Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Азат практика.docx
Скачиваний:
150
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
606.38 Кб
Скачать

II курс магистранты Асубаев Мираттың ашық семинарының

ХАТТАМАСЫ

03-желтоқсан 2015 жыл

Топтағы студенттер саны – 3.

Қатысқандар: т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров., АЭ 31к студенттері, Археология және этнология мамандығының 2 курс магистранттары.

Тақырыбы: «Жетісудың қола дәуірі»

Ашық дәрістің талқылануы:

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров сабақ барысында студенттердің қатысу деңгейі жақсы, студенттер сабақ айтып, баға алды. Сабақ тиісті деңгейде, әдістемелік тұрғыдан дұрыс өтті, бірақ теориялық білім аздық етті және ұйымдастырушылық бірәз әлсіз, кейбір элементтер толық ойластырылмаған. Сабақ жақсы өтті. Жалпы алғанда жаман емес.

Ұсыныстар: семинар барысында тақырыпқа байланысты басылым материалдарын көрнекілік ретінде қолдану. Тақырыпты кең ауқымда, толықтырып, кафедра деңгейінде өткізу.

Қабылданған шешім: семинар өзінің негізгі талаптарына толықтай сәйкес келеді. Дәрісті «өте жақсы» деген бағамен бағалауға болады.

Қатысқандар:

т.ғ.к., доцент Ғ.Қ. Омаров. __________________

Қажыбек Б. __________________

Сабыржан А. __________________

Шакенов С. __________________

Практика жетекшісі

т.ғ.д., доцент Омаров Ғ.Қ.

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Өткен орны: Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасы №104 дәрісхана.

Күні: 05.12.2015 ж.

Уақыты: сағат — 10.20.

Сабақ түрі: Ашық сабақ, интерактивті

Көрнекілігі: Тарихи сабақтастық жөніндегі таныстырмалы сабақ, ролл-ап, слайд, буклет, суреттер.

Әдістер: баяндау, талқылау, сұрақ-жауап.

Тақырыбы: «Қазақ хандығы тарихы: археологиялық деректер»

Ұйымдастырушылар: археология мамандығының ІІ-курс магистранттары

Асубаев Мират, Сабыржан Азат, Мукашев Жансерік, Шәкенов Самат, Қажыбек Батыл.

Жетекшілер: п.ғ.д., профессор Тоқсанбаева Н.Қ., т.ғ.к., доцент Талеев Д.А.

Танымдық мақсаты: Қазақ хандығының 550 жылдық аясындағы кейбір көкейтесті мәселелердің басын ашу.

Дамытушылық мақсаты: Жастарға жаңа тарихты тың ақпараттар есебінен қайта таныстырып, тарихқа деген көзқарастарын жақсы жағынан дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еліміздің тарихын өскелең ұрпаққа таныстыру, жаңа заман зерттеулерін қамтитын тарихымыздың алтын кезеңдерін дұрыс түсіндіру арқылы, ортақ мирас қалдыру. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра отырып, рухани мәдениетті қалыптастыру.

Сабақтың басталуы:

Философия және саясаттану факультетінің профессоры п.ғ.д., профессор Тоқсанбаева Н.Қ.: «Сәлеметсіздер ме құрметті студенттер, оқытушылар және бүгінгі сабақтың қадірлі қонақтары! Археология, этнология және музеология кафедрасының археология мамандығының ІІ-курс магистранттарының «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында өткізіліп жатқан «Қазақ халқының тарихы: археологиялық деректер» атты ашық сабағымыз жас маман иегері атанғалы отырған психология мамандығының бакалавр студенттері мен магистрантарына тарихымыздың маңызды естелігі болып саналатын кешегі хандар тарихы мен олардың төңірегіндегі фольклер әңгімелерді талқыға сала отырып, шынайы жаңа деректермен толықтырылған ақпараттармен танысу мүмкіндігі туындап отыр. Ендеше сабағымызды ашық деп жариялаймыз.»

Сабақтың барысы:

Археология мамандығының ІІ-курс магистрантты Асубаев Мират:

Қазақ хандығы құрылуының мәселелері.

XY ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан аумағында ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процестің мәдени, рухани дамулардың мемлекеттіліктің дамуының және 14-15 ғасырлардағы саяси просестердің заңды қорытындысы болып табылады. Сондай-ақ қазақ халқының құрылуының Евразия тарихында алатын тарихи маңызы ерекше.Сондықтан да қазақ құрылуының қазіргі күн талаптар тұрғысынан таптық емес жаңаша көзқарастармен зерттеу кезек күттірмейтін маңызды мәселеге жатады. Күн сайын еліміздің мемлекеттілік тұғырының нығаюы бүкіл әлем алдында саяси және экономикалық беделінің өсуі Республикамыздың халықаралық аренадағы ролін айқындап отыр. Бүкіл дүниежүзі алдында қазақ мемлекеті өзінің дербестігімен және әртүрлі халықаралық саясаттағы ролімен көзге түсуде. Міне сол себепті де қазіргі мемлекетіміздің 15 ғасырдағы бір көрінісі,бір белесі болып табылатын қазақ хандығының тарихы оның ішінде оның құрылуы кімді болса да қызықтырары анық.

Дей тұрсақ та қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі күнге дейін Отандық тарих ғылымында толық шешілген мәселелер қатарына жатпайды. Тіпті бұл ауқымда мәселенің жекелеген мәселелері мен сұрақтары жөнінде қарама-қайшылықты, дау-дамайлы әр түрлі пікірлер болса, ал кейбір мәселелері әлі күнге дейін тарихшылардың назарына ілінбей күн тәртібіне қойылмай отыр. Міне, осыған орай біз осы жұмысымызда қазақ хандығының құрылуының жалпы мәселелеріне көңіл аударып зерттеушілердің назарын аудармақпыз.

Біз қарастырып отырған мәселе 19 ғасырдың 60 жылдарынан бері В.В.Вельяминов-Зерновтың атты жарыққа шыққан еңбегі тарихшылардың назарында келе жатыр. Мәселенің әр түрлі аспектілерін зерттеп қарастыруда әр жылдары Ш.Құдайбердіұлы, А.П. Чулошников, М.Тынышпаев, В.Вяткин, К.А.Пищулина, Т.И.Султанов және тағы басқалар үлес қосты. Осы тарихшылардың зерттеулері негізінде қазақ хандығы құрылуының мынадай мәселелері көпшілік назарына ұсынылды.

1.Қазақ хандығы құрылуына Керей мен Жәнібек сұлтандардың Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр ханнан бөлініп Моғолстанның батысындағы Шу бойына қоныстануы негіз болған. 2. Қазақ хандығы құрылуы хижраның 870 ж жүзеге асқан. 3. Қазақ хандығы құрылуы Алтын Орданың саяси ыдырау нәтижесінде болған. 4. Керей мен Жәнібектің көшуіне Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалық қайшылықтар мен шиеленістер себеп болған. 5. Керей мен Жәнібектің көшуі Дешті Қыпшақтағы таптық күрестің нәтижесінде болған. 6. Қазақ хандығы құрылуы бір тарихи оқиғамен құрылмаған, бірнеше жылдарға созылған тарихи дамудың заңды қорытындысы ретінде дүниеге келген.

Жалпы алғанда бұл атап көрсетілген тұжырымдар қазақ хандығы құрылуын ашуға жәрдемдеседі, бірақ мәселені толық қамти алмайды деп ойлаймыз. Өйткені біздің пікірімізше қазақ хандығының құрылуы жоғарыда айтып өткеніміздей ұзаққа созылған этно-мәдени, рухани және саяси дамулардың нәтижесінде жүзеге асқандықтан көрсетілген.  

(Жұмыс барысында слайд көрсетілді.)

Археология мамандығының ІІ-курс магистрантты Шәкенов Самат:

Факторлар қазақ хандығы құрылуына қатыстырылмай отыр. Міне сол себепті де біз төменде осы жағдайларды ескере отырып қазақ хандығы құрылуын ғылыми тұрғыда толық ашып көрсететін мәселелерді көрсетуге тырысамыз.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты Отандық тарих ғылымы да идеологиялық шырмаудан құтылып, үстем идеологияға емес сол тарихқа жасаған халықтың өзіне қызмет етуге бет бұрады. Тәуелсіздік алған жылдары тарих ғылымы барлық салалар бойынша даму жолына түседі. Сондай саланың бірі-деректану ғылымы.  20 ғасырдың 90 жылдары мен 21 ғасырдың алғашқы жылдары орта ғасырлық Қазақстан тарихының мәселелерін жан-жақты көрсететін көптеген деректер қазақ тіліне аударылды және араб, парсы тілдерінен орыс тіліне аударылды. Олардың қатарына Әбілғазының "Түрік шежіресі",Бабырдың "Бабырнамасы",Қ.Жалайырдың "Жылнамалар жинағы",Өтеміс қажының "Шынғыснамасы",М.Х.Дулатидің "Тариха Рашидиін" жатқызамыз.Әсіресе М.Х.Дулатидің "Тарихи Рашиди"еңбегі орыс тілінде екі рет және түпнұсқадан қазақ тіліне алғаш аударып жарыққа шығуы деректану ғылымының жетістігін көрсетті.Сондай-ақ бұл еңбек біздің қарастырып отырған мәселеміздің шеңберлерін кеңейтті.Осындай деректердің негізінде Қазақ хандығының құрылуының кейбір мәселелері алғаш рет тарихшылардың назарына іліне бастайды.Ал кейбір мәселелер туралы нақты ой пікірлер айтылады.Міне,енді біз 1990 ж. және қазіргі күндер аралығында осы мәселелер бойынша тарих ғылымына жеткен.Жетістіктерді талдай, саралай келе біз өзімізден өзіндік тұжырымымызды білдіреміз.Алдымен ескерте кетейік  біз қазақ хандығының құрылуының деректері мен тарихнамасының мәселелерін бұл жұмысымызда қарастырмаймыз.Бұл мәселелер  өте ауқымды болғандықтан ол арнайы түрде кесе қарастыруды талап етеді. Біздің қарастыратынымыз тарихи процестердіің өз мәселелері ғана.

Қазақ хандығының құрылуы белгілі бір дәрежеде тарихи процестердің заңды қорытындысы болғандықтан оның тарихи алғы шарттары болады.Тарихи алғышарттардың өзін іштей жіктейтін болсақ,ол мынадай факторлардан тұрады:

1.Қазақ хандығының құрылуының этникалық алғы шарттары 2.Қазақ хандығының құрылуының діни-рухани алғы шарттары. 3.Қазақ хандығының құрылуындағы моңғолдық фактор немесе мемлекеттіліктің дамуының әсері. 4.Қазақ хандығының құрылуына тікелей әсер еткен саяси оқиғалар.

Археология мамандығының ІІ-курс магистрантты Қажыбек Батыл:

«Керей мен Жәнібек бастаған

Ұлы көштің жолымен»

Талеев Д.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

«Археология, этнология және музеология»

кафедрасының доценті, т.ғ.к.

Аңыздар: 6 аңыз және Ұлы көш жолы туралы мәліметтер

Аңыздардағы жер-су аттары: Сыр, Шу, Талас өзендері, Қара тау, Хан тауы, Жамбыл тауы, Сұңқар, Майжарылған, Қойжарылған, Сексеуілді дала, Жыланды сай, Жыланды бұлақ, Теріскей, Сауысқандық, Майшы, Жайылма, Тұрлан, Қозыба

. Сауысқандық (Майшы) асуы. Қаратаудың Қызылорда облысының Шиелі ауданы жеріндегі асу.

Жайылма асуы. Қаратаудың Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы жеріндегі асу.

Тұрлан асуы. Қаратаудың Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан ауданы жеріндегі асу.

Теріскей. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының халқы Қара таудың оңтүстік беткейін «күнгей», солтүстік беткейін «теріскей» деп атайды. Демек, 400 км.-ге созылып жатқан Қаратудың солтүстік беткейі – Теріскей. сы, Тұлпарсаз, Хан тағы, Мойынқұм

Қызылжайма. Шу өзеніндегі өткел

Тұлпарсаз. Шу өзені арнасының Мойынқұм - Қарабөгет ауылдары аралығындағы өзек-өзектерге тарап кеңейген жері. Тұлпарсаздың ұзындығы 59-60 км, ені 8-20 км. Аңыздарда тышқан жылынан кейінгі жылғы көктемде Тұлпарсазда Керейді хан сайлағаны айтылған

Жыланды сай. Хан тауының оңтүстік беткейіндегі тауаралық жазық.

Жыланды бұлақ. Жамбыл тауының оңтүстік беткейінен басталған тауалды жазығындағы бұлақ.

Майжарылған, Қойжарылған таулары. Хан тауы мен Жамбыл тауларының аралығындағы оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасып жатқан таулар.

Майжарылған тауы. Таудың ұзындығы 23-24 км, орташа биіктігі 500-530 м, ең биік жері 582 м.

Қойжарылған тауы. Таудың ұзындығы 25-26 км. Орташа биіктігі 450-480 м, ең биік жері 525 м.

Хан тауы. Сұңқар Хан тауындағы ең биік шоқы (1052 м).

Хан тағы. Хан тауының солтүстік-шығыс бөлігіндегі биік шоқылардың үстіндегі сыртқы көрінісі тақ тәрізді болып келген табиғи жартастар. Оларды «Үлкен хан тағы», «Кіші (бала) хан тағы» деп атайды. Биік шоқының ұшар басындағы «Үлкен хан тағы» батысқа бағытталған, географиялық координаттары: СЕ 4427530, ШБ 7400.164, т.д.б. 740м. Жергілікті тұрғындардың айтуына қарағанда қазақтың хандары, батырлары осы жерде тұрып Қойжарылған, Майжарылған, Жамбыл таулары аралығын, Қозыбасы алқабын бақылап отырған.

Қозыбасы, Хан тауы, Қойжарылған, Майжарылған, Жамбыл тауларымен Балқаш көлінің арасында жатқан кең жазық пен шағын жота Қозыбасы аталған. Археологиялық ескерткіштер Тараз, Бас Ақтөбе, Орта Ақтөбе, Аяқ Ақтөбе, Бала Ақтөбе, Құлан, Меркі, Аспара, Шәрі, Қойшыман, Түркістан, Сығанақ, Сауран, Құмкент, Ыстөбе, Хан қорасы, Хан сатысы, Хан оры, Керейдің қыстауы.

Олардың қатарындағы Сығанақ, Сауран, Түркістан, Қаратаудың күнгейіндегі, Құмкент Қаратаудың теріскейінде, Тараз Талас өңірінде орналасқан ортағасырлық қалалар. Меркі, Құлан, Аспара, Шу өзенінің орта ағысындағы ал Бас Ақтөбе, Орта Ақтөбе, Аяқ Ақтөбе, Бала Ақтөбе, Ыстөбе, Шәрі мен Қойшыман, Шу өзенінің төменгі ағысында Мойынқұм ауданында орналасқан ортағасырлық қалалар.

Ортағасырлық Шәрі қаласы,

Ортағасырлық Қойшыман қаласы

Қорытынды. Жалпы қорыта келе тағы да қайталап айтарымыз Қазақ хандығының құрылу мәселесі әлі де болса арнайы түрде зерттеуді қажет етеін мәселелер қатарына жатады. Біз тек бұл мақалада осы күрделі мәселелер төңірегіндегі сұрақтар туралы ой қозғап. Оны шешуге тікелей жәрдем тигізетін жеке мәселелерді атап көрсеттік. Ал оларды зерттеу алдымыздағы тұрған маңызды мәселердің қатарына  жатады. Аталмыш ашық сабақ тыңдаушылар тарапынан қызу пікір-талас туғызып, жаңа қорытындыларға жол ашты.

Әл-Фараби атыңдағы Қазақ Ұлттық университеті

Тарих, археология және этнология факультеті

«Археология этнология және музеология» кафедрасының