Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

На сортировку / 2 / Тарих / Ежелгі Ундистан реф

.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
119.81 Кб
Скачать

Қозғалмалы мүліктің бәрі жеке иелікке жатты. Жеке меншіктің қайнар көздері: сатып алу, алу, мұрагерлікке қалдыру, жеребе бойынша бөлу (әңгіме жер бөлінісі туралы болып отыр), тауып алу, олжалау (соғыс кезіндегі), өсімге алу, жұмыс ақысы, мейірбан адамдардың сыйлығы. Бұның ішінде соғыс кезіндегі олжа-кшатрийге ғана тән, сол сияқты мейірбан адамдардың сыйлығын алу-брахманға ғана тән дәстүр.

Ежелгі Үндістан мемлекетіндегі міндеткерлік құқығына келетін болсақ, олардың түрлері аз емес еді. Әйтсе де, Ману заңдарында келісім жасау нысандары туралы ешнәрсе айтылмаған. Бірақ екі жақ арасындағы жанжалды шешуде Ману заңдары бойынша куәгерлерге жүгінетін, ал олар жоқ болса, ант, ордалияны пайдаланатын. Осы жерде бір айта кететін нәрсе – көптеген азаматтық құқықтық келісімдер Ежелгі Үндістанда куәгерлердің көзінше ауызша жүргізілген екен.