + . . . + pN log2 pN), мұндағы pi — N хабарлар ішінен i нөмірлі хабарды таңдап алу ықтималдығы.

Бұл формула бойынша егер p1, ..., pN ықтималдықтары тең болса, онда олардың әрқайсысының мәні 1/N –ге тең болады да, Шеннон формуласы Хартли формуласына айналып кетеді.

Клод Шеннон информацияны өлшеу үшін бір  бит  (ағылшынша bit — binary digit — екілік сан) бірлігін ұсынды.

Информация теориясында: Бит — ықтималдықтары бірдей екі оқиғаның бірінен бірін ажыратуға қажетті информация мөлшері.  

Есептеу техникасында командалар мен мәліметтерді компьютер ішінде бейнелеу үшін қолданылатын екі таңбаның ("0" мен "1“) бірін есте сақтауға арналған машина жадының ең кіші бөлігін бит деп атайды.

Бит — өлшеудің ең кіші бірлігі, сондықтан практикада одан үлкенірек өлшем бірлігі —  байт қолданылады. Байт — қатар тұрған сегіз биттен тұрады. Компьютер пернетақтасының 256 символдан тұратын таңбаларының кез келгенін  кодтау үшін 8 бит қажет (256=28).

Бұдан басқа іріленген өлшем бірліктері де қолданылады:

*1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт

ДК-дегі ақпаратты бейнелеу тәсілдері

*мәтін, сурет, сызба, график;

 *магниттік жазбалар

Кіріс ақпараты – фирмаға немесе бөлімшесіне келіп түсетін ақпарат. 

Шығыс ақпараты – бір фирмадан екіншісіне, бөлімшесіне жіберілген ақпарат. 

Ішкі ақпарат – объект ішінде пайда болады,   сыртқы  - объект сыртында.

Мәтіндік ақпарат - физикалық тасығышта (қағаз, дисплей экранындағы сурет) ақпаратты бейнелеу үшін пайдаланылатын алфавитті, сандық және арнайы символдар жиынтығы.

Графикалық ақпарат - әр түрлі графиктер, диаграммалар, сұлбалар, суреттер.

Ақпараттар классификациясы

  1.  Қабылдануына байланысты:

-визуалды – көру мүшелері арқылы

-аудио – есту мүшелері арқылы

-түйсіну – түйсіну рецепторлары арқылы

-иіс сезу мүшелері арқылы

-дәм сезу мүшелері арқылы қабылданатын ақпарат.

2. Суреттеу, келтіру формасына байланысты:

-мәтіндік – символдар түрінде беріледі.

-сандық – математикалық әдістерді білдіретін сандар мен белгілер түрінде

-графикалық – сурет түрінде

-дыбыстық – ауызша не жазба түрінде.

3. бағытталуына сай:

-жалпы

-арнайы – спецификалық жиынтықты қамтиды.

-жеке – қандай да бір адам туралы ақпарат.  

5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.

Мәтіндік редакторлар– басқа программалар құрамына қосылып, символдар тізбектерін енгізу, түзету және сақтау жұмыстарын орындайтын программалар. Бұлардың мүмкіндігі шектеулі болады. Мәтіндік редакторлар: Блокнот, WordStar, Multiedit, NortonEditor, т.б.

Мәтіндік процессорлар– мәтіндерді енгізу, түзету және де оларды форматтау операцияларын орындап, сурет, кесте салып, қате тексеретін, автоматты түрде тасымалдау істерін атқаратын, мәтін мазмұнын жасайтын, т.б.

Іс-әрекеттер тізбегін орындай алатын программалар тобы. Бұларға Лексикон, Word, WordPerfect программалары жатады. WordPad программасы процессорлар мен редакторлар аралығында орналасқан программа деуге болады. Мәтіндік процессорлар қуатты программа болғанмен кітап, журнал жасауға ыңғайлы емес. Мұндай мақсатта баспа жүйелері қолданылады.

Windows қосымшалары ішіндегі мәтін даярлайтын WordPad мәтін редакторы және оффистік қолданбалы программалар ішіндегі Word мәтін процессоры кез келген мәтінді жылдам форматтап, мынадай қызметтер атқарады: (мүмкіндіктері айтылады)

MS Word мәтіндік процессоры, оның мәтіндермен жұмыс істеу мүмкіншіліктері.MS Word – Windows жүйесінде мәтіндік құжаттармен жұмыс істеудің қуатты процессоры. Қазіргі замандағы мәтіндік процессор пайдаланушыға төмендегідей қызметтерді тиімді орындауға мүмкіндік береді (2007 мүмкіндікте):

Word алғашқы нұсқалары (Word 5.0-ге дейін) MS DOS жүйесімен жұмыс істеген болатын. Олар графикалық режимде емес, тек символдық режимде істеді.

1992-93 ж. Windows 3.1 жүйесінен бастап, Word 6.0 нұсқасы графикалық ортада жұмыс істеп, WYSIWYG принципі жүзеге асырылды.

Оның келесі нұсқасы Word 7.0 немесе Microsoft Word 95 деп аталды. Ол әр түрлі программалармен мәтін, сурет алмаса алатын қуатты процессор бола бастады.

Одан кейінгі нұсқасы Microsoft Word 97 (Word 8.0) – Оffice 97 құрамына кірді. Ол электрондық құжаттармен де жұмыс істеп, мәтіндерді тек .DOC типінде ғана емес, .HTM, .PDF сияқты электрондық форматтарда сақтай алатын болды.

Осы жылдардан бастап Word авторлық қызметті автоматтандыру жүйесі (authoring system) болып қалыптасты. Мұнда құжаттың екі түрі – электрондық және қағаздық түрлері қарастырылды. Оның әрқайсысы өз тәсілдерімен өңделетін болды.

Соңғы қуатты нұсқа – біз қарастыратын Word 2000 жүйесі болып саналады, ол компьютер желілерімен жақсы жұмыс істей алатын, баспа жүйелеріне жақындаған, өте көптеген мүмкіндіктері бар процессор.

Мәтінді форматтаумәтін бетін безендірупроцедурасы. Құжатты өңдеу кезінде оның құрамы өзгереді. Ал форматтау кезінде оның сыртқы бейнесі өзгереді. Мәтіндік редакторларда символдар мен абзацтарды форматтау түсінігі бар.

Символдарды форматтау кезінде шрифт параметрлері анықталады: гарнитура, өлшем, астын сызу, сызу типі, т.б.

WinWord –та шрифтті форматтауды мәтін фрагментін ерекшелеп, Формат/Шрифт командасын орындау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл команда шрифттік рәсімдеу нұсқалары қарастырылған диалогтық терезенің ашылуына алып келеді.

Абзацқа байланысты форматтау жиі қолданылады. Егер енгізілген сөз өте ұзақ болса, және де жолға симай жатса, мәтіндік редактор автоматты түрде жаңа жолға көшеді. Егер берілген абзац аяқталса, енгізу пернесі арқылы келесі абзацқа көшуге болады.

Құралдар тақтасында орналасқан батырмалар командаларды жедел түрде шақыруға негізделгенБатырмалардағы бейнеленген суреттер орындалатын амалдарды белгілейдіЕгер тышқан нұсқағышын нақтылы бір батырмаға алып барсақ, онда сол батырма туралы анықтама пайда болады, яғни сол батырманың атқаратын қызметін түсіндіреді. 

Форматтау сызғышы беттің алаңын, азат жолды қою, кестенің ұяшықтарының өлшемін реттеу қызметін атқарады.Айналдыру жолағы (мәтіннің орналасуын қарау сызғышы) тік және көлденең бағыттарда құжаттардың  беттер ретінде  орналасуына  мүмкіндік береді.Қалып-күй қатары белсенді құжат туралы ақпарат береді (беттер санын, меңзердің орналасуын және т.б.), ал меңзердің құралдар тақтасындағы нақтылы батырмаларда көрсетілуі сол батырманың атқаратын қызметін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]