- •1.Психология пәні, мақсаты,міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •2.Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз
- •XVII-XIX ғ. Психология
- •3.Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •4.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз
- •8.Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •3. Вибрациялық туйсікте
- •9.Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз
- •10.Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз
- •11.Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
- •12.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз
- •14.Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •16.Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
- •17.Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
- •18.Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз
- •19.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •20.Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22.Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңы
- •23.Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28.Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз
- •32Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
- •33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
- •34Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз
- •35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз
- •36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
- •40.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •41. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •42. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •44. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •45. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.
- •49.Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
- •50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз
- •51.«Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз
- •52.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
- •53.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз
- •54.«XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз
- •55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз
- •56.Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз
- •57.Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз
- •58.Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз
- •59.Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз
- •60.Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз
- •Тұлға дамуының кезеңдері (э.Эриксон бойынша)
33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.
Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан, белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi ұйымдастырады.
Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы, ерiншектiгi, енжарлығы, ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б. кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.
Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады.
Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Мәселен, адам мүлтiксiз, өте дұрыс және қажеттi шешiмдер қабылдайды делiк. Алайда, сол шешiмдi орындау үшiн күш-қуатын жинап, жұмылдырмаса, яғни, азды-көптi күш жұмсамаса, онда ол өз мiнез-құлқын игеруде дәрменсiздiк көрсетедi. Бұл жағдайда алға қойған iстi практика жүзiнде орындаудың дұрыс жолы табылғанымен шешiм орындалмай қалды. Оларды жүзеге асыруға ерiк күшi жетпей қалды. Демек, бiр нәрсенi саналы ұғыну дегенiңiз әрекет жасаумен барабар емес. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда - сезiмнiң әрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады. Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-құлықты ұстамды ету құралы да бола алады. Мәселен, ұят сезiмi жағымсыз қылық жасауға тыйым салғандай болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге берiлмей әрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы, түнде далаға шығу қорқынышты-ақ, әйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi нәрсенi алып келедi. Адам жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен, шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi.