Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
71.9 Кб
Скачать

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі

Әкімшілік құқығы ұғымы және оның зерттейтін мәселесі. Әкімшілік-құқықтық нормалар және әкімшілік-құқықтық қатынастар Әкімшілік құқығы ұғымы және оның негізгі мақсаттары жалпылай алғанда әкімшілік құқығы дегеніміз — бұл басқару құқығы. Ол әкімшілік биліктің қалыптасуы және қызмет етуі барысында туындайтын қатынастарды реттеп отырады. Әкімшілік құқықтың зерттейтін (шұғылданатын) мәселесі мемлекеттік басқару органдарын (атқарушы билікті) шымдастыру және олардың қызметі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады, Әкімшілік құқығының нормалары атқарушы билік органдарың, сондай-ақ кәсіпорындарың, мекемелерді құру, қайта құру, тарату және олардың басқару органдарымен өзара қарым-қатынас тәртібін айқындайды. Әкімшілік құқығының нормалары азаматтардың да көптеген құқықтарын: олардың мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін, мемлекеттік қызметшінің құқығы мен міндеттерін және олардың жауапкершілігін айқындайды. Әкімшілік құқықтың негізгі мақсаттары:

атқарушы биліктің жұмысты тиімді жасауына жағдайлар туғызу;

атқарушы биліктің демократиялық жолмен оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

азаматтардың, олардың бірлестіктерінің өз құқықтарын іске асыру үіпін басқару саласында жағдайлар туғызу;

азаматтар мен қоғамды мемлекет аппараты қызметкерлерінің әкімшілдік өктемдігінен, қиянаттарынан, салақтығынан қорғауды қамтамасыз ету.

Әкімшілік құқықтың жүйесі мен көздері

Әкімшілік құқық, құқықтық нормалардың күрделі жүйесі — Жалпы және Ерекше бөліктерге жіктеледі. Жалпы бөлігіне — әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын, басқарудың түрлері мен әдістерін, әкімшілік мәжбүрлеуді, заңдылықты қамтамасыз ететін тәсілдерді реттейтін құқықтық нормалар кіреді. Әкімшілік құқықтың Ерекше бөлігі — мемлекеттік басқарудың нақты салаларындағы (ауыл шаруашылығын, экономиканы, білім мен ғылымды, денсаулық сақтауды, заңдарды және т.б. басқару) қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Әкімшілік құқық нормалары мемлекет органдары басып шығаратын нормативтік актілерде болады. Мемлекеттік органдар нормативтік актілерді басып шығара отырып, құқықтық нормаларға енген мінез-құлық ережелеріне зандық күш береді. Әкімшілік құқықтың көздері мыналар:

Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституциялық нормалар атқарушы билік органдарының қалыптасу негіздері мен қызметін, құзыреттерін, олардың мемлекеттік басқа органдармен және өзара қарым-қатынастары негіздерін айқындайды;

2001 Жылы 30 каңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі;

Қазақстан Республикасының заңдары;

Президент актілері (жарлықтар, заңдық күші бар жарлықтар, өкімдер);

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы мен түрлері

Әкімшілік-құқықтық қатынастар — бұл мемлекеттік басқару аясында калыптасатын және әкімшілік-құқық нормалары арқылы реттеліп отыратын қоғамдық қатынастар. Бұл қатынастарға қатысушыларға белгілі бір құқықтар мен міндеттер беріледі және олар құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызметкерлер, қогамдық бірлестіктер, кәсіпорындары, мекемелер мен азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Құқық субъектілерінің арасында нақты құқықтық қатынастар туындауы үшін норманы іс-әрекетке келтіретін белгілі бір іс-әрекеттер мен оқиғалар қажет. Бұл іс-әрекеттер мен оқиғалар заңдық фактілер деп аталады. Әкімшілік құқығы белгілеген ережелерді бұзу — құқық бұзушы мен тиісті мемлекеттік орган арасында құқықтық қатынастардың туындауына негіз болып табылады. Оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына карай өкімшілік-құқықтық қатынастар тік (тетелей) және көлбеу болып белінеді. Егер құқықтық қатынастар субъектілерінің біреуі ұйымдық жағынан екіншісіне бағынышты болса (мысалы, облыстың әкімі мен аудан әкімі), онда олардың арасында тік (төтелей) қатынастар туындайды. Көлбеу құқықтық қатынастарға қатысушылар ұйымдық жағынан бір-біріне бағынышты болмайды (мысалы, атқару билігі органы мен азамат). Әкімшілік-кұкықтық қатынастардың бірсыпыра ерекшеліктері бар: әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір тарабы міндетті түрде атқарушы билік органы немесе оның лауазым иесі болып табылады. Азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар туындамайды. Бір азамат екінші бір азаматтан белгілі бір мінез-құлық ережелерін орындауды талап еткенде әкімшілік-құқықтық қатынастар осы азаматтар арасында емес, құқық бұзушы мен хаттама толтырып құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарта алатын мемлекет органы арасында туындайды; әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқықтың кез келген субъектісінің бастамасы бойынша туындауы мүмкін және бұл жағдайда екінші тараптың келісімі міндетті шарт болып табылмайды. Олар екінші тараптың қажет етуіне не келісіміне қарамай-ақ туындауы мүмкін; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушы тараптарға олардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін санкция ретінде, әдетте, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік шаралары қолданылады; әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы даулар, әдетте әкімшілік тәртіппен, яғни соған өкілеттік берілген атқарушы билік органдары және олардың лауазым иелері арқылы шешіледі. Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар болмайды. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық нормалар әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде өкімшілік-құкыктьщ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын қатынастарды реттеп отырады

Әкімшілік қүкық нормалары экономика саласында (өнер-кәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен аграөнеркәсіп комплексі, көлік пен байланыс, коршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халыкқа тұрмыстык кызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулык сактау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси қурылыс (корғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер) саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару катынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді.

Қазіргі кезендегі әкімшілік құкықтың негізгі проблемаларьңың бірі — өкіметтін орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-кимыл жасаудың жаңа қатынастарын кұру проблемасы болып отыр.

Бұл проблеманың маңыздылығы және оны шешудін түбегейлі нақтылы жолдары Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына «Қазакстан — 2030» жолдауында тұжырымдалып, ерекше атап айтылған.

Құқық корғау мәніндегі әкімшілік құралдар, яғнн мемлекеттік басқару саласьшдағы зандылық пен тәртіптілікті сақтауға жасалатьн бақылау-қадағалау қызметінін маңызы арта түсуде.

Прогрессивтік кайта күру барысында қабыдданған зандардын барлығы бірдей және барлық жерде түгелдей орындала бермейтіндігі, оларды теріс пайдаланушылыктың кездесетінін де, мемлекеттік аппаратқа терең тамыр жайған құқықтык мойынұсынбаушылык сияқты кеселдер айтарлықтай нұксан келтіруде.

Қазіргі кезде ең бір қауіпті құбылыс — бұл қоғамдык өмірдің барлық салаларына барған сайын дендеп еңе бастаған сыбайлас жемқорлық. Ол қоғамнын барлық салаларына, мемлекеттімң конституциялық негіздеріне катер төңдіреді.

Сондықтан мемлекеттж баскару қызметінде жағымсыз факторларды жою және билік пұрсаты мен кызмет бабын теріс пайдаланудан сақтандыру жөнінде соңғы жыддары қабылданған қүкыктық актілердің, оның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстык кодексінің, «Ұлттық қауіпсіздік ту ралы». «Сыбайлас жемқорлыкка қарсы күрес туралы» зандардын ерекше маңызы бар.

Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін

саяси

әкімшілік

болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды.

Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.

Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық

бұзушылық туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.