Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Қыпшақ хандығы22.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
64.51 Кб
Скачать

Қыпшақ хандығы (XI г. Басы —1219 ж.)

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мүсылман деректеріне қыпшақтар түңгыш рет араб географы Ибн Хордабсхтің (IX ғ.) жылнамалық жағынан VIII ғ. жататын, түрік тайпаларынын, тізімінде көрсетіледі.

656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс еңірін жайлаған қыпшақтардын, едәуір мол топтары кимектердіқ басшылыгымен тайпалар одағының өзсгін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін өзі билсуге ұмтылған талабы VIII г. соңында оларды қимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай кешуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. IX—X ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақтар қимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедсрацияга, сосын Кимск қағанаты құрамына кіреді.;

• XI ғ. басында Қимек қаганаты тарағаннан кейін, қимек, қыпшақ және куман тайпаларының бүрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Кыпшақтын, өкімет басына келген ақсүйектер әулсті оңтүстік жэне батыс бағыттарында бслсснді қимыл-әрекеттерге кірісіп, Орта Азия жоне Оңтүстік- Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байланыс жасауға кіріседі.

XI ғ. екінші ширегінде қьшшақ тайпаларының ақсүйектері оғыз жабғысын Сырдарияның орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан тықсырып куалап жібереді.

Аймақтағы этникалық-саяси ахуалдың өзгеруіне сойкес, XI ғ. екінші ширегінің бас кезінде жазба деректерде бұрын аталып келген «Оғыздар даласының» (Мафазат әл-гуз) орнына Дешті Кыпшак, аты пайда болады. Маңғыстау мен оған таяу жатқан аудандарды алғаннан кейін қыпшақтар Хорезмнің теріскей шебіне жетіп барады.

XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батыс жаққа жылжи бастайды. Батысқа қарай жылжып ерлеген сайын кумандар тайпаларының қалың жүрты бірінші болып, Шыгыс Еуропаның әсіресе орыс, Византия, Венгрия халықтарымен тура қарым-қатынас жасауға көшеді.

Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Кыпшақтын, тарихи-жаграфиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы аса үлкен екі этникалық-территориялық бірлікке бөлугс болар еді: басында Тоқсоба рулық оулеті түрган Батыс қыпшақ бірлестігі жоне Ел-берілі руының хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты.

Қыпшақ этникалық қауымының казақ территориясында қүры-луъі күрделі де үзақ процесс болған, оның дамуы жолынан үш кезең айқын көрінеді.

Бірінші кезен, қимек тайпалық бірлігі өзегінің қүрылуына бай-ланысты, онда VII ғ. екінші жартысынан бастап, VIII ғ. аяғына дейін қыпшақтар елеулі рөл атқарады. .Осынау замандарда қыпшақтар мен теле тайпалары өзара өте тығыз этникалық-мәдени байланыстаболып, жақындасып кетеді.

Екінші кезен —VIII ғ. аяғынан XI ғ. басына дейін, Осынау күннамалық аралықта қыпшақтар бірте-бірте еркін жайылып, шығысындағы Алтай мсн Ертістен бастап, батыстагы Оңтүстік Орал таулары мен Еділ бойына дейін жетеді. Қыпшақтармен бірге Батыс Казакстанды, орталығы Мүғаджар тауларында болған кумандар жай-лайды. Негізгі үш этникалық-саяси бірлестік — қимақтардың, қыпшақтар мен кумандардың езара істес-әрекеттес болып бірігуі қимақ тайпаларының үйытқыш-үйымдастыргыш ықпалы арқасында жүзеге асады. Қимактар мен кумандар сияқты, қыпшақтар да ежелгі башқүрт, печенег, қарлық, әсіресс оғыз тайпалары конфедерация-ларымен өзара тығыз этникалық-модени байланыста болып, бір-біріне осер етіп отырған. Сонымен бірге қыпшақ этносынын, ішкі этникалық даму жолы сол араның байыргы түрғындары телс, утро-финн, сармат-алан сияқты этникалық компоненттерді ез арасына сіңдіріп, қыпшақтандыруға бағытталған еді. Қыпшақ этносы қан-дас туыстар байланысы емес, территориялық-шаруашылық қарым-қатынасы принципінде бірікксн, көптеген рулар мен тайпалар нсгізінде қүралып қалыптасқанды.

XI г. басынан XIII ғ. басьша дейін қьшшақтардың этникалық қауымдастығының құрылуы оз дамуының үшінші кезеңіне өтеді, бүл ең эуелі қыпшак, хандарының құдырет күшінің осуіне байла-нысты болатын, ейтксні олардын, өкіметі ел-борілі руының оулеттік билігі мсн зандастырылган сді. Қыпшақ хандығындағы этникалық байланыстын, дамып, терендеуінін, мелшері және қыпшақ эт-носының қүрылуынын. деңгейі белгілі дәрежеде Шығыс үлысы қыпшақтарының тайпалық құрамы арқылы анықталып отыратын.

X—XII ғ. қыпшақтар конфедерациясының тайпалық құрамының құрылымы өте күрделі және әртектес болатын. Қыпшақ этникалық қауымдастығы ез қүрамына түрік тілді кимек, куман, ежелгі башқыр, огыз тайпаларымен бірге, иран тілді этникалық қауымның түріктендірілген топтарын да қабылдайды.

Кешпелі қогамдардагы даму ерекшелігі нәтижесінде осындай «екінші» тайпалық құрылымдарда бәрінің ортақ тамырдан тарағаньін тиянақтайтын қандас туыстықтын, шыққан тегі туралы шежіренің маңызы сақталуымен бірге, олардың тайпалық аттары да жоғалмайтын болған.

Қыпшақтар мемлекетін кұру ісіне қаңлылардын, көптеген тай-палары қатысқан. олардын, жинақты топтары XII ғ. екінші жарты-сында Арал өңірі даласында этникалық-территориялық бірлестікті ұйымдастырады; сол сияқты ол процеске Қазақстан жеріне Шығыс Түркістаннан келген түрік тиді тайпапар: ұран, баят, азкісі мен түргештер де қатысқан. Соңгы скі тайпаның XII ғ. Қаратеңіз өңірінде пайда болуы, тегі, со жаққа қыпшақ тайпаларыньщ келуімен бай-ланысты балса керек. Қыпшақтардын, этникалық компоненттерінің бірі сол сияқты қарлыктар, шігшдер мен кайлер болған.

Қазақстан жерінде қыпшақ жүртының құрылып қалыптасу-ын этникалық-модени белгціердің тегістелу процесі де демсп-жебеп отырған, оган шаруашылықты жүргізу ісінің бір типтілігі, қогамдық қатынастар жүйесі мен тіл ортақтыгы да ықпалын тигізген. Кыпшақтардың әртүрлі этникалық топтармсн тығыз бай-ланыста болуы олардың этникалық қауымдастығына әсер етеді. Кыпшақтардың саяси салмағының күн санап өсіп бара жатуына байланысты, тайпалар мен этникалық топтар, өздерінің бір этносқа жататынын саналы түрде сезе отырып, қыпшак атын алады. Алай-да қьтпшақ жұртының қүрылып, қалыптасуының аяққы кезеңін моңғал басқыншьшыгы

Қоныстануы.

XI ғ. орта кезінде қыпшақтар кәзіргі Қа-зақстанның Шыгысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Едш мен Оңтүстік Оралға дейін, Онтүстігіндегі Балқаш келінен теріскейдегі Оңтүстік-батыс Сібірдің орманды даіа аймағына дейінгі кең территориясына тарап, емін-еркін қоныстанады.

XI ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орныгады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді. Әл-Идрисидің «Кіші карта-сында» XI ғ. екінші жартысындағы шындыққа сәйкес. Арал жоне Каспий теңіздері аралығымен шектелген «Кыпшактар даласының» (Сахра әл-кыфчак) этникалық топонимі көрсетілген.

Қыпшақтардың XI г. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі Махмүт Қашгаридің жағрафиялық картасында бей-неленген, аі картада қыпшақтардың мекені ретіндс Едітдің ар жагы мен Каспий теңізінің аргы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Едіп өзенінің взі қыпшақ елі ішінде қалады.

Қыпшак хандары ез мсмлекетінің шекарасын ксңсйте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сейтіп Карахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бскінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш квлі мсн Алакөл шүңқырының көлдері болады.

Олардың шығыс шекарасы Ертістің оң жагалауындағы алқап пен Алтай тауларының жоталарын қамтыған. Махмұт Кашғари имектерді (қимеқтер) Ертіс аймағына, олардың «Имек даласы» деп аталған ежелгі жеріне орналастырады. XII ғ. Алтай мен Ертістін, жоғарғы бойындағы қыпшақ тайпалары наймандармен, қаңлы, ке-рейттермен шектесіп жатады.

Солтүстік-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл модениеттін, иелері қыргыздар мен хакастар жоне басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандыгының солтүстік шекарасы кәзіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырьгп түратын орманды дала зонасы арқылы өткен.

Солтүстік батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық-модени жонс саяси қарым-қатынас жасаған. Қыпшак тайпаларынын, XI ғ. екінші жартысы мен XIII г. бас кезінде бүлгарлармен жонс башкүрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-қүралас түруы қыпшақ тілі мен модениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.

Кыпшақ тайпаларының этникалық территориясы оздерінің эт-никалық-саяси бірлестігі шебінің түрғысынан қарағанда, негізінен түрақты болған, тек оңтүстік-батыс шекарада XII ғ. 30-жылдары-нан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге кешеді.

Хандықтың кұрылуы. Қыпшақ ақсүйектері Шығыс Дешті қыпшақ тайпаларының қоныстық-өрістік жерін едоуір кеңейтуге себепшіболған жоне Сырдария бойындағы Огыздар мемлекетімен, Орта Азиядагы Салжьтқтар, Хорезмшахтар және Қарахандар оулсттерімен соғысқа жоне соқтыгыстарға әксліп жеткізген XI ғ. бірінші жартысындағы буырқанған дауылды оқиғалар қыпшақтар мемлекетін қүрудың обьективті себебіне айналды.

XI ғ. орта кезінде Дешті-Қыпшақтагы ыдыраушылықтың көзі болып келген қыпшақ пен куман тайпаларының көптеген топтары көшіп кеткеннен кейін, Қыпшақ хандыгының саяси тірегі едәуір күшейіп, ныгая түседі.

XI ғ. екінші жартысынан XII ғ. бірінші ширегі біткенге дейін қыпшак хандарының жағдайы бірсыпыра түрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарады. Бүған қарағанда, қыпшақтың этникалық-әлеуметтік қауымдастыгында ез биліғін бүкіл хандыққа жүргізе ала-тын жоғаргы хандар болганға үқсайды.

Қыпшақ хандарының екімет билігі мүра болып океден балаға қалдырылып отырган. Хандар шығатын оулсттік ру ел-бөрілі екен. Ордадсп аталатын хан қосынында ханның дүние-мүлкі мен армия-сының ісін жүргізетін басқару аппараты болған. Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы кене түрік достүрлсрін сақтап, скі қанатқа бөлінген. Оң қанат қосынымен Жайық өзені бойында, Са-райшық қаласының орнында, сол қанат — қосынымен Сыгнақ қала-сында түрған. Оң қанат екіншісінсн күштірск болған. Хандықтың орталығы, тегі Торгай даласында болғанға үқсайды. Әскери үйым-дар мен әскери-окімшілік басқару жүйесіне айрықша маңызбсрілген, ейткені олардан көшпелі турмыс ерекшелігі толық корінген және олар көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.

Билеуші ақсүйек топтың (хандар, тархан, басқақ, бек пен бай-лар) қатал иерархиялық жүйесі айқын көрініп отырған, бүған қоса рулар мен тайпалардың өзі де әлеуметтік маңызына қарай бөлініп жарылады екен.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Муліктік теңсіздіктің негізі — малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылкының саны болган. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулерінің жылкысының саны 10 мыңға жеткен жоне одан да көп болған дессді. Жеке меншікті бүзған адам қатал жазаланған, кәдуілгі хүқтың (төрелік айту) нор-масы олар айыпталуға тиіс деп есептеген. Қыпшақ отбасының мсншігіндегі малға ру-тайпа белгілері — таңбалар басылған.

Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігіне заң жолы-мен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін мен-шіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін рет-теп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған.

Ал, тікелей мал бағып, бар ризықты өндіріп жүрген малшылар безбеннің екінші басында түрған. Коғамның қатардагы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болган. Бірақ өзі де, дүние-мүлкі де әзінен әлдеқайда әлуетті туысқанының қарауына өткендіктсн де, ол сол дәулетті жақынына тәуелді болған. Малдан айырылғаннан кейін, ол көшу-қону мүмкіндігінен де айырылатын болған, сөйтіп отырықшылар — жатақтар қатарына қосылған. Бірақ жарлы жатаққа қайтадан мал бітіп, қара-қүрасы көбейгесін ол көшпелі шаруашылық аясына қайта барып, еніп отырған.

Соғыс түтқындары есебінен толықтырылып жататын қүлдар — қыпшақ қоғамының ешбір хүқы жок, тобы болған. Олар көбінесе сатылып отырған, олардың тек бір белегі ғана шаруашылықта жал-шы малай ретінде пайдаланылган.

Сөйтіп, қыпшақ хандығы қалыптасқан ертефеодалдық мемле-кст болды, ол көнетүрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

Қыпшактардың өзара саяси қарым-қатынасы. 1065 ж. салжық-тардың билеушісі Алп Арыслан қыпшақтарга қарсы Маңғыстауға жорық жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырганнан кейін, ол Жент пен Сауранға жортуылға шығады. Осынау соғыс науканынан кейін қыпшақ тайпаларының бір белесі Хорасан салжықтарына тоуелді болып қалады.

XI ғ. соңғы ширегінде Маңгыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында қыпшақтар бүрынғыша өз нктемділігін жүргізіп түрады, оғыз бен түркмен тайпаларының кейбір топтары оларға саяси жағынан кірігттар болады. 1096 ж. «қүдыретті» хан бастаған қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады. Бірақ, хорезмшахтар қамқоршысы болып келген салжықтар олар-ды Маңғыстаута қайтып кетуге күшпен көндіреді.

Махмүт Кашғари айтты деген дереккеәскери-көшпелі ақсүйектері Қарахандар әулеті билеушілерімен аса күрделі саяси қарым-қатынаста болған. Қарахандар Кыпшақ үлы-сының шығыс шебіне шапқыншылық жасап түрған, кимектер1 де есесін жібермей, Ертіс жағалауынан Жетісудагы мүсыл|ман мемлекеті жеріне жортуылдар жасап, тыныштық бермеген. і

XI ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, төменгі Сыр-дарияның тағы басқа қалалары да қыпшақ кесемдерінің қолына қараған. Алайда XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мүсылмандық әулеттері арасындағы қиянкескі күрес алаңына айналып кетеді. Ислам дінін таратуды ту гып көтерген Хорезмшахы Атсыз Жентті жаулап алады, сосын солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады.

1133 ж. Жент қаласынан Дешті Кыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаган Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Қып-шақтардың түңгыш рет күйрей жеңілгенінің себебі жөніндс дерек-терде ешқандай қосымша моліметтер келтірілмейді. Шын монінде тап сол кездсн (XII ғ. екінші жартысы) қыпшақ хандығының ыды-рауы басталады, оган себсп болған негізгі жойттар: қыпшақ тайпа-лары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімделушілер қатары-ның молаюы, қаңлылардың аса ірі бірлестігінің қүрылуы, екімет биліғі үшін өзара әулетті қьфқыстың күшеюі болады.

XII ғ. екінші жартысынан әсіресе Текеш (1172—1200) билегсн доуірден бастап, Хорезм Кыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен арнаулы саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, үран тайпалары топтарының жетекшілерін хорезмшахтар ортүрлі қыз-метке тарта бастайды. Қыпшақ хандығынық билеуші ақсүйектері мен Хорезмшахтар оулеті өзара туысқандық байланыс орнатуға кіріседі. Қыпшақ ханы Жанксші — қызы Теркенқатьгнды хорезм-шах Текешке береді. Орта ғасырдың салт-дәстүріне сәйкес, ортүрлі деңгсй-дорежедегі этносаралық «татулық пен туысқандық одақ» жасасу байланысы айрықша маңызды болған. Олар қоғамдық-сая-си емірде бір-бірін қолдап-қостап отыратын шынайы да түрақты тыгыз байланыстар жүйесін тудырады.

Дегенмен бүл аймақтағы саяси ахуал, түтас алганда, мейлінше қүбылмалы да түрақсыз болған, ал тәуелсіз Қыпшақ үлысының іргесін қопаруға багытталған саясатты жүргізе отырып, хорезмшах-тар сондай жағдайды одейі туғызып, ушықтырып отырған. Осы мақсатпен олар қыпшақ ақсүйсктер өкілдерінен хорезмшахтардың көкейтесті талаптарын қолдайтын қүпия әскери жік үйым-дастырған. Кыпшақтарды, сн, әуелі олардың текті топтарын ислам дініне кіргізу мүндай үмтылыстың идеологиялық негізі болған. Де-генмен де қыпшақ тайпаларының едоуір бөлегі XII ғ. аяғына дейін исламнан тыс қалған. Жент пен Фараб арасындағы кеңістік XII ғ. біткснге дсйін мэжүси қыпшақтар облысы дсп ессптелген.

Калыптасқан достүрге байланысты, Хорезм билеушілері ойелдсрін канлы мен қыпшақтардың хан оулеттерінен алып отырған. Каңлы тайпалар бірлестігі XII ғ. екінші жартысы мен XIII ғ. бас кезінде тоуелсіздікке жан-тонімен үмтылған үлксн саяси күш болған, сол себепті дс Қыпшақ хандығынын. саяси бірлігіне күқсан келтірген. Хорсзмшахтардын. басты оскери күші қаңлы мен қыпшақтар тобынан қүралғаны көпке мәлім еді. XIII ғ. бас кезінде Хорезмшахтар сарайында қаңлылардың басшысы Әмин Молік маңызды рөл атқарған, Хорезмшах Ала ад-дин Мүхаммед соның қызына үйленген болатын. Хорезмшахтар мемлекеттік және оске-ри қызметтермен қамтамасыз еткен қыпшақ аксүйектері солардың мүддесін қорғаған. Қыпшақтардың едәуір бөлегінің хорезмге қарай бейімделуіне байланысты және жоғары өкімет билігі үшін таластан қыпшақ қоғамынын, ішкі қайшылықтары шиеленісе түседі. Тап осындай алмағайып жагдай кезіндс хорсзмшахтар қыпшақ кесемдері арасындағы алауыздықты қолдан ушықтырып, өшпенділік отына май қүяды.

Бүкіл мүсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға үмтылған Хорезмшах Мүхаммед (1200—1220 жж.) мсмлекеті қүрамына XIII ғ. бас кезінде Сығнақ облысы да кіреді/ Сығнақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті Қыпшақ еліне Мүхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Кадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шынғысхан қолымсн кез-дейсоқ соқтығысып қалады. Сүлтанмен айқасып қалғаннан кейін, моңғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бүл моңғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бүған ілесе қыпшақтардын, Хорезмшахтармен үзаққа созылған босекесі тоқтап қалады. Моңғол баскыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.

Жоспар

1 Кіріспе бөлім