Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Құттымбет

.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
28.67 Кб
Скачать

Құттымбетұлы Наурызбай

(1706-178)

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасы. Шыққан тайпасы – Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жанында оның «Торы ала тұлпары, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да соданболса керек.

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиыома үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіріп, батыр атанды. Батырдың ерлігіне риза болған ел: «Наурызбайдың екпінді таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судай тартынбай. Торы ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды-солды ұрады» деп, оың атын жырға қосып, мақтан тұтады.

Аңырақай шайқасы қазақ қауымы біріксе, жоңғарларды жеңетінін, жау қолында қалған жерді азат етуге болатыннын анық көрсетіп берді. Абылай Арқаға барғаннан кейін тұс-тұсқа жаушы жіберіп, жаңа күш топтайды. Осыған Ұлы жүзден Өтеген, Райымбек, Наурызбай секілді батырларды шақырады. Райымбек бара алмай қалады, Өтеген мен Наурызбай жауынгерлерін ертіп, мерзімді уақытында жетеді. Бірақ кейін Өтеген батыр Абылайдың Қытаймен жасаған қарым-қатынасының саяси мәніне түсінбей, оған қарсы болп, оның сенімін ақтар атақты батырларының біріне айналады.

Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-52 жылдары Қасқары батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті қолын жалғастрып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды.

Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық соғысына Наурызбайдың өзімен бірге Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген бауырлары да қатысады. Бірақ олардың бәрі де жау қолынан қаза табады.

Ақшаұлы Бөгенбай

(1678-1775)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1775)- жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорғын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Еңсегей бойлы Ер Есімінің атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортылумен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі үшін оны Түркістанның әмірі етіп тағайындаған. Өз әкесі Әлдеуікұлы Ақша заманында дұшпанына бет қаратпаған айтулы батыр, айбынды қолбасшы болыпты. Әз-Тәуке ханның сеніміне ие болып, оның сексен мың сарбаздан тұратын әскерін басқарыпты. Үмбетей жыраудың: «Алатаудай Ақшадан, асып тудың Бөгенбай» деуі де, Ақшаның қандай айбынды батыр болғанын танытып тұрғандай. Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскер басылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алып, әптен титықтатып біткен қазақ-орыстармен шайқаста басталды. 28 жасында 30 мың қолды бастап барып, қазақ-орыстарды дүркіретіп қуып Еділден ары асырып салады. Осы кезден бастап, қашан қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бөгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың аты шулы батырларымен тізе қосып, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға енеді. Осы шайқастарда көрсеткен ерлігі, жағдайды дұрыс бағалап, тез шешім қабылдап, шабуылды шебер ұйымдастыра білуі оның даңқын асқақтата көтереді. Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында Бөгенбай батырдың жауынгерлері қытай әскеріне ойсырата соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуады.

Бөгенбай батырдың соңғы үлкен жорығының бірі – Аягөз өзені бойында болған. Қазақ қолына төтеп бере алмаған жоңғарлар жеңілгенін мойындап, келісімге келуге мәжбүр болған. Осы арада батыр жоңғарлардан ақ үйлі аманат алып, олардан бұдан бұлай жауласпауға ант алады.

Бөгенбай белгілі бітімші мәмілегер де болған. Ол Абылай ханның Қытайға жіберген елшілігін басқарып барып, екі елдің арасында бейбіт қарым-қатынастың орнауына үлкен үлес қосады. Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып дәуірлеп тұрған шағында өз ажалынан дүние салып, сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи күмбезіне жерленеді.