Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азат практика.docx
Скачиваний:
150
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
606.38 Кб
Скачать

II курс магистранты Асубаев Мираттың ашық дәрісінің

ХАТТАМАСЫ

26-қараша 2015 жыл

Топтағы студенттер саны – 3.

Қатысқандар: т.ғ.д.,профессор Елеуов М.Е.,т.ғ.д., доцент Омаров Ғ.Қ.,. АЭ 31к студенттері, Археология және этнология мамандығының 2 курс магистранттары.

Тақырыбы: «Ә.М.Оразбаев және оның Солтүстік Қазақстанның қола дәуірін зерттеуге қосқан үлесі»

Ашық дәрістің талқылануы:

т.ғ.д.,профессор Елеуов М.Е. Сабақ жақсы өтті. Сабақ барысында студенттердің қатысу деңгейі жақсы, тек қана машыққер ғана емес, студенттер де сөйлеп, өз ойларын білдіріп, сабақ айтып, баға алды. Аға оқытушы т.ғ.д., доцент Омаров Ғ.Қ. Сабақ тиісті деңгейде, әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтті, бірақ теориялық білім аздық етті және ұйымдастырушылық бірәз әлсіз, кейбір элементтер толық ойластырылмаған. Жалпы алғанда жаман емес.

Ұсыныстар: дәріс барысында тақырыпқа байланысты басылым материалдарын көрнекілік ретінде қолдану. Тақырыпты кең ауқымда, толықтырып, факультет деңгейінде өткізу.

Қабылданған шешім: дәріс өзінің негізгі талаптарына толықтай сәйкес келеді. Дәрісті «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады.

Қатысқандар:

т.ғ.д.,профессор

Елеуов М.Е. ________________

Қажыбек Б ________________

Шәкенов С. ________________

Сабыржан А. ________________

Практика жетекшісі

т.ғ.д., доцент Омаров Ғ.Қ.

Ашық дәріс сабағының жоспары

Өткен орны: Тарих, археология және этнология факультеті, 402 аудиторияда өтті.

Күні: 03.12.2015 ж.

Уақыты: 08.30-10.15 (2 пар)

Топ: 2 курс АЭ-31 к.«5В020800 – Археология және этнология» мамандығы

Сабақ түрі: ашық дәріс сабағы

Көрнекілік: тақырыпқа байланысты презентация.

Әдістер: баяндау, талқылау.

Тақырыбы: «Жетісудың қола дәуірі»

Дәрістің мақсаты: Дәріс барысында қола дәуірі мен ерте темір дәуірінде Жетісудағы қыш ыдыстардың қалыптасуы мен түрлеріне олардың өзгешіліктеріне кеңінен тоқталу Лекция методикалық тұрғыдан дұрыс өткізілуін көрсету. Керамикадан жасалған ыдыстар Археололгиялық дерек ретінде, Қазақстанның көптеген музейлеріндегі экспонаттарына тоқтала отырып, олардың жай-күйіне талдау жасау.

Сабақтың міндеттері:

  • теориялық-методологиялық мәселелерді, концептуалды тұрғы мен категориялық түсініктердің аппаратын анықтау;

  • тарихи үрдістегі керамикадан жасалған ыдыстардың жасалу долдарының заңдылықтары мен ерекшеліктерін қарастыру мен анықтау;

Методологиялық кеңестер: Негізгі ғылыми бағыттарын, ғылыми жұмыстарының сатыларын, концепциялар мен тарихи көзқарастарын анықтау, керамикадан жасалған ыдыстарға байланысты нақты ұстанымдарын айқындау. Методологиялық негіздерін, нақты тарихи жағдайларды ескере отырып этнолог, археологтар қызметінің ерекшеліктерін, ғылыми деңгейі мен әлеуметтік ортасын анықтау.

Сабақты сұрақтар қою арқылы өткен сабақпен байланыстыру

Негізгі сұрақтар:

  1. Қола дәуірі кезеңіндегі керамикадан жасалған ыдыстардың ерекшеліктері

  2. Ерте темір дәуірі кезеңіндегі керамикадан жасалған ыдыстар және олардың ерекшеліктері

  3. Қола және ерте темір дәуіріндегі керамикалық ыдыстар оның ою-өрнектерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан тарихы: Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006 жыл

  2. Қазақстан археологиясы. К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов

  3. Карабаспакова К.М. Племена Семиречья и Южного Казахстана в эпоху бронзы.Алматы, 1998 жыл

  4. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010 жыл

  5. Горячев А.А. О погребальном обряде в памятниках Кульсайского типа // История и археология Семиречья. Сборник статей и публикаций. 2 басылым. Алматы.2001 жыл

  6. Древние сокровища Алматы и Жетысу, Алматы, 2004 жыл

Қысқаша лекция

Жетісу тайпаларының мәдениеттері. Жетісудағы ең ірі ескерткіш Шу-Іле тауларының солтүстік-шығыс беткейінің етегіне орналасқан Қарақұдық қорымы болып табылады. Тақта тастармен жабылған тас жәшіктерде балалар мен жасөспірімдер жерленген. Цисталарда – бір-бірімен беттесіп, ішке қарай ұмсындыра қаланған тақта тастардан тұратын және тақта тастармен жабылған лақыттарда ересек адамдар жерленген. Балалар, сондай-ақ ересектер жерленген кейбір жәшіктер шеңберлей, сопақшаланып немесе тік бұрышталып қоршалған. Балалардың қабірлері қорымның оңтүстік бөлігінде, ортада қабірден бос алаң қалдырып, айналдырыла орналастырылған. Барлық қаңқа сүйектер қол-аяқтары қусырылған күйінде, бастары батыс, солтүстік-батысқа қаратылып жатыр. Балалар қабірінде (олардың кейбіреулері тақта тастармен жабылған) бас жағына тостаған, текше немесе құмыра тәріздес, өрнек салынбаған бір-бірден шағын ыдыс қойылған.

Ересектер қабірлерінен құмыра тәрізді үлкен ыдыстардың сынықтары, қола моншақтар мен сырт жағында ілмек сабы бар қола айна табылды. Қабірлерден табылған қой сүйектері, ыдыс сынықтарынан күйген тағам қалдықтарының табылуы өліктердің жанына сүт, өсімдік және ет тағамдарының қойылғандығын көрсетеді.

Алакөл ойпатында, Онағаш атырабында әйел қабірінен әшекейлерді тағу салтын қалпына келтіруге мүмкіндік берген заттар табылды. Әйел құлағына бір ұшында салпыншағы бар үлкен сырға таққан, қолына қола білезіктер салған. Киіміне көптеген қола қаптырмалар мен моншақтар тігілген. Онағаш отырабында қабірдің маңынан қоныс жұрты табылды. Үйлер жартылай жертөле үлгісіндегі тікбұрыш тәрізді, екі бөлімді құрылымнан тұрады. Есіктері көл жағынан шығарылған. Тұрғын жаймен іргелес орналасқан күлсалғыш орыннан астан қалған көп қалдықтар – қой-ешкі мен ірі қара сүйектері, қыш ыдыстардың сынықтары және ромб тәріздес қола тоға табылды.

Соңғы қола дәуіріндегі Жетісудың қола құю өндірісі мен тұтас алғанда материалдық мәдениетінің даму деңгейін қола заттардың көмбесі мен табылған кейбір заттар сипаттайды. Олардың арасында еңбек құралдары – орақтар, дүмі шығынқы ұңғылы балталар, шапашоттар, ұңғылы, сопақша және найза тәріздес қашаулар, пышақтар, мінсіз жасалған тас дәнүккіштер мен келсаптар бар. [Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 1 том. 143-144 беттер]

Шаруашылығы, қарулары мен әшекей заттары. Археолог мамандар қазіргі күнге дейін осы кезеңнің ескерткіштерін Қазақстанның барлық аумағынан тауып, зерттеп ғылымға жаңалықтар енгізуде.

Қола дәуірінде Алматы аумағы мен оның өңіріндегідей, б.д.д. ІІ-І мыңжылдықтың бас кезеңіне жататын «Анронов мәдениетінің» тұрақтары мен қорған-обалары пайда бола бастайды. Қоныс егіншілікпен, мал өсірумен және қолөнерімен айналысты. Ол жергілікті жерде «Тянь-шань» және «Көлсай мәдениеті» деп аталды. Ою-өрнекпен әшекейленген керамика бұйымдар, балталар, егін оратын қола орақ, тастан әллеміш заттар жасады. Жартастардың күн қақтаған жазық беттеріне көне суретшілер екі аяқты күйме арбалардың, күн басты құдайлардың бейнесін, ғұрыптық билер мен басқа да көріністерді шекіп түсірді [Древние сокровища Алматы и Жетысу, Алматы, 2004. –  9 б.]. Алтыннан соғылған, көркемдік деңгейі жоғары алғашқы зергерлік заттар да осы кезеңге жатады.

Жетісудағы Қапал селосының маңындағы Мыңшұңқыр обасынан табылған қола ғасырының кейінгі кезеңіне (б.д.д. ХІІ-Х ғғ.) жататын сырғалар ерекше жасалған. Олардың ішкі бетінде құланға ұқсайтын, тұрқы аласа дала жылқысының екі мүсіншесі орнатылған [Древние сокровища Алматы и Жетысу, Алматы, 2004. – 33 б.].

Қола дәуірінде мыс пен қалайының, қорғасынның қоспасынан қола қорытылып шығарылды. Өте берік әрі созылмалы металдан қару-жарақ пен еңбек құралдары: найзаның ұштары, айбалталар, ағаш ұқсату мен топырақты өңдеуге арналған балта-шоттар, пішен шабатын қол шалғылар жасалды.

Сұрғылт түсті тастан жасалып, жақсылап қырналып, өңделген тас келсаптар өте әсемдігімен ерекшеленеді. Олар ем-домдық дәрі-дәрмекті келіде түйіп, ұсақтау үшін қолданылған. К.М. Байпақов пен Т.В. Савельева еңбегінде: «Бұл шамандық емдеу тәсілінде еліктіргіш әсер тудырып, адамды ерекше күйге бөлейтін дәрі-дәрмек түрлері де болуы ықтимал» деп түйін жасайды Тастан бидай тартатын қол диірмендер жасалған [Древние сокровища Алматы и Жетысу, Алматы, 2004. – 35 б.].

Қола дәуірінде көзешілер, әдетте олар әйелдер болып келетін, саз балшықтан отқа күйдіріп құмыралар жасады. Керамика бұйымдар көне замандардың өзінде-ақ ою-өрнектермен безендірілген, оларды шикі балшықтың бетіне сызып түсірген немесе арнайы ирек тісті қалыппен бедерін басып шығарған [Древние сокровища Алматы и Жетысу, Алматы, 2004. – 36 б.].

Алғашқы табылған қола бұйымдар сирек кездесетін бағалы мұра ретінде бірден мұражайларға жіберіліп отырған. Мәселен, 1912 жылы Верный қаласының төңірегінен табылып, «Жетісу алтарі» деген ат иеленген құрбандық үстелшесі Эрмитажға тап болып, жете зерттеу нысанына айналды. Зерттеушілердің пікірінше, қазан шырағдандармен бірге үстелдің де ғұрыптық мәні бар, олар қасиетті храмдарда өткізілетін күнтізбелік мейрамдарда пайдаланылған. Археологтар Алматы қаласының оңтүстік шалғайынан осындай храмдардың орнын тауып, зерттеді.

ХХ ғасырдың 80-жылдары Оңтүстік Шығыс Қазақстанда , Жетісу атымен белігілі, қола ғасырының Қарақұдық ескерткіші қана белгілі болды. 80-90 жылдары зерттеушілердің бұл кезеңдегі ескерткіштерге деген қызығушылығы көптеген қоныстар мен қорымдардың ашылуына әкелді.Бүгінгі күні Жетісуда 30-дан аса қола ғасыры кешендері белгілі болып, 10-ға жуық тұрақтар мен 25-тен аса қорымдарға зерттеулер жүргізіліп, маңызды материалдар тауып, жүйеге келтірілді.

Бұл кезеңге жататын Іле Алатауы мен Күнгей Алатау таулы аймағындағы ескерткіштер басқа Жетісу кешендік ескерткіштерінен ерекшеленеді. Бұл археологтарға Шығыс жетісу мен Орталық Тянь-Шаньның таулы аудандарын қамтыған қоланың соңғы кезеңі Құлсай мәдениетін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл ескерткіштер алдыңғы таулы аймақ (Ұзынбұлақ-І), ортаңғы тау (Кұлсай-І) және жоғарғы таулы аймақ (Қызылбұлақ І және ІІ)теңіз деңгейінен 1000метрден 2500 метрге дейінгі биіктікте табылды.

Құлсай мәдениетіне жататын қорымдардан 44 ыдыс табылды. Керамикалар біртектес және түбі жайпақ. Жасалған ыдыстардың негізгі тобы формасы жағынан Жетісу кешендеріне жақын: Тамғалы, ой-Жайлау және Талапты [Горячев А.А. О погребальном обряде в памятниках Кульсайского типа // История и археология Семиречья. Сборник статей и публикаций. 2 басылым. Алматы.2001 ж . – 45 б.].

Ыдыстардың тұрпатын, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерттеу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне олардың белгілі бір түрі тән екенін анықтауға мүмкіндік береді. Қоныстарды мекендеушілерде қыш ыдыстарын жасау ісі едәуір орын алды. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Қола дәуірінде құмырашылар көбінесе әйелдер болды.Құмыраларға салынған өрнектер негізінен алғанда штрихталған үшбұрыштар, зигзагтар, шырша, дөңгелек батырып салған оюлар, сызықшалардан тұрды

Алдыңғы дәуірінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Тісті немесе тегіс қалыппен түсірілген шырша өрнектері, шаршы, үш бұрышты, сопақша өрнектер, қисайта батырылған түтікшемен түсірілген «орақ тәрізді», тырнақпен түсірілген өрнектер көп тарады. Басқа өрнектермен қатар «меруерттер» - дөңгелек, томпақ өрнектер кездеседі. Ыдыстардың бүйірі мен түбі түгел өрнектеледі.Өрнек тік, көлденең, ирек сызықтардың, тік ирекшелердің, сызықшалармен толтырылған үш бұрыштардың қиюласуынан тұрады.

Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелетіліп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Өрнек тегіс немесе ұсақ тісті қалыппен түсіріледі. Бұл дәуірдегі ең көп кездесетін геометриялық өрнек – үш бұрыш, меандр, сынық, ирек сызық және көбінесе ернеуі, мойны, үстіңгі жағы өрнектеледі, ал иіні ойық ыдыстарда сурет үш жерге – мойнына,ортасынан жоғарырақ бөлігіне, түбіне жақындау жерге салынады. Кейде ыдыстың түбі өрнектеледі [Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. – Алматы: Атамұра, 2010. – 112 б.].

Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі азды-көпті шығыңқы құмыралар сипаттайды. Олардың ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Кейде иініне өрнектің басқа түрлерімен қатар ирек сызық, қисық ойық, шырша, «меруерт» түрінде сурет салынады. Үстіңгі жағы сопақша ойықтармен өрнектелген немесе ешбір өрнексіз ыдыстар сирек те болса да кездесіп қалады.

Жасалынған қыш – құмыраларға қарап, олардың жасалу техникасы туралы сөз етуге болады. Ыдыстардың пішінін, жасалу техникасын және өрнегін салыстыра зерттеу қола дәуіріндегі мәдениеттің әрбір кезеңіне ыдыстардың белгілі бір пішіні тән екенін анықтауға мүмкіндік береді.Яғни, қола дәуіріндегі тайпалар қыш ыдыстардың жасалынуы, математикалық - типологиялық салыстырмалы әдісті пайдаланған.

Қола дәуіріндегі ежелгі тайпалардың көркемдік талғамы мен мәдениеті туралы сәндік заттар мен өнер бұйымдарына қарап қорытынды жасауға болады. Сарыарқа археологиялық институтының ғылыми қызметкері, археолог Э.Р. Усманова « Костюм женщины эпохи бронзы. » еңбегін жарыққа шығарды. [Карабаспакова К.М. Племена Семиречья и Южного Казахстана в эпоху бронзы.Алматы, 1998 ].

Бұл еңбектің құндылығы – Лисаковка аймағындағы қола ғасыры ескерткіштерін 25 жыл зерттеу нәтижесінде ежелгі Евразия кеңістігін мекен еткен тұрғындардың киімдерін, әдет-ғұрыптарын жан-жақты зерттеп, қайта қалпына келтіріп, ғылыми айналымға алып келді. Қола ғасырын зерттеумен айналысқан ғалымдар алдында алғашында кезеңдерге бөлу, хронологиямен, жерлеу әдістері, қайта қалпына келтірумен ғана айналысты. Кейінгі кезеңде сол ескерткіштегі табылған керамиканың жасалу технологиясы және мазмұны, ол жерде басқа да қолөнер бұйымдары сырғадан бастап киім-кешекке дейінгі заттарды жеке-дара зерттеуге әкелді. Археологиядағы ең қызықты тақырып сол дәуірде өмір сүрген адамдардың – киімі.

Қола дәуіріндегі тайпалар кендірден, қара қурайдан, жабайы зығырдан және қалақайдан иірілген өсімдік жіптерді де қолданды. Қабірлерден табылған аяқ киім қалдықтарына қарағанда, олар теріден тігілген, тақалары болмаған, тарамыс жіппен тігіліп, жіліншік тұсынан баумен тартылып байланған. Теріні ұқсату үшін ірі малдың жақ сүйектерінен жасалған лөкет пышақтар және қоныстардан жиі кездесетін тегістегіштер қолданылды.

Еркектер мен әйелдер басына жүннен тоқылған немесе теріден тігілген құлақшын киді. Сыртқы киімдер де жүн матадан тігілді. Олар сірә, қос өңірлі немесе мойнында ойығы болып, сол жағынан бір түймемен қаусырылған болса керек.

Қола дәуіріндегі қолөнердің тағы бір түрі зергерлік өнерді археологтар б.з.д. 2 мыңжылдықтардың екінші жартысына жатқызады. Әсемдік заттар да өмірде белгілі бір маңызға ие болған. Ілуде біреу болса да «аң» стилінде жасалған заттар кездеседі.

Жетісу қолалары Кездейсоқ олжалар мен көмбелерден табылған мыс және қола заттар сақ тайпаларының материалдық мәдениетінің тарихы жөніндегі жарқын деректемелер болып табылады. Көркемдігі жоғары қола олжалар мен көмбелердің саны жөнінен сақ мәдениеті дамыған басқа аудандардан Жетісуға тең келетіні жоқ. Олардың ішінде барынша назар аудартатындары кола қазандар, құрбандық ыдыстары және шырағдандар жинағы, тұрмыс заттары мен кару-жарақ, әсіресе монументті көркемдеп кұю бұйымдары. Бұлар - төрт аласа аяғы бар, жиегіне канатты арыстандардың мүсіні орналасқан тікбұрышты үстел, сондай- ак төрт мыс және бір темір қазан мен қола шырағданнан тұратын көмбе. Төртбұрышты табақшалардың бұрыштарына орналастырылған шырағдан қанатты жолбарыстардың төрт мүсінімен безендірілген. Басқа бір көмбеден табылған шырағданның дөңгелек табақшасы қуыс конус тәрізді тұғырға бекітілген, жиегінде бірінің сонынан бірі маңғаз басып келе жатқан сегіз жолбарыс бейнеленген, ал табақшаның дәл ортасына айыр өркешті екі түйенін мүсіндік бейнесі бекітілген. Тағы бір шырағдан төрт (үш қола және бір темір) қазанмен бірге Есік каласы маңынан табылды. Шырағданның дөңгелек табақшасы төр көзді конус тәрізді тұғырға орнатылған. Табақша үстінде аттың, ал оның қарсысында шығыстықтарша малдас құрып отырған ер адамның мүсіні бекітілген. Каменское плато маңынан (Алматы каласының төңірегі) копшілігінің жануарлардың аяқтары түрінде жасалған үш аяғы бар он қола қазаннан тұратын көмбе табылды. Жетісу казандары, құрбан шалатын орындары, шырағдандары сақтардың кұю тәжірибесі мен жетік техникасын және көркемдік талғамын дәлелдейтін аса көрнекті мәдениет ескерткіштері болып табылады. Сақтардың көркемдік қола бұйымдарының көптеп табылуы Жетісу тайпаларында кұю ісі өнерінің барынша дамығандығын және олардың мәдениетінің толтумалылығын көрсетеді. Түгіскен және Үйғарақ Ерте темір дәуірінде Шығыс Арал өңірінің аумағы мен Оңтүстік Қазақстанның оған шектес аудандарын массагет-сақтардың кұрамына кіретін этникалық топтар мекендеген. Олардың сол кездегі мәдениетінің ескерткіштері Сырдарияның төменгі бойындағы Үйғарак және Түгіскен қыраттарында орналаскан обалы корымдар болып табылады. Түгіскен қорымы екі дәуірдің ескерткіштерінен тұрады. Ең алдымен бұл — Солтүстік Түгіскен, б. з. б. IX—VIII ғасырлардағы қорымдар. Сақтардың обалы қорымы — Оңтүстік Түгіскен де осында Түгіскен үстіртінде орналаскан. Ол оз кезегінде екі кешенге бөлінеді, олардын біріншісі 9, екіншісі 27 обадан тұрады. Оңтүстік Түгіскеннің барлық сақ обалары б. з. б. VII—V ғасырларда тұрғызылған. Үйғарақтағы сол заманның 80 обасы үш топқа: шығыс, орталық және батыс топтарға шоғырланған. Олардан 70 оба қазылды. Ұйғарақ пен Түгіскенде жерлеу құрылыстары әртектес болғанмен, жерлеу ғүрпы бірдей. VII-V гасырлар обалары Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскеннің кұм үйінділері астынан алуан түрлі жерлеу құрылыстары қазылып ашылды. Оның бірі, негізінен Үйғарақтан ғана шыққаны — адамдарды жердің бетіне, жеңіл қаңқалы ағаш кұрылыстың не күркенің ішіне, қамыс төсеніш үстіне жерлеу. Мұндай кұрылыстардың сыртқы бітімі дөңгелек, сопақ немесе тікбүрышты болған. Олар Солтүстік Түгіскендегі қола дәуірінің карапайым жерлеу құрылыстарына ұқсас. Оларды Солтүстік Түгіскендегі жерлеумен жақын- дастыратын белгі — өліктің басын батысқа қаратып жерлеу және ішінара- өлікті өртеу салты. Жерлеу құрылыстарының екінші үлгісі — жерден қазылған шұңқырлар. Олардың бірнеше түрлері бар. Үйғарақ пен Оңтүстік Түгіскен қорымдарында шығыстан батысқа бағытталған тікбұрышты үлкен жер шұңқырларға жерлеу түрі көп тараған. Лақаттар ағаш бөренелерімен жабылып, олардың үстіне қамыс немесе ұсак бұтақтар қабаты теселген. Шұңқыр айналасындағы ескі кабат пен қабір топырағын да қамыспен жауып тастаған. Сонан соң диаметрі 15-20 м, кейде 30 метрге дейін же- тетін оба үйген. Кейбір жағдайларда үйінді қамыс пен топырак кабаттарынан тұрғызылған. Басқа жерлеу құрылыстарындағы сияқты, мұнда да отқа табыну кең таралған. Қабірдің бұрыштарында тіреу орындары сияқты кішкене шұңқырлар жиі кездеседі. Кейбір қабірлерде лақаттың түбінен қабырғаны жағалай арықша қазылған да, өлік жер «үстел» үстінде жатқандай болып көрінеді. Қабір бүрыштарындағы шүңқырлар сияқты, мұндай «үстелдер» де Солтүстік Түгіскендегі кесенелерінен дәстүрге айналған белгілі жерлеу ғұрпының жергілікті тәсілдері. Түгіскенде жерден қазылған шұңқырларға жерленетін обалардың тағы бір өзгеше тобы бар. Құрылыстардың бұл нұсқасы - ортасында беті ағаш бөренелермен жабылған жер шұнқыры бар, жан-жағы айнала қоршалған топырақ дуалдан тұрады. Дуалдың топырағы айналасындағы белдеулей қазылған орлардан алынған. Бұдан басқа, топырак дуалды қоршаған ор жанғыш материалдармен (шөпшекпен) толтырылған. Жерлеу кезінде барлық күрылысты айнала от жағылатын болса керек. Ақырында, Ұйғарақта жер кабірлердің Түгіскенде жоқ түрі бар. Бұл негізінен бұрыштары дөңгеленіп келген тікбұрышты тар молалар. Құрылымы жағынан оларды Түгіскен мен Үйгарақтагы үлкен жер шүңқырға жерлеумен жақындастыратын белгі — сырғауылдармен және бұтақтар мен жабылуы. Жерлеу құрылыстарының осындай әр түрлі болуы, шамасы, отбасылық қатынастар жүйесін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылымды, рулық қауымның эволюциясын да көрсетсе керек. Бұл, әсіресе Ұйгарақ қорымындағы әр түрлі обалар топтарыныц үлгісінде ерекше айқын байқалады. Абыз әйелдер көп жерленген шығыс топтың молаларында кейінгі қола дәуірінен келе жатқан ғұрып-дәстүрлері айқыны- рақ байқалады. Ұйғарақ обаларының орталық кешенін қалдырған рулық топ, мүліктердің құрамына және үлкен жер лақаттарға қарағанда, ең ыкпалды топ болған. Оның өкілдері әскери билік пен абыздық қызметті қатар жүргізген көсемдер болған. Бұған билік белгісі — күрзінің және салттық айбалта-қанжардың табылуы дәлел. Бұл жерде жерленген қару-жаракты салт атты жауынгерлердің зираттарының көпшілігі, баска рудың мүшелерінікі болса керек. Батыс жақ шетімдсгі тікбүрышты тар қабірлерге атағы жок және кедей рулық қауым мүшелерін жерлеген. Түгіскенде б. з. б. V ғасырдағы бай қабірлер тобы айқын аңғарылады. Олардың құрылымына тән нәрсе — кірер ауыздағы ұзын дәліз-дромос. Лақаттар өте терең болуымен ерекшеленеді. Өліктің басы шығысқа — солтүстік шығысқа қаратып жатқызылады. Шұңқыр әдетте, неғұрлым ертеректегі обалардағы сияқты қабырғаларымен емес, бұрыштармен бағытталған. Жерленгендер шалқасынан созылған күйінде, бастары шығыс солтүстік-шығысқа каратылып, кейде оларды лақат шұңқырларын қиғаштай, аяқтарын ромб тәрізді тізесінен бүгіп, окшелерін ішке қаратып (ат үстінде отырған кейіпте) жатқызылған. Лақат шұңкырлары мен дромос (ішінара) тегіс етіп жабылған. Сонымен б. з. б. V ғасыр обаларына бұрынғысынша тән нәрселер: лақаттардың бұрыштарындағы шұңқырлардың сақталуы, ілуде бір болғанымен, жерден қазылған қабірлер мен жер үстіне салынған жерлеу кұрылыстарының қатар қолданылуы, оттың жерлеу салтындағы елеулі рөл атқаруы. Соңғы сақ заманынын (б. з. б. V—IV ғғ.) біршама жақсы мәлім Қадыр бай-3, Қарашоқы және Қызылауыз сияқты ескерткіштер сол заманға жатады. Шолақ тауларында, Іле озенінің оң жағасында орналасқан Қара- шокы32 қорымында қазылған обаның топырақ пен қиыршықтас араласқан шағын үйіндісі; үйінді үстінде дөңгелек қоршау мен оның сыртынан қоршалған тағы бір қоршаудың тастары болды. Адам жерден казылған шұнқырға жерленген. Кабірдің ішінен б. з. б. V—IV ғасырларға жататын жебелердің ұңғылы қола үштары табылды. Қадырбай-2 (Іле аңғары) қорымының обаларындағы үйінді тас аралас топырақтан тұрғызылып, олардың іргелерін белдеулей тас каланған. Жерден казылған шұңқырдың түбіне қойылған тас жәшіктердің ішінен шалқасынан созылған күйінде, басы солтүстік-батысқа немесе батысқа қаратып жерленген өліктердің сүйектері табылды. Қабірлерден б. з. б. IV—III ғасырларға тән керамикалық ыдыстар, аңдық стильде сәнделген қола тоға және сабы бар қола айна шықты. Жерлеу мезгілі б. з. б. IV—III ғғ. деп белгіленеді.[ «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—149]

Педагогикалық практика жетекшісі

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров.

Пән мұғалімі

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров.

Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

«Археология этнология және музеология» кафедрасының