Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 2 / Тарих / Еңбек қүқығының қайнар көздері.docx
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
55.79 Кб
Скачать

Еңбек қүқығының қайнар көздері

Еңбек құқығының қайнар көздері - бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.

Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық, саяси және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың мүдделері қарама-қайшы болуы мүмкін. Мұндай жағдайда оларды реттеудің, еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін анықтаудың қажеттігі туады.

Енбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты калыптастыру, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей кызметімен байланысты. Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.

Еңбек қүқығының қайнар көздері деп еңбек қатынастары саласындағы өкілетті органдардың барлық қажетті жағдайларда қолдануға болатын нормативтік нұсқаулары белгіленген құқықтық актілерді айтады.

Кең мағынада нормативтік құқықтык акті дегеніміз — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттік лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми қүжат.

Қолданыстағы құжаттарда қайнар көздер «еңбек туралы нормативтік актілер», «еңбек туралы заң актілері», «еңбек қүқығының нормативтік актілері», «еңбек туралы заңдар» деп аталады.

Еңбек заңнамасына мынадай еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер кіреді:

1. Еңбек катынастарын құқықтық реттеу негіздерін айқындайтын, тікелей қолданылатын басты заң Казақстан Республикасының Конституциясы. Барлык еңбек туралы нормативтік қүқықтық актілер Ата Заңға. сәйкес келуге тиіс.

2. Казақстан Республикасының аумағындағы еңбек қаты-настарын реттейтін Казақстан Республикасындағы Еңбек туралы Қазақстан Республикасының Заңы және соған сәйкес қабылданған заңдар және Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

3. Казақстан Республикасы Президентінің жарлықтары;

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

5. Казақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;

6. Казақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

7. Министрліктер мен ведомстволардың нормативтік құқыктық актілері;

8. Жергілікті мәслихаттардың өз құзыреті шегіндегі нормативтік актілері;

9. Локальды (жергілікті) нормативтік актілер;

10. Жұмыс берушінің актілері.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 4-тармақшасына сәйкес азаматтардың кұқықтарына, бостандық-тары мен міндеттеріне қатысты еңбек туралы нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды колданудың міндетті шарты болып табылады.

Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда Казақстан Республикасы еңбек туралы нормативтік құқыктық актілеріндегіден өзгеше ережелер белгіленсе, атал-ған шарттың ережелері қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшін республика ішілік нормативтік құқықтық акті шығару талап етілетін жағдайлардан басқа, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей колданылады.

Азаматтардың Казақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде ту-ындайтын еңбек қатынастарын реттейтін негізгі заң 1999 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Казақстан Республика-сындағы еңбек туралы» Заң болып табылады. Бұл Заң 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді. «Казакстан Республикасындағы еңбек туралы» Казақстан Республикасы-ның заңына сәйкес Казақ КСР-інің 1972 жылғы 21 шілдедегі Еңбек туралы заңдар кодексі 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап республика аумағында өз күшін жойды.

Еңбек туралы Заңның күші егер Конституцияда, зандарда және Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар-да өзгеше козделмесе, республика аумағында еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. Сондай-ақ республика аумағында орналас-қан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толығынан не-месе ішінара) шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың Қызметкерлеріне Казақстан Республикасының еңбек туралы зандары қолданылады.

Еңбек туралы негізгі заң 9 тараудан, 109 баптан тұрады, және еңбек қатынастарының осы Заңға қайшы келмейтін бөліпн сактап қалған зандар мен басқа нормативтік құқықтык актілер реттемейтін саласын айқындайды. Оларға, мысалы, мына зан-дар жатады: 1992 жылы 4 шілдеде қабылданған «Үжымдык шарттар туралы», 1993 жылы 22 қаңтарда кабылданған «Еңбекті қорғау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірде кабылданған «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылы 8 шілдеде қабылданған «Үжым-дық еңбек даулары мен ереуілдер туралы», 2001 жылы 23 каңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т.б.

Нарық жағдайында еңбек құқығын жүзеге асыруда Казақ-стан Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулылардың маңызы зор.

Мысалы, Казақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Экономика саласындағы жұмыскерлердің жалақысы туралы» қаулысы. Онда барлық экономика саласындағы қызметкерлерге арналған жалпы тарифтік тор бекітілген.

Жергілікті мәслихаттардың, әкімдіктердің өз құзыреті шеңберінде шығаратын шешімдерінің де еңбек құқықтарын реттеуде маңызы бар.

Еңбек құқығының қайнар көзі ретінде Қазақстан Респуб-ликасы Жоғарғы Сотының, Конституциялық Кеңес Пленумдарының нормативтік қаулылары пайдаланылады. Бұл қаулы-ларда сот жұмыстарын қарағанда заңдарды қолдану туралы түсініктемелер беріледі. Қаулылар негізінде барлық соттардың заңдарды қолданғанда олардың мазмұнын бірдей түсініп, бірыңғай тұрғыда жүзеге асыруын көздейді.

Орталықтандырылған тәртіппен кабылданған нормативтік құкықтық актілер жалпы ережелерді белгілейді, ал олар ұйым-дарда қолданғанда нақтылауды талап етеді немесе соған рұқсат береді.

Үйымдарда қабылданған нормативтік актілер жұмыс берушінін актілері деп аталады. Оларға, өкімдер, бұйрықтар, ішкі еңбек тәртібінің ережелері жатады.

Локальды (жергілікті) нормативтік актілерге сонымен қатар ұжымдық шарттар мен келісімдер, сыйлықақы беру ережелері, жылдык қорытынды бойынша ақы толеу тәртібі, т.б. жатады.

Бұл нормативтік актілер біріншіден, ұйымның барлық кызметкерлеріне катысты; екіншіден, оларды бұлжытпай орын-дау барлык қызметкерлерге міндеттеледі; үшіншіден, тұракты (бірнеше рет) колдануға бағытталған. Бірак бұл жергілікті актілер еңбек катынастарын реттейтін басты зандарға кайшы келмеуі тиіс.