Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азат практика.docx
Скачиваний:
150
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
606.38 Кб
Скачать

IV. Жеке тұлғаның бағыт бағдары және ерекше бейімділіктері.

Бекдәулет бос уақытта спортпен айналысқанды, кітап оқығанды, музыка тыңдағанды жақсы көреді. Мектепте оқып жүргеннен бергі дағдысы солай екен. Оқуын бітіргеннен кейін ары қарай магистратураға түсем деген арманы бар. Болашақта өзінің мамандығы бойынша мықты маман болуды алдына мақсат қылып қойған. Оқуда, еңбекте, қоғамдық істе және қарым-қатынаста жауапкершілікпен қарайды.

Қиындықта немесе қысылтаяң жағдайда Бекдәулет еш сыр білдірмейді, эмоционалды жағынан тұрақты, өз эмоциясын ұстай біледі. Алдына қойған мақсатына, міндеттеріне жету үшін қайсар да батыл, табанды қасиеттерімен көзге түсті. Бекдәулет өзіне және басқаларға талап қоя біледі. Оқытушылардың, топтың алдында беделді, сыйлы.

V. Ұжыммен қарым - қатынасы.

Топта белсенді, курстастары, жолдастарының арасында сыйлы, оқытушыларды сыйлап, өзін сыйлата біледі. Оқытушылармен өте тығыз қарым-қатынаста, өзі ешкімге ренжімейтін, мінезі өте сабырлы да сымбатты.

Vі. Мінез – құлқының ерекшеліктері.

1.Бекдаулеттің темпераментін анықтауда еш қыйындықтар тумады, темпераменті жағынан сангвиникке жатады. Бойындағы қылықтары, қасиеттері; мінезі ақкөңіл және қызу, ашық, ширақ, еш қысылмайды, ойындағысын айта салады, ренжуі тез қайтып, адамдармен тез тіл табыса алады. Бауырмал, қасындағылардан қолынан келген көмегін аямайды.

2.Көңіл күйі құбылмалы өзгеріп тұрады.

3Жанұясында ата-анасының берген тәрбиесінен таймай, өзінен кейінгі бауыр, қарындастарына да сол жолмен тәрбиелеуге, үлгі-өнеге болуға тырысып жүрген жігіт. Бекдәулеттің мінезі ашық, сабырлы, достарына адал. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Оқытушылармен қарым-қатынасы өте жақсы. Оқытушының сөздерін аяқасты етпейді. Сәтсіздік немесе қыйын жағдайларда эмоционалды жағынан тұрақты, өзінің эмоцианалды күйзелістерін ұстай біледі. Алдына қойған міндеттері мен мақсаттарына жету үшін шыдамдылық пен еңбекқорлық қасиеттерімен ерекшеленеді.

VII. Жалпы қортындылар.

Бекдаулет өз ісіне тиянақты, белсенді. Бастаған ісін соңына дейін апармай қоятын тік мінезі бар. Достарының арасында орны ерекше, беделі жоғары, білімі ақылына сай. Оқытушылар тарапынан берілген тапсырманы мұқият орындап, өзінің білімділігімен көзге түсе білді. Болашақта Бекдаулет өз ісінің кәсіби шебері, маманы болып, еліміздің болашағын ойлайтын азамат болатынына сенімім мол.

Психология кафедрасы:

п.ғ.д., профессор Тоқсанбаева Н.Қ.

Магистрант Сабыржан А. А.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

Тарих, археология және этнология факультетінің 3-курс

АЭ-31 К тобының әлеуметтік-психологиялық паспорты

МІНЕЗДЕМЕ

І. Топтың әлеуметтік демографиялық құрамы.

Тегі аты-жөні

Келген жері

1.

Абдрахманов Б.

ОҚО облысы

2.

Аятбек Д.

Алматы облысы

3.

Қырғызбаев Ж.

Алматы облысы

Топтың жастық құрамы 19-20 жастағы студенттер. Ұлдар саны – 3.

Алматы қаласында оқығандар – 1, облыс, аудан орталығы мектептерінде оқығандар – 2.

Әскерде қызмет еткендер, әскери кафедрада оқып жатқанстудент біреу. Жұмыс және еңбек стаждары жоқ. Оқу үлгерімі бойынша барлығы жақсы оқиды, үлгерімі нашар студенттер жоқ. Өте жақсы деген бағамен қазір 2 студент оқиды. Жалпы топ студенттер денсаулық жағдайы жақсы, ауру студенттер жоқ. Дене шынықтыру сабағына барлығы қатысады. Дене шынықтырудан босатылған студенттер болмаған. Топ студенттері спортқа қызыққанымен спорт шеберлері, дәрежесі бар студенттер жоқ. Жұмыс істейтін студенттер жоқ. Топта жанұя құрған студенттер жоқ.

ІІ. Топтың қоғамдық-саяси бейнесі

2-курс студенттерінің қоғамдық жұмысқа араласу деңгейі жоғары. Топтың ұйымшылдығын, олардың сабақтан тыс уақыттарда да театрға, киноға, табиғатқа бірге баратындарынан көруге болады. Топтың студенттері арасында студенттік ұйымдарда жүрген студенттер де бар. Топ тарихи журналдар (ҚазҰУ хабаршысы, Аңыз адам) шыққан мақалаларды оқып, президент жолдауларын, жаңалықтарды қызыға талқылайды. Топта дискуссия жағдайы көп орын алады.

ІІІ. Топтағы студенттердің кәсіптік бағдары және оқу мазмұны

Алғаш бірінші курста мамандықты 2 студент қалап келген. Біреуі тек грант болғаны үшін келгенімен уақыт өте келе бұл студент мамандыққа қызығушылығы пайда болып күшейіп, тіпті оқуды бітіріп магистратураға түсу ниеті бар. Топ сабақ мазмұнында үлгермей, түсінбей отырған студенттерге қолдау көрсетіп отырады. Үлгерім бойынша бұл топта 3-пен оқитындар мүлде жоқ. Топ студенттері олимпиада, конференцияларға өз еріктерімен көп қатысады. «Сәуір» конференциясында топ 100 пайыз қатысады екен.

ІҮ. Топтағы жеке тұлғалардың бір-бірімен қарым-қатынасы

Топ қатынастары ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Топ студенттерінің жауапкершілігі өте жоғары. Топ студенттерінің барлығы тапсырмаларды уақытымен орындайды. Бір-бірін өте сыйлайды және пікірлерін ортаға салып содан соң ғана шешім қабылдайды. Сабақта бір-бірін тыңдай алады, бір-біріне кедергі болмауға тырысқанымен әрқайсысы өз пікірлерін де қалады. Топ студенттерінің бәрінде лидерлік қасиеттер бар. Топтың ұйымшылдығын олардың сабақтан тыс кезде өзара жақсы араласуларынан көруге болады. Топ студенттері тек сабақта ғана емес өмірлік жағдайда да көмектерін аямайды.

Ү. Қорытындылар мен ұсыныстар

2-курс студенттері ретінде бұл Топ студенттері мінез жақтарынан тұрақталған емес. Кейбір студенттер әлі де өтпелі кезеңнен өтпегендей, балалық еркелігі басым сияқты. Топтың психологиялық картасын зерттеу барысында Топ студенттерінің оқудағы мотивтері айқындалды. Лисовский технологиясы бойынша студенттер тұлғасын сәйкестіндірсек, топта үйлесімді студенттер көп.

Психология кафедрасы:

п.ғ.д., профессор Тоқсанбаева Н.Қ.

Магистрант Сабыржан А. А.

Ашық дәріс сабағының жоспары

Өткен орны: Тарих, археология және этнология факультеті, 402 аудиторияда өтті.

Күні: 26.11.2015 ж.

Уақыты: 08.30-10.15 (2 пар)

Топ: 2 курс АЭ-31 к.«5В020800 – Археология және этнология» мамандығы

Сабақ түрі: ашық дәріс сабағы

Көрнекілік: тақырыпқа байланысты презентация.

Әдістер: баяндау, талқылау.

Тақырыбы: «Ә.М.Оразбаев және оның Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін зерттеуге қосқан үлесі»

Дәрістің мақсаты: Дәріс барысында қола дәуірі мен ерте темір дәуірінде Солтүстік Қазақстанның қыш ыдыстардың қалыптасуы мен түрлеріне олардың өзгешіліктеріне кеңінен тоқталу Лекция методикалық тұрғыдан дұрыс өткізілуін көрсету. Керамикадан жасалған ыдыстар Археололгиялық дерек ретінде, Қазақстанның көптеген музейлеріндегі экспонаттарына тоқтала отырып, олардың жай-күйіне талдау жасау.

Сабақтың міндеттері:

- теориялық-методологиялық мәселелерді, концептуалды тұрғы мен категориялық түсініктердің аппаратын анықтау;

- тарихи үрдістегі керамикадан жасалған ыдыстардың жасалу долдарының заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастыру мен анықтау;

Методологиялық кеңестер: Негізгі ғылыми бағыттарын, ғылыми жұмыстарының сатыларын, концепциялар мен тарихи көзқарастарын анықтау, керамикадан жасалған ыдыстарға байланысты нақты ұстанымдарын айқындау. Методологиялық негіздерін, нақты тарихи жағдайларды ескере отырып этнолог, археологтар қызметінің ерекшеліктерін, ғылыми деңгейі мен әлеуметтік ортасын анықтау.

Сабақты сұрақтар қою арқылы өткен сабақпен байланыстыру

Негізгі сұрақтар:

1. Қола дәуірі кезеңіндегіСолтүстік Қазақстанның керамикадан жасалған ыдыстардың ерекшеліктері

2. Ерте темір дәуірі кезеңіндегі Солтүстік Қазақстанның керамикадан жасалған ыдыстар және олардың ерекшеліктері

3. Қола және ерте темір дәуіріндегіСолтүстік Қазақстанның керамикалық ыдыстар оның ою-өрнектерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері

Әдебиеттер тізімі:

1. Эпоха бронзы лесной полосы СССР// Археология СССР. М.,1987

2. Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. М.,1966

3. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата,1966

4. Кузмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986

5. Членова Н.Н. Хронология памятников Карасукской культуры. М.,1972

6. Лунина С.Б. Археология Средней Азии. Ташкент, 1986.

Қысқаша дәріс

Ғылыми зерттеулердің көрсетуі бойынша, Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың мәдениеті, Андрон және Беғазы-Дандыбай мәдениеті болып екіге бөлінеді. Андрон мәдениетінің өзі үш кезеңге бөлінеді. 1.Федоров, 2.Алакөл, 3. Замараев, Археолог А.М.Оразбаев Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін осы кезеңдерге бөлуге негізінен қосылғанымен, Замараев кезеңін жеке мәдениет деп қарауды құптайды. Ғалымның айтуы бойынша бұл кезеңде алдыңғы кезеңдерге ұқсамайтын өзіне тән жерлеу әдет-ғұрыптарының барлығын көрсете келіп, оны Замараев мәдениеті деп атау дұрыс дейді. Сол сияқты Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалымдар (С. Черников, А.Г. Максимова ) жинаған материалдарын асүйене отырып, андрон мәдениетінің материалдарының ұқсастығына қарсы болмайды. Бірақ олар Шығыс Қазақстан жерінен табылған қола дәуірінің ескерткіштерін 4 кезеңгебөледі: 1. Усть-Бөкен, (ХVІІІ-XVI ғ.ғ). 2. Қанай (ХVI-XIV ғ.ғ). 3. Кіші-Краснояр (XIV-IX ғ.ғ) және 4. Трушник (IX-VIII ғ.ғ), Орталық Қазақстандағы қола дәуірін зерттеген Қ.Ақышев (1950) оны Андрон және Қарасу деп екіге бөледі..

Шағалалы қонысы Бұл көне металлургтардың ескерткішін біз Шағалалы қонысы деп атап кеткенбіз. Ол, Ақмола облысындағы Зеренді аймағында, Кеңөткел көлінің жанында орналасқан. Қалыптасқан ереже бойынша археологтар жаңа ашылған ескерткішке жақын маңайда орналасқан ауыл не өзеннің атауын береді. Аталмыш мекен Шағалы өзенінің оң жағалауында жайғасқан.

Ескерткішті 1954 жылы алғаш рет Кемал, Ақышев ашты. Ғылыми әлемге ол Павловка деген атаумен белгілі болды. Осындай атауды қоюдың бірде-бір себебі: ескерткіш Павловка ауылынан үш шақырым жерде орналасқан. Бүгінгі кезде Павловка ауылынан еш нәрсе қалмағандықтан, ескерткішке басқа атау беруге мәжбүр болып отырмыз. Кемал, Ақышев ескерткішті алдын ала зерттеген болатын. Өткізілген жұмыстардың нәтижесінде мекеннің «өмір сүру» кезеңі айқындалды: қоныс қола дәуіріне жатады.

2010 жылы қазба жұмыстары жаңадан бастады. Қазба жұмыстарымен археологтар екі жағдайда айналыса алады: біріншіден, табиғи құбылыстардан пайда болатын көктемгі тасқындар (көктем сайын Шағалалы қонысын су басады); ал екіншіден, табиғат өзіннің антропогендік ықпалын тигізуі мүмкін. Антропогендік факторлардың ішіне кіретіндер: ауыл шаруашылығы мен жол салу жатады. Шағалалы қонысы авариялық ескерткіштерге жатады, өйткені жыл сайын оны су басып қалады.

Табылған заттардың арқасында құрылыстардың толық реконструкциялауын өткізіп, осы көне мекеннің тұрмысын да қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Тағы бір назар аударарлық нәрсе: көп қабаттан тұратын ескерткіш. Мұнда мекендеген тұңғыш халық ерте қола дәуірінде өмір сүрген, адамдар қола дәуірінің соңына дейін бұл жерде тұрған. Уақыт озған сайын осы жердегі мәдениет те өзгеріп кеткен: кейбір тайпалары келіп, басқалары тұратын орнын ауысып жіберген болатын Халықтардың орын ауысына табиғат өзгерістері-де ықпал еткен. Содаң соң бұл жерді көшпенділер мекен еткен. Қола дәуіріне жататын жерлеурерде олар өздерінің тайпаластарын көмген.

Арқайым — орта қола кезеңінен (б.з.б. 2-ші мыңжылдық) сақталған тарих және мәдени ескерткіштер кешені. Ресей Федерациясындағы Челябі облысының Қазақстанға жақын оңтүстік аймағында, Үлкен Қарағанды және Өтеген құйылысында орналасқан. Арқайым алқабының атымен аталған. Ескерткіш 1987 жылыашылды. Содан бері кең көлемді ғылыми-зерттеулік жұмыстары жүргізілуде. Жанында осы аттас мәдени қорық пен зерттеу орталығы бар. Арқайым қонысы екі шеңберлі жал түрінде салынған, ортасында құрылыс салынбаған төртбұрышты алаң бар. Қоныстың жалпы ауданы 20000 м2, оның ауданы 8055 м2 бөлігінде археологиялық, ал 14000 м2 аумақта геофизиктер. Зерттеулер жүргізілді. Қорған қабырғаларының қалыңдығы 3-5 м-гежетеді. Қоныс сыртында тереңдігі 1,2-1,5 м, ені 1,5 м ор бар. Арқайымның негізгі қонысында 70-ке жуық тұрғын үйболған. 30-ға жуығы қазылды. Қыш ыдыстарсынығы, тастан, сүйектен жасалған бұйымдар, мыс және күшәлалы қоладан құйылған жонғыштар, пышақтар, біздер мен алуан түрлі әшекейлер табылды. Арқайымдықтар мал шаруашылығымен, егіншілік пен айналысқан. Арқайым қышының жасалуы Абашев мәдениеті кезінде, Қима мәдениетінің алғашқы кезеңінде, Солтүстік Қазақстандағы Петров, Алакөл мәдениеттері кезінде жасалған ыдыстарға ұқсайды. Бұдан арқайымдықтардың ата-тегі бірнеше этникалық топтардан құралғанын көруге болады. Арқайым — көлемі, құрылымдық сипаты, ғылыми деректерінің молдығы мен маңыздылығы жағынан тарих, археология ғылымдары үшін маңызды ескерткіш.

Алексеевка қола дәуірінің қонысы, зират. Қостанай облысы, Алексеевка ауылынан 4 км жерде, Тобылдың сол жағасында орналасқан. 1930-1935 жылдары Мемлекеттік тарихи мұражай экспедициясы (жетекшісі О.А.Кривцова-Гракова) зерттеу жүргізген. Ескерткіш қола дәуірінің соңғы кезеңі — б.з.б. 1 мыңжылдық басына жатады деп есептелінді. Кейінгі зерттеулер Алексеевка кешені ертерек кезеңге, б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысына жататынын көрсетті. Ұзындығы 1 км жерді алып жатқан зираттан 21 дөңес пішінді топыраққа бір ашылды. Шығысқа қарай діни-ғұрыпты қорын, оңтүстік-шығысында қоныс орналасқан. Төбе үстінде ғибадатхана тәріздес құрылыс орны байқалады. Қалған белгілерг еқарағанда негізгі табынушылық түрі төбе үстінен қазылған кішірек шұңқырларға арнайы сүт, өсімдіктен істелген тағамдарды құйып әкелген қышыдыстарды көму, сондай-ақ үлкенірек шұңқырларда ет тағамдарын өртеу болған. Құрбандық шалынған жерлерден 59 қыш ыдыс табылды. Қоныстың 2500 м2 жеріқазылып, 5-6 тұрғын үй зерттелді. Алексеевка кешенінен өте көпқыш, металл, тас, сүйектен дайындалған түрлі бұйымдар алынып, жерлеу, үй-құрылысы,металлургия, діни-ғұрыптық көзқарастар туралы маңызды деректер зерттелді. Солтүсті көлкенің Алакөл кезеңіне жататын Алексеевка кешенінің тұрғындары мал өсіру және егіншілік кәсібімен айналысқан, металлургия ісін жақсы меңгерген.

Пән мұғалімі

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров.

Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

«Археология этнология және музеология» кафедрасының