Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз

Қабылдау дегеніміз – заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, исі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді. Мысалы: алманы қабылдауды алайық. Алма қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі бірмезгілде әсер етеді де, тұтас зат бейнесі пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше орын алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп тұрады. Бұлардың бәрін дұрыс қабылдай алмайды. Егер бала өмір бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.

Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қыртысындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен анализдік – синтездік қызметінің нәтижесі. И.П. Павлов қабылдауды мидағы «қатынас рефлексінің» жұмысы. Сөйтіп қабылдау түйсіктегідей бір анализатордың қызметі емес, бірнешеуінің қызметі. Мысалы: киноны көру 2 анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

Кеңістік пен уақыт – материяның өмір сүруінің негізгі формалары. Кеңістікті қабылдау – заттар мен құбылыстардың көлемін, тұрқын, түрін, аумағын, алыс – жақындығын, тайыз – тереңдігін, бағыт – бағдарын қабылдау деген сөз. Кеңістікті қабылдау өте күрделі процесс. Мысалы: заттың көлемі мен түрін қабылдау – көру, сипай сезу, қимыл – қозғалыс түйсіктерінің күрделі үйлесімі арқылы ғана жүзеге асады. Дүниедегі заттың барлығы да кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік немесе аласа т.б.). Сондай – ақ олар бізден түрлі қашықтықта тұрады. Кеңістікте орналасқан заттың көлемін қабылдауда екі көзбен көрудің (биноқулярлық көру) маңызы зор. Ал бір көзбен көру (моноқулярлық көру) тереңдік жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Мұны бір көзді жұмып, екі қолды бір – біріне тигізбей, инеге жіп сабақтаудың қиын екенінен де байқауға болады.Биноқулярлық қарауда екі көзге түсетін кескін қосылып кетеді де, нәрсенің бедері айқын сезіліп, бір ғана кескінге айналады. Қашықтық пен заттардың көлемін қабылдауда көздің конвергенциясы, яғни екі көздің көрінетін затқа бір көздей болып әрекет етуі қажет болады (конвергенция – латынның конвергере деген сөзі, қазақша жақындату деген мағынаны білдіреді). Бұл құбылыс жақындағы нәрсені ажыратуда байқалады. Көз тіккен нәрсе неғұрлым жақын тұрса, конвергенция да сонша күшті болады да, көз ішке бұрыла береді. Көздің түрлі қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеттілігін «аккомадация» деп атайды (Аккомадация – латынның аккомадатио деген сөзі, қазақша көз үйрету деген мағынаны білдіреді). Көздің аккомадациясы хрусталь дөңестігінің өзгеруіне байланысты жақын заттарды көргенде жиырылады да, алыстағы заттарға қарағанда ашыла түседі. Қашықтықты қабылдау өте күрделі процесс. Мәселен: іштен соқыр болып туған адам көзіне операция жасағаннан кейін де қашықтықты айыра алмайды. Оның көзіне іліккен нәрсенің бәрі бірдей, дәл алдында тұрғанға ұқсайды. Алыстағы заттар қозғалса да, өзі соқтығысып қалатындай көрінеді.

Уақытты қабылдау. Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстарда болатын өзгерістердің санаға әсер етіп қалдыратын бейнесі. Сыртқы дүниедегі оқиғалардың бәрі бір бағытта, яғни өткен шақтан осы шаққа, одан келер шаққа ағады. Уақыттың шақтарын қабылдауда субъективтік моменттер орын алады. Мысалы: өткен шақ адамға өте қысқа мерзімді болып көрінеді. Өткен шақты сағаттап санап отырмай, айлап, жылдап, ғасырлап есептейміз. Адам өмірінде оқиға қызықсыз, елеусіз болса, уақыт мүлдем өтпей қояды. Ал адамның уақыты мағыналы, қызықты істерге толы болса, уақыттың қалай өткенін білмей қалады. Сол сияқты балалар үшін болашақ алыс, өтпейтін болады да, ересектер үшін тез өтіп кеткендей болады.

Қабылдау ойластырылған (ықтиярлы) және ойластырылмаған (ықтиярсыз) деп бөлінеді. Ойластырмай қабылдау айналадағы заттардың ерекшеліктерін қабылдау. Мысалы: көшеде келе жатып машинаның гүрілін, адамдардың сөзін естиді. Осы қабылдауда алдын – ала мақсат болмайды. Ойластырып қабылдауда адам алдына мақсат қояды. Объектіні таңдап алады. Мысалы: концерт тыңдау, баяндама тыңдау т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]