- •1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.
- •2. Дк жұмыс істеу қағидалары (принциптері). Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары мен олардың атқаратын қызметі.
- •Сонымен, қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принцип/і:
- •3. Компьютердің операциялық жүйелері (ож). Ож-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.
- •4. Дк-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.
- •5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.
- •6. Кестелік процессорлар (ms Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.
- •7. Ms Access сияқты мқбж-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстард, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.
- •8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.
- •9. Программалық жабдықтамалардың (пж) жіктелуі (классификациясы). Жүйелік және қолданбалы пж.
- •10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •6.1 Сурет. Құжатқа кескіндерді кірістіру батырмасы
10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Графикалық редакторлар график түрiндегi информацияны дайындау және өңдеу үшiн қолданылады. Графикалық редакторлар бейнелердi әр түрлi етiп – схемалар, сызбалар, суреттер т.б. түрлерiнде жасай алады. Графикалық редакторлар мәлiметтердiң есептелу нәтижесiн график бейнесiнде көрсетуде де және өз қалауымызша түрлi сызықтар тұрғызуда да қолданылады, оларға автоматты түрде масштаб енгiзуге, керек болса координата өстерiне сандар мен атауларды жазып қоюға да бола бередi. Күрделi графикалық бейнелер тұрғызу кезiнде түрлi-түрлi фигура мен контурларды пайдаланып, олардың әрқайсысын әр түрлi түстерге бояуға да болады.Осындай мүмкiндiктерi бар графикалық редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator т.б. жатады.
Компьютерлік графиканың түрлері бар:
Растрлықграфика– Нүктелердің жиынтығынан құралатын растрлық кескіндер үшін руқсат нүктелер саны (айыру қабілеті) ұғымы маңызды орын алады, ол ұзындық бірлігінде анықталған нүктелердің санын білдіреді. Мұнда оның төмендігі түрлерін ажыратады:
1) түп нұсқаның айыру қабілеті; (дюймдағы нүкте арқылы анықталады);
2) экрандық кескіннің айыру қабілеті (элементарлық нүкте - пиксель);
3) басылу кескінінің айыру қабілеті (дюймда сызық - миниатура).
Растрлық графиканың принципі қарапайым. Біріншіден, бұл мозаика, екіншіден, таспаларға салу – кескіндерді дайындық қатты қағаздарынан қабырғаға көшірудің тиімді әдісі.
Растрлық графика кескін құрайтын жүздеген, мыңдаған пиксельдермен жұмыс жасайды. Бірақ пиксельдер өздерінің қандай объектіні құрып жатқанын «білмейді».
Растрлық графика программалары: Paint, (Fractal Design), Painter, Corel Photo Paint, Adobe Photoshop.
Растрлық кескін алудың аппараттық жабдықтары: сканелер, цифрлық фотокамералар, графикалық планшеттер, т.б..
Артықшылықтары:
1) Егер растрлық пикселдер өте кіші болса, онда растрлық кескіндер фотографиядан кем болмайды;
2) Растрлық суреттер принтермен оңай басылып шығады
Кемшіліктері:
1) Растрлық кескіндерді сақтау үшін жадыдан көп орын қажет;
2) Масштабтауда, бұруда және басқа түрлендірулерде растрлық кескіндер өте аз мүмкіндіктер береді.
Векторлық графика – Растрлық графикада негізгі элемент болып нүкте саналса, векторлық графикада – сызық (түзу). Математикалық тұрғыдан ол тұтас объект болып сипатталады. Векторлық графикада кескіндер қарапайым объектілерден құрылады – сызықтардан, доғалардан, шеңберлерден, эллипсоидтардан, тіктөртбұрыштардан, және т.б., оларды примитивтер деп атайды. Қарапайым векторлық объектілерден кескіндер құралады.
Векторлық графика программалары. Adobe Illustrator, Macromedia Freehanк, Coreldraw.
Артықшылықтары:
1) Векторлық кескіндер жадыдан салыстырмалы түрде аз орын алады
2) Векторлық кескінді сапасын жөғалтпай оңай масштабтауға болады, басқаларына тиіспей оның кез келген элементін өзгертуге болады;
Кемшіліктері:
1) Фотографиалық сападай кескін алуға болмайды;
2) Кейде қағазға басылмауы мүмкін, немесе қағазда тілегендей болмауы мүмкін.
Мысалдар:
Word құжатына графикалық объектілерді кірістіру өте оңай. Сіз кез- келген деректен суретті көшіре аласыз (веб- беттерден немесе басқа құжаттан), одан кейін ағымдағы құжаттың қажетті жеріне алмастыру буферінен суретті кірістіресіз. Одан басқа Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет батырмасын басыңыз (6.1. Сурет), Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.