- •1.Психология пәні, мақсаты,міндеті мен әдістерін сипаттаңыз
- •2.Психологияның даму тарихын кесте түрінде бейнелеңіз
- •XVII-XIX ғ. Психология
- •3.Психология ғылымның негізгі салаларының өзара байланысын талдаңыз
- •4.Психология ғылымының дамуындағы негізгі кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •5.Психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •6.Тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әсер етуші факторларды айқындаңыз
- •7.Тұлға дамуының концепцияларының негізгілерін сипаттаңыз
- •8.Түйсік және оның түрлерінің өзарақатынасына анықтама беріңіз
- •3. Вибрациялық туйсікте
- •9.Түйсіктің заңдылықтарының табиғатын көрсетіңіз
- •10.Түйсiктердiң қандай негізге сүйеніп жiктелетінін атаңыз
- •11.Қабылдау түрлері мен заңдылықтарының өзарабайланысын орнатыңыз
- •12.Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері табиғатын сипаттаңыз
- •13.Қабылдаудың түрлерi: кеңiстiктi, уақытты және қозғалысты қабылдау өзарақатынасын көрсетіңіз
- •14.Естің негізгі процестерінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •15.Естің түрлері мен процестерінің өзарабайланысын көрсетіңіз
- •16.Естің психологиялық теорияларын анықтаңыз
- •17.Естің индивидуалды ерекшеліктері және дамуын сипаттаңыз
- •18.Есте сақтау мен жаттау ережелерін сипаттаңыз
- •19.Ойлау түрлері мен формаларының табиғатын талдаңыз
- •20.Ойлаудың қасиеттері.
- •21. Сөйлеудің түрлері
- •22.Ауызша және жазбаша сөйлеу ерекшеліктерін салыстырмалы түрде талдаңы
- •23.Сөйлеу және оның қызметтеріне сапалық талдау жасаңыз
- •24. Зейін, оның қызметтері және түрлері
- •25. Зейіннің психологиялық теориялары
- •26. Қиял және оның психикалық іс-әрекеттегі рөлі
- •27. Қиялдың түрлері
- •28.Қиял және шығармашылық
- •29. Эмоция туралы жалпы түсiнiк.
- •30. Эмоцияның негізгі түрлері
- •31.Эмоцияның негiзгi қызметтерiне талдаңыз
- •32Жоғары деңгейдегі сезімдер табиғатын түсіндіріңіз
- •33.Еріктің негізгі қызметтеріне болжам жасаңыз
- •34Адамның еріктік қасиеттері мен дамуы жолдарын көрсетіп, дәлелдеңіз
- •35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз
- •36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
- •40.Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз
- •41. Мінездің қалыптасуына әсер ететін қандай заңдылықтарды білесіз?
- •42. Мінездің тұлғалық ерекшеліктері туралы көзқарасыңызды беріңіз
- •43. Темперамент пен мінездің айырмашылықтарын сызба түрінде көрсетіңіз?
- •44. Мінез адамның дене құрылымына байланысты деп есептейтін Кречмер мен Шелдонның теориясымен келісесіз бе?
- •45. А.Е. Личко бойынша мінез акцентуация түрлерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •46.К.Леонгард бойынша мінез типтерінің қайсына өзіңізді жатқыза аласыз және неге?
- •47. Мінездің қалыптасу ерекшеліктері жайлы эссе жазыңыз.
- •48. Кәсіби маманы болуда қажетті қабілеттің түрін талдаңыз.
- •49.Қарым-қатынаста комплимент айтудың қажеттілігін дәлелдеңіз
- •50.Өмір қиындықтарын жеңуде көмектесетін тұлғалық еріктік сапаларды қарастырыңыз
- •51.«Психология мен өз мамандығыңыздың байланысы» тақырыбында эссе құрыңыз
- •52.Сіздің тұлғалық даму деңгейлеріңізді сызба түрінде көрсетіңіз
- •53.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз
- •54.«XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз
- •55.Мінездің өзгеруіне себеп болатын факторларды анықтаңыз
- •56.Логикалық ойлауды дамытуға арналған әдіс-тәсілдерді қарастырыңыз
- •57.Болашақта өз кәсібіңізде пайдалана алатын психологиялық білімдерді түсіндіріңіз
- •58.Өзіңіздің студенттік тобыңызға психологиялық мінездеме беріңіз
- •59.Адам қабілеттерін дамыту жолдары туралы баяндаңыз
- •60.Тұлғалық даму деңгейлеріңізге сызба құрыңыз
- •Тұлға дамуының кезеңдері (э.Эриксон бойынша)
35.Темперамент өзгермейді деген тұжырымды сыни бағалаңыз
Сыртқы бейнесі мен тұр-тұлғасы жағынан адамдар біріне-бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешеліктің бірі – осы темперамент. “Темперамент” сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, “красис” деген грек сөзін латынша-темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешелік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері.Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік деп білеміз. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да, психиканың күші мен тереңдігінен де, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де жақсы байқалып отырады.Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.Бұл психикалық ерешеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы – табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.
36.Гиппократтың темперамент туралы теориясы туралы көзқарасыңызды көрсетіңіз
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
Гуморальді теориялар; Конституционалды теориялар;
Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.
«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген: 1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.
Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.
Гиппократтың пікірінше, адамның тәнінде төрт түрлі сұйықтық болады: қан, шырын, сары және қара өт, олар дұрыс араласса — адамның дені сау, дұрыс араласпаса — сырқат болады. Ағзадағы сұйықтардың біреуінің басым болуы адамның темпераментін анықтайды. Сұйықтардың аттарына орайлас қойылган темперамент атаулары күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.Темперамент тұлғаның барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді. Бірақ темпераментке жеке адамның моральдық тәрбиесі, әлеуметтік бағдары, әуестенуі, қызығуы тәуелді еместігін естен шығармаған абзал.Мәселен, холериктік темперамент – choie (өт)-, сангвинигтік темперамент -sanguis (қан), флегмативтік темперамент — рһlegma (шырын), меланхоликтік темперамент — melanos (қара өт) деген сөздерден алынған. Гиппократ темпераменттер белгілі мөлшерде адамның тұрмысына, ауа райы жағдайларына тәуелді болады деп санады. Мәселен, отырып жұмыс істейтіндердің денесінде флегма жинақталса, үнемі қимыл қозғалыстағыларда — өт көбейеді, темперамент те осыған сәйкес анықталады. Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіре алмады.Кейіннен темперамент жайлы осындай гуморальдық теориялардан басқа химиялық, физикалық, анатомиялық, неврологиялық және таза психологиялық теориялар да ұсынылды. Бірақ бұлардың бірде-біреуі де темпераменттің табиғатын толық және дұрыс түсіндірмеді.
Жоғары жүйке қызметінің негізгі қасиеттерін ашқан И.П.Павловтың ғылыми еңбегі ерекше. Ол темпераменттің осы қасиеттерінің туа үйлесуіне орай сипатталатындығын көрсетті. Павлов өзінен бұрынғылардан өзгеше жолмен, атап айтқанда, дененің сыртқы құрылымын зерттеген неміс психиатры Кречмерден, қан сауыттарының құрылымын зерттегендерден (П.Ф.Лесграфт) басқаша ағзаларды біртұтас нәрсе деп қарап, ондағы ми қызметіне ерекше назар аударды.
Ми біріншіден, барлық мүшелер мен ұлпалардың жұмысын реттейді, екіншіден, жүйедегі сан алуан бөліктердің қызметін үйлестіріп, біріктіреді, үшіншіден, ол барлық органдардың импульстарынан әсер алып отырады да осыған орай өз қызметін қажетті күйге түсіреді, төртіншіден, ол ағзаның сыртқы ортамен байланысын, бұлардың бейнелерін сәулелендіруді жүзеге асырып отырады.
| |
|
39. Темперамент типтерінің кәсіби әрекетке әсерін айқындаңыз
Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Темпераментіне қарай адамдар белгіл бір нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан оқу-тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді. (Р.М.Грановская) Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың , боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемеленбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер болу кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерешеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады. Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетке сылбыр, енжар көрінгенімен, жай , бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик тіпті де шыдамайды.