Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Psikh_durystalyngan.docx
Скачиваний:
816
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
243.76 Кб
Скачать

53.Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары туралы болжам жасаңыз

Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады.

Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.

Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады.

Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады.

Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды.

Ұстамдылық. Ұстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады.

Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады. Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады.

Ерiктi қалыптастырудың негiзгi жолдары қандай? Ең алдымен бұл процестiң табысты болуы ата-анаға байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, баласының жан-жақты боп дамуына көңiл бөлген ата-аналар оларға жеткiлiктi жоғары талап қоя бiлетiнiн көрсеттi, нәтижеде балада iс-әрекеттi ерiктiк реттеуде еш қиын проблемалар болмайды.Бала тiлегiн қайтармай, құр мәпелей беру, iс-әрекетiн ұйымдастырып отырмаушылық ерiктiң жеткiлiксiз дамуына әкеп соғады. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Осы талаптардың бәрi баладан ерiктiк қасиеттердiң жоғары деңгейде дамуына әсер етедi.Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен

54.«XXI ғасыр - психология ғасыры» тақырыбын талдаңыз

Бүгінгі қоғам ағымдағы өзгерістер мен толассыз жаңалықтар заманында өмір сүріп жатыр. Бұл адамның психологиясына да өз әсерін тигізуде. Адамдардың бойында ашушаңдық, бойкүйездік, зейіннің төмендеуі сияқты кері мінез-құлықтың пайда болуын тудыруда. Бұл ересектермен қатар мектеп жасындағы, тіпті кішкентай балалардың бойында да байқалады. Балалардың бойындағы агрессивтілікті түсінбей ата-ана да, ұстаз да дабыл қағуда

Бүгінгі студент технократ, яғни ақпаратты көбіне компьютер, телевизор сынды жедел ақпарат көзінен жинақтайды. Бүгінгі қоғамда болып жатқан экономикалық дағдарыс, экономикалық тұрақсыздық, ақпараттық технологиялардың  жедел дамуы тікелей баланың психологиясына ісер етеді. Баланың дене бітімі жасына қарай өзгереді. Ал психасының дамуы әлеуметтік ортамен тығыз байланысты. Бала жеке тұлға ретінде қоғамдық ортада қалыптасады. Осы ортада болыпжатқан құбылыстардың барлығы-баланың шарықтап өсуі, экономикалық тұрақсыздық, қаладық жердегі халықтың тығыз орналасуы, адамдардың күнкөріс мақсатында бір-біріне көңіл бөлуге уақыттың жеткіліксіздігі, жүйке жүйесінің тұрақсыздығы, кептелістер, айналадағы шу ересектермен бірге балалардың да психикасына кері ықпал етуде.

Кеңестік дәуірде белгілі бір жүйе болды. Яғни болашаққа деген сенімсіздік болған жоқ. Ал бүгінде адамдардың бір жерде тұрақты жұмыс істемегенінің өзі 5 жыл болып есептеледі екен. Бұл кадрлардың тұрақсыздығын тудырады. Әсіресе мектептерде мұғалімдердің жиі ауысуы оқушылардың білімімен қоса психикасына да әсер етпей қоймасы анық. Қазіргі капитализм жағдайында әрбір адам өзі  үшін өмір сүріп, өз ахуалын жақсарту үшін қызмет жасайды. Мұның өзі баланың бойына кішкентайынан ақшам бар болса менің дәрежем жоғары болады деген ой қалыптастырады. Бүгінгі ата-ананың өзі баласына сондай тәрбие беріп отыр. Балалардың психикасы бұрынғы балаларға қарағанда біршама өзгереген болып есептеледі. Балалар қазі ақпаратты тікелей компьютерден алатын болғандықтан біршама зейіні төмен. Ал баланың ынтасын арттырып, зейінін сабаққа аудару мұғалімнің жұмысы. Ол әртүрлі әдістер пайдалана отырып, өз пәніне деген қызығушылықты арттыруға тырысады.

Психология- ХХІ ғасыр мамандығы. Қазір кез-келген мекемелерде психолог  болуы қажет. Жастардың қоғамдағы психологиялық вирустарға имунитеттері өте әлсіз. Олардың жаман жолға түсіп секталарға еніп кетуі суицидке баруы да осының саладарынан. Психологтардың міндеті- жас ұрпақтың психологиялық денсаулығын нығайту. Ал оны қалыптастыратын  ең басты орта- отбасы. Ата-ананың бір-біріне жылы қарым-қатынасы, сезімі тікелей балаға беріледі. Жылуы мол қарым-қатынастағы отбасында өскен баланың стресс, депрессияға қарсы имунитеті қалыптасады. Мұндай отбасындағы бала сабырлы, әр нәрсеге төзімді болады. Яғни, қоғамда проблемалы балалардың, девиантты топтағы балалар (мінез- құлық ерекшеліктері бұзылған балалар) азаяды.  Адамдардың өзара қатынастарында жылу мен сенімділік пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]